Бюджеттің экономикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 07:43, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндерттерді орындау керек:
бюджет түсінігіне тоқталып, оның ерекшеліктерін қарастыру;
бюджет балансын анықтау;
мемлекеттік бюджеттің құруын және оның бюджетаралық реттеу шараларын қарастыру;
аймақтық бюджеттің атқаруын қарастыру.

Содержимое работы - 1 файл

диплом2.doc

— 689.50 Кб (Скачать файл)

Біздің ойымызша, Қазақстанда бюджеттер арасындағы табыстарды бөлудің аталған барлық әдістерін тиімді түрде байланыстыра отырып, қолдануға болады. Дәл осындай топтастыру салықтық түсімдердің нақты түрлерін, оларды тағайындаудың өзіндік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Дамыған елдердің бюджеттік тәжірбиесі жоғарыда айтылған әдістердің міндетгі түрде ұштастырылуы арқылы бюджет жүйесінің буындары арасында табыстарды бөлу ең тиімді түрде жүзеге асырылатындығын дәлелдейді. Сондықтан да бюджет түрлері бойынша салықтар мен табыстарды бөлу жүйесі біртұтастық және дербестік қағидасына негізделуі тиіс. Осы қағидалардың дұрыс жүзеге асырылуы және олардың үйлесуі аймақтар арасында жэне аймақтар ішінде қаражаттарды қайта бөлудің ерекше механизмінің болуын көздейді.

Бұл механизм келесі құраушылардан құрылуы қажет:

- облыс, аудан аумағында құрылатын қаржы ресурстарының жалпы көлемін анықтау;

- табыстарды  бюджет түрлері бойынша бөлу  механизмін ескере отырып, бюджеттік ресурстардың үлес салмағын анықтау;

- аймақтарда  құрылатын өзіндік бюджеттік  ресурстардың үлес салмағының төменгі шегін анықтау. Енді аймақ деңгейінде қалыптасқан бюджеттік ресурстарды басқару мәселесіне тоқталайық. Аймақтың қаржылық ресурстарын тиімді басқару меншік қатынастарының қалыптасуымен және институционалдық өзгерістермен анықталатын аймақтық қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету мен өзіндік жеткіліктілік механизмдерін жүзеге асыру арқылы мүмкін болады. Бюджеттік реттеудің басымды мақсаты аймақтағы барлық меншікті тарта отырып, оның әлеуетін белсенді қолдану негізінде аймақгың өзін-өзі қамтамасыз етуі мен өзін-өзі дамыту қабілетін (мүмкіндігін)   теңестіру   болып   табьшады.   Мысалы,   меншік объектісі болып, тек үйлер,  ғимараттар, машина ғана сонымен қатар капитал, өнім және табыс та алынады. барлығы мүліктік қатынастардағы, меншік объектісінің меншік   түсінігіне   кіреді.   Сонымен   бірге   меншік қатынастары өмір сүру ортасы мен аймақтық қалпына келтіру шарттарын қалыптастыру қатынастарын да қамтиды.

Осыған сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдаланушылардың барлығының қаржылық тәртiптi сақтауы, мемлекеттiк ресурстарды ысыраптайтын нормативтiк құықтық кесiмдердiң кемiстiктерiн iздеу талаптары Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының жұмысындағы маңызды басым бағыттарға айналады. Заңдылық өлшемiн iске асырудың ерекше мағынасы осы соңғысында жатыр. Мұны Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары іздерiнiң мәртебелерiне сәйкес анағұрлым тиiмдi жүзеге асыра алады. Өйткенi Қазақстан Республикасының Yкiметi өкiлеттiк берген органдар бақылау іс-шараларын тек қана қолданылып жүрген нормативтiк құықтық кесiмдердiң шеңберiнде жүзеге асыра алады. Оларды қызықтыратын жарғылық және жарғыға қарсы iс-әрекет қана, ал заңдардағы "сайлауларда" жүзеге асырылатын жарғылыұ еместерi бақылаудан тыс қалып қояды, бұған жол бермеу керек.

Республикалық және облыстық бюджеттердің аралығындағы 2005-2007 жылдарға арналған бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлардың көлемі "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы №602-ІІ Заңымен, ал облыстық бюджет пен аудандық бюджеттер аралығында (облыстық маңызы бар қалалар) - облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген. Бюджеттік субвенциялар мен алынулардың көлемі әр үш жыл сайын өзгертілуі тиіс. 

Бюджетаралық  қатынастар мәселесін зерттеушілердін  ойлары бойынша, орталықтандырылмаған бюджет жүйесі әлдекайда тиімді. Себебі мұнда шешімдер әр түрлі деңгейде қабылданады. Мұндай жүйеде салық салу деңгейі мен бюджеттік қызметтердің арақатынасы біртіндеп сол жердегі тұрғындардың қажетгіліктері мен мүдделеріне сәйкестеледі. Сонымен салықгың әрбір деңгейі жоғары қайтарымдылыққа ие болады. Бүл үшін бірнеше шарттардың орындалуы талап етіледі. Атап айтқанда, азаматтық қоғамның болуы, аймақгардың өз ішінде инвестиция тарту үшін, жұмыс орындары үшін өзара бәсекелестік жүргізуі, шығындық өкілеттіліктердің   нақты   түрде   бөлініп   берілуі   және   табыс көздері тұрақты түрде бекітіліп, бюджеттік теңестіру салыктық әлеует пен мен объективті қажетгіліктерге сай жасалуы қажет.

Сонымен бірге, республикалық бюджеттен бөлінетін  трансферттер (субвенциялар, субсидиялар, мақсатты трансферттер) тұрақты   әрі   мақсатты   болуы   тиіс.   Бұл  жергілікті   бюджеттерді қаржылай қолдаудың механизмінің объективтілігі мен айқындылығын күшейте түседі. Әр түрлі бюджет деңгейлері арасындағы бюджетаралық қатынастар жүйесі бірлік жэне дербестік қағидасына негізделуі қажет. Бюджетаралық қатынастар жүйесі нәтижелі жұмыс істеу үшін жергілікті өкілетгі және атқарушы органдардың қызметін күшейту керек. Сонымен, бюджетаралық қатынастарды  реформалау,  ең алдымен,  жергілікті  ортаның бюджет үрдісінің тазалығын, айқындығын қамтамасыз ететіндей ынталандыруды арттыруға бағытталуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

  1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» 2008 жыл
  2. Көшенова Б.А.  «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» – А: Экономика, 2000.
  3. www. googe. Kz
  4. Ақша. Қаржы және несие. Оқу құралы. – Қарағанды: Болашақ, 2002
  5. Деньги, кредит, банки: Учебник для вузов/Под ред. Е.Ф. Жукова. – М:Банки и биржи. ЮНИТИ. 1999.
  6. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялығымен. — Алматы: Экономика, 2001.
  7. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. «Экономикалық теория». Оқу құралы – Астана 2002
  8. Доғалова Г.Н. «Халықаралық экономика» А: Экономика,2003
  9. Құлжабаева Ж.О. «Халықаралық қатынастар» А: Экономика, 2001
  10. Б. Көменова «Валюта қатынастары» А: Экономика, 2001
  11. Ө.Қ.Шеденов «Жалпы экономикалық теория» А: Экономика, 2001
  12. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова «Макроэкономика» А: Экономика,2002
  13. Долан Э.Дж. «Макроэкономика» С.-Петербург, 1994
  14. Гальперин В.М., Гребенников П.И., Мусский А.И., Тарасевич Л.С. Вводный курс по экономической теории.- М.: Инфра-М., 1997.
  15. Мамыров Н.К., Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Изд-во Экономика, 2003
  16. Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стенли Л.Брю. Экономикс: принципы, проблемы и   политика.- М., 1996.
  17. Фишер С. Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1993
  18. Пол А. Самюэлсон, Вильям Д. Нордхауз. Макроэкономика. – М.: Основы, 1995.
  19. Агапова М.И. Макроэкономика. – СПб., 1997
  20. Линдвуд О., Гайер Т. Макроэкономическая теория и переходная экономика. М: ИНФРА, 1996
  21. Козырев В.М. Основы современной экономики.- М.: Финансы и статистика,   1998
  22. Стратегия инвестиционно-инновационного развития Республики 
    Казахстан на 2003-2015 гг.
  23. Кривко Н. Об инфляционных процессах в условиях переходной экономики в Казахстане. // Экономика и статистика, 2001, №1, б.10
  24. Велямов Т., Мурсалимова Т. Источники и природа казахстанской инфляции. // Экономика и статистика, 2002, №1.
  25. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Әлемнің 50 бәсекеқабілетті елдерінің қатарына ену». // Казахстанская правда, 2 наурыз 2006 жыл.
  26. Статистический ежегодник Казахстана.  Статистический сборник. / Под ред. Абдиева К.С. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2005г, 598с.
  27. Статистический ежегодник Казахстана.  Статистический сборник. / Под ред. Абдиева К.С. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2007г, 495с.
  28. Статистический ежегодник Казахстана.  Статистический сборник. / Под ред. Абдиева К.С. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2006г, 483с.
  29. Финансы в стратегии роста. // Казахстанская правда,№93-94, 20 апреля, 2006г
  30. 2006-2008 жылдарға ҚР Үкіметінің бағдарламасы // Казахстанская правда, 1 сәуір 2006 ж
  31. Қазақстан Республикасының «Ұлттық банк туралы» Заңы 31.08.1995 (түзетілген 2006 жылдың желтоқсан айы)
  32. Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2006 года N 141 «О Заявлении Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан об основных направлениях экономической и социальной политики и прогнозе экономических показателей на 2006 год»// "Казахстанская правда" от 4 марта 2006 г. N 49-50 (25020-25021)
  33. Распоряжение Премьер-министра Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года № 379-р «О Плане мероприятий по регулированию инфляционных процессов в Республике Казахстан на 2005-2006 годы». Электронная справочная система «Юрист»
  34. Макконнелл К., Брю С.Экономикс. Т1. М.: Изд-во МГУ, 1992
  35. Мамедов О.Ю.  Современная экономика.- М..: Феникс, 1996.
  36. Миссия МВФ говорит о желательности номинального укрепления тенге.//Панорама, №14, 14 апреля, 2006 г, с.9
  37. На первом совещании с новым правительством Президент подверг критике работу прежнего Кабинета // Панорама, №3, 27 января 2006 года
  38. Назарбаев Н. Казахстан – Стратегия 2030: Процветание, базопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента народу Казахстана. – Алматы, 1997 
  39. К.А.Аттапханов "Фискальная систем государства: роль и  вопросы совершенствования". Алматы: Ғылым, 1999-100
  40. ЮткинаТ.Ф. Налоги и налотообложение, - М: ИВФРА-М, 1998.- 429б-86 бет.



Информация о работе Бюджеттің экономикалық тиімділігі