Бюджеттің экономикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 07:43, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндерттерді орындау керек:
бюджет түсінігіне тоқталып, оның ерекшеліктерін қарастыру;
бюджет балансын анықтау;
мемлекеттік бюджеттің құруын және оның бюджетаралық реттеу шараларын қарастыру;
аймақтық бюджеттің атқаруын қарастыру.

Содержимое работы - 1 файл

диплом2.doc

— 689.50 Кб (Скачать файл)

Мұндай нормативтік негізді еңдеудің әдістемелік аумақтық бюджетгерге қойылатын келесідей талаптары қарастырады: дотацияланбау және тұрақтылық; бюджеттерді нығайту; бюджеттік қатысушыларының экономикалық мүдделерінің өзара байланысын қамтамасыз ету. Жергілікті бюджеттерді нығайтудың негізгі бағыты реттеуші салықтардан үлестің жергілікті бюджетке көбірек бөлінуінің заңдық ретпен бекіту. Бұл олардың меншікті кірістерінің мөлшерін жергілікті деңгейде реттеуші салықтарды жинаудағы мүдделілігін жоғарылатар еді, бюджеттік жүйе біртұтастығын нығайтар еді.

Сондай ақ қазіргі таңда бюджет құрудың  және оны жетілдіру мақсатында стратегиялық мақсаттағы үш жылдық (2009-2011) бюджеттің  маңыздылығы арта түсуде.

Үш жылдық бюджеттің  мақсаты стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың толық үндестікте болуына алғышарттар жасау,  “бюджет қаражаттарын басқару” әдісінен “нәтижелерді басқару” әдісіне көшуді қамтамасыз ету болып табылады. Ол мемлекеттік органдардың қызметтерін, олардың стратегиялық жоспарларын ұзақ мерзімді жоспарлау әдісімен жүзеге асырылмақ.

Стратегиялық жоспар – мемлекеттік жоспарлаудың, яғни орта мерзімді бюджеттік жоспарлау  шеңберінде нәтижелерге бағдарланған бюджет белгілеудің жаңа моделі жүйесінің  діңгегі болып табылады. Іс жүзінде  оны бюджет ресурстарын олардың орта мерзімді перспективаға болжанған шеңберінде әлеуметтік-экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес нақты нәтижелерге қол жеткізуін ескере отырып немесе тікелей тәуелді жағдайда мемлекеттік органдар мен олар жүзеге асырып жатқан бюджеттік бағдарламалар арасында бөлу деп түсінген жөн. Сол үшін де барлық мемлекеттік органдар өздерінің стратегиялық жоспарларында мемлекеттен бөлінген қаржылардың көмегімен үш жылда қол жеткізілуге тиісті мақсаттарды белгілейді.

Стратегиялық жоспарлар  мемлекеттік органдар басшыларының бағыныштылығына қарай Президентпен немесе Премьер-Министрмен қол қойылған меморандумдармен бекітіледі. Меморандум мемлекеттік орган басшысының республикалық бюджетте қаралған бюджет қаржылары шеңберінде осы орган қызметінің стратегиялық жоспарда көрсетілген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуге деген ниетін растайтын болады. Іс жүзінде нәтижелерге бағдарланған бюджет  бір қаржылық жылдан асатын кезеңде қол жеткізетін нәтижелерді жоспарлауды жүзеге асырып, мемлекеттік органдардың бюджеттік шығындары мен олардың қызметтерінің тікелей және түпкі нәтижелерінің өзара байланысын қамтамасыз етеді. Оның сыртында мұндай көзқарас мемлекеттік органдар қызметіне деген түсінікті де өзгертеді. Олардың жұмысы азаматтарға, бизнеске қызмет көрсетуге бағытталып,  қызмет сапасы азаматтар мен бизнестің мемлекеттік қызметтердің көлеміне, сапасы мен қолжетімділігіне деген қанағаттанушылығымен айғақталатын болады.

Үш жылдық бюджеттің  тағы бір артықшылығы, ол мемлекеттік  органдардың бюджеттің ағымдағы жылғы міндеттемелерін бекітуіне және тіркетуіне жағдай жасайды. Ол әсіресе технологиялық жағынан дайындалу мерзімі бір жылдан асатын және қызмет көрсету мерзімі бір жыл шеңберінен шығып кететін тауарлар сатып алуға негізделген инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға қатысты.  Орта мерзімді бюджеттік жоспарлаудың келесі бір ерекшелігі – ол  ұзақ мерзімді міндеттемелер қабылдау мүмкіндігі, жыл сайын шарттарды қайта жасау мен тендерлер өткізу қажеттігі жойылатындықтан, оның өзі бюджет қаражатының игерілу деңгейіне оң әсер ететін болады.

Орын алған экономикалық дағдарысқа және біздің экономиканың дамуы тоқтайды деген бірқатар “көріпкелдіктерге” қарамастан, бірінші жартыжылдықта  ішкі жалпы өнімнің нақты өсуі 5,4 пайызды құрады.

Энергия ресурстарына бағаның өсуі салдарынан соңғы бірнеше жылдар ішінде алғаш рет ағымдағы есеп пен тұтастай алғандағы төлем балансының  оң сальдосы қалыптасты. Экономиканың орташа жылдық өсу қарқыны 2009-2013 жылдары 5-7 пайыз болады деп болжануда, ал ІЖӨ көлемі 2009 жылы 17 968 миллиард теңге болады деп жоспарланған және ол 2013 жылға 32 002 миллиард теңгеге жетпек.

Аталған кезеңнің соңына қарай инфляция деңгейі біртіндеп  төмендеп, 2013 жылы 5,5-7,5 пайыз аралығында тұрақтайтын болады. Үкімет монетарлық, фискалдық, сондай-ақ құрылымдық саясат құралдарын тиімді пайдалану арқылы теңдестірілген және сапалы экономикалық өсу саясатын жүргізуді  көздеп отыр. Теңдестірілген экономикалық өсу инвестициялық үдерісті ынталандыруға негізделеді деп болжануда, бұл  жағдайда  тұрақты инвестициялық өсу қарқыны 8,0-8,6 пайызды құрап,  ІЖӨ-нің өсу қарқынынан асып түсетін болады.

2009-2013 жылдары өнеркәсіп  өнімінің жылдық орташа өсу  көлемі 4,6 пайызды, ал, ауыл шаруашылығы  жалпы өнімінің өсуі 3,5 пайызды  құрамақ. Құрылыс жұмыстары көлемінің  жылдық орташа өсімі 8 пайыз деңгейінде болжануда. Көлік қызметтері орта есеппен 4,1 пайызға, байланыс қызметтері көлемі жылдық орташа  деңгейде 18,4 пайызға  өсетін болады.

2009-2011 жылдарға арналған  республикалық бюджеттің негізгі  өлшемдері  төмендегідей көлемде болжануда. 2009 жылғы түсімдер 3 160,4 миллиард теңге немесе ағымдағы жылмен салыстырғанда өсім 15,8 пайыз, оның ішінде кірістер (трансферттер түсімдерін есептемегенде) 2 199,4 миллиард теңге, ал ол 2008 жылғы деңгейден 35,6 миллиард теңгеге көп. 2010 және 2011 жылдары түсімдер алдындағы жылдарға қарағанда (трансферттер түсімдерін есептемегенде) тағы да тиісінше  262 және 339 миллиард теңгеге ұлғаяды деп жоспарлануда. 2009 жылдағы шығыстар 3 699,4 миллиард теңге болып, ағымдағы жылдағы деңгейден 20,7 пайызға артпақ. Ал 2010 жылы ол  4 268,8 миллиард теңгеге жетіп, алдындағы жылдан 15,4 пайызға ұлғайса, 2011 жылы  4469,5 миллирд теңге болып, өсім 4,7 пайызды құрамақ.

Мәселен, әлеуметтік саланы қолдау мен дамытуға арналған шығыстарды жыл сайын өсіріп отыру қарастырылған. Ол алдағы үш жылдық кезеңде республикалық бюджеттің барлық шығыстарының үштен бірін құрайды. Атап айтар болсақ, бюджет саласында осы сала қызметкерлерінің жалақысын 2 есе көтеру, соның ішінде 2009 жылы 25 пайызға, 2010 жылы 25 пайызға, ал 2011 жылы 30 пайызға көтеру көзделген. Бұдан басқа, жүйкеге және денеге түсетін ауыртпалықтар үшін үстеме ақы алатындар тізімін кеңейту көзделуде. Бұларға дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жекелеген топтары жатады. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек саласында  орташа зейнетақы мөлшерін 2009 жылы 25 пайызға, 2010 жылы 25 пайызға, ал 2011 жылы 30 пайызға көтеру көзделген. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар мөлшері  орта есеппен 9 пайызға ұлғаятын болады.  Отандастардың жылына 20 мың отбасына дейін тарихи Отанына  қоныс аударуы үшін квотаны ұлғайтуға арналған қаражат көзделген.  Сонымен бірге  бала тууды ынталандыру және демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында  бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақы ұлғайтылып, 2010 жылдан бастап төрт және одан көп бала туғандарға арналған бір жолғы жәрдемақының мөлшері өсірілмек.

Бұдан басқа, алғаш рет 2010 жылы мүгедек  балалардың ата-аналарына, қамқоршыларына, оларды тәрбиелеушілерге арналған жәрдемақы енгізіледі, оның мөлшері 2010 жылы  14 548 теңгені, 2011 жылы  15 639 теңгені құрайтын болады.

Ел бюджетінің екі  бөлік арқылы, яғни табыстар мен  мұнай саласынан түсетін қаржылар жинақталатын Ұлттық қордың трансферттері  есебінен қалыптасатыны белгілі. Сіздің есебіңіз бойынша, енді үш жылдан кейін Ұлттық қорда қанша қаржы жинақталмақ? Сонымен бірге Ұлттық қордан жыл сайын бюджетке аударылатын трансферттер көлемі қандай болмақ?

Бюджеттік даму бағдарламаларын  қаржыландыру үшін Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдікті трансферттер түрінде қаражат тартылады, оның мөлшері  Қордың “жұқаруына” жол бермеу үшін тиісті жылдың басындағы Ұлттық қор активтерінің үштен бір бөлігінен аспауы тиіс.

Мұнайдың бір барреліне  орта мерзімді бағаның 60 АҚШ доллары екенін ескере келгенде  Ұлттық қорға жіберілетін түсімдер көлемінің болжамы 2009 жылы  1 452,1 миллиард тегені немесе  ІЖӨ-нің 8,1 пайызын  құрайды.              

Республикалық бюджетке тиесілі кепілдікті трансферт көлемі 2009 жылы 843 миллиард, 2010 жылы 1 076 миллиард, ал 2011 жылы 1 012 миллиард теңгені құрайтын болады. Тұтастай алғанда Ұлттық қордағы қаржы жиынтығы 2009 жылдың қорытындылары бойынша 38,4 миллиард, 2010 жылы 43,1 миллиард, ал, 2011 жылы 48,4 миллиард АҚШ доллары көлемінде  болады деп жоспарлануда.

Бюджет жобасын қалыптастыра отырып, әр кезде де әлемдік баға дамуының базалық сценарийлері негізге  алынады. Биылғы жылы да мұнайдың әлемдік бағасын болжау әлемдік тауар рыноктарындағы ағымдағы жағдай туралы ақпараттардың және мүмкін деген тәуекелдерді ескере отырып, беделді халықаралық ұйымдардың болжамдарының негізінде қалыптастырылды.

Қазіргі уақытта, үстіміздегі  жылғы шілде айында өзінің тарихи ең жоғары шегіне жеткеннен кейін, мұнайға  әлемдік баға деңгейінің төмендеуі  байқалуда. Қазірде мұнайдың 1 баррелінің бағасы шілдедегі деңгеймен салыстырғанда 35 пайызға төмендеп, шамамен 95 долларды құрайды. Орташа алғанда сегіз айда,  Дүниежүзілік банкінің деректері бойынша, Brent мұнайының әлемдік бағасы бір баррель үшін 113,1 долларды құрады.

Халықаралық ұйымдардың, сарапшылардың бағалаулары бойынша,  мұнайдың қазіргі бағасының жартысынан астамын алып-сатарлық факторлар  қалыптастырып отыр. Ірі шетелдік мұнай компаниялары басшыларының  пікірі бойынша, мұнайдың нақты бағасы бір барреліне шамамен 55-60 АҚШ доллары көлемінде болуға тиіс. Халықаралық сарапшылардың болжамдарына қарағанда, қысқа мерзімді перспективада тауар рыноктарындағы алыпсатарлық капитал өз ықпалын тоқтататын болады. Осыған байланысты әлемдік экономика дамуының  болжам жасалғандағыдай баяулауын ескере отырып, мұнайдың қалыпты бағасының (бір барреліне 60 АҚШ доллары) болжамын негізге алу ұтымды болмақ, ал одан жоғары баға белгілеудің тәуекелі де үлкен.       

Мұнай экспорттаушы елдердің өздерін бағаның төмендеу мүмкіндігінен  сақтап қалу үшін мұнай бағасын  болжаған кезде оған аса сақтықпен қарауы әлемдік тәжірибеде бар. Бұл жағдайда мұнайды импорттаушы елдер басқа тәсілді пайдаланады, яғни олар  бюджеттің шекті шығыстарын ескеру үшін  оның негізіне барынша жоғары бағаны алады.

Қазіргі кезде  реттеуші салықтар арқылы бюджетаралық қатынастарды реттеудің Қазақстан Республикасындағы қолданылмауы жоғарыда айтылып өткендей жергілікті бюджеттерді жоғары бюджеттерден басым тәуелді етеді. Салықтық түсімдерді "тарату" тәжірибесі (реттеуші салықтардан жыл сайын тағайындалатын нормативтер бойынша) өзінің мүмкіндіктерін толық пайдаланған жоқ. Оны бюджетті реттеу тәсілі ретінде қолдану қажет, ал реттеуші салықтардан бөлу нормативтері арқылы реттеуді бүрынғының көзі ретінде қарастырып толығымен бас тартуға әлі ерте.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

Қорыта келгенде, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін ретгеуде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің рөлін төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді, халықтың тұрмыстық өлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті аймақтың азаматтарының материалдық жөне мәдени дөрежесіне айтарлықтай ықпал етеді.

Негізгі қаржы  жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекет күш-жігері жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламент жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет жөніндегі» заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіші ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.

Қаржы жоспары ретінде бюджет және басқа да салалар дамуының қарқыны екінші жағынан, көбінесе соларды бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне байланысты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретінде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.

Мемлекеттің бюджеттік-салық саясатында қаржылық жоспар бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты - ол халықтың ауқаттылығын жоғарлату мен экономикалық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеті. Бұл саясат еліміздегі жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияның қарқынын төмендету мен басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осындай күрделі мәселелерді  шешуге және еліміздің жалпы экономика  жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалык маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады.

Рынокқа өтпелі кезеңде  бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің қүндық ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақүрылымды дамыту және азаматтардың өлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді қүралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезіңде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен жетілдіруді қажет етеді.

Информация о работе Бюджеттің экономикалық тиімділігі