Қаржылық жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 11:34, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................... 6

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ........... 10
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы.............. 10
1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері........ 13
1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы....................................... 19

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ....... 33
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау........ 33
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау................................................................................................. 37
2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер............... 42

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ................................................................................................................... 48
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау..................................................... 48
3.2 Баланс өтімділігін талдау................................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 62

Содержимое работы - 1 файл

Диплом қаржылық жағдай.doc

— 486.50 Кб (Скачать файл)

     Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын  меншікті капиталдың қатыстырылған  капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады [10]. 

                                Кк = Мк: Қк ;                                                                     (3) 

     мұндағы: Кк – қаржыландыру коэффициенті;

                          Мк – меншікті капитал;

                          Қк –  қатыстылған капитал.

     Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатының көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын  көрсетеді.

     Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің  кері кеңінен қолданылады, қатыстылған  капиталдың меншіктік капиталға  қатынасымен анықталатын  қарыз  және  меншікті  қаражаттар  қатынасының  коэффициенті:

                                            

                                      Кқ/м  = Қк : Мк  ;                                                                                     (4) 

     мұндағы: Кк/м – қарыз  және  меншікті  қаражаттар  қатынасының

                                  коэффициенті;

                       Қк –    қатыстырылған  капитал;

                       Мк –   меншікті  капитал.

     Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне  салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорнымызда  бұл  көрсеткіш  келесі  берілгендермен  сипатталады:

     жыл басында – 0,271 (9905: 36446);

     жыл аяғында – 0,226 (11099: 49981);

     Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 27 тиынын тартқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 23 тиынға дейін көбейген. Демек, кәсіпорын қарыз қаражаттарын пайдалануға көп күш жұмсаған, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалпаған.

       Арнайы әдебиеттерде бұл көрсеткіш  үшін қалыпты шектеу: Кк/м<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның  қаржылық  дербестігіне  ешқандай  әсерін  тигізбейді.

     Капиталдың  құрылымын қалыптастырудың тиімділігін  (қолайлығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. НҚ бойынша мәліметтерді  2 кестеден аламыз. Біздің мысалымызда ол жылдың басында 1,102 (36446: 33061), ал соңында 1,372 (4898: 35686) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің басқа да активтерінің, соның ішінде қысқа мерзімді активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге  болады. Меншікті айналым қаражатының көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активтерінің бірінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек. Жыл басына менгшікті айналым қаражаттарының көлемі 3385 мың тг. (36446 - 33061) құрады, жыл аяғына – 13295 мың тг. (48981 - 35686), яғни 9910 мың теңгеге немесе 292,7%-ға көбейген.

     Тәжірибе жүзінде қүрделі салымдарды қаржыландыру және негізгі құралдарды сатып алу үшін, меншікті капиталға теңестіріліп қосылатын, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы қатыстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсеткіштің мөлшері анықталады. Бұл көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі – оң, ал төмендеуі – теріс бағыты  ретінде қарастырылған. Біздің кәсіпорнымызда бұл көрсеткіштің мөлшері меншікті айналым қаражаттарының мөлшеріне тең, себебі  ұзақ  мерзімді  несиелерді  кәсіпорын  тартқан  жоқ [11]. 

     5-кесте. «АБДИ Компани» АҚ-дағы қорлардың  қалыпты  көздермен  қамтамасыз  етілуі  

            мың теңге

Көрсеткіштер Символдар 2010 жыл

басында

2010 жыл

соңында

Жыл бойы өзгерістер

(+,-)

1 Меншікті капитал Мк 36446 48981 12535
2 Ұзақ мерзімді активтер Ұз а 33061 35686 2625
3 Меншікті айналым  капиталының бар болуы (1ж-2ж) Мак 3385 13295 9910
4 Ұзақ мерзімді міндеттемелер Ұз м - - -
5 Қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің бар болуы (3ж+4ж)  
Мак/ұз
 
3385
 
13295
 
9910
6 Қысқа мерзімді міндеттемелер Км 9905 11099 1194
7 Қорларды қалыпты (негізгі) қалыптасу көздерінің жалпы  мөлшері (5ж+6ж)  
НҚ
 
132920
 
24394
 
11104
8 Қорлар К 1072 1661 689
9 Меншікті айналым  қаражаттардың артығы не жетіспеушілігі (+,-) (3ж-8ж) +

- М.а.к

 
2313
 
11634
 
9321
10 Қорларды құрудың  ҰМ көздерінің артығы н/е жетіспеушілігі (+,-) (5ж-8ж) +

- М.а.к/ұз

 
2313
 
9438
 
7125
11 Қорларды құрудың  НҚ артығы н/е жетіспеушілігі (+,-) (7ж-8ж) +

- НҚ

 
12218
 
22733
 
10505
12 Қорлардың типі - I I -
     Е с к е р  т у – «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған
 

     5-кестедегі  біз кәсіпорнымыздың өткен жыл  мен есепті жылдағы мәліметтерін  ала отырып, олардың қормен қамтамасыз  етілуін талдай отырып. Кәсіпорынның  I – типке жататының  есептеп оған көзіміз жетті. Бұл I тип қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік деңгейін көрсетеді. Осы екі кезеңнің мәліметтерін есептей отырып, ауытқуы бойынша +9321 мың теңгеге меншікті айналым қаражаттары өсті, +7125 мың теңгеге қорларды құрудың ұзақ мерзімді көздері өсті, +10505 мың теңгеге қорларды құрудың НҚ-ның өскені біздің кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының  көбейгенің  көрсетіп,  жылдан-жылға  өскенін  көрсетіп  отыр.  
 

2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер 

      Кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің сипаттайтын көрсеткіштердің бірі несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігі «несиеге қабілеттік» түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі (ТҚ) кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды. Талдаудың келесі кезеңі кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін айқындау болып табылады.

      Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін  заңдар әсерінен кәсіпорынға олардың  ұйымдастыруды – құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді несие – септік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған жүйесі қалыптасуда. Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерін болдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюна ықпал етуге міндетті [12].

      Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және  экспортқа  өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

      Банктер неиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін катаң  сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен  заңда қарастырылған және екі  жақпен  келісілген  жағдайда  коммерциялық  негізде  береді. Несиені  беру және өтеумен байланысты мәселелер  келісім түрінде  несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорын мен банк арасындағы несиелік  келісім-шарттарымен  реттеледі.

      Несиелер  берілетін мерзіміне қарай қысқа  мерзімді және ұзақ мерзімді болып  бөлінеді. Несиенің жеделдігі оны қайтару, өтеу мерзімдерімен анықталады. Осылай, қысқа мерзімді несиелер бір жылдан аспайтын мерзімге, ал ұзақ мерзімді – бір жылдан асатын  мерзімге беріледі.

      Қысқа мерзімді несие кәсіпорынның айналым  қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін ақша қаражатының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады. Бұл жағдайда несие оның дамуына, өндірісті кеңейтуге, оны қалпына келтіруге, жаңа техниканы өндіруге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға бағытталған кәсіпорынның қарыз қаражаттары ресурстарының көздері ретінде жұмсалады.

      Несиеледің  объектілері:

     - тауарларды экспорттық және импорттық жеткізулер және сыртқы экономикалық қызметтер бойынша шығындар;

     - жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар сатып алған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер;

     - ломбардтың кепіл-несиелік операциялары;

     - театрдың, парктердің, атракциондардың табыстары мен шығындары арасындағы мерзімдік алшақтанушылық және т.б.

     Банк  басшылығының ұйғару бойынша несиелеу объектісі болып тиеліп жіберілуі  шаруашылыққа тәуелді емес себептерге байланысты кешіктірілген дайын  өнімдер бола алады:

     - өнім тұтынушының сұранысына ие болған кезде өнімді шығару көлемінің жасалған шарттарға қарсы өсуі;

     - оны өткізуге шарттар жасалған өнімдерді тиеп жіберу үшін тасымал құралдарын өз уақытында бермеуі;

     - келісім-шартты бұзатын ұқыпсыз төленушілерге өнімді тиеуді тоқтату;

     Қарыз алушыларға несие беру алдыңғы берілген несиелер бойынша мерзімі өткен қарыздар болмаған кезде жүргізіледі және банк мекемесімен қарыз алушының бірігіп несиенің қажеттілігін зерттеу негізінде анықталынатын белгіленген өлшемі көлемінде жүзеге асырылады.

     Есептеудің негізіне өндірістің, өткізудің көлемі бойынша алдыңғы жылдың жоспарланған есептік көрсеткіштері соңғы бірқатар жылдардағы баға мен тарифтердің өзгерілуі ескеріліп, несиелер бойынша қарыздар мен кредиторлық борыштар алынуы тиіс. Жыл бойы бұл есептер банк пен қарыз алушының екі жақты келісімі бойынша қосымша анықталады, осымен қатар банктер  қарыз   алушының  жеке  көздерінің өсімінің  қарқынын бақылау керек.

Информация о работе Қаржылық жағдай