Қаржылық жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 11:34, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................... 6

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ........... 10
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы.............. 10
1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері........ 13
1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы....................................... 19

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ....... 33
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау........ 33
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау................................................................................................. 37
2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер............... 42

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ................................................................................................................... 48
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау..................................................... 48
3.2 Баланс өтімділігін талдау................................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 62

Содержимое работы - 1 файл

Диплом қаржылық жағдай.doc

— 486.50 Кб (Скачать файл)

    Жауапкершілік деп - қорытынды есеп дайындаушы тұлғалардың жауапкершілігін айтамыз. Жауапкершілік нарыққа қатысушы жақтардың және үкімет органдарының сұранысына, жауап беруі керек. Жауапкершілікке түскен тұлғалар өз әрекеттеріне, орындалған фактілер мазмұнына және осы ұйымда іске асырылынатын экономикалық  саясаттың жақсы қалыптасуына, сондай-ақ кабылданған шешімдердің нәтижелігіне жауапты болып табылады.

    Сыртқы  пайдаланушылар сұранысы үшін жасалынатын  қаржылық қорsтынды есеп мәліметтерін алдын-ала ойланған мақсатта бұрмалауға, жалған есеп беруге, есеп ақпараттарын бормалауға болмайды.

    Жариялылық  пен жауапкершілік қаржылық есептілік жөніндегі ақпараттарды өзара байланыстырушы және бекітуші категорияларға жатады. Өз кезегінде жариялылық категориясы жауапкершілік категориясының деңгейін, ал жауапкершілік категориясы қаржылық қорытынды есептің ашықтық категориясын сипаттайды. Өзара байланыстағы ашықтық, жариялылық және жауапкершілік категориялары жүргізілген есеп ақпараттарының тәртібін анықтауға тікелей әсер етеді. Айтылған категориялардың  барлығы да жоғары дәрежеде шешім кабылдаудың сапасын және экономикалық тиімділіктің деңгейін арттыруға, сондай-ақ бұлар инвестициялық саясат жағдайын жақсартуға және қаржылық тәукекелділікті басқаруға арналған.

    Қаржылық  қорытынды есеп жекелеген есеп объектілерінің түрлерін, бұлардың экономикалық мазмұнына қарай ірілендірілген топтарға жинақтаудан туындайтын ұйымның қаржылық жағдайын сипаттаушы көрсеткіштер жүйесінен тұрады. Жинақталған есеп объектілері қаржылық қорытынды есептің элементтерін құрайды.

    Ұйымдардың  каржылық жағдайын өлшеп бағалаушы негізгі элементтеріне активтер, меншікті капитал және міндеттемелер жатады.

    Ұйымдардың  экономикалык тиімділігін сипаттаушы элементтерге таза пайда немесе шеккен - зиян, ал түскен таза пайданы өлшеу - алынған табыс пен жұмсалынған шығындарды салыстырып өлшеу арқылы жүргізіледі. Қаржылық қорытынды есепті дайындау барысында осы жоғарыда айтылған элементтер есеп ақпараттарын пайдаланушылардың экономикалық шешім қабылдауына ыңғайлы болуы үшін арнайы үлгідегі бухгалтерлік балансқа сабақтастық жолдармен орналасуы керек.

    Капитал нарығына қатысу үшін компаниялар сенімді және ашық дайындалған қаржылық қорытынды есеп арқылы өз меншігіндегі активтерін аса сенімді және әділетті бағалауы керек.

    Қаржы есептiлiгiнiң әрбiр компонентi міндетті түрде дәлме-дәл анықталуға тиiс. Бұған қоса, келесi ақпарат дәлме-дәл  бөлiп көрсетiлуге және, егер бұл  ұсынылған ақпаратты дұрыс түсiну үшiн қажет болса, қайталануға  тиiс:

    - есеп беретiн ұйымның атауы  немесе өзге де сәйкестік белгілері,  сондай-ақ алдыңғы есепті кезеңнен  бастап осы ақпараттағы кез  келген өзгерістер;

    - қаржы есептiлiгi жеке ұйымды  немесе ұйымдар тобын қамти  ма;

    - қаржы есептiлiгiнiң тиiстi компонентi  үшiн ненiң көбiрек жарайтынына қарай, есепті күн немесе қаржы есептiлiгiн қамтитын кезең;

    - 21-«Валюталық бағам өзгерісінің  әсері» халықаралық стандартында  анықталғандай, ұсыну валютасы;

    - қаржы есептiлiгiнде соманы ұсынған  кезде пайдаланылған дәлдiк деңгейi.

    Қаржы есептiлiгi көбiнесе ұсынылған валютаның мыңдаған немесе миллиондаған бiрлiктерiнде ақпарат ұсынған кезде неғұрлым түсiнiктi болады.

    Бұған қаржы есептілігіне сомалар ұсынған  кезде пайдаланылатын дәлдiк деңгейi ашып көрсетiлгенде және елеулі ақпарат  жоғалмағанда ғана жол берiледi.

    Ұйымның қаржылық есептілігінің ең негізгі  нысаны болып бухгалтерлік баланс саналады. Бухгалтерлік баланс ұйымдардың қаржылық жағдайын белгілі бір кезеңге карай жинақтап көрсетеді. Баланс деп - ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады.

    Ұйымдардың  қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға  қарай әр түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтан баланстың  әрбір  баптары  арқылы  ұйымдардың  каржы-шаруашылық қызметін бағалап, талдау әдістерін қолдану мүмкіндігі карастырылған. Ұйымның меншікті активтері әр түрлі ресурстар мен  қаражат  көздерінен  қалыптасатындықтан ұйымдардың  ресурстары шын мәнінде көбейіп отыратын болса, онда бұл ұйымның пайдамен жұмыс істегендігін көрсетеді.

    Құнсыздануға (инфляцияға) байланысты ұйымның активтері  көбейіп кеткен жағдайда түскен пайда - таза пайдаға жатқызылмайды. Мұны шындыққа жанаспайтын пайда деп  таныған жөн. Егер ұйым ақысыз (құнын төлемей) түбінде кайтарылмайтын активтерді басқалардан алған жағдайда, мүндай активтердін құны пайда кұрамына жазылмай, тек қана баланстың көбеюуін білдіреді.

    Ұйымның құрылуын, қаржылық жағдайын, үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып кетуін немесе үлкен компания құрамына ену жағдайын ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді:

    1) кіріспе баланс;

    2) аралық баланс;

    3) жойылуға байланысты баланс.

    Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмалар т.б. заңды  тұлғалардың жарғысы тіркелгеннен соң, меншік иелерінің салған қаражатын және басқа да қаржы салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарын кіріске алып, жарғылық қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.

    Аралық  баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге, тоқсанға қарай жасалынады. Мысалға, капиталдың шенберлі айналысы фазаларына, активті қаражаттар козғалысына талдау жасау жұмысын және арнайы тапсырмаға байланысты ұйым қызметіне толық тексеру жұмысын жүргізу үшін жасалынатын балансты аралық баланс деп атайды,

    Жойылуға  байланысты баланс - ұйым банкротқа ұшырап, өз қызметін тоқтатқан жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен ұйымды жою мақсатында баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы ұйымның жабылуына байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның жойылғандығынын қорытындысын  бағалау үшін жасалынады.

    Заңды тұлға болып танылған ұйымдардың барлығы да бухгалтерлік баланс жасауға  міндетті. Егер заңды түлғалар құрамына енген еншілес ұйымдар құрылған жағдайда, негізгі ұйым басшыларының рұқсаты бойынша еншілес кәсіпорындар да баланс жасауына болады.

    Баланс міндетті түрде кем дегенде мыналарды көрсететiн жекелеген баптарды қамтуға тиiс:

    - негізгі құралдар;

    - инвестициялық жылжымайтын мүлік;

    - материалдық емес активтер;

    - қаржы активтері; 

    - қатысу әдiсi бойынша ескерiлген инвестициялар;

    - биологиялық активтер;

    - босалқылар;

    - сауда және басқа дебиторлық  берешек;

    - ақшалай қаражаттар және ақшалай  қаражаттардың баламалары;

    - сауда және басқа кредиттік  берешек;

    - бағалау мiндеттемелерi;

    - қаржы міндеттемелері;

    - салық бойынша мiндеттемелер мен активтер;

    - кейінге қалдырылған салық міндеттемелері  мен кейінге қалдырылған салық  активтері;

    - меншікті капиталдың құрамында  ұсынылған азшылық үлесі;

    - шығарылған капитал және бас  компанияның меншікті капитал  иелеріне қатысты резервтер;

    - үлес ішінде ұсынылған, бақыланбайтын  пайыздар;

    - бас ұйымның иелеріне тән шығарылған  капитал және резервтер.

    Осындай ұсыну ұйымның қаржы жағдайын түсіну үшін маңызды болған кезде, баланстың  өзінде міндетті түрде қосымша жеке баптар, тақырыптар және аралық сомалар ұсынылуға тиiс.

    Ұйым  қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер мен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді баланстың  өзінде жеке бөлімдер ретінде ұсынатын болса, ол кейінге қалдырылған салық  активтерін (міндеттемелерін) қысқа мерзімді салық активтері (міндеттемелері) ретінде сыныптауға құқылы емес.

    №1 «Қаржылық есептілік: дайындау мен  ұсыну» ҚЕХС сәйкес ұйым тікелей баланстағы жеке бөлімдер ретінде, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтерді және қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi ұсынуға міндетті, бұған өтімділік негізінде бөлу сенімді әрі неғұрлым мәнді болып табылатын осындай ақпарат беру реттері кірмейді. Осы ерекшелік қолданылған кезде барлық активтер мен міндеттемелер міндетті түрде тұтас алғанда олардың өтімділігіне қарай ұсынылуға тиіс.

    Қабылданған ұсыну әдiсiне қарамастан өтелуi немесе орнын толтыру баланс күнінен  кейін он екi айдан аспайтын және баланс күнінен кейін он екi айдан  асатын мерзiмнің ішінде күтiлiп отырған  соманы біріктіретін активтер мен міндеттемелердің осындай әрбір желілік бабы бойынша ұйым, өтелуi немесе орнын толтыру он екi айдан астам мерзім өткеннен кейін күтiлiп отырған соманы ашып көрсетуге міндетті.

    Егер  ұйым дәл анықталған операциялық  кезеңнiң барысында тауарлар мен  қызмет көрсетулердi жеткiзсе, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтер мен мiндеттемелердi баланстың өзiнде бөлек сыныптау айналым капиталы ретiнде тұрақты жұмыс iстейтiн таза активтердi ұйымның ұзақ мерзiмдi операцияларында пайдаланылатындардан бөлу жолымен пайдалы ақпаратты қамтамасыз етедi. Бұл сондай-ақ ағымдағы операциялық кезеңде iске асыру көзделiп отырған активтердi және тап осы кезең iшiнде өтелуге тиiстi мiндеттемелердi бөлiп көрсетуге мүмкіндік береді.

    Қаржы ұйымдары сияқты кейбір ұйымдар үшін активтер мен мiндеттемелердi өтімділікті арттыру немесе төмендету тәртібімен ұсыну қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтерге бөліп ұсынуға қарағанда сенімді әрі неғұрлым маңызды осындай ақпаратты береді, өйткені бұл ұйым дәл анықталған операциялық кезеңнiң шеңберінде тауарлар немесе қызмет көрсетулер жеткізумен айналыспайды.

    Активтер  мен міндеттемелерді өткізудің күтіліп отырған мерзімдері туралы ақпарат ұйымның өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау үшін пайдалы. 32 «Қаржы құралдары» халықаралық стандарты қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін өтеу күндері туралы ақпараттың ашып көрсетілуін талап етеді.

    Қаржы активтері сауда және басқа да дебиторлық берешекті қамтиды, ал қаржы  міндеттемелері сауда және басқа  да кредиторлық берешекті қамтиды. Босалқылар мен бағалау міндеттемелері сияқты ақшалай емес активтер мен міндеттемелердің орнын толтырудың және өтеудің есептеу күндері туралы ақпарат та, активтер мен міндеттемелер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөліну-бөлінбеуіне қарамастан, пайдалы. Мысалы, ұйым баланс күнінен бастап он екі айдан асатын мерзімнен кейін орнын толтыруды күтіп отырған босалқылар сомасын ашып көрсетеді.

    Актив, егер мынадай өлшемдердің кез  келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде  ағымдағы актив ретінде сыныпталуға  тиіс:

    1) оны өткiзу көзделсе, не ол кәсiпорынның әдеттегі операциялық кезеңiнiң барысында сатуға немесе пайдалануға арналса;

    2) ол негiзiнен сауда мақсаттарына  арналса;

    3) оны есепті күннен кейін он  екі айдың ішінде сату ұйғарылса; 

    4) ол ақшалай қаражаттар немесе  ақшалай қаражаттардың баламалары нысанында болса; 

    Қалған  активтердiң барлығы міндетті түрде  ұзақ мерзiмдi активтер ретiнде сыныпталуға  тиiс.

    Ұйымның операциялық кезеңi активтерді өңдеу  үшін сатып алу және оларды ақшалай  қаражаттарға немесе ақшалай қаражаттың баламаларына айналдыру арасындағы кезеңді бiлдiредi. Ұйымның әдеттегі операциялық кезеңі дәл анықтауға келмесе, оның ұзақтығы он екі ай болады деп болжанады. Қысқа мерзімді активтер тіпті оларды есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату күтілмеген кездің өзінде, әдеттегі операциялық кезеңнің бір бөлігі ретінде сатылатын, тұтынылатын және өткiзiлетiн активтерді (сатып алушылар мен тапсырыс берушілердың босалқылары мен дебиторлық берешегі сияқтылар) қамтиды.

Информация о работе Қаржылық жағдай