Шпаргалка по "Лечебному туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:00, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Лечебный туризм".

Содержимое работы - 1 файл

Емдік туризм 100 балл.doc

— 524.50 Кб (Скачать файл)

22. ТМД елдерінің  емдік туризмінің дамуы.

ТМД елдері емдік табиғи ресурстарға бай. Әсіресе Ресейден бастап, Украина, Белорусь, Грузия мемлекеттері бірнеше жүзжылдықтардан бері емдік туризм баяғыты бойынша туристерді қабылдап келеді. Ресейдің атақты, әрі сұранысқа ие курорттары:

-Анапа –Краснодар  облысында орналасқан климаттык-балшықтық курорт. Басты емдік факторы жерортатеңіздік климат болып табылады.

-Аршан – Бурятиядағы  бальнеологиялық курорт. Негізгі  бағыты – фитотерапия.

-Белокуриха  – Алтай аймағындағы бальнеологиялық  курорт.

-Владивосток  курорттық зонасы – Амур шығанағының жағалауында орналасқан климто-балшықтық курорт. Талассотерапиялық процедураларымен танымал.

-Дарасун –  Читин облысындағы бальнеологиялық  курорт.

-Ейск – Краснодар  облысында Азов теңізі жағалауындағы  климато-бальнео-балшықтық курорт.

-Кавказ минералды сулары – Пятигорск, Железногорск, Кисловодск, Ессентукки сынды курорттардан құралған Ставрополь облысындағы курорттық зона.

Украина курорттары:

-Қырымның оңтүстік курорттар зонасы – Алупка, Аушка, Артек курорттарынан құралған Қырымның Қаратеңіздің жағалауындағы климаттық курорт.

-Феодосия – Қырымдағы климат—бальнео-балшықтық курорт.

-Трускавец – Украинаның Львовская облысындағы бальнеологиялық курорт.

-Одессалық курорттар тобы - Куяльник, Хаджибен, Аркадия курорттарынан құралған климато-бальнео-балшықтық курорт зонасы.

-Евпатория –  Климато-бальнео-балшықтық курорт.

Кавказ курорттары:

-Сухум курорттар  боты - Рагга, Новый Афон, Пицунда  курорттарынан құралған климаттық  Грузия курорты.

-Боржоми –  Грузияның климаттық курорты.

-Бакуряни – тау-шаңғы курорты.

-Батум курорттар  тобы – Грузияның қаратеңіздік  жағалауындағы климаттық курорттар. 
 

23. Курорттық  факторлар: түсініктер, классификация,  емдік және денді сауықтыру  мақсаты мен пайдалануы.

Емдік-сауықтыру  туризмінің дамуына әсер ететін басты факторлар болады. Емдік табиғи немесе жасанды факторларсыз бұл туризм түрінің дамуы мүмкін емес. Курорттық шаруашылықтың даму факторы -  сол территорияның табиғи-рекреациялық ресурстары. Табиғи-рекреациялық ресурстар – адам денсаулығын қалпына келтіретін, сауықтыру мақсатындағы және әлеуметтік-рухани жағдайын жақсартатын ресурстар.

Бұл факторлардың қызметі бойынша нақты түрде  әсер ететін және жанама түрде әсер ететін түрлерін бөліп алуға болады.

Табиғи ресурстардың өте маңызды функциясы – адам денсаулығын қалпына келтіру, сауықтыру, ал осы нәтижеге жетуге ықпалын тигізетін курорттық факторлар – табиғи кешен мен оның компоненттері.

Курорттық факторлардың емдік және сауықтыру әсерлері ондаған  жылдар бойы зерттеліп келіп, қазіргі  таңда оның жіктелуінің нақты жүйесі анықталды. Курортология саласындағы жаңашыл технологияларға байланысты курорттық факторларды келесідей түрде бөлуге болады:

Курорттық факторлар:

            -     рекреациялық және  емдік дене шынықтыру;

  • Диетотерапия;
  • Физикалық факторлар;
  • Психотерапия;
  • Фитотерапия;
  • Табиғи-климаттық факторлар(минералды сулар, емдік балшықтар, климат ландшафт).
 

Курорттардағы табиғиклиматтық факторлар мен  ғылыми бағыттары:

  • Емдік балшықтар(Пелоидотерапия) – Нафталан(Нафталанотерапия);
  • Су(акватерапия) – минералды су(бальнеотерапия)-теңіз суы(талассотерапия) – тұщы су(гидротерапия);
  • Климат(климатотерапия) – ауа райы(керосотерапия) – инсоляция(гелиотерапия) – ауа(аэротерапия)-микроклимат(спелеотерапия);
  • Жергілікті жер(ландшафтотерапия) – Терренкур.
 

Курорттардағы емдік факторларға байланысты курорттардың негізгі типтері:

  • Климаттық;
  • Бальнеологиялық;
  • Балшықтық;
  • Аралас.
 

24. Шымтезек. Қолданылатын  әдістер

Емдік балшықтар  органикалық құрамына байланысты органикалық(10 пайыздан жоғары құрғақ затты) және бейорганикалық(10 пайыздан төмен) болып бөлінеді. Ал шығу тегі бойынша балышқтар

-шымтезек;

-сапропель;

-сульфидті иловый;

-сопочный.

Шымтезек балшықтары қатты ылғалдылық пен оттегі жетіспеген жағдайда балшықталған жерлердегі өсімдіктердің  жартылай шіріп, құлауынан пайда  болады. Шымтезек – бұл микроорганизмдердің қатысуымен шіритін өсімдіктердің қалдықтары. Олардың құрамы органикалық заттардан тұрады. Негізгі бальнеологиялық маңызы шымтезектің ыдырау дәрежесіне байланысты болады – яғни ыдыраған және ыдырамаған бөліктері мөлшерінің ара қатынасымен.

      Емдік мақсаттарда шымтезектің ыдырау дәрежесі 40 пайыздан жоғары болған жағдайда қолданылады. Осы пайыздан төмен  болса, шымтезектің пластикалығы да нашар болады.

      Емдік шымтезектерді минералданған (шымтезек ерітіндісі минералдығы 2 г/л төмен) және тұщысулы (жалпы минералдығы 2г/л төмен) болып бөлінсе, тұщысулы өз кезегінде төменкүлді (күлі 20 пайыздан төмен) және жоғарғыкүлді (күлі 20 пайыздан көп) болып жіктеледі. Минералданған шымтезектердің барлығы жоғарғыкүлді топқа жатады. Олар күкіртсутекті (қалыпты бейтарап ортада шымтезек ерітіндісінде 50г/л дейінгі күкіртсутегі болса)  және қышқылды болуы мүмкін.

      Шымтезекті  емдік процеске қолданбас бұрын  міндетті түрде құрғатылады, майдалайды, сосын қайта су қосады. Майдалау барысында қосымша керексіз қосындыларды алып тастайды. Шымтезек пайдаланылатын әдістердің бастысы – балшықты аппликация әдісі. Бұл тәсіл бойынша 3 жағдайды қарастырамыз: локальды – ауру жерге жағылатын; паралокальды – ауру ошағының жанына жағылатын; сегментарлы-рефлекторлы – ауру орынға сәйкес келетін ми сегментіне жағылатын жағдайлар.

      Сонымен қатар, шымтезекті минералды немесе жылы таза сумен араластырып, ванна  турінде қабылдайтын әдісі де бар. Балшықты 38-48 градус температураға  ысытып, денеге щеткамен 10 минуттай ысатын тәсіл кей курорттарда қолданылады.

 

25. Емдік туризмдегі  кәсіпкерлік қызмет

Емдік туризмдегі кәсіпкерлік қызмет әр түрлі санаторлы-курорттық  ұйымдар іске асырады. Оларға курорт территориясында немесе оның сыртындағы табиғи емдік ресурстарды пайдалана отырып, емдік және сауықтыру ісімен айналысатын кәсіпорындар,  мекемелер, меншіктің кез келген формасындағы ұйымдар жатады. Санаторлы-курортты ұйымдардың негізгі типтеріне көптеген емдік-профилактикалық орындар жатады: санаторийлер, емдік пансионаттар, курорт емханалары, емдік жағажайлар, минералды су галереялары мен бюветтері, ванналы орындар, радонды емдік орындар, солярий, аэрарий және емдік жүзу бассейндері, т.б. жатады. Климаттық курорттарда сонымен қатар демалыс орындары, турбазалар, пансионаттар мен кемпингтер де жатады.

Санаторий –  арнайы ұйымдастырылған режим жағдайында табиғи емдік және жасанды факторлармен, емдік  дене шынықтырумен, емдік  тамақтанумен емдеуге, профилактиға және медициналық реабилитацияға бағытталған  емдік-профилактикалық мекеме.   

Курорттардағы ұйымдастырушылық қызмет науқастарды іріктеп, оларға бағыт-бағдар беру жұмыстарынан басталады. Медициналық іріктеуге сәйкес, науқасты іріктеп, оны санаторлы-курортты емделуге бағыттауын емдеуші врач немесе емдік-профилактикалық мекемесінің басшысы жүзеге асырады.

Курорттардағы мақсатты анықтауда кәсіпорын иесі науқастың ауру түрін, оған санаторийдің емдік әдістерінен қарсы көрсеткіш  болмайтындай, климатогеографиялық  жағдайлар контрастылығын, курорттағы гидроминеральды ресурстарының  ерекшеліктерін, науқастың жолды қалай көтеретіндігін ескеруі тиіс.  Кәсіпкер санаторлы-курорттық орынға көрсеткіші бар науқасқа жолдама алуға медициналық анықтама беруі керек. Онда ауру диагнозы, емдеу түрі жайындағы рекомендация, санаторийдің медициналық профилі, оның орналасқан орны, маусым, курорт атауы және оның аналогтарын көрсетіледі.

Кәсіпорын иесінің  емделуші туристерге көрсететін қызметі  төмендегідей болуы керек:

-емдік-профилактикалық;

-орналастыру;

-тамактану;

-спорттық-сауықтыру;

-анимациялық-бос  уақыттық;

-қызмет көрсету  және тұрмыстық. 
 

26. Диетотерапия. Емдік тамақтандыруды ұйымдастыру.

      Тамақтану қызметі курорттың базалық қызметтер  қатарына жатады. Қазіргі таңда тамақтандыру емдік, культмассалық, спорттық-сауықтыру  және орналастыру қызметтерімен  бірге жүретін санаторлы кешеннің ажырамас бөлігі.

Диетотерапия  – арнайы қабылданған тамақ рационы(диета) және тамақтану режиміне негізделген  ауруларды емдеу мен профилактика тәсілі.

Балансталған  тамақтану концепциясына байланысты емделушінің ағзасындағы биохимиялық процестер белгілі бір ауытқулармен өтіп жатады. Тамақтану сипатын өзгерте отырып, зат алмасу процесін реттеуге және ауру түрін қалыпқа түсіруге болады. Тағам ассимиляциясының барлық кезеңінде физиологиялық процестердің жақсаруы үшін тағамда болатын пайдалы заттардың коррекциясы қажет. Ол үшін:

-емделушілерді  жекелеп калорийлігі  мен химиялық ингредиентіне байланысты іріктеу керек(мысалы, қант диабетінде, семіздікте);

-ағзаның ферменттік  жүйесі мен тамақтың химиялық  құрамын теңестіру керек;

-тамақ құрамы заттарының әсерінің есебі. Мысалы, толығымен қайнатылмаған май кальциймен араласып кетеді. Ал бұл кальцийдің жетіспеушілігіне алып келеді;

-тағамның технологиялық  жасалуын жиі өзгертіп тұру;

-тағамға биологиялық  белсенді заттарды қоса отырып, артық заттарды ысырып тастау.

Кез келген жағдайда диеталық тамақтану:

-физиологиялық  қажеттілікті ғана емес, емдік  құрал ретінде қызмет жасауы  тиіс;

-емделушіге  клиникалық әсері болып, патологиялық  сипаты ретінде қызмет етуі  тиіс;

-терапевтік  құралдардың тиімділігін көтеруі тиіс;

-гормондардың  белсенділігін қалыпқа келтіруі  тиіс.

Санаторлы-курорттық  орындарда энергияның шығыны өте  жоғары мөлшерде болады(емдік дене шынықтыру, интенсивті жүріс т.б. нәтижесінде). Орта есеппен алғанда 1 кг дене массасының 5 ккал энергия жоғалтады. Ал диетотерапияда тамақтанудың энергетикалық құндылығын 20-25 пайызға көтереді, яғни тәулігіне 3500-3800 ккалды құрайды.

Санаторлы –  курорттық орындарда бас дәрігер  әрбір жеке тұлға мен столға азық-түліктің нормасын қойып, іс жүзінде қабылдауы тиіс. Химиялық құрамы мен калорийлігі тек берілетін тағам түріне ғана есептелмейді, қосымша буфетті тағамдарға, яғни қант, нан, т.б.есептелінеді.

Емделушілер санаторийге  алғаш келгенінде кезекші диеталы  столдар бектіледі. Қабылдау бөлімінде  олардың диетасын ауру тарихына жазып, тамақтануға тапсырып қабылдайды. Онда кезекші дәрігер жазады: емделушінің фамилиясы мен инициалдары, диета номері, науқастың келген күні мен уақыты, тамақтануға жазылған мерзімі(таңғы, түскі, кешкі ас).

Санаторийлардағы  асханаларда қызмет ететін персоналдар: шеф-повар; жеміс, көкөніс тазалаушы; ыдыс жуушы; асхана жұмысшысы; официант; шаруашылық жүргізушісі; пекарь.  

27. Гелиотерапия. Ем әдістері

Гелиотерапия - күн сәулесін емдік-сауықтыру мақсатында қолдану. Ол толығымен немесе бөліктерінің ашық болған денеге ауаның әсерімен сипатталады(күн ванналары). Гелиотерапияның негізгі факторы болып өзіне ұзынтолқынды және қысқатолқынды ультракүлгін сәулесі мен инфрақызыл сәулесін қосатын Күннің оптикалық сәулеленуі табылады. Күннің жер бетіне дейін жететін сәулелену спектрінде қысқатолқынды сәулелер болмайды, оларды атмосфераның озон қабаты өзіне тартып алады.

Күннің оптикалық  сәулесінің интенсивтілігі мен спектральды  құрамы оның көкжиек тұсында орналасуы  мен атмосфераның тұнықтығына байланысты болады. Күн сәулесінің емдік әсері әр түрлі диапазондағы инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерінің бір уақыттағы әсерімен анықталады. Олардың негізінде фотофизикалық және фотохимиялық процестер жатыр. Осыдан шыққан эритемадан биологиялық белсенді заттар қанға түсіп, жасуша тынысын реттейді, ағзаның әр түрлі ағза тарамдарын репаративті регенерацияға әкеледі.

Информация о работе Шпаргалка по "Лечебному туризму"