Қаржылық жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 11:34, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................... 6

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ........... 10
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы.............. 10
1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері........ 13
1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы....................................... 19

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ....... 33
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау........ 33
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау................................................................................................. 37
2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер............... 42

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ................................................................................................................... 48
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау..................................................... 48
3.2 Баланс өтімділігін талдау................................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 62

Содержимое работы - 1 файл

Диплом қаржылық жағдай.doc

— 486.50 Кб (Скачать файл)

    Мiндеттеме, егер ол мынадай өлшемдердің кез  келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталуға тиіс:

    1) оны ұйымның әдеттегі операциялық  кезеңiнiң шеңберінде өтеу көзделсе;

    2) ол негізінен сату мақсаттарына арналса;

    3) ол есепті күннен кейiн он  екi айдың iшiнде өтелуге тиiс  болса;

    4) есепті күннен кейін ең аз  дегенде он екі айдың ішінде  тиісті міндеттемені өтеуді кейінге  қалдыруға ұйымның сөзсіз құқығы  болмаса.

    Қалған  мiндеттемелердiң барлығы ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталуға  тиiс.

    Жеткiзушiлер  мен мердiгерлердiң алдындағы кредиторлық берешек сияқты кейбiр қысқа мерзiмдi мiндеттемелер, қызметкерге кейбір есептеулер және басқа да операциялық шығындар ұйымның әдеттегі операциялық кезеңiнде пайдаланылатын айналымдық капиталдың бiр бөлiгiн құрайды. Ондай операциялық баптар, тiптi олар баланс күнiнен бастап он екi айдан астам уақыт өткен соң өтелуге тиiс болса да, қысқа мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталады. Ұйымның әдеттегі операциялық кезеңі дәл анықтауға келмесе, оның ұзақтығы он екі айды құрайды деп көзделеді.

    Басқа қысқа мерзiмдi мiндеттемелер әдеттегі операциялық кезеңнiң бiр бөлiгi ретiнде өтелмейдi, бiрақ баланс күнiнен  кейiн он екi айдың iшiнде өтеуді талап  етеді немесе негізінен сату мақсаттарына арналады. 39 ХҚЕС-на сәйкес сатуға арналғандар  ретінде сыныпталған қаржы міндеттемелері, банктік овердрафтар, ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, төлеуге дивидендтер, пайдаға салынатын салықтар және басқа сауда-саттық емес кредиторлық берешектер. Ұзақ мерзімді негізде қаржыландыруды қамтамасыз ететiн (яғни ұйымның әдеттегі операциялық кезеңінде пайдаланылатын айналым капиталының бір бөлігі болып табылмайды) және баланстан кейін он екi айдың iшiнде өтелуге жатпайтын қаржы мiндеттемелері ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер болып табылады.

    Ұйым  өзiнiң қаржы мiндеттемелерiн, олар баланс күнiнен кейiн он екi айдың iшiнде өтелуге тиiстi болса, қысқа мерзімді ретінде сыныптайды, егер тіпті:

    1) олардың бастапқы мерзiмi он  екi айдан асатын мерзім болса;

    2) баланс күнінен кейін және  қаржы есептілігі бекітілгенге  дейін қайта қаржыландыруға немесе ұзақ мерзімді негізде төлем кестесін өзгертуге шарт жасалса.

    Егер  ұйым кредит беру туралы қолда бар  келісім бойынша баланс күнінен  кейін ең болмағанда он екі айға қандай да болсын міндеттемені қайта  қаржыландыруға немесе кейінге қалдыруға өкілеттігі бар деп күтетін болса, тіпті олай болмағанның өзінде неғұрлым қысқа мерзімнің ішінде өтелуге тиіс болса да, бұл міндеттемені қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныптайды. Алайда міндеттемені қайта қаржыландыру немесе кейінге қалдыру ұйымның өзі қалайтын салаға жатпайды (мысалы, қайта қаржыландыру туралы қандай да болсын келісім жоқ), қайта қаржыландыру мүмкіндігі қаралмайды, және міндеттілік қысқа мерзімді ретінде сыныпталады.

    Ұйым  тікелей есепті күнге немесе есепті күнге дейін ұзақ мерзімді қарыз шарты бойынша келісімді бұзса, соның нәтижесінде міндеттеме талап ету арқылы ақы төлеу санатына ауысса, бұл міндеттеме, тіпті егер қарыз беруші есепті күннен кейін және қаржы есептілігі жариялауға бекітілгенге дейін бұзушылыққа жол берілуі салдарынан төлемді талап етуге келіскен болса да, қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталады. Бұл міндеттеме қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталады, өйткені есепті күні осы күннен кейін ең аз дегенде он екі айдың ішінде оны өтеуді кейінге қалдыруға ұйымның сөзсіз құқығы жоқ.

    Алайда, егер қарыз беруші баланс күні басталғанға  дейін, кезең ішінде ұйым бұзушылықты  жоя алатын және қарыз беруші дереу  өтеуді талап ете алмайтын, ең аз дегенде он екі айдан кейін  аяқталатын жеңілдікті кезең беруге келіссе, бұл міндеттеме ұзақ мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталады.

    Қысқа мерзімді міндеттемелер ретінде  сыныпталған қарыздарға қатысты, егер төменде келтірілген оқиғалар есепті кезең мен қаржы есептілігін  шығаруға бекітілген күннің арасында болса, бұл оқиғалар 10-«Есепті күннен кейінгі оқиғалар» халықаралық стандартына сәйкес түзетілмейтін оқиғалар ретінде ашып көрсетілуге тиіс:

    1) Ұзақ мерзімді негізде қайта  қаржыландыру;

    2) Қарыз беруге арналған ұзақ  мерзімді шартты бұзуды жою;

    3) Есепті күннен кейiн ең аз  дегенде он екi айдан кейін аяқталатын қарыз беруге арналған ұзақ мерзімді шарттың бұзылуын жою үшін қарыз берушіден жеңілдікті кезең алу.

    Ұйым  баланста немесе оған ескертулерде ұйымның  операцияларына сәйкес келетіндей етіп сыныпталып ұсынылған желiлiк баптардың әрқайсысының бұдан арғы iшкi топтарын ашып көрсетуге міндетті.

    Ішкi топтарды бөлшектеу деңгейі халықаралық  қаржы есептілігі стандарттарының  талаптарына және тиісті сомалардың мөлшерiне, сипатына және мақсатына  байланысты болады.

    Ұйым  не баланстың өзiнде, не ескертулерде мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

    - акционерлiк капиталдың әрбiр тобы үшiн:

    - шығаруға рұқсат етiлген акциялардың саны;

    - шығарылған және толық ақы төленген, сондай-ақ шығарылған, бiрақ ақы толық төленбеген акциялардың саны;

    - акциялардың атаулы құны, немесе акциялардың атаулы құны жоқ екенiне нұсқама;

    - жылдың басына және аяғына айналымдағы акциялардың санын тексеру;

    - тиiстi топқа байланысты құқықтар, жеңiлдiктер және шектеулер, соның iшiнде дивидендтер бөлуге және капиталды төлеуге шектеулер;

    - ұйымның өзi немесе оның еншiлес немесе қауымдас компаниялары ұстап қалатын ұйымның акциялары;

    - талаптары мен сомаларын қоса, опцион немесе сату шарттары бойынша шығару үшiн резервте сақталатын акциялар;

    - меншiктi капитал шеңберiндегi әрбiр резервтiң сипаты мен мақсатын сипаттау.

    Кәсіорын  кезең ішінде танылған табыс және шығындардың барлық баптарын ашып көрсетуі тиіс:

    - толық табыс жөніндегі бір есептілікте;

    - екі есептілікте: пайда немесе  шығынның компоненттерін көрсететін  есептілікте (бөлек қаржылық есептілік) және пайда немесе шығыннан басталатын және басқа толық табыстың компоненттерін көрсететін екінші есептілікте (толық табыс жөніндегі есептілік).

    Ұйымның пайдасы мен зиян туралы есептiң өзiнде міндетті түрде кезең ішінде мынадай сомаларды көрсететін кем дегенде мынадай желілік баптар болуға тиіс:

    - ұйымның табысы;

    - қаржыландыру жөніндегі шығындар;

    - қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалары мен залалдарында үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес ескерілген ұйымның үлесі;

    - салық бойынша шығыстар;

    - тоқтатылған қызметтен алынған  салық салудан кейінгі жиынтық  пайда немесе залал, сатуға  шығындарын шегергенде әділ құны  бойынша бағалау нәтижелері бойынша  танылған салық салудан кейінгі  пайда немесе залал  немесе тоқтатылған қызметті құрайтын активтердің немесе шығу тобының (топтарының) шығуынан кейін құрайтын бірегей соманы;

  • пайда немесе зиян сомасы;

    - үлестік тәсілді қолданып есепке алынған қауымдас ұйымдар және бірлескен кәсіорындардың басқа толық табысының үлесі;

    - жалпы толық табыс.

    Кәсіпорынның  түрлі қызметтерінің, операциялардың және басқа оқиғалардың әсері  жиілігі жағынан, пайда немесе шығын  мүмкіндігі және алдын ала болжануы әртүрлі болатындықтан, қаржылық қызметтің  компоненттерін ашып көрсету қолданушыларға қол жеткен қаржылық қызметті білуге және болашақ қаржылық қызметтің жоспарларын құруға көмектеседі. Кәсіпорын қосымша желілік баптарды толық табыс жөніндегі есептілікке, табыс жөніндегі бөлек есптілікке (қажет болғанда) қосады, және қаржылық қызметтің элементтерін түсіндіруге қажет болғанда, ол қолданылған сипаттамаларына және баптардың ретіне түзету енгізеді. Кәсіпорын табыс және шығындар баптарының елеулілігі және сипаты және функциясы кіретін факторларды қарастырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығын  талдау 

2.1 Баланс активтерінің  құрамы мен құрылымының  динамикасын талдау 

      Баланс  активтерінің құрамы мен құрылының  динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген  түрлерінің абсолютті  және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

      Қаржылық  есептің маңызды элементі болып  саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда  бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі [8]. 2-кестеде 2010 жылдың  басы  мен  соңындағы «Абди Компани» АҚ-ның филиалының баланс активтерінің  құрамы  мен  құрылымы берілген. 

     2-кесте. 2010 жылдың  басы  мен соңындағы «АБДИ Компани» АҚ-ның баланс  активтерінің  құрамы  мен құрылымы 

 
Көрсеткіштер
Жыл басында Жыл соңында Жыл бойындағы  өзгеріс(+,-) Құры-

лымының

өзгеруі

(4гр.– 2гр.)

сомасы,

мың тг.

Үлес салмағы, % сомасы,

мың тг.

Үлес салмағы, % мың тг. (3гр -1гр) %

(5гр:1гр

100)

А 1 2 3 4 5 6 7
Активтер  құны, барлығы соның ішінде:

1.1.Ағымдағы активтер:

1.2. Ұзақ мерзімді  активтер:

а) негізгі құралдар;

 
 
46351 
 
 

13290 
 

33061 

33061

 
 
100 
 
 

28,67 
 

71,32 

71,32

 
 
60080 
 
 

24394 
 

35686 

35686

 
 
100 
 
 

40,60 
 

59,39 

59,39

 
 
+13729 
 
 

+11104 
 

+2625 

+2625

 
 
+29,7 
 
 

+83,5 
 

+8 

+8

 
 
х 
 
 

11,93 
 

-11,93 

-11,93

Кәсіпорынның  өндірістік потенциалының құны  
34133
 
73,63
 
37347
 
62,15
 
+3214
 
+9,41
 
-1148
     Е с к е р  т у – «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған
 

     2-кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 13729 мың теңгеге немесе 29,7%-ға артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік құралдардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы малдар құндары қосылады.

      Екінші  әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын  анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған  күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. “Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни қалыпты болып есептеледі” – деп жазады А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметтің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.

      Екінші  әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда жыл басында  – 34133 мың теңгені, жыл соныңда  – 37347 мың теңгені құрады, яғни 3214 мың теңгеге немесе 9,41%-ға өскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі есепті жылы 13,37 пунктке кемігенмен жыл соңында 62,15%-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы  мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.

      2-кесте мәліметері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтер арасында тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешіледі. Егер қысқа мерзімді активтердің үлесі жыл басында 15,32 пунктке аз болса (28,67 – 71,32), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 4,66 пунктке аз болып кетті (40,60 – 59,39) және 40,60%-ды құрады. Қысқа мерзімді активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 10 есеге артық (83,5:8) болып отыр.

      Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы  қысқа мерзімді активтер үлесін анықтау маңызды: қысқа мерзімді активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін  көрсетеді. Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің  деңгейі жыл басында 0,28 (13290:46351), ал жыл соңында 0,40 (24394:60080) құрады.

Информация о работе Қаржылық жағдай