Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 11:34, дипломная работа
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................... 6
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ........... 10
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы.............. 10
1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері........ 13
1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы....................................... 19
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ....... 33
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау........ 33
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау................................................................................................. 37
2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер............... 42
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ................................................................................................................... 48
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау..................................................... 48
3.2 Баланс өтімділігін талдау................................................................................. 55
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 62
Қызметтер.
«АБДИ Компания» өз клиенттеріне түрлі қызметтер түрін ұсынады:
- компания сайтындағы Интернет-дүкені;
- төлемнің түрлі формалары және иілмелі жеңілдіктер жүйесі;
- клиенттердің өкілділік аймақтарының кез-келген нүктелеріне деген жөнелтім;
- 16 қала бойынша тауарды офиске дейін жеткізу;
- АБДИ-де сатып алынған барлық тауарларға кепілдік беріледі;
- қайырымдылық және жарнамалық мақсатпен сыйлық жинақтарын және мектеп портфельдерін жинақтау;
- біркелкі құн саясаты және т.б.
Компания жоғары сапалы тауарды дер кезінде және шапшаң жеткізіп салуға, тауарлардың сапасына кепіл және сатып алынғаннан кейінгі қызметке үлкен назар аударады. Ал бұндай кепілдерді осы нарықта болашақта да жұмыс атқарғысы келетін компаниялар ғана ұсына алалады. Клиенттермен жұмыс жасау саясатының маңызды бір қағидасы - ол клиенттің сенімділігі болып табылады. Ондай құрметке жету ғана емес, оны күннен-күнге қолдау маңызды.
Серіктестер.
Компания әлемнің 35 елінің 180 фабрика-өндірушілерімен серіктес: АҚШ, Германия, Франция, Италия, Англия, Швейцария, Дания, Финляндия, Чехия, Венгрия, Польша, Ресей, Украина, Жапония, Корея, Тайвань, Малайзия, БАЭ және т.б. Бұл АБДИ Компаниясының өз тауарларының қолайлы бағасын ұстауға рұқсат береді. АБДИ серіктес-жабдықтаушыларды қазақстандық тұтынушылар талабына сәйкес таңдап алып, Компанияның қоймаларында тауарлардың өте көп мөлшер сан көлемінің бар болуын қамтамасыз етеді. Көбінесе компания Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты қазақстандық тұтынушылардың тілектері мен қажеттілігін алдын ала білу мен дүкендердің сөрелеріне тауарлардың дер кезінде жеткізілуін реттеп отырады.
Бірнеше жылдар бойы көптеген серіктестермен ынтымақтастықта болғаннан АБДИ Қазақстанға көптеген сауда белгілерін жеткізуші ретінде ең таңдамалы Компания болды. Сонымен қатар Компанияның мұқият ойластырылған саясаты мен логистикасы арқасында біздің отандастарымыз халықаралық сапалы кеңсе тауарларын өндіретін елердің бағасынан төменірек етіп алады. Компания қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамайды, сол себеппен біздің мамандар үнемі барлық халықаралық ірі көрмелерге барады, жаңа өндірушілерді іздестіру жұмыстарын жүргізеді және жаңа тауарлар, брендтерді бағалайды, жаңа дизайнерлердің дайындаған жұмыстарына және тауар өндірушілердің тауар бағытына белсенді түрде қатысады [3].
Тауарлар.
Кеңсе тауарлары жылдан жылға адам тіршілік әрекетіне еніп, адамзаттың жаңында бүкіл өмір бойы серік болады, бала бақшаларындағы алғашқы суреттер мен ермексаздан жасалған пішіндерден бастап, кәсіпорын және мекеме жұмыс орындарын безендіруге дейін. Кеңсе тауарларына деген қажеттілік артқан сайын, тұтынушының тауарға және қызмет сапасына деген мұқтаждығы да артады, сондықтан да әртүрлі жас топтарының, кәсіби бағыттар мен халықтың әлеуметтік жігін қанағаттандыру үшін АБДИ үй және кеңсеге арналған тауарлардың кең ассортиментін ұсынады. «АБДИ Компани» клиенттерінің өзгешелік белгілері, ол – таңдау құқығы, кез-келген тауарды түсі мен дизайнын өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкес таңдай алуы.
Тауар ассортименті 19 мыңнан асады:
- қағаз өнімі;
- сүйемелдеуші тауарлар;
- мектеп ассортименті;
- кәсіби суретшілерге арналған көркемөнер материалдары;
- оргтехника және көшірме материалдары;
- шығыс материалдары мен компьютер аксессуарлары;
- беделді сый өнімдері, былғары, асыл металл және тастардан жасалған тауарлар;
- мектепке арналған оқу-көрнекі құралдары, қазақ тіліндегі әдістемелік құралдар;
- кеңсеге арналған кеңсе тауарлары.
Өндіріс.
«АБДИ
Компани» АҚ Қазақстанға әлемнің
түрлі қалаларынан кеңсе
Әлеуметтік орта.
Қазақ
тілінде 30 мың дана болып шығатын
«Айгөлек» мекемесі мен әр айлық
балалар суретті журналының баспасы
Компанияның жобаларының бірі болып
табылады. Журнал беттерінде түсінікті
тілде салт-дәстүрлер мен әдет-
1.2
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің негізгі
көрсеткіштері
Кәсіпорынның
қаржы-шаруашылық қызметі оның өндіру-сату
қызметін жан-жақты түгел көрсетеді. 1-кестеде
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің
көрсеткіштері берілген.
1-кесте.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Өткен
жыл |
Есепті жыл | Ауытқу | |
Сома да | % | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Өткізуден (сатудан) түскен табыс, мың.тг | 263940 | 344146 | 80206 | 130,3 |
2. Өнімнің өзіндік құны, мың.тг | 217553 | 289712 | 72159 | 133,1 |
3. Жалпы табыс, мың.тг | 46407 | 54434 | 8027 | 117,2 |
4. Кезеңдік шығындар, мың.тг | 33872 | 31872 | 2000 | 94 |
5. Салық
алынғанға дейінгі табыс, мың. |
12535 | 22562 | 10027 | 179,9 |
1-кестенің жалғасы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
6. Табыс салығы, мың.тг | ||||
7. Таза табыс, мың.тг | 12535 | 22562 | 10027 | 179,9 |
8. Жұмысшылардың орташа саны, адам | 270 | 275 | 5 | 101,8 |
9. Негізгі
құралдардың орташа жылдық |
33061 | 35686 | 2625 | 107,9 |
10. Меншікті капиталдың орташа құны | 36446 | 48981 | 12535 | 134,3 |
11. Еңбек өнімділігі, (1қ./8қ.) ,тг. | 977,5 | 1251,4 | 273,9 | 128 |
12 Қор қайтарымдылығы, (1қ./9қ.), мың.тг | 5,34 | 6,08 | 0,74 | 113,8 |
13. Қор сыйымдылығы, (9қ./1қ.),тг | 0,18 | 0,16 | -0,02 | 88,8 |
14. Сату
табыстылығы (рентабельділігі), |
0,04 | 0,06 | 0,02 | 150 |
15. Активтердің пайдалылығы (рентабелділігі), % | 27 | 37,5 | 10,5 | 138,8 |
16. Меншікті
капиталдың пайдалылығы ( |
34,3 | 46 | 11,7 | 134,1 |
17. Ағымдағы
активтердің орташа жылдық |
0,94 | 0,92 | -0,02 | 97,8 |
18. Активтердің айналымдағы, рет | 5,6 | 5,7 | 0,1 | 101,7 |
19. Ағымдағы активтердің айналымдылығы, рет | 19,8 | 14,1 | -5,7 | 71,2 |
20. Ағымдағы
активтердің бір |
18,1 | 25,5 | 7,4 | 140,8 |
Е с к е р т у – «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған |
1-кестедегі
мәліметтерге сәйкес, кәсіпорынның
қаржы-шаруашылық қызметіне
Өткізуден (сатудан) түскен табыс деп - өз аты айтқандай, жыл бойы кәсіпорында өнімді сатудан түскен табысты айтсақ болады. Өткізуден (сатудан) түскен табыс бізде өткен жылы 263940 мың теңгені құрады, ал есепті жылы 344146 мың теңгені құрады. Ол бізде 130,3%-ға өскенің көріп отырмыз. (1-кесте).
Өнімнің өзіндік құны деп – жыл бойы өндірген өнімнің өзіне қойылатын өзіндік құны. Өндірістік шығындар (негізгі еңбек,негізгі материалдар және өндірістік үстеме шығындар) жинақталады және өндірілген өнім туралы есеп беру және өткізілген өнімнің өзіндік құны туралы есеп беру кезінде көрсетіледі. Бұл есеп берулер бөлек құрылуы мүмкін немесе өндірілген және өткізілген өнімнің өзіндік құн туралы есепте біріктірілуі мүмкін [4]. Өндірілген өнімнің өзіндік құны – бұл кезең ішінде өндірілген дайын өнімге жатқызылған өндірістік шығындар. Өндірілген өнімнің өзіндік құндарын есептеу үшін кезең ішіндегі орын алған өндірістік шығындарды аяқталмаған өндірістің таза өзгерісіне көбейтеміз және азайтамыз (аяқталмаған өндірістің бастапқы қалдығы – аяқталмаған өндірістің соңғы қалдығы). Өткізілген өнімнің өзіндік құны – бұл табыспен сәйкестірілетін шығыстар. Өткізілген өнімнің өзіндік құнын есептеу үшін өндірілген өнімнің өзіндік құны дайын өнімнің таза өзгерісіне көбееді немесе азаяды (дайын өнімнің бастапқы қалдығы – дайын өнімнің соңғы қалдығы).
Ол дегеніміз - өнімге жұмсаған шығын, материал, салық еңбеккерлерге төлеген еңбекақы осылардың барлығын есептей отырып өндірген өнімге, тауарға өзіндік құн баға есептеледі. Өнімнің өзіндік құны өткен жылы, 217553 мың теңгені құрады, ал есепті жылы 289712 мың теңгені құрады. Ол бізде 133,1%-ға өскенің көріп отырмыз.
Жалпы табысқа келетін болсақ, ол дегеніміз - өткізуден (сатудан) түскен табыстан, өнімнің өзіндік құның алып тастаған кезде есептелетін шама. Жалпы табыс өткен жылы 46407 мың теңгені құрады. Ол бізде табыстың 117,2%-ға өскенін көрсетіп отыр.
Өнімге жұмсалған шығын – дайын өнімнің өндірісімен байланысады. Бұл шығындар қорлардың құнына қосылады. Оған жататындар: негізгі материалдар, негізгі еңбек және өндірістік үстеме шығындар.
Кезеңдік шығындары- сол кезеңде орын алған және жұмсалған шығынға жатады, қорлар құнына қосылмайды. Оған жататындар: өткізу бойынша жұмсалған және әкімшілік шығындар.
Кезеңдік шығындары:
1 Өткізумен байланысты шығындар. Тапсырманы қамтасыз ету бойынша және дайын өнім мен қызметтерді клиенттерге жеткізу бойынша барлық шығындар. Мысалы: комиссиондық, жарнама, сауда жабдықтардың амортизациясы, көліктік құралдар, дайын өнімді жеткізу және сақтау.
2 Әкімшілік шығындар: кәсіпорынды тұтас жалпы бақылау үшін жұмсалатын шығындар. Мысалы: әкімшілік қызметкерлердің еңбек ақысы, әкімшілік ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы.
Кезең шығындары дегеніміз - біздің кәсіпорындағы көмекші шығындар депте атасақ болады. Ол дегеніміз өнім өндірген кезде, өнімге есептелетін коммуналдық төлемдерді және еңбеккерлерге төлеген еңбек және әкімшілік шығындарынан құралатын шығындарды айтамыз. Кезең шығындары өткен жылы 33872 мың теңгені құрады, ал есепті жылы 31872 мың теңгені құрады. Ол дегеніміз өткен жылға қарағанда, есепті жылы кезең шығындарының 2000 мың теңгеге азайғанын көріп отырмыз, ол бізде 94%-ды құрады.
Кәсiпорын қаржы есептемесiнiң 12 «Пайдаға салынатын салық» aтты халықаралық стандарттың негiзгi ережесiне сәйкес аяқталған операциялардың салыққа қатысты салдарын осы оқиғаның өзiн қалай eскepeтiн болса, тура солай eскepyi керек. 12 «Пайдаға салынатын салық» aтты халықаралық стандарттық мақсаты - есептiк кезеңде аяқталған барлық операциялардың ағымдағы және келешектегі салық тиiмдiлiгiн тану болып табылады. Есептiк кезең бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қызмет нәтижелерi мен есептiк кезең бойынша аяқталған операциялардың салыққа қатысты салдары туралы мәлiметтердiң қажеттiлiгi мерзiмi ұзартылған салық төлемдерiнiң әдiстемесiн қолдануды талап етедi.
12
«Пайдаға салынатын салық»
Жұмсалған шығыстар мен еңбекпен келген табысты танудың ережесi қаржы есептемесiнде және салық салуда әp түрлi болғандықтан кipicтep мен шығыстар туралы есеп беруде көpiнic табатын салық салынғанға дейiнгi есептiк табыс пен декларация бойынша салық салынатын табыс арасындағы тұрақты және уақытшa айырмашылықтар анықталады. Біздің кәсіпорынның №2 нысанында есептелетін табыс салығы, бізде көрсетілмеген.