Қаржылық жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 11:34, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................... 6

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ........... 10
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы.............. 10
1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері........ 13
1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы....................................... 19

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ....... 33
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау........ 33
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау................................................................................................. 37
2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер............... 42

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ................................................................................................................... 48
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау..................................................... 48
3.2 Баланс өтімділігін талдау................................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 62

Содержимое работы - 1 файл

Диплом қаржылық жағдай.doc

— 486.50 Кб (Скачать файл)

     8 «Таза табыс немесе кезеңдегi залал, негiзгi қателер және есептiк саясаттағы өзгерiс» ҚХЕС-на сәйкес елеулi қателер - өткен кезеңде кеткен қaтeнiң есептiк кезеңде табылуы, бұл қaтeнiң елеулiгi сондай, оны түзету күнiне қapaмастaн өткен кезеңдегi қаржылық есеп беру шындыққа жанасымды деп есептелмейдi.

     8 «Таза табыс немесе кезеңдегi залал, негiзгi қателер және есептiк саясаттағы өзгерiс» ҚХЕС-ның негiзiнде негiзгi қателерге анықтау жүргiзiледi. «Негiзгi қателер - бұл- ағымдағы кезеңде анықталған аса елеулi қaтe. Оның елеулiгi соншалықты, бiр немесе алдағы кезеңдегi қаржылық есеп берулер оларды шығару сәтiнде сенiмсiз деп саналады. Бiр немесе бiрнеше алдағы кезеңдерге қаржылық есеп берудi дайындауда кеткен қате ағымдағы кезеңде табылуы мүмкiн». Мұндағы есеп беруде тауарлы-материалдық қорын өткiзуден, орындалған жұмыстан, көрсетiлген қызметтен түскен таза түciм, сыйақы, процент, дивидент, гонорар түрлерiнде алынған табыстар, негiзгi қызметке байланысты рентадан, қосымша құнға салықты азайтудан, салықтар акцизiнен және мiндеттемелерден, сондай-ақ қайтарылған тауар құнынан, бағaны арзандатудан, сатушының сатып алушыға ұсынатын сату жеңiлдiктерiнен түceтiн табыс көрсетiледi.

     Кез-келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды  мақсаты – табыс табу болып  табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі – осы мақсаттарға жету жолындағы шаруашылық субъектінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету. Таза табысты есептеу .шін, жалпы табыстан аламыз кезең шығындарын. Шаруашылық субъектінің табыстары – деп аталатын ҚХЕС бойынша  №6  «Табыс» - деп аталатын стандарттына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша) қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алуын, және міндеттемелердің азаюі негізінде капиталдың көбеюін яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.  Таза табыс өткен жылы 12535 мың теңгені құрады, ал епеті жылы 22562 мың теңгені құрады, ол бізде 179,9%-ға өскенін 1-кестеден  көріп отырмыз. Егер жылдан-жылға табысымыз көбейе берсе, ол кәсіпорынның қаржы-шаруашылық  жағдайының  жақсаруына  маңызы  өте  зор.

      Жұмысшылардың  орташа саны  бізде, өткен  жылы 270 адамға құрады, ал есепті жылы 275 адамды құрады, ол дегеніміз 101,8%-ға өскенің көріп отырмыз. Әр кәсіпорын үшін жылдан-жылға кәсіпкерлері мен жұмысшыларының  көбеюі  жақсы.

     Негізгі құралдардың есебі ҚХЕС бойынша 16 ”Негізгі құралдар“ бөлімімен жүргізіледі.

     Негізгі құралдар – бұл бірнеше кезең  бойы өнімді өндіруі, тауарларды жеткізу немесе қызмет ету, жалға беру үшін қолданылатын кәсіпорынның материалдық активтері.

     Негізгі құралдар актив болып есептелінеді, егер:

     1.ұзақ мерзімді актив;

     2.материалдық  актив;

     3.табыс  алу мақсатымен кәсіпорынның  қызметінде қолданылады;

     4.сату  үшін емес алынады.

     Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт  бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саларында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-ерекет ететін  материалдың активтер активтер ұлттық комиссиясы. Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштар, машиналар мен құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы, шаруашылық мүлкі, жерді жақсартуға ғимараттарсыз, шыққан, қүрделі шығын, жұмысшы және өнім беретін малдар және басқа негізгі құралдар жатады. Осы негізгі құралдардың түрлері бойынша синтетикалық шоттар ашылады. 2005ж стандарттары бойынша негізгі құралдардың есебі үшін екі әдіс қолданылады:бастапқы құн бойынша,әділ құн бойынша.

     Бастапқы  құнға негізгі құралдарды алумен байланысты-транспорттық шығындар, орналастыру шығындары, объектіні қажетті жағдайда келтіру шығындары кіреді.

     Егер  компания әділ құнмен есептеу әдісін қолданса, онда негізгі құралдар есепте нарықтық құнмен көрсетіледі. Қайта бағалау жүргізу өте қажетті,қаржылық есептілікте  қайта бағалаудың  кезеңділігін көрсету қажет (3,5 жыл) сонымен бірге қайта бағалау  қашан, кіммен, қандай топта  жүргізуін көрсету керек.

     Негізгі құралдарды актив ретінде бастапқы мойындау оның жиналған тозуын ескеріп  өзіндік құнмен есептейді. Негізгі құралдар өткен жылы 33061 мың теңгені құрады, ал есепті жылы 35686 мың теңгені құрады, ол бізде 107,9 %-ға өскенің көріп отырмыз. Қай кәсіпорын болмасын, олардың басты қызметі табыс табу болып саналады, ал енді қай көрсеткіш болмасын, олардың төмендегені оларға кері әсер етеді, ол өскен болса олардың әрі қарай дамып өркендеуіне көмегі өте зор.

      Меншікті  капиталға – ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: «Меншікті капитал – субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері». Меншікті капиталдың ерекшелігі – ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді (оны қолмен ұстауға болмайды).

      № 1 «Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есеп беруді ұсыну» ХҚЕС-на сәйкес қаржылық есеп беруде меншікті капиталға жататындар деп: жарғылық, резервтік, қосымша төленген және төленбеген капитал, бөлінген табыс (жабылмаған залал) саналады.

         Активтерді құрудың  ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиын-тығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады [6].  Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Меншікті қарыз (қатыстырылған) және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әр түрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың (міндеттемелердің) құрылымын және оның есеп беру кезеніңдегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.

      Меншікті  капитал өткен жылы 36446 мың теңгені  құрады, ал есепті жылы 48981 мыңм теңгені құрады, ол дегеніміз 134,3%-ға кәсіпорынның капиталының өскенің көрсетіп отыр.  

    1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы 

     Қаржылық  есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне  сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның,мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

     Нарықтық  қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

      Кәсіпорынның қаржы жағдайы –  ресурстардың қолда барын,орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

     Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады.   Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің  деректері бойынша кәсіпорының мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында жұмс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

     Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтаү кезінде өте маңызды болмақ.

     Қаржылық  есеп берудің мақсаттары  есеп берудің  негізгі қаржылық жағдайы нәтижелер  жайында ақпарат ұсыну болып  табылады. Қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды. Өйткені есепнегізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Қаржылық есеп беру пайдалы ақпараттарды жинақтайды:

      1. Несиені ұсыну жөніндегі инвестициялық  шешімдерді қабылдауға;

      2. Субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға және олардың түсімі мен жыл ұстасуы;

      3. Субъектінің ресурстар мен міндеттемелерін   байланысты бағалауға;

      4. Басшы органдардың жұмысын бағалауға.

     Шаруашылық  субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық инспекциясына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.

     Бюджеттік мекемелер айлық, тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.

       Қаржылық есептемені пайдаланушылар  қатарына нақты қазіргі және  әлеуетті инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер, сондай – ақ министрліктер, ведомстволар және жұртшылық жатады.

       Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің жылдық қаржылық  есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып алушылар, жеткізушілер, инвесторлар, биржалар, банктер және басқалар үшін ашық баспасөзде жарияланады.

     Есепті  жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру  компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.

       Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік  есепке аудиторлық тексерулер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай – ақ Әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшларының төрттен бірінің басиамасы б Қаржылық ақпараттарды пайдаланушылардың 2 негізгі топтары:

     1. Ішкі

     2. Сыртқы

     Сыртқы  пайдаланушылар 2 факторға бөлінеді:

     1. Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүдесі бар.

     2. Субъект қызметіне жанама қаржылық мүдесі бар.

     Тікелей қаржылық мүдесі бар пайдаланушылардың категориясына жататындар:

Информация о работе Қаржылық жағдай