Қаржылық жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 11:34, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................... 6

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ........... 10
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы.............. 10
1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері........ 13
1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы....................................... 19

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ....... 33
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау........ 33
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау................................................................................................. 37
2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер............... 42

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ................................................................................................................... 48
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау..................................................... 48
3.2 Баланс өтімділігін талдау................................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 62

Содержимое работы - 1 файл

Диплом қаржылық жағдай.doc

— 486.50 Кб (Скачать файл)

     Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса  да, бұл түсінікті профессор А.Д. Шеремет басқаша ашып көрсетеді. Ол: «Кәсіпорынның төлем қабілетілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі түсіндіріледі» деп жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.П. Кондраков береді.

     Оның  пікірінше: «Төлем қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі». Бұл жағдайда міндеттеме – бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті.

     Ұзақ  мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты  бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысты, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының типтік шоттар жоспары «Қысқа мерзімді міндеттемелер және Ұзақ мерзімді міндеттемелер» 3, 4 бөлімшесінің 3000, 4000 бөлімшелерінің  синтетикалық  шоттарының  әр  түрлі шоттарында  ескеріледі.

     Жоғарыда  айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезіңде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валютасы және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.

     Қарыздарды  өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде  ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.

     Қарыздарды  өтеу үшін құралдар сонымен бірге  кәсіпорында бар тауарлы –  материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.

     Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық қысқа мерзімді активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның қысқа мерзімді активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінен артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық қысқа мерзімді  активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды  айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды  өтеуге  кетті.

     Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, қысқа мерзімді активтің сомасы қысқа  мерзімді  міндеттемелерінен  көп  жоғары  кәсіпорынды есептеуге  болады. Кәсіпорынның тек  қарыздарды  өтеуге ғана емес, сонымен бірге  үздіксіз  өндіріс  үшін  қаржылары  болуы  керек.

     Ағымдағы  төлем қабілеттілігі баланс жасау  мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ  болса төлем қабілетті деп  саналады. Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының  сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.

     Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел  төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэфифициенті арқылы көрінеді [16]. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның  төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.

     Төлем қаражатының сомасын анықтау  мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар  бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Қысқа мерзімді міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.

     Төлем құралдарының қысқа мерзімді міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті  екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылған несиенің мерзімі  өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.

     Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді. Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.

     Қаржылық  икемділік кәсіпорынның алдын-ала  болжамаған жағдайларға байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде  кездейсоқ үзілістерге қарсы  тұру қабілеттілігімен сипатталады. Бұл  өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипаттын өзгерту дегенді білдіреді.

     Ақша  қаражатын қарызға алу қабілеттілігі  әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдайымен, капиталдың құрамы мен құрылымымен анықталады.

     Көбіне  ол несие нарығының өзгеру бағыттары  мен жағдайы сияқты сыртқы факторларға  тәуелді. Несие алу қабілеттілігі  ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын-ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала-алатын несие) – потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері, облегацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығынның кездейсоқ дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.

     Нарықтық  экономика теориясы мен практикасында  перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету  үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп  болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаржатының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады.

     Кәсіпорынның  перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі  ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

     Үш  көрсеткіш жиі қолданылады:

  1. абсолютті өтімділік коэффициенті;
  2. аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
  3. жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

     Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалау қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі. Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінің көрсетеді.

     Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады: 

                                      Ка.ө > 0,2 : 0,5 ;                                                        (5) 

     Бұл – қысқа мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі. В.П. Палий бұл коэффициентін мәні 0,2 – 0,25- тең жоғары болуы керек деп санайды.

     Аралық  өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: кауіпті  өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражтының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторларымен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни қысқа мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінің сипаттайды. Айналым қаражатының өтімді бөлігінің (яғни қорларды есептемегенде) қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.

     Аралық  өтеу коэффициентінің қалыпты төмеңгі  шегін бағалау былайша өрнектеледі: 

                                                Кар.ө > 1 ;                                                          (6) 

     В.Ф. Палий «бұл коэффициенттің теориялық  ақталған бағалауы 0,7 – 0,8 аралығында жатыр» деп есептейді. Қауіпті өтімділік  коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды. Басқа да көзқарас бар шамамен бұл коэффициент 0,5-тен кем болмауы тиіс, себебі жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің әр теңгесіне ақша қаражатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем келмеуі тиіс.

     Ағымдағы  өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық қысқа мерзімді активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол қысқа мерзімді активтермен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінің белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемділік мүмкіндіктерін көрсетеді [17].

     Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел  және қысқа мерзімді міндеттемелерінің  сомасын өтейтінің белгілеуге мүмкіндік  береді және сонымен баланс құрылымының  тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді. 

     Нарықтық  экономикасы дамыған елдерде  бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде  ерекше мәм беріледі. Оның кеңінен  қолданылуының негізгі себептері:

     - біріншіден, қысқа мерзімді активтермен ағымдағы пассивтердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;

     - екіншіден, қысқа мерзімді активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі қысқа мерзімді активтерді (ақша қаражаттарынан басқасы) сату немесе жою (тарату) кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күштірек болуы, кредитор үшін соншалық тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларында жұмыс істеуші капитал (30) немесе қаржы – эксплуатациялық қажеттілік деп атайды.

     Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлармен  көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, қорлардың құрылымы және басқалар әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу (2, 25, 29, 30) қалыпты мәне болып табылады: 

                                               Кағ.ө > 2 ;                                                             (7) 

     Берілген  шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелердің екі есе асуы қажет екендігін  көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды.

     Өтімділіктің  әр түрлі көрсеткішері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі  дәрежесінде кәсіпорынның қаржы  жағдайының тұрақтылығын жан-жақты  сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффициенті (Ка.ө) қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне (Кар.ө) көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялармен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті (Кағ.ө) бойынша бағаланады.

Информация о работе Қаржылық жағдай