Шпаргалка по "Лечебному туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:00, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Лечебный туризм".

Содержимое работы - 1 файл

Емдік туризм 100 балл.doc

— 524.50 Кб (Скачать файл)

Ковачова, Словакия, бальнеоклиматты

Нимница, Словакия, бальнеоклиматты

Тренчианске Теплице, Словакия, бальнеологиялық

Рогашка, Словения, бальнеологиялық

Раденци, Словения, бальнеологиялық

Миргород, Украина, бальнеоклиматты

Моршин, Украина, бальнеоклиматты

Трускавец, Украина, бальнеоклиматты

Евпатория, Украина, Крым, бальнеоклиматты

Феодосия, Украина, Крым, бальнеоклиматты

Виши, Франция, бальнеологиялық

Эвиан-ле-Бен, Франция, бальнеологиялық

Крапинске Топлице, Хорватия, бальнеоклиматты

Лугачовице, Чехия, бальнеологиялық

Марианске Лазне, Чехия, бальнеологиялық

Карловы Вары, Чехия, бальнеологиялық

Франтишковы Лазни, Чехия, бальнеобалшықты

Вярска, Эстония, бальнеобалшықты 

6. Әлемдік емдік  туристік орталықтары (бір орталықты  таңдау бойынша талдау)

Бад Рагац, Швейцария

Бад-Рагац –  Швейцарияның солтүстігінде, Цюрихтан 110 км қашықтықта орналасқан. Өзінің термальды  суларымен 12 ғасырдан белгілі. Мұндағы  емдік қасиеті бар, температурасы 34 градус сулар Тамина аңғарынан  Бад Рагац алабына арнайы жасалған каналдар арқылы ағып барады. Бұл судың барлық демалысқа келушілерге қолжетімді болуына әсерін тигізеді.

  Қалалық  Тамина терм термальды комплексі  өзінің ашық және жабық бассейндерімен, су аттракциондарымен Бад Рагацты  Швейцарияның ең танымал емдік сауықтыру курорттарының бірі етеді. Одан басқа көптеген мейрамханалар мен кафелер неміс және Европа асханасының алуан түрлі тағамдарынан ауыз тиуге мүмкіндік береді.

   Бұл жерді  12 ғасырда аңшылар тапқан. Осы  емдік бастауы бар жерден Бад  Рагац курортының индустриясы басталған. Өзінің жұмсақ климатымен және ландшафтысымен танымал курорт Альпі тауының маңында орналасқан. Арқан жол арқылы Пицол тауының басына шығып 5  тау көлінің және мұздықтың керемет көріністерін тамашалауға болады. Табиғатты тамашалаудан басқа, мұнда әр адам өзінің денсаулығын түзетуге мүмкіндік алады.

   Соңғы  жылдарда Бад Рагац Швейцариядағы  танымал  СПА-курорт болып табылады. Мұнда барлығы жақсы ұйымдастырылған.  Бұл курорт дүниежүзінде өзінің  емдік сауықтыру бағдарламаларымен  аса танымал. Қазіргі таңда Бад Рагац тірек-қимыл мүшелерінің, жүрек-қан тамыр ауруларының жүйесін, демалу органарының ауруларын емдеу мен профилактика үшін таптырмас орын.

    Курортта  қонақ үйлер, термаьды комплекс, инфраструктура толығымен 2 жылға  созылған қайта жөндеу жұмысы жүргізілген.

    Медициналық  орталықтың мамандандырылуы, Бад  Рагацтағы ем:

  • ревматология (дәрігер Рольф Хохмейстер)
  • ортопедиялық медицина
  • кардиология
  • васкулярлы медицина - артерия, тамырлар
  • өкпе аурулары
  • неврология
  • диетологияға, споттық шынығуға, сұлулық үшін арналған комплексті бағдарламалар
  • пластикалық хирургия

Табиғи климаттық  факторлар:

Жұмсақ климат, таза таулы ауа, термальды бастаулар

Емдік-сауықтыру  процедуралары: физиотерапия, массаж, емдік ванналар, эрготерапия, кинезитерапия, емдік гимнастика, ингаляция, косметикалық процедуралар, қытай медицинасы, лабораториялық анализдер, радиология - рентген, ультрадыбыс, маммография, MRI; көптеген басқа процедуралар, гимнастика, бұлшық еттерді қатайтуға жаттығулар, буындардың операциядан кейін қалпына келтіруге арналған жаттығңлар.

   Диетология, спорттық шынығу және сұлулық  бағдарламалары жасалады. Медициналық  орталықта сонымен қатар атақты  Швейцариялық пластикалық хирург  Д-р Кипфер жұмыс істейді.

     Альпы  тауларымен қоршалған ежелгі  парктің территориясында өзара біріктірілген 3 5*-ды қонақ үй, 7 мейрамхана, «To B.Wellbeing & Spa» жекеменшік СПА орталығы, «To B.Beauty & Care» сұлулық орталығы, атақты стилист Джеймс Гудтың салоны мен шаштаразы, «Tamina Terme» терм комплексі, үлкен гольф клубы, балалар клубы, конференциялар іс-шаралар өткізуге арналған Kursaal құрылысы, казино. Жыл сайын мыңдаған туристер бұл жерге емделу немесе демалыу үшін келеді. 

7. Еуропа аймағында  емдік турды ұйымдастыру (мемлекет  таңдау бойынша)

Швейцария бойынша  тур

Экскурсия бағасы – 300-380 евро.

Экскурсия түрі- автобустық.

Цюрих – Цюрих  бойынша 5 сағаттық шолу экскурсиясы : Банхофштрассе, Фрауэнмюнстер шіркеуі (Марка Шагалдың витраждары, Нидердорф, Парадеплац  және т.б. Қаланы толық Орталық вокзалдың жанынан өтіп Университет алаңына барып көруге болады. «Бель-вю» алаңынан Университет, УЕФА, «Алтын квартал», Цюрих теңізіне көрініс ашылатын теңіз жағалауындағы операдан өту. Әйелдер монастырінен-Үлкен шіркеуге, «Нидердорф» кварталына, Ленин үйінің кварталына бару. Цюрихтің ежелгі кафесі, ортағасырлық гильдиялардың үйлері, қалалық мэрия. Лимматтың солт жағалауына қайту, Шарап базарының алаңы, терм қазбалары, Қасиетті Петрдың шіркеуі. «Жалған белеске» көтерілу. Бұл жерден Лиммат өзені, Университет, Үлкен Соборға көрініс ашылады.Көпірмен Лиммат арқылы Банхоффштрасқа, Песталоцци ескерткішіне, Банк кварталына, «Әулиелер» көшесінен өтіп «Шеру алаңына» бару.   Цюрихтағы ежелгі кондитерлік фабрика «Шпрюнгли», «Арсенал» мейрамханасының дәстүрлі асханасы. Қонақ үйде орналастырылу.

Цюрих– Штайн-ам-Райн – Рейн сарқырамасы. Штайн-ам-Райнға бару. Штайн-ам-Райнда серуендеу (Германиямен  шекарадағы ортағасырлық қала), Европаның  ең үлкен сарқырамасы-Райнфаль жанында. Рейн өзенінің солт жағалауында Шафхаузен  қаласы орналасқан. Ол сарқыраманың арқасында салынған, өзеннің жағалауынан көрінеді. Лихтенштейн князьдығына бару. Бүкіл Европаның қажылық орны болып табылатын «қара Мадонна» тұрған Айнзидельн қаласындағы монастырь. Барокко стиліндегі дүниежүзілік асыл архитектуралық құрылыс (15 ғасырдағы шіркеу). Шипалы су ішуге мүмкіндік бар.  

8.Қазақстанда  емдік турларды ұйымдастыру мүмкіншіліктері

Қазақстан Республикасында  бальнеологиялық, балшықтық және климаттық  курорттардың барлығы да бар. Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.

Қазақстанның  химиялық құрамы әр алуан минералды  бұлақ көздері, шипалы балшығы бар  көлдері, тынығуға әдемі көрікті  жерлері курорт-санаторий жүйелерін  дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен (Жаңақорған т.б.), климатпен емдейтін болып үшке бөлінеді.

Минералды сумен  емдейтін санаторийлерге Түркісіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға  болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия - ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.

 Алма-Арасан  – Қазақстан Республикасы Алматы  қаласынан 26 км қашықтықта Алма-Арасан  шатқалында орналасқан бальнеолоклиматтық  курорты. Іле Алатауында, теңіз  деңгейінен 1800-1850 метр биіктікте  орын тепкен. 1931 жылы ашылған. Жыл бойына жұмыс жасайды(жазда – 220 орын, қыста – 200 орын). Емдік ресурсы – минералды сульфатты-карбонатты натриево-кремнийлі су. Ыстық су көзі – күкірсутекті радонды су(36-40 градус).   
 

9. Азия, Океания  және Африкада емдік-сауықтыру  туризм географиясы. Оңтүстік Азия, Шығыс және Оңт-шығыс Азия елдерінде емдік-сауықтыру туризмі дамымаған. Шығыста кеңінен тараған дәстүрлі емес медицина, фитотерпаия және ине шаншу шетел туристерінде аса қызығушылық тудырмайды.

   Австралияда  емдік-сауықтыру туризмі үшін қажет барлық табиғи ресурстар бар. Дейлсфорд, Морк, Спрингвуд  сияқты ірі бальнеологиялық курорттар материктің оңт-шығысында орналасқан. Сонымен қатар Австралияның теңіз жағалауындағы климаттық курорттар да дүниежүзінде танымал. Алтын Жағажай, Дэйдрим-Айленд, Кэрнс демалыс пен емделу үшін таптырмас орын болып табылады. Алайда Австралияның ең басты туристік сұраныс өлкелері-Европа және Америкадан алыс орналасуы Австралияға келуші шетел туристерінің ағымына кедергі жасайды, сол себептен австралиялық курорттар америкалық курорттар тәрізді негізінен ішкі туристерді қабылдауға бағытталған.

    Африкада  емдік-сауықтыру туризмі дамып келе жатыр. Тунис курорттарына қызығушылар саны артып келеді. 1996 жылы мұнда дүниежүзіндегі аса ірі сумен және балшықпен емдеу орталықтарының бірі ашылды. Ол қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған және жоғарғы білікті кадрлармен қамтамасыз етілген. Орталықтағы емделу кезінде  теңіз суын және балшықты қолданып жасалатын әртүрлі массаждар қолданылады.

   Африканың  солт жағалауында теңіздік климаттық курорттар орналасқан. Олар: Египетте Қызыл теңiздегi туристтiк орталық болып танылған Хургада, халықаралық деңгейдегі Шарм-эш-Шейх курорты, сонымен қатар Дахаб және Нувейба; Мароккода – Агадир, Мохаммедия, Танжер, Эль-Хосейма және т.б.

  Үнді мұхитының  жағалауында Кенияның Момбаса,  Кипини, Малинди, Ламу, Килифи теңіз  жағажайлық курорттары орналасқан. Оңтүстік Африка елдерінде де  бірнеше курорттар бар. Африканың  қалған мемлекеттерінде табиғи  ресурстар да, курорттық істі  дамыту үшін қаражат та жоқ. 

10. Таяу Шығыс  емдік сауықтыру туризм географиясын  талдау. Таяу Шығыстағы туристер ағымы емдік-сауығу мақсатында “өмір жолы” арқылы Өлі теңізге келеді. Теңіздің тұзбен және минералды заттармен қаныққан суы тіпті қарапайым организмдердің мекендеуі үшін жарамсыз болып табылады.

Алайда, Өлі теңізде  орналасқан израильдік Эйн-Бокек, Эйн-Букек, Эйн-Геди, Неве-Зохар курорттарына келетін  туристер өздерінің ең үздік терапевтік ем қабылдайтындарын біледі.

    Өлі  теңізді жиі  Күншуақ теңізі  деп атайды.  Оның ауданы ерекше табиғи емдік факторлары – термальді минералды сулардың, шипалы батпақтардың және адамға жағымды әсер ететін ерекше биометеорологиялық жағдайларының үйлесімділігімен көзге түседі.

    Жарты  миллион жылдай бұрын жер қабығының  жылжуынан Өлі теңіз мұхиттан бөлініп кетті. Сол себептен құрамында тұз бен минералдар мөлшері көп ағынсыз көлге айналды. Оның суының құрамындағы бром мөлшері мұхит суындағыдан 80 есеге, магний 10 есеге көп.

   Судың  ерекше химиялық құрамы күш-қуатты  қалыпқа келтіруге және  ағзаның жасауына көмектеседі. Бром жүйке жүйесін тыныштандырады, магний тонусты қалпына келтіреді және теріні жаңартады. Судың таңқаларлық қасиеттерінің бірі тығыздығы. Кез келген мүлде жүзуді білмейтін адам түссе де денесі судың бетінде қалқып тұрады. Бұл буындары ауыратын адамдар үшін таптырмас ем.

   Өлі теңіз  суы термальды минералды бұлақтардың,  тұщы сулы бастаулар дың, тау  өзендерінің суымен қоректенеді.  Олардың барлығы өзімен бірге  жағажайда жиналып қалатын шипалы  балшық алып келеді.  Органикалық заттарға, минералдарға және тұздарға бай пелоидтер ағзадағы зат алмасуды қалыпқа келтіреді, қан айналымын тездетеді, шаш өсуін тездетеді. Емделушілер уыстап балшықты алып, ауырған дене мүшелері мен буындарына жағады. Күнделікті балшықты процедуралар мен сульфидті ванналар, суға шомылу ревматикалық буындардың қабынуынан болатын аурулардан арылуға көмектеседі.

    Балшықтар  косметологияда да кеңінен қолданылады.  Ол теріні нәзік, серпімді және  тегіс етеді. Өлі теңіздегі  пелоидтердің таңқаларлық қасиеті туралы Клеопатра патшайымның кезінен белгілі болған.Оның дәлелі археологиялық зерттеу жұмыстары барысында табылған Египеттің атақты патшайымы үшін жасалған косметика фабрикасы тәрізді  құрылыс.

    Өлі  теңізге келетін туристерді бұл  жердің ауасы таңқалдырады. Ауа тап-таза, қарқынды буланудың арқасында ол оттекпен, озонмен, бром мен йодтың жеңіл иондарымен қаныққан. Осындай құрамға байланысты теңіз ауасы адамға жайлылық сезімін сыйлап, ағзаның босаңсуына әсер етеді.

   Өлі теңіз  курорттарына емделуге барушылардың көп бөлігі псориазм және дерматит ауруларымен ауыратын адамдар. Бұл тері ауруларын емдеу үшін емделушіні күн астына қыздырады. Өлі теңіз жағасында күйіп қалудан қорықпай, ұзақ уақыт бойы жатуға болады. Географиялық орналасуына байланысты бұл жерде ультракүлгін сәулелердің әсері қатты сезілмейді. Ол теңіз деңгейінен 395 м төмен жатыр. Жер бетінің ең төмен нүктесіндегі атмосфера және бу қабаты ультракүлгін сәулелерден қорғайтын фильтр қызметін атқарады.

    Күн  сәулесі ваннасының 10 процедурасынан кейін емделушінің жағдайы жақсарады, тері ақырындап тазарып, тегістеледі. Тері бұл қалпын емделу курсынан кейін де сақтап қалады.

Информация о работе Шпаргалка по "Лечебному туризму"