Қаржылық жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 11:34, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................... 6

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ........... 10
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы.............. 10
1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері........ 13
1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы....................................... 19

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ....... 33
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау........ 33
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау................................................................................................. 37
2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер............... 42

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ................................................................................................................... 48
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау..................................................... 48
3.2 Баланс өтімділігін талдау................................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 62

Содержимое работы - 1 файл

Диплом қаржылық жағдай.doc

— 486.50 Кб (Скачать файл)

      Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін  сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу  арқылы  анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс. Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі  жыл басында     0,40 = (13290:33061), ал жыл аяғында - 0,68 = (24394:35686) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 1,8 есеге (24394:13290), ал екіншілері 8%-ға (35686:33061*100) ғана өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде қысқа мерзімді активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал  қатынасының  коэффициентінен  артық  болуы  керек.

      Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде  қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

      Біздің  мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында – 71,32%-ды, ал жыл соңында – 59,39%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне 3,53 пункт сәйкес келмейді. Негізгі құралдарыдың жалпы құнындағы оның активті бөлігінің (жұмыс машиналарының құны, өндірістік жабдықтар мен тасымал құралдарының құны) үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтармыдылығының өсуіне әкеледі. Алайда біздің кәсіпорындарда негізгі құралдардың активті бөлігінің үлес салмағы  жыл соңында  жыл басындағы 0,33-ке қарағанда, 0,29-ды құрады. Негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесінің 0,04 пунктке кемуі, олардың өсу қарқынынан  айтарлықтай  дәрежеде  артта  қалуының нәтижесінде болып отыр.

  Әрі қарай, келесі 3-аналитикалық кестені құрастыра отырып, қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

     3-кесте. 2010 жылдың  басы  мен соңындағы «АБДИ Компани» АҚ-ның қысқа  мерзімді  активтерінің  құрамы  мен  құрылымы 

 
Көрсеткіштер
Жыл басында Жыл соңында өсуі,

кемуі

%

сомасы

мың тг.

үлес салмағы

%

сомасы

мың тг.

үлес салмағы

%

Қысқа мерзімді активтер соның ішінде:

1.1. Қорлар

1.2. Дебиторлық  борыш

1.3. Ақша қаражаттары  және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1.4. Басқа да  қысқа мерзімді активтер

13290 

1072

11922 
 

19 

277

100 

8,06

89,70 
 

0,14 

2,08

24394 

1661

22384 
 

49 

300

100 

6,80

91,76 
 

0,20 

1,22

183,5 

155

187,7 
 

257,8 

108,3

     Е с к е р  т у – «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған
 

      3-кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикалық көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 30 теңгеге немесе 257,8%-ға өскен.

      Қысқа мерзімді активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықтайтын айналым қаражаттарының мобильдік  коэффициенті (қысқа мерзімді активтердің) 2,5 есеге өскен және 0,20%-ды ғана құрайды. Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 155%-ға және ол жыл аяғында 1661 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,69 пунктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса өте жоғары (6,80%) болып отыр.

      Есепті  жылы дебиторлық борышта әжептеуір  өскен. Егер оның көлемі жыл басында 11922 мың теңгені құраса, жыл аяғында  ол 22384 мың теңгені құрайды немесе 187,7%-ға өскен, алайда қысқа мерзімді активтер құрамындағы оның үлесі 0,84 пунктке көбейді. (91,76 – 89,70).

     Кестені қорытындылай келе, дебиторлық борыш  неге көп өскендігін және не үшін керектігін түсіндіру зерттеп, қарыздарды өтеудің  болашағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді  қарыздарды анықтау қажет. Сондықтан, кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық  борыштың  салдары  болып  табылады.  
 
 
 
 

2.2 Баланс активінің  құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын  талдау 

      Талдау  жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құралу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны алу және оның, құралуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің қысқа мерхзімді активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде қысқа мерзімді активтерге әдеттегідей жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық  несиелермен  жабылады [9].

     Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

     Меншікті  капиталдың көлемін ғана анықтап  қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш  арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен  берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана – бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатының көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды: 

     Ктс = Мк: Ак ;                                                                  (1)

          

     мұндағы: Ктс – тәуелсіздік коэффициенті;

                       Мк – меншікті капитал;

                       Ак – авансталған капитал

     Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің  неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс  деп санайды. Себебі бұл қаржы  көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие  берушілер дәл осындай құрылымды  таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтеді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

     Қаржылық  есеп берудің  активтерінің  қалыптасу  көздерінің  құрылымын зерттеу  үшін  келесідей  кесте  құрылады.  

     4-кесте. 2010 жыл басындағы және соңындағы «АБДИ Компани» АҚ-ның авансталған капиталының құрамы мен құрылым

 
Көрсеткіштер
Жыл басында Жыл аяғында Жыл бойындағы  өзгерістер Құрылымның

өзгеруі, пункт (4гр-2гр)

сомасы,

мың тг.

үлес

салмағы,

%

сомасы,

мың тг.

үлес

салмағы,

%

мың тг. % (5гр:1гр.100)
А Б 1 2 3 4 5 6 7
1 
 
 
 
 

2 
 

3 
 

4 
 
 
 
 

5

Авансталған капитал  соның ішінде:

1.1.Меншікті капитал

1.2.Қарыз капитал

Тәуелсіздік коэффициент

(1.1ж: 1ж)

Қаржыландыру коэффициент (1ж: 1.2ж)

Қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға  катынасы коэффициенті (1.2ж: 1.1ж)

Инвестициялау коэффициенті

46351 
 
 

36446

9905 
 

х 
 

х 
 
 
 
 

х 

х

100 
 
 

78,7

21,3 
 

0,786 
 

4,679 
 
 
 
 

0,271 

1,102

60080 
 
 

48981

11099 
 

х 
 

х 
 
 
 
 

х 

х

100 
 
 

81,5

18,5 
 

0,815 
 

5,413 
 
 
 
 

0,226 

1,372

13729 
 
 

12535

1194 
 

х 
 

х 
 
 
 
 

х 

х

29,6 
 
 

34,3

12 
 

х 
 

х 
 
 
 
 

х 

х

х 
 
 

+2,8

-2,8 
 

+0,029 
 

+0,734 
 
 
 
 

-0,065 

+0,72

     Е с к е р  т у – «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған
 

     4-кестеден  кәсіпорынның есеп беру жылындағы  активтерінің қалыптасу көзі 13729 мың теңгеге немесе 29,7%-ға өскені көрініп тұр. Бұл өсу жылдың соңында 11099 мың теңге болған, яғни 1194 мың теңгеге, немесе жылдың басындағы мөлшермен салыстырғанда 2 есеге төмендегген, қатыстырылған капиталдың төмендеуімен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффициенті 0,786-дан 0,815-ке дейін немесе 0,029 пунктке өскен. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) өскенін дәлелдейді.

     Нарық жағдайында ол ақпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер меншіктік капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.  

     Бұны  тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш  болып табылатын қатыстырылған  капиталдың барлық авансталынған капиталдағы  үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формуламен  анықталады: 

                           Кт = Қк: Ак  немесе  Кт = 1-Ктс  ;                                     (2) 

     мұндағы: Кт – тәуелділік  коэффициенті

                       Қк –  қатыстылған  капитал

                       Ак – авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

                       Ктс – тәуелсіздік коэффициенті.

     Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.

     Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорнымызда оның деңгейі жылдың басында 0,214 (1-0,786), ал жыл соңында 0,185 (1-0,815) болды. Бұл шама көрсеткіш біршама өскенімен, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды.

Информация о работе Қаржылық жағдай