Қаржылық жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 11:34, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................... 6

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ........... 10
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы.............. 10
1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері........ 13
1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы....................................... 19

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ....... 33
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау........ 33
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау................................................................................................. 37
2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер............... 42

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ................................................................................................................... 48
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау..................................................... 48
3.2 Баланс өтімділігін талдау................................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 62

Содержимое работы - 1 файл

Диплом қаржылық жағдай.doc

— 486.50 Кб (Скачать файл)

     Көптеген  кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффициентінің жалпы өтімділіктің жоғары коэффициенті сай келуі тән екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өңімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың 3-ші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек. Осы мақсатқа өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің айналымын есептеу керек.

     Кәсіпорында аралық өтімділік коэффициентінің  төмен және жалпы өтеу коэффициентінің  жоғары болуы кезінде, айналымдылықтан  аталған көрсеткіштерінің нашарлауы  осы кәсіпорынның төлем қабілетінің нашарлағанын дәлелдейді. Өтімді қаржылардың айналым көрсеткіштерінің нашарлауы болған кезде, кәсіпорынның төлем қабілетін объективті бағалау үшін осындай төмендеу себептерін айкындау керек.

     Осы кезде тұтынушының өнімдер мен  қызмет көрсетулер үшін төлем жүргізуді кешіктіруінің, дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және тағы басқа шектен тыс қорлануының себептерін жеке талдау керек. Бұл себептер сыртқы және ішкі себептерден болуы мүмкін. Бірақ, алдымен өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеп олардың деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау керек.

     Есептеулер  6-кестеде  көрсетілген. 

     6-кесте. «АБДИ Компани» АҚ-ның активтерінің  өтімділік  көрсеткіштері  

мың теңге

Көрсеткіштер Жыл басында 2010 Жыл соңында

2010

өзгеріс

(+;-)

(2гр.-1гр.)

1 2 3 4 5
1 Қысқа мерзімді активтер мың теңге,оның ішінде:  
13290
 
24394
 
11104
1.1. Ақша қаражаттары  және қысқа мерзімді қаржылық салымдар  
19
 
49
 
30
1.2 Дебиторлық  борыш және басқа да активтер  
12199
 
22684
 
10485
1.3. Алдағы кезең  кезең шығындарсыз қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдарының мөлшеріне  азайтылған құрылтайшылар мен есеп және ұзақ мерзімді қаржы салымдары  
 
 
 
 
1072
 
 
 
 
 
1661
 
 
 
 
 
589
2 Қысқа мерзімді міндеттемелер мың теңге, оның ішінде  
9905
 
11099
 
1194
6-кестенің  жалғасы
1 2 3 4 5
2.1. Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар 3097 3595 498
2.2. Кредиторлық  борыш 1118 868 -250
2.3. Басқа да ағыдағы  міндеттемелер 5690 6636 946
3 Өтімділік  көрсеткіштері - - -
3.1. Абсолюттік  өтімділік коэффициенті (1.1қ:2қ)  
0,0019
 
0,0044
 
0,0025
3.2. Аралық өтімділік  коэффициенті

[(1.1қ+1.2қ):2қ]

 
1,233
 
2,048
 
0,815
3.3. Жалпы өтімділік  коэффициенті

[(1.1қ+1.2қ+1.3қ):2қ]

 
1,341
 
2,197
 
0,857
     Е с к е р  т у – «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған
 

      6-кестенің  мәліметтері жыл аяғындағы өтімділік  жыл басына қарағанда біршама  өскенін көрсетеді.

      Осылай, абсолютті өтімділік коэффициенті 0,0025 пунктке, аралық -0,815 және жалпы  – 0,857 пунктке өсті. Егер бірінші көрсеткіш жыл басында теорияға сәйкес, ал екінші ең төмеңгі талап етілген шектеуден көп болса, онда жыл аяғыда бұл көрсеткіштің деңгейі біршама өсті, сәйкесінше 0,044 және 2048-ді құрады. 

     7-кесте.  «АБДИ Компани» АҚ-ның төлем  қабілеттілігін  анықтайтын  көрсеткіштер

                                                                                                             

Көрсеткіштер Қалыпты мән 2010 жыл басында 2010 жыл соңында
Абсолюттік  өтімділік коэффициенті  
0,2-0,25
 
00019
 
0,0044
Аралық  өтімділік коэффициенті 0,6-0,7 1,233 2,048
Жалпы өтімділік коэфициенті 1,0-2,0 1,341 2,197
     Е с к е р  т у – «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған
 

      Абсолютті өтімділік коэффициентін анықтау  бойынша 7-кестеде көрсетілгендей, абсолюттік өтімділік коэффициенті жабдықтаушылыр тұрғысынан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалайды. Оның қалыпты мәнінен абсолюттік өтімділік коэффициентінің нақты мәні есепті жылдың басында да, аяғында да аз болып тұр. Онда кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен деп бағаланады да, бұл кәсіпорынмен мәмілелер жасау өте қауіпті б т.

      Аралық  өтімділік коэффициенті банкирлер  тұрғысынан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтайды. Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей оның қалыпты мәні 0,6 – 0,7 аралығында. Есепті жылдың басында да, есепті жылдың соңында да,  аралық өтімділік коэффициенті қалыпты мәннен жоғары боп тұр. Есепті жылдың басында кәсіпорын төлем қабілеттілігі бар және онымен мәміле жасау минималды қатермен жасалынады. Ал есепті жылдың соңында аралық өтімділік коэффициенті қалыпты мәннен  едәуір жоғары болғандықтан, бұл басқарушылар үшін кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің өз дәрежесінде емес екенін көрсетеді.

      Жалпы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның төлем қабілеттілігін акционерлер  мен инвесторлар тұрғысынан бағалайды. Оның қалыпты мәні 1,0 -2,0 аралығында. 1,0 - 2,0 аралығында болғандықтан нақты мәнмен сәйкес болып тұр. Егер өтімділік коэффициентінің нақты мәні қалыпты мән шенберінде болса, онда кәсіпорынның төлем қабілеттілігі бар болып табылады және онымен  мәмілеге  отыру  қатерсіз. 
 

3.2 Баланс  өтімділігін   талдау 

      Баланс  өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстық  және  кәсіпорынның  «өтімділігін»  анықтап алу керек.

      Өтімділіктің  екі тұжырамдамасы белгілі. Бірінші  тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп – «кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі», - деп жазады [18]. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілетілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділік осы сияқты анықтама береді: «шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады». Ол өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, уақыт қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғары болады, - деп жазады. Бұл қорытынды  профессор А.Д. Шереметтің қорытындысымен үндес: «Берілген актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз болса, соғұрлым оның өтімділігі жоғары». Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып, біз уақытты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және  активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым тендікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігі көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

      Баланс  өтімділігін талдаудың мәні – активтергі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмеңдеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады.  Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

      Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына  айналу жылдамдығына байланысты  кәсіпорын  активтері  келесідей  топтарға  бөлінеді.

      А1 – Ең  өтімді  активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша  қаражаттарының  барлық  баптары мен құнды қағаздары жатады.

      Ақша  қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қолма-қол ақшаға тез айналады.

      А2 – Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш  сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалу мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіру мүмкін. Сатуға арналған  дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да  төмен болады,  олар  негізінен келесі  топты құрайды.

        А3 – Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің 2 бөлімінің «Қорлар» бабы және баланс активінің 1 бөліміндегі «Ұзақ мерзімді нвестициялар» (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы. Бірақ бұл кезде  «Алдағы кезең шығындары» бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, Мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, онда жасалған штампталған жартылай  өнімді  сатып  алушыны  табу  анағұрлым  қиын [19].

      А4 – Қиын өткізілетін активтер. Баланс активінің 1 бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. 1 бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық  капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

      Баланс  активінің баптары оларды өтімділік  дәрежесі бойынша топтағанда, басты  орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валютасы және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салнған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның «өтімділігін»  (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелері төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған.

     Баланс  пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының  мерзіміне байланысты  топтастырылады.

     П1 – Неғұрлым тезірек төлеуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.  Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

     П2 – Қысқа мерзімді міндеттемелер.  Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар  және  жұмыскерлерге  арналған  қарыздар.

     П3 – Ұзақ мерзімді міндеттемелер. Ұзақ  мерзімді  несиелер  мен заемдар.

     П4 – Тұрақты міндеттемелер. Пассивтің 1 бөлімінің «Меншікті капитал» баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің «Алдағы кезең шығындары» бабы бойынша сомаға азайтылады [20].

     Баланс  өтімділігін анықтау үшін актив  пен пассив бойынша келтірілген  топтар  жиындарын  салыстыру  керек.

      Жоғарыда  көрсетілген топтардың қатысуымен баланс өтімділігін анықтауға болады. Ол үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру қажет. 

                               А1  > П1

                               А2  > П2                                                                                                                        (8)

                               А3  > П3

                               А4  < П4 

      Көрсетілген жүйе бойынша баланс жүйеде көрсетілген  шарттардың орындауына байланысты өтімділік  анықталады. Егер барлық шарттар немесе теңсіздік толық орындалса баланс абсолютті боп саналады. Егер жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігін қолайлы варианттағы мәндерге қарама-қарсы болса онда баланс өтімділігінің абсолютті өтімділіктен азды, көпті айырмашысы болады. Егер жүйенің барлық теңсіздіктері орындалмайтын болса, онда баланс өтімсіз  болып  саналады (8- кесте). 
 
 
 

Информация о работе Қаржылық жағдай