Шпаргалка по "Лечебному туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:00, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Лечебный туризм".

Содержимое работы - 1 файл

Емдік туризм 100 балл.doc

— 524.50 Кб (Скачать файл)

     Австрия  өзінің курорттарның көп болуымен  мақтанады. Олардың ішіндегі танымал  – Бадгастайн бальнеологиялық  курорты. Зальцбург провинциясының оңтүстігінде, Гастайн өзенінің жазықтығында орналасқан. Ол радонды ыстық бұлақтардың базасында құрылған.

   Бадгастайн 1828 жылы қарқынды дами бастады  және өткен жүзжылдықта дүниежүзілік  маңызға ие болды. Курортта  коптеген танымал адамдар және мемлекет басшылары да болған. Қазіргі таңда Бадгастайнға туристер ағымы кеңейді. Келущілердің бір бөлігі жай демалуға келеді.

     Бальнеологиялық  және климаттық курорттармен  қатар, Австрия көл маңындағы  емдік-сауықтыру туризмін дамытуда. Жыл сайын Аттерзе, Мондзе, Оссиахер-Зе және Топлицзе көлдері 1 млн.ға жуық туристерді қабылдайды. Жалпы айтқанда, мемлекетке келетін туристердің 20%-дан астамы емдік мақсатпен келеді.

     Швейцария  курорттар саны бойынша Германия  мен Австриядан қалып қалады, алайда емдік сауықтыру туризмі бағытында олардан кем түспейді. Бірақ курорттық қызмет көрсету бұл мемлекетте тек қалталы клиенттерге қолжетімді. Себебі оның бағасы өте жоғары.

    Швейцарлықтар  мен шетел қонақтарының арасында  аса танымал курорттар бальнеологиялық  курорттар (Баден, Бад-Рагац) және таулы климатты курорттар (Ароза, Давос, Санкт-Мориц, Церматт және т.б.). Швейцария алғашқылардың бірі болып шоппен емдей бастады. Мұнда Кран-Монтана атты ірі фитотерапиялық орталық орналасқан. Шөп қайнатпалары мен тұндырмалар ағзаның қорғаныш функцияларының жұмысын жақсартуға, артық салмақтан құтылуға, қартаю процесін баяулатуға көмектеседі. Орталықта дерматоз, зат алмасудың бұзылуын, диабет, буын ауруларын, жүйке жүйесінің бұзылуын емдейді.

    Емдік  сауықтыру туризмі нарығында Оңтүстік Европадағы танымал мемлекет Италия болып табылады. Оның бальнеологиялық курорттары мемлекеттің солт-шығысында, Эмилья-Романья ауданында және тек термальды суларға ғана емес, сонымен қатар шипалы балшықтарға бай Искья аралында орналасқан.

   Испания, Португалия, Греция туристерді өзінің негізінен демалыс және көңіл көтеру зонасы ретінде танымал климаттық теңіз жағалауындағы курорттарымен белгілі.Бұл мемлекетте мамандандырылған емдік курорттар саны аз. Олар курорттардың жалпы санының бірнеше пайызын ғана құрайды.

    Солтүстік  Европада емдік сауықтыру туризмі  нашар дамыған. Олардың ішінде  Дания мен Нидерландының, сонымен  қатар Норвегияның, Финляндияның  және Швецияның көл аймағындағы  курорттарын атап кетуге болады. Бұл курорттар мемлекет ішінде  маңызды орын алады. 

2. Европа емдік туризмінің даму тенденциясы.

     Европа  дүние жүзіндегі емдік туризм  бойынша ірі аудан болып табылады.Бұл  жерде алғашқы курорттар пайда  болды, курорт ісі туындады, бүкіл  дүниежүзі бойынша сауықтыру  курорттарының жұмыс істеуіне негіз болған емдік туризмді дамыту модельдері қалыптасты.Қазіргі таңда Европаның емдік сауықтыру нарығында трансформациялық процесстер өтуде, жаңа тенденциялар қалыптасуда.

     2010 жылғы қорытынды бойынша Европалық  мемлекеттердің біреуінде де  сауықтыру қызметін тұтыну көлемі төмендемеген: Австрияда сатылым көлемі 2009жылғы деңгейде қалған, Германия мен Ұлыбританияда 2%-ға өскен, Чехияда өсім 3%-ды құраған. Европалық сауықтыру туризмі нарығының экономикалық дағдарыста тұрақты болуы оны дамыту тенденцияларына байланысты.

№ 1 тенденция. Клиенттік  аудиторияны қарқынды жасарту: курортқа келуші 30-40 жас шамасындағы адамдардың үлесі 20%-дан 90-шы жылдардың басында 40%-ға дейін өсті. Мамандар жастардың  сауықтыру ға сұранысын стресстің  әсерінен денсаулықтың нашарлауы деп түсіндіріп отыр. Субъективті себептерден салауатты өмір салтын жүргізу сәнін айта кеткен жөн.

№ 2 тенденция. Тұтынушылар  үшін Батыс Европа мен Шығыс Европа курорттарының арасындағы бәсекелестіктің  өсуі. Шығыс Европа курорттарына сұраныстың көбеюі төмен бағалармен ғана емес, сонымен қатар емделудің сапасының жоғарғы деңгейде болуымен байланысты.

№ 3 тенденция. Терапияның дәстүрлі емес түрлерінің есебінен сауықтыру  және медициналық процедуралардың  номенклатурасының кеңеюі. 

3. Табиғи бальнеологиялық ресурстар сипаттамасы (аймақ таңдау бойынша)

Кавказ минералды  суларының аймағы.

Кавказ минералды  суларының аймағы Ставрополь жақта  орналасқан. Онық құрамына Ресейдегі  атақты Кисловодск,  Пятигорск,  Ессентуки  және Железноводск курорттары кіреді. Курорттың ерекшелігі минералды сулар типтері мен түрлерінің көп болуы.

     Минералды  суларға қатысты 4 өмірқышқылды  бастауды атап өту керек: Кисловодск,   Ессентукки, Пятигорск және Железноводск  сулары.

    Кисловодск  бастауының суы: аз минералданған  (М  1,5-5,0 г/куб. дм), көмірқышқылды (СО2  1,0-3,0  г/куб.  дм), сульфатты   -  гидрокарбонатты магнилі -  кальцилі су. Кисловодск Нарзандары немесе жай Нарзандар атауымен белгілі. Олар ванна немесе ішу арқылы ем ретінде қолданылады. Қоры  2000 куб. м/тәу асады.

     Ессентуки  бастауының суы: "Ессентуки-4" типіндегі  минералдығы   7-10   г/куб.   дм   және "Ессентуки-17"   типіндегі минералдығы 10-15  г/л  көмірқышқылды  (СО2 1,0-3,0 г/куб.   дм)  хлоридті  -  гидрокарбонатты   натрилі; орташа минералданған   күкіртсутекті - көмірқышқылды, хлоридті  -  гидрокарбонатты  натрилі  және т.б. сулар.

    Бастаудағы  су қорларының мөлшері 800 куб.м/тәу  астам. Ессентуки курортында ішке  және сыртқа қабылдау арқылы  ем ретінде қолданылады.

   Пятигорск  сулары минералды суларының әртүрлілігімен ерекшеленеді.      

Мұнда құрамында  ион бар аз және орташа минералданған (М 4,0-8,5

   г/куб.  дм) көмірқышқылды су қоры көп.  Кремнилі, суық және жылы Пятигорлық  Нарзандар ішу арқылы ем ретінде  қолданылады. Күрделі ион құрамы  бар (М  4,5-5,5  г/куб. дм) көмірқышқылды – күкіртсутекті кремнилі сулар сыртқа және ішке де қабылданады. Ессентуки-4  (М 7,5-10 г/куб. дм) және Ессентуки-17 (М 10,0-12,0 г/куб.  дм) типіндегі көмірқышқылды орташа минералданған (М 7,5-12,0 г/куб.  дм)  хлоридті  - гидрокарбонатты натрилі құрамды сулар ішу арқылы қабылданады. Радон мен химиялық құрамына әртүрлі радонды сулар: жоғарғы радонды (Rn    230-330    нКи/куб.   дм) сульфатты - гидрокарбонатты натрилі - кальцилі сулар М 1,0-1,5 г/куб. дм, күрделі ионды құрамды орташа радонды  с (Rn  70-80 нКи/куб. дм)   М  2,0-4,0  г/куб.  дм  және күрделі ионды құрамды әлсіз радонды  (Rn  15-40  нКи/куб. дм) с М 2,5-3,5 г/куб. дм. Бастаудағы минералды сулар қоры 3000 куб. м/тәу, ал радонды су 706 куб. м/тәу.

          Железноводск бастауларының сулары негізінен бір типті. Көмірқышқылды (СО2 0,8-1,6 г/куб.  дм) аз минералданған (М 3,0-4,0 г/куб. дм) сульфатты - гидрокарбонатты  кальцилі  -  натрилі су. Бұл сулардың қоры

2000 куб. м/тәу  жуық. Су Железноводск курортында  ішу және сыртқы бальнеопроцедуралар үшін қолданылады.

   

4. Европаның емдік орталықтарының карта схемасын құрастыру.

Баден, Австрия, бальнеологиялық

Бад Ишль, Австрия, бальнеобалшықты, климатты

Бад Халль, Австрия, бальнеоклиматтық

Бад Хофгаштайн, Австрия, бальнеобалшықты, климаттық

Ждановичи, Белоруссия, бальнеоклиматты

Нарочь, Белоруссия, бальнеобалшықты, климаттық

Албена, Болгария, бальнеобалшықты, климаттық

Банкя, Болгария, бальнеоклиматтық

Нареченски Бани, Болгария, бальнеоклиматтық

Поморие, Болгария, балшықты, таулы климаттық

Хисаря, Болгария, бальнеологиялық

Балатонфюред, Венгрия, бальнеоклиматты

Бюк, Венгрия, бальнеологиялық

Хайдусобосло, Венгрия, бальнеобалшықты

Баден-Баден, Германия, бальнеобалшықты 

Бад Киссинген, Германия, бальнеологиялық

Бад Мергентхайм, Германия, бальнеологиялық

Бад Фюссинг, Германия, бальнеоклиматты

Монтекатини-Терме, Италия, бальнеобалшықты

Кьянчано Терме, Италия, бальнеобалшықты

Фьюджи, Италия, бальнеологиялық

Друскининкай, Литва, балшықты, климатты

Ивонич-Здруй, Польша, бальнеобалшықты

Кудова-Здруй, Польша, бальнеоклиматты

Крыница, Польша, бальнеоклиматты

Cвинoyйcьцe, Польша, бальнеоклиматты

Цехоцинек, Польша, бальнеологиялық

Буско-здруй, Польша, бальнеобалшықты

Бейле Олэнешти, Румыния, бальнеоклиматты

Слэник Модова, Румыния, бальнеоклиматты

Cынджорз-бэи,  Румыния, бальнеоклиматты

Брусно, Словакия, бальнеоклиматты

Бардейов, Словакия, бальнеоклиматты

Вышне Ружбахи, Словакия, бальнеоклиматты

Ковачова, Словакия, бальнеоклиматты

Нимница, Словакия, бальнеоклиматты

Тренчианске Теплице, Словакия, бальнеологиялық

Рогашка, Словения, бальнеологиялық

Раденци, Словения, бальнеологиялық

Миргород, Украина, бальнеоклиматты

Моршин, Украина, бальнеоклиматты

Трускавец, Украина, бальнеоклиматты

Евпатория, Украина, Крым, бальнеоклиматты

Феодосия, Украина, Крым, бальнеоклиматты

Виши, Франция, бальнеологиялық

Эвиан-ле-Бен, Франция, бальнеологиялық

Крапинске Топлице, Хорватия, бальнеоклиматты

Лугачовице, Чехия, бальнеологиялық

Марианске Лазне, Чехия, бальнеологиялық

Карловы Вары, Чехия, бальнеологиялық

Франтишковы Лазни, Чехия, бальнеобалшықты

Вярска, Эстония, бальнеобалшықты 

5. Европаның  емдік орталықтарының номенклатурасын  құрастыру.

Баден, Австрия, бальнеологиялық

Бад Ишль, Австрия, бальнеобалшықты, климатты

Бад Халль, Австрия, бальнеоклиматтық

Бад Хофгаштайн, Австрия, бальнеобалшықты, климаттық

Ждановичи, Белоруссия, бальнеоклиматты

Нарочь, Белоруссия, бальнеобалшықты, климаттық

Албена, Болгария, бальнеобалшықты, климаттық

Банкя, Болгария, бальнеоклиматтық

Нареченски Бани, Болгария, бальнеоклиматтық

Поморие, Болгария, балшықты, таулы климаттық

Хисаря, Болгария, бальнеологиялық

Балатонфюред, Венгрия, бальнеоклиматты

Бюк, Венгрия, бальнеологиялық

Хайдусобосло, Венгрия, бальнеобалшықты

Баден-Баден, Германия, бальнеобалшықты 

Бад Киссинген, Германия, бальнеологиялық

Бад Мергентхайм, Германия, бальнеологиялық

Бад Фюссинг, Германия, бальнеоклиматты

Монтекатини-Терме, Италия, бальнеобалшықты

Кьянчано Терме, Италия, бальнеобалшықты

Фьюджи, Италия, бальнеологиялық

Друскининкай, Литва, балшықты, климатты

Ивонич-Здруй, Польша, бальнеобалшықты

Кудова-Здруй, Польша, бальнеоклиматты

Крыница, Польша, бальнеоклиматты

Cвинoyйcьцe, Польша, бальнеоклиматты

Цехоцинек, Польша, бальнеологиялық

Буско-здруй, Польша, бальнеобалшықты

Бейле Олэнешти, Румыния, бальнеоклиматты

Слэник Модова, Румыния, бальнеоклиматты

Cынджорз-бэи,  Румыния, бальнеоклиматты

Брусно, Словакия, бальнеоклиматты

Бардейов, Словакия, бальнеоклиматты

Вышне Ружбахи, Словакия, бальнеоклиматты

Информация о работе Шпаргалка по "Лечебному туризму"