Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:00, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Лечебный туризм".
Емдік балшықтар органикалық құрамына байланысты органикалық(10 пайыздан жоғары құрғақ затты) және бейорганикалық(10 пайыздан төмен) болып бөлінеді. Ал шығу тегі бойынша балышқтар
-шымтезек;
-сапропель;
-сульфидті иловый;
-сопочный.
Балшықпен емдеу Қазақстанда 13 ғасырдан белгілі. Мұндағы шипалы балшықтар туралы алғашқы деректер 18—19 ғасырларда Ресейде жарияланды. 20 ғасырдың ортасынан Қазақстанның шипалы балшықтары кешенді зерттеле бастады. Геология ғылымдары институты мен Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институты шипалы балшықтардың химиялық құрамын, емдік қасиеттерін анықтады және оларды қолдану әдістерін ұсынды. 1977 жылдан бұл мәселемен Кардиология ғылыми-зерттеу институтының курортология бөлімі шұғылданды. Шипалы балшықтар химиялық құрамы, шығу тегі және пайда болу жағдайларына байланысты әр түрлі болады. Олар кейбір физикалық және химиялық қасиеттеріне (тұтқырлығы, су сіңіргіштігі, жылу сыйымдылығы, жылу сақтағыштығы, т.б.) қарай топтарға жіктелінеді. Арнайы қыздырылған шипалы балшықтар өздерінің бойында қызуды ұзақ сақтаумен қатар, терідегі рецепторларға, дәнекер тіндерге, ішкі секреция бездеріне әсер етіп, организмдегі зат алмасу, регенерация процесінің жүруін реттейді, ауырсынуды басады. Балшықпен емдеу, негізінен, сүйек-буын, жүйке, ас қорыту, жыныс мүшелерінің ауруларына қолданылады. Қазақстанда шипалы балшықты орындар көп. Олардың ірілері: Тұзкөл (Алматы облысы), Сегізқыз, Әлжан, Аралсор (Батыс Қазақстан облысы), Жасыбай, Аламерген (Павлодар облысы), Борсықты, Соркөл, Ақсуатсор, Ащыкөл (Қостанай облысы), Қарасор (Қарағанды облысы), Қарабұлақкөл (Шығыс Қазақстан облысы), т.б. Санаторийлерде Балшықпен емдеу кеңінен қолданылады.
Шымтезек балшықтары қатты ылғалдылық пен оттегі жетіспеген жағдайда балшықталған жерлердегі өсімдіктердің жартылай шіріп, құлауынан пайда болады. Шымтезек – бұл микроорганизмдердің қатысуымен шіритін өсімдіктердің қалдықтары. Олардың құрамы органикалық заттардан тұрады. Негізгі бальнеологиялық маңызы шымтезектің ыдырау дәрежесіне байланысты болады – яғни ыдыраған және ыдырамаған бөліктері мөлшерінің ара қатынасымен.
Емдік мақсаттарда шымтезектің ыдырау дәрежесі 40 пайыздан жоғары болған жағдайда қолданылады. Осы пайыздан төмен болса, шымтезектің пластикалығы да нашар болады.
Емдік шымтезектерді минералданған (шымтезек ерітіндісі минералдығы 2 г/л төмен) және тұщысулы (жалпы минералдығы 2г/л төмен) болып бөлінсе, тұщысулы өз кезегінде төменкүлді (күлі 20 пайыздан төмен) және жоғарғыкүлді (күлі 20 пайыздан көп) болып жіктеледі. Минералданған шымтезектердің барлығы жоғарғыкүлді топқа жатады. Олар күкіртсутекті (қалыпты бейтарап ортада шымтезек ерітіндісінде 50г/л дейінгі күкіртсутегі болса) және қышқылды болуы мүмкін.
Шымтезекті емдік процеске қолданбас бұрын міндетті түрде құрғатылады, майдалайды, сосын қайта су қосады. Майдалау барысында қосымша керексіз қосындыларды алып тастайды. Шымтезек пайдаланылатын әдістердің бастысы – балшықты аппликация әдісі. Бұл тәсіл бойынша 3 жағдайды қарастырамыз: локальды – ауру жерге жағылатын; паралокальды – ауру ошағының жанына жағылатын; сегментарлы-рефлекторлы – ауру орынға сәйкес келетін ми сегментіне жағылатын жағдайлар.
Сонымен қатар, шымтезекті минералды немесе жылы таза сумен араластырып, ванна турінде қабылдайтын әдісі де бар. Балшықты 38-48 градус температураға ысытып, денеге щеткамен 10 минуттай ысатын тәсіл кей курорттарда қолданылады
Сапропелды
балшық ашық су айдынының түбінде
пайда болады.Түсі қоңырқай,кок қара
болып келеді.Балшықтың
(САЗ БАЛШЫҚТЫҢ
ЕМДІК ТӘСІЛДЕРІ ДЕ ШЫМТЕЗЕКТІКІНДЕЙ,
БІРАҚ ОНЫ ҚҰРҒАТЫП, МАЙДАЛАП, ҚАЙТА СУ
ҚОСПАЙДЫ ).
46. табиғи емдік ресурстарды бағалау әдістері
Курортты-рекреациялық ресурстардың бағалану қасиеттеріне мыналар жатады:
-Климатты-ландшафты сипаттамасы;
-табиғи ресурстарының қосымша қоры;
-аттрактивтілігі жәе экскурсиялық маңыздылығы;
-қолжетімділік және қолдану мүмкіншіліктері,
-пейзажды және экологиялық сипаттамасы;
-әлеуметтік – демографиялық сипаттамасы.
Көрсетілген ресурстар демалысты, емделу мен сауықтыруды, адамдардың белгілі бір контингентін емдеуге пайдаланылады. Табиғи жағдайлары мен ресурстарды қолдану үшін оларды міндетті түрде бағалау керек. Ресурстарды бағалаудың міндетті этаптары:
-бағалау нысандарын анықтау;
-бағалау жүргізетін субъектті анықтау;
-бағалау критерийлерін
және субъект қасиеттерін
-бағалаудың
градация шкаласының
Табиғи емдік ресуртарды бағалаудың үш тәсілі бар:
47. климатотерапия. Емдік әдістері
Климатотерапия – адам ағзасына климат пен ауа райы факторларының және арнайы климатопроцедуралық әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Климаттың емдік-профилактикалық әсері бірнеше табиғи факторлардың есебінен анықталады: жергілікті жердің теңіз деңгейінен орналасу орны, теңізден қашықтығы, атмосфералық қысым, температура, ауа циркуляциясы мен ылғалдығы, жауын-шашын мөлшері, бұлттылық, күн радиациясының интенсивтілігі және т.б. Климатотерапияның негізгі түрлеріне жатады: гелиотерапия, аэротерапия, талассотерапия. Ауа және күн ванналары, теңізге шомылу, ауада және теңіз жағасындағы ұйқы және т.б. процедуралар климаттық факторлардың адам ағзасына максималды тиімділігіне жағдай жасайды. Климатотерапия нәтижесінде табиғи ультракүлгін сәулесінің, аэроиондардың жетіспейтін орны толығады, терморегуляция механизмі жаттығады, ағзаның жұмысы және реактивтілігі дұрысталады, зат алмасу процесі жақсарады.
Климатотерапияда қолданылады:
-климаттың өзгеруінің
әсері. Климаттық аудандарды
-емделушіге
жағымды метеорологиялық
-арнайы климаттық әсерлер(гипосикатор, галокамер, т.б.)
Климат – жергілікті жердің көпжылдық қалыптасқан ауа райы режимі.
Климатты қалыптастырушы факторлар: күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы және т.б..
Күн радиациясы – Жерге электромагнитті толқын күйінде түсетін күн сәулесінің энергиясы. ОЛар Жер бетіне төмендегідей түрлде түседі:
*тура радиация;
*шашыраңқы радиация;
*жылу радиациясы,.
Күн спектрі құрамы – инфрақызыл сәулесі, жарық, ультракүлгін сәулесі.
Жел – ауаның горизонталь бағытта жер бетіне қатысты қозғалуы.
Ылғалдылық – су буының ауада көп мөлшерде болатын ауа райы мен климаттың маңызды сипаты.
Адам ағзасына әсер ететін климаттың түрлері:
*континентальды
*теңіздік
48. сирек және дәстүрлі емес ем түрлері
Қазіргі таңда көптеген курорттарда дәстүрлі емес емдеудің сирек түрлерімен емдеу әдістері белең алып келе жатыр. Олар антибиотик немесе күшті дәрілер сияқты ағзаға ауыр тимейді. Емдеудің дәстүрлі емес түрлерімен бұрын тек Шығыс, Оңтүстік-шығыс Азия елдері емдесе, қазіргі таңда еуропа курорттарында да осы ем түрлері пайдаланылуды. Еуропаның туризм нарығында ең алғаш мұндай ем түрлері қолдана бастаған курорт – Чехиядағы Карловы-Вары. Қосып айтатыны – дәстүрлі емес емнің ешқандай қарсы көрсеткіштері жоқ, ол кішкене баладан қарттарға дейін қолжетімді.
Сирек
және дәсстүрлі емес ем түрлерінің
ең атақтысы – инемен шаншу. Акупунктура
- Чжень-Цзю – инемен емдеудің қытайлық
әдісі – дәстүрлі емес емдердің атасы
болып саналады. Бұл ем түрі ең көне, себебі
б.з. 3 ғасырындағы жазбаларда кездеседі.
Міндетті түрде алдын ала пульстік диагностиканы
қажет етеді. Осы еммен аллергиялық ауруларды,
бронхы жүйесін, бронхит, тері және бөртпелерді
емдеуге болады.Акупрессура – нүктелі
массаждың ежелгі тәсілі. Инешаншу тәсілінде
алынатын дене нүктелеріне қолдың бас
бармағын басу арқылы орындалады. Осы
тәсіл арқылы әр түрлі стрестерден, созылмалы
жүйке жүйесі ауруларынан айығуға болады.
Йога – индуизмге негізделген рух пен
ой-сананың белгілі бір дәрежесіне жету
мақсатында физикалық жаттыығулармен
жасалатын дәстүрлі емес ем түрі. Йоганың
негізі – адам ағзасының соматикалық
және психикалық құрылымын дифференцациялау,
коррекциялау және басқару.
49. табиғи емдік ресурстарға сипаттама
Курорттардың негізгі емдік факторы дәстүрлі түрде іштей және сырттай пайдаланылатын, сонымен қатар емдік көрсеткіштердің кең спектріне ие минералды сулар болып табылады. Минералды емдік сулар дегеніміз – құрамында жоғары концентрациялы әр түрлі минералды компоненттері немесе спецификалық физикалық қасиеттері(жоғары температура, радиоактивтілік және т.б.) арқылы адам ағзасына емдік әсері болатын сулар. Оның іштей немесе сырттай пайдаланылуы судың физикалық және химилық құрамына байланысты анықталады. Минералды сулардың дұрыс және жан-жақты бағасын беру үшін барлық негізгі физико-химиялық ерекшеліктерін ескеру керек.
Минералды сулардағы компоненттер - диссоциацияланбаған молекулалардың, коллоидты бөліктердің және еріген газдардың иондары түріндегі күрделі ерітінділер. Минералды сулардың құрамындағы кез-келген элемент адам ағзасында да кездеседі, яғни сулармен емдеудің басты мақсаты – ағзадағы зақымдалған тепе-теңдіктің орнын толдыру. Жай минералды сулардың химиялық құрамы белгілі, бірақ олардың емдік қасиеті табиғи сулардың деңгейінен әлдеқайда төмен.
Минералды емдік
сулардың пайда болу процесі өте
күрделі және әзірге жеткіліксіз
зерттелген. Сондықтан да бұл сулардың
генезисін сипаттағанда жерасты
суының шығу тегін, ондағы газдар мен
ионды-тұзды құрамының пайда
Курортология
ғылымындағы емдік минералды
сулардың негізгі сипаттайтын
Бальнеологиялық
шипажайларда табиғи минералды сулармен
емдейді. Олар сыртқы және ішке тұтынады.
Минералды сулар көптеген ауруларды
сауықтырады. Солардың ішінде Олар асқазан
– ішек ауруларын, жүрек тамыр
ауруларын, қимылдатқыш аппартты ауру
адамдар мұндай шипажайларға көп келеді.
Жүргізілген медециналық зерттеулер кейбір
аурулардың осы шипажайларда емделгеннен
кейін жақсы нәтижелерге жеткенін көрсеткен.
Емдік балшықтар(пелоидтар) – судан, минералды
және органикалық заттардан тұратын, біркелкі
жұқадисперсті пластикалық масса түріндегі
балшықтардың торфты бөлінділері, түрлі
су қоймаларының қалдықтары, балшықты
вулкандардың атылуынан болған табиғи
балшықтар. Емдеуде балшықтар жылытылған
түрде қолданылады. Емдік балшықтардың
пайда болуында минералды бөліктер, органикалық
заттар(жануар және өсімдік қалдықтары),
органикалық және бейорганикалық құрамның
коллоидты бөліктері және су материал
ретінде қызмет етеді. Биохимиялық процесс
нәтижесінде шығатын бұл емдік балшықтар
биогенді компоненттермен(көміртегі,
азот, күкірт, темір т.б. қосылыстар) толығады.
Емдік балшықтардың құрылымы балшық ерітіндісінен,
балшық қышқылынан және коллоидты кешеннен
тұратын күрделі физико-химиялық жүйені
құрайды. Балшықпен емдеу Қазақстанда
13 ғасырдан белгілі. Мұндағы шипалы балшықтар
туралы алғашқы деректер 18—19 ғасырларда
Ресейде жарияланды. 20 ғасырдың ортасынан
Қазақстанның шипалы балшықтары кешенді
зерттеле бастады. Геология ғылымдары
институты мен Өлкелік патология ғылыми-зерттеу
институты шипалы балшықтардың химиялық
құрамын, емдік қасиеттерін анықтады және
оларды қолдану әдістерін ұсынды. 1977 жылдан
бұл мәселемен Кардиология ғылыми-зерттеу
институтының курортология бөлімі шұғылданды.
Шипалы балшықтар химиялық құрамы, шығу
тегі және пайда болу жағдайларына байланысты
әр түрлі болады. Олар кейбір физикалық
және химиялық қасиеттеріне (тұтқырлығы,
су сіңіргіштігі, жылу сыйымдылығы, жылу
сақтағыштығы, т.б.) қарай топтарға жіктелінеді.
Арнайы қыздырылған шипалы балшықтар
өздерінің бойында қызуды ұзақ сақтаумен
қатар, терідегі рецепторларға, дәнекер
тіндерге, ішкі секреция бездеріне әсер
етіп, организмдегі зат алмасу, регенерация
процесінің жүруін реттейді, ауырсынуды
басады. Балшықпен емдеу, негізінен, сүйек-буын,
жүйке, ас қорыту, жыныс мүшелерінің ауруларына
қолданылады. Қазақстанда шипалы балшықты
орындар көп. Олардың ірілері: Тұзкөл (Алматы
облысы), Сегізқыз, Әлжан, Аралсор (Батыс
Қазақстан облысы), Жасыбай, Аламерген
(Павлодар облысы), Борсықты, Соркөл, Ақсуатсор,
Ащыкөл (Қостанай облысы), Қарасор (Қарағанды
облысы), Қарабұлақкөл (Шығыс Қазақстан
облысы), т.б. Санаторийлерде Балшықпен
емдеу кеңінен қолданылады.