Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы еңбек және еңбекақыны ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 22:24, курсовая работа

Краткое описание

Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
1. Еңбектің саны мен сапасы, шығарылм нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;
3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңдекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;

Содержание работы

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1.1. Еңбекақыны жоспарлау және реттеу.
1.2. Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
2.1. Қосымша жалақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу.
2.2. Қосымша еңбекақы төленетін төлем түрлері.
3.1. Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі.
3.2. Кәсіпорынның негізгі қызметінің еңбекақы төлеуге әсері.
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Содержимое работы - 1 файл

Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы еңбек және еңбекақыны ұйымдастыру.docx

— 51.67 Кб (Скачать файл)

1.Шығарылым нормасын қолданған  кезде (Н шығ.) Б=Т/Н шығ. , мұндағы  Т – тиісті разрядтың тарифтік  ставкасы (Бірегей тарифтік кесте  айлық балансына бөлу жолымен  анықтайды).

2.Уақыт нормасын қоладнған кезде (Н уақ.) Б=Т*Н уақ.

  Төлемнің мерзімдік нысаны қызметкерлердің барлық санатына қолданылады. Жалақыны есептеу жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелінің негізінде жүргізіледі. Мерзімдік ақы алатын жұмысшының жалақы сомасы нақты жұмыспен өтелген сағаттардың сағаттық тариф ставкасына көбейтіндісі ретінде анықталады.

01 Жалақы = нақты жұмыспен*сағаттық тариф

сомасы өтелген сағаты саны ставкасы

  мерзімдік ақы алатын 6-разрядтағы сағаттыұ тариф ставкасы 76 теңг болған кезде 182 сағат жұмыс істеген. Жалақы сомасының есептелуі: 182*76=13732 теңге.

  Қызметкерлердің жалақысы бойынша есептеледі:

- егер жұмыскер сол айдығы жұмыс күндерінде толыұтай жұмыс істесе,

 онда жалақының мөлшері  қызметақы мөлшеріне сәйкес келеді:

- егер жұмыскер сол  айдағы жұмыс күндерінде толықтай  жұмыс істемесе, онда жалақы нықты  жұмыспен өтелген уақытқа қарай  есептеп шығарылады.

Мысалы: қызметақысы 11300 теңге  фирма менеджері айдағы 26 жұмыс  күнінң 20 күнінде жұмыс і0стеген.

  Айдың орташа күндік  жалақысы: 11300/26 =434,62 теңге. Менеджердің  жалақысы 434,62*20=8692,4 теңге құрайды.  Жай мерзімдік жүйе жұмыскер  еңбегінің түпкілікті нәтижесі  мен оның жалақысы арасындағы  байланысты қамтамасыз етпейді.  Шаруашылық субъектісі жұмыскердің  еңбегіне ақы төлеу үшін мерзімдік  – сыйақылық жүйені қолдануға  құқылы. Бұл орайда сыйақы беру  мынадай көрсеткіштер бойынша  жалақы қорына (К-т 681) немесе тұтыну  қорына (562-шот) жүргізіледі:

  1.Өндірістік тапсымаларды  орындау және асыра орындау;

  2.Еңбек өнімділігінің  өсуі, бұымның еңбекті қежет етуін  төмендету, шығарылымының жаңа  нормасын, қызмет көрсету мерзімін  игеру басқалар.

  Сыйақы мөлшері орындалған  жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігіне  қарай кәсіпкер мен жұмысшылардың  толтарына сараланып белгіленеді. 

  Мысалы, сыйақы беру  туралы ережеде жабдықтың тұрып  қалуын қысқарту үшін кезекші  слесарьларға тарифтік ставкасының  20% - ті мөлшерінде сыйақыберу  көзделеді. 

  Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу нормасы 5% құрайды. Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік сатвка 100 %, жабдықтың айішінде тұрып қалуы - 3%.

  1.Мерзімдік жалақы: 180*100=18000 теңгеге тең.

  2.Жабдықтың тұрып қалуын төмендетудің әрбір % - ті үшін сыйақы мөлшері 20%/5%=4%.

  3.Жабдықтың тұрып  қалуын қысқарту 5% - 3% = 2%,

  4.Сыйақының % - тік мөлшері 4%*2%=8%,

  5.Сыйақы сомасы: 18000*8% = 1440 теңге,

  6.ай ішіндегі жалақы 18000+1440 = 19440 теңге.

  Материалдарды үнемдеген жұмысшыларға сыақы беруге ір бір жұмыс орны, бригада учаскесі боынша нақты үнемделген материалдар сомасынан белгілі бір % жасалуы мүмкін.

  Мысалы. Мерзімдік ақы алушы жұмысшы 180 сағат жұмыс істеп есепті айда 1200 теңге сомасының материалдарын үнемдеген. Сыйақы беру туралы ережеге сәйкес сыйақы нақты үнемделген материалдардың 35% мөлшерніде есептелінеді. Тарифтік сатвка 100 (сағатпен):

1. Мерзімдік жалақының сомасы 180*100 = 18000 теңге.

2.Материалдарды үнемдегені  үшін сыйақы 1200*35% = 42000 теңге.

3. Айдағы жалақы сомасы 18000+42000=60000 теңге.

  Сыйақы цехтардың және бүкіл кәсіпорынның жалпы ұжымдық жұмыс көрсеткіштер үшін есептелуі мүмкін (өндірістік тапсырмаларды, жеткізу шарты, өткізу көлемін орындау және асыра орындау). Сыйақы көлемі жалпы кәсіпорын бойынша белгіленеді.

  Мысалы. Цехтың қол жеткізген жұмыс көрсеткіштері үшін бұйрыққа сәйкес кезекші слесарь 15% мөлшерніде сыйақы алады. Слесарь 160 сағат жұмыс істеген. Тарифтік ставка 100 теңге.

  1.Тарифтік жалақы: 160*100 = 16000 теңге.

  2.Сыйақы: 16000*15% = 2400теңге.

  3.Жалақы сомасы 16000+2400 = 18400 теңге.

  Қызметкерлер кәсіпорын жұмысының жалпы көресткіштері үшін сыйақы алады.

 Жеке өсімдік еңбекақы

  Табыс әрбір жұмысшының жұмыс нәтижесіне байланысты. Ол белгіленген бағалауды дайындалған бұйымдардың сапасына көбейту жолдарынмен анықталады.

  Мысалы. Кесімді ақы алатын жұмысшыға белгілі 250,56 теңге бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Жалақысы 30*205,56=7516,8 жеңге.

Бригадалық кесімді еңбекақы

Жұмысшыларды жалақысы бригадалардың, учаскенің жұмыс нәтижесі

бойынша анықталады. Бағалар  жеке (әрбір кесіпке) және кешенді 

(ұжымдық) болуы мүмкін.

  Жеке бағалауды қолданған  кезде жалақы жұмыстың осы  түрінің бағалауын бригада, цех,  учаске жасаған (өңдеген) бұйым  (жұмыс) санына көбейту жолымен  анықталады.

  Кешенді бағалауды қолданған кезде бригаданың кесімді табысы анқталады. Ол бригада мүшелерінің арасында жалақы тарифіне пара – пар бөлінеде (жұмысшы разрадының тарифтік ставкасын нақты жұмыспен өтелген сағаттарға көбейту арқылы). Жалақы КТУ ескерілген тариф бойынша (КТУ жалақысы) есептелінеді, содан кейін бөлу коэффициенті анықталады (бригаданың кесімді жалақысы КТУ ескерілген тариф бойынша бригада жалақысына бөлінеді). Әрбір жұмысшының айлық жалақысы тариф бойынша жалақыны бөлу коэффициентіне қайта көбейту арқылы анықталады. 

  Мысалы. Құрамында 3-ші, 5-ші, 6-ші разрядты 3 адам бар кесімді  ақы алушы жұмысшылар бригадасы  әрқайсысы 8-40,40 теңгеден бағаланған  екі машинаны жинады. Ахметов  80 сағат жұмыс істеген (6-разряд), Ким 60 сағат жұмыс істеген (5-разряд), Петтов – 70 сағат жұмыс істеген  (3-разряд).

  1.Бригаданың жалақысы 8040,40*2машина = 16080,80 теңге.

  2.Тариф бойынша жалақы:

  Ахметов 80*100=8000 теңге

  Ким 60*80=4800 теңге

  Петров 70*56= 3920 теңге.

  3.Нақты жалақыны бөлу коэффиценті

  16080,8 /(8000+4800+3920) =096

  4. Айлық жалақы:

  Ахметов 8000*0,96=7680 теңге

  Ким 4800*0,96=4608 теңге

  Петров 3920*0,96=3000 теңге

  Жиыны:16080,80 теңге.

  Жанама – кесімді жүйеде қызмет көрсетуші жұмысшылардың жалақы мөлшері осы жұмысшылар қызмет көрсеткен негізгі өндірістік жұмысшылар еңбегінің түпкілікті нәтижесіне тікелей тәуелді болыды. Бұл орайда жанама – кесімді бағалау қызмет көрсетуші жұмысшылардың тарифтік жалақысының негізгі жұмысшылар жоспарлаған өнім шығарылымның санына қатынасы ретінде анықталады.

Тарифтік тор көз- бюджеттік сала қызметкерлеріне тарифтік ставка немесе тиісті қызметақы тағайындалғанда, төменгі еңбекақы мөлшері мен бірыңғай тарифтік тор көз қолданылады.

Бірыңғай тарифтік тор көз еңбекақы төлеудің 21 разрядына негізделіп, әр разряд бойынша өзіндік тарифтік коэффициент белгіленген.

 

Бірыңғай тарифтік тор көз

Бірыңғай тарифтік тор  көз разряды

(1 разрядқа)

тарифтік

коэффициент

Бірыңғай тарифтік тор  көз разряды

(1 разрядқа)

тарифтік

коэффициент

1

1,0

12

2,20

2

1,07

13

2,37

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,41

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05

   

 

Бірыңғай тарифтік тор  көз бойынша жұмысшылар мен мамандар 1 мен 6 разряд, ал қызметкерлер 2 мен 14 бойынша тарификацияланады. Қызметкерлерді тарификациялау бірыңғай тарифтік –мамандандырылған анықтам (БТМА) немесе мамандандырылған анықтама (МА) бойынша жүргізіледі.

Әр түрлі кәсіби маманданған  қызметкерлер тобының тарифтік ставкасы мен қызмет ақысы, кәсіпорын бекіткен (1 разрядтық ставка бойынша, қызметке алушының төменгі еңбекақы мөлшерінен кем болмауы тиіс) және бірыңғай тарифтік тор көзде бекітілген тарифтік мамандандырылған коэффициентке байланысты анықталады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  тарифтік –мамандандырылған анықтамасы қызметкерлерге разряд беріп және жұмысын тарификациялайтын, барлық мамандар кәсібіне сипаттама беріп, өндіріс жіне жұмыс жүрісіне байланысты бөлетін анықтама болып табылады.

Мамандандырылған анықтама құзыреті мен жұмыс күрделілігі  сатысы және мамандану деңгейіне  байланысты дифференциялауды қамтамасыз етеді.

Бұл анықтама мамандандырылған комиссияға қызметкерлердің мамандық разрядын белгілеу үшін қажет.

Кәсіпорын, меншік түріне қарамастан еңбекақыға қатысты сұрақтарды, ұжымдық  келісімге байланысты өзі шешеді.

Қажет болған жағдайда тарифтік –мамандандырылған анықтаманы қолданады. Ол үшін тарифтік –мамандандырылған комиссия құрылып "

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша жалақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу

ҚР еңбек заңдарына  сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің  мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары  төленеді:

  1. Мемлекеттік және  қоғмдық міндеттемелерді орындау  уақыты;

  2. Жасөспірімдердің жеңілдік  сағаттарын төлеу;

  3. Нәрестені тамақтандыруға  аранлған қосымша үзілістерді  төлеу;

  4. Кезекті және оқу  демалыстарының уақытын төлеу;

5. Пайдаланылмаған демалыс  үшін өтемақы;

  6. Жұмыстан босаған  кездегі шығу жердемақысы.

  Жұмыспен өтелмеген  уақыт орташа жалақы бойынша  төленеді. ҚР Еңбек және әлеуметтік  қорғау министрлігінің 5.09.97 ж. №3  және ҚР Қаржы министрлігінің 16.09.97 ж. №17/8340 бұйрықтарымен бекітілген  Ұйымдардың қызметкерлеріне орташа  жалақыны есептеудің тәртібі  туралы Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдардың  қызметкерлеріне орташа жалақы  есептеу үшін төлемдердің алдындағы  12 күнтізбелік ай есепткі кезең  болып табылады (1 жылдан кем уақыт  жасаған қызметкерлер үшін орташа  жалақы нақты жұмыспен өтелген  уақыт үшін белгіленеді).

  Орташа жалақыны анықтау  үшін:

  1.Күндік орташа жалақыны (жұмыс істелмейтін және мереке  күндерін қоспағанда);

  2.Орташа сағаттық  жалақы пайдаланылады;

  Күндік орташа жалақы, еңбеккке ақы төлеу мен демаыс  үшін өтемақы төлеуден басқа  барлық жағдайда есепті кезеңде  есептелген жалақы сомасын жұмыс  күндерінң сомасына бөлу жолымен  анықталады.

  Нақты жұмысшының  ораташа жалақысының мөлшері  күндік орташа жалақыны төленуге  тиіс күндер сомасына көбейту  жолымен анықталады.

  Күндік орташа жалақы  есепеті кезеңде есептелген жалақы  сомасын жыл сайынғы жұмыс  уақытының балансына сәйкес осы  кезеңдегі жұмыс сағаттарына  бөлу жолымен есептеледі. Нақты  қызметкердің орташа жалақысынң  мөлшері орташа сағаттық жалақыны  төленуге тиіс кезеңдегі жұмыс  сағатының санына көбейтілу жолымен  анықталады. Егер:

  1.Қызметкердің орташа  жалақысы төленсе немесе сақталса (ҚР заңына сәйкес);

  2.Қызметкер мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру бойынша  жәрдемақы аласа (жүктілігі мен  босануы бойынша еңбекке уақытша  жалрамсыздық) және басқадай болса  орташа жалақыны есептеуге арналған  есептік кезеңнен уақыт, сондай - ақ төленген сомалар аланып  тасталынады.

  Ынталандырушы сипаттағы  сыйақылар мен басқа төлемдер  есептеу уақыты бойынша ораташа  жалақыны есептеген кезде қосады, жылдық сыйақылар мен сыйлықтар  есепті кезеңнің әрбір айы  үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі.

  1.Мемелекеттік және  қоғамдық міндеттемелерді орындау  уақыты. Төлем орташа сағаттық  немесе орташа күндік міндеттемелерді  орындаған мекеменің табелінің,  анықтамасының немесе құлықтандыруының  негізінде жүргізіледі.

  2.Жасөспірімдердің жеңілдік  сағаттары. 5 күндік жұмыс аптасы  кезінде 16 мен 18 жас аралығындағы  жасөспірімдер үшін күніне 7 сағат  12 минуттан апауы керек (16-дан  18 дасқа дейін – аптасына 36 сағат, 15 –тен 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат). Олар:

а) кесімді ақы алушы  жасөспірімдерге кесімді ақы  алушының тарифтік ставкасы бойынша;

б) мерзімдік ақы алушы  жасөспірімдерге тиісті разрядтың  ставкасы бойынша төленеді. 

  3.Нәрестені тамақтандыдуға  арналған үзіліс. Мұның өзі медицина  мекемсі емізетін аналар мен  1 жасқа дейінгі балалары бар  әйелдерге берген наықтамамен  рәсімделеді. Демелыс пен тамақтануға берілетін жалпы үзілістен әрбір 3 сағат сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша үзілістер беріледі. Бұл үзілістер орташа жалақы бойынша төленеді.

  4.Демалыс уақытын  төлеу. Еңбек заңдарына сәйкес жұмыс (күнтізбелік емес) жывлында жұмысшылар мен қызметкерлерге бір рет демалыс беріледі. Демалыс алу құқығы сол кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін туындайды. Демалыстың ұзақтығын шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. Демалыс бұйрықпен немесе демалыс беру туралы жазбамен рәсімделеді де, онда оның қандай мерзімге берілетіндігі мен қзақтығы көресетіледі. Демалысты төлеуге және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге арналған күндік орташа жалақысы демаылсқа кетер алдындағы 12 күнтізбелік айдың жалақысына орай анықталады (18.09.97 ж. №17/9340 Нұсқаулық).

Информация о работе Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы еңбек және еңбекақыны ұйымдастыру