Макроэкономиканың пәні және әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:54, творческая работа

Краткое описание

Экономикалық теория ғылымының бастапқыда бір ғана құрамдас бөлігі болған – ол микроэкономика. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап кейнстік теорияның өмірге келуімен байланысты оның екінші құрамдас бөлігі пайда болды – ол макроэкономика. Осыған байланысты қазіргі уақытта, экономикалық теория микроэкономика және макроэкономика болып бөлінеді.

Содержимое работы - 1 файл

Презентация2.pptx

— 309.75 Кб (Скачать файл)

Макроэкономиканың пәні және әдісі. 

Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық  Қазақ-Түрік университети. 

Сөж.  

тақырып: 
 

орындаған: Замирбеков  Мырзабек  

қабылдаган:

Жоспар: 

3 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары. 

1. Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. 

2. Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар.

1.Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. 

Экономикалық теория ғылымының бастапқыда бір ғана құрамдас бөлігі болған – ол микроэкономика. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап кейнстік теорияның өмірге келуімен байланысты оның екінші құрамдас бөлігі пайда болды – ол макроэкономика. Осыған байланысты қазіргі уақытта, экономикалық теория микроэкономика және макроэкономика болып бөлінеді.

Микроэкономика – жекелеген экономикалық агенттердің мінез-құлықтары мен тәртіптерін зерттейтін ұтымды субъектілердің дербес шешім қабылдауларын қарастыратын экономикалық теорияның негізгі бір саласы. Микроэкономика түсінігі бір мағынада ғана қарастырылмайды, ол бір жағынан, жекелеген фирмалардың, үй шаруашылықтарының  және салалардың өз қызметтерінің ынталарын іске асыру жөніндегі шешімдерін зерттейді, ал екінші жағынан, ресурстарды тиімді пайдалану және оларды орналастыру, тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу сияқты сұрақтарды да қарастырады. 

Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыздық пен инфляция сияқты іргелі проблемаларды зерттейтін ғылым; экономикалық жүйені біртұтастылық ретінде қарастыратын, әрі ел экономикасының даму факторлары мен нәтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық теорияның маңызды бір саласы.

Алғашқы макроэкономикалық зерттеулер меркантилизм және физиократтар мектептерінен басталады. Ал қазіргі макроэкономика ғылымының негізін салушы ретінде атақты ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) саналады. Оның 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген еңбегі негізінде макроэкономика өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Дж. Кейнс өзінің осы еңбегінде нарықтық экономикада үлкен жұмыссыздық пен іске асырылмаған өндірістік қуаттардың тұрақты жағдайы орын алуы мүмкін және осы кезде мемлекеттің дұрыс ұйымдастырылған және жоспарланған бюджет – салық және ақша – несие саясаттары арқылы сол жұмыссыздықты қысқарта және экономикалық дағдарыстардың ұзақтылығын төмендете отырып ұлттық өндіріске ықпал жасауға болатындығы жөніндегі мәселелерді дәлелдеуге тырысты. Сәйкесінше, Кейнс біртұтас жүйе ретіндегі ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін де дәлелдеді. Кейнстік экономикалық теория макроэкономика және экономикалық саясат салаларында аса басым бағыт болып саналады. Осыған сәйкес, біз мынаны ғана айта аламыз, яғни, макроэкономиканың ғылым ретінде дамуының бастапқы импульсі болып Дж.М. Кейнстің экономикалық идеялары табылады

Соғыстан кейінгі жылдары және 60-шы жылдарға дейін макроэкономикалық саясаттағы кез келген талдау кейнстік қағидаларға сүйенді. Кейнстің қалыптастырып кеткен идеяларын, оның ізбасарлары – неокейнстік бағыттың негізін салушылар – Джон Хикс, Элвин Хансен, Пол Самуэльсон, Рой Харрод, Евсей Домар сияқты ғалымдар әріқарай дамыта түсті.

Бірақта, уақыт өте келе пайда болған жаңа теоретикалық бағыттар кейнстік экономикалық теорияның маңызын төмендете бастады. Кейнстік бағытқа аса салмақты түрде сын айтушы оппонент – монетаризм теориясы қалыптасты. Ал оның негізін салушы американ экономисі Милтон Фридмен (1912-2006) болды.

«Макроэкономика»  терминін алғаш рет 1933 жылы норвегиялық экономист Рагнар Фриш (яғни, осы ұғымның алғашқы авторы) қолданды. Ал ол ғылыми айналымға Кейнстің басты еңбегі дүниеге келгеннен кейін  нақты енгізіліп қолданыла бастады. Бірақта, жоғарыда атап өткеніміздей, макроэкономикалық талдау сұрақтары бірқатар ғасырлар бұрыннан-ақ маңызды түрде қарастырыла бастаған. Француз экономисі-физиократ Ф. Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген еңбегінде алғаш рет экономикалық ғылым саласында қоғамдық өнімнің натуралдық және құндық элементтері арасындағы баланстық пропорцияларды анықтау тұрғысынан қоғамдық ұдайы өндірісті талдауға талпыныс жасаған. Макроэкономикалық талдаудың маңызды жақтары ағылшын экономисі Д. Юмның төлем балансын зерттеу еңбектерінде де кездеседі.

Қоғамдық ұдайы өндірісті макроэкономикалық тұрғыдан талдауды К. Маркс те өзінің моделінде қолданды, ол «Капитал» еңбегінің 2-ші томында (1885 ж.) жиынтық қоғамдық өнімнің натуралдық-заттық және құндық құрылымдар арасындағы сәйкестіліктер мен байланыстарды зерттеді.

Ал қазіргі уақытта, макроэкономика ғылымының дамуына елеулі үлесті посткейнстік мектептің өкілдері (Дж.В. Робинсон, Н. Калдор, П. Страфф), шведтік, чикаголық мектептің ғалымдары, жаңа классикалық макроэкономикалық бағыттың өкілдері (Р. Лукас, Р. Барро, Т. Сарджент, П. Ромер) және де «жаңа кейнсшілдер» мектебі (Дж. Акерлоф, О. Бланчард, Н.Г. Менкью, Д. Ромер, Д. Уэйл) қосып келеді. Тіпті осындай көптеген алуан түрлі мектептердің бар болуына байланысты, олардың макроэкономикалық ой-пікірлері мен көзқарастарының бірдей еместігіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін әлемдік макроэкономикалық ғылымға ангосаксондық бағыт үстемдік жүргізіп келеді деген ой айтылады, соңғы онжылдықтарда осы ғылымның төңірегінде Германияның, Францияның, Италияның, Нидерландының, Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің және басқа да бірқатар елдердің ұстанымдары, көзқарастары мен беделдері кеңейіп, маңызды түрде дамып келеді.

Сонымен, макроэкономика экономикалық теория ғылымының негізгі бөлімі ретінде адамдардың шексіз қажеттіліктері және шектеулі экономикалық ресурстар сияқты іргелі проблемаларды ұлттық экономика деңгейінде зерттейтін ғылым саласы. Макроэкономика экономиканы  біртұтас жүйе ретінде қарастырады. 

Макроэкономиканың зерттеу пәні – негізгі макроэкономикалық проблемалар төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе ретіндегі әрекет ету заңдылықтары. Алайда, макроэкономика осы төрт проблемамен ғана шектеліп қоймайды, оған тән басқа да проблемалар бар.

Макроэкономиканың зерттейтін негізгі проблемалары:

1.Тұрақты  экономикалық өсу, оның қарқыны мен динамикасы;

2.Экономикалық  цикл, оның пайда болу себептері;

3.Жұмысбастылық  деңгейі және жұмыссыздық мәселесі;

4.Бағалардың  жалпы деңгейі және инфляция мәселесі;

5.Пайыз  мөлшерлемесінің деңгейі және ақша айналымының мәселесі; 

6.Мемлекеттік  бюджет жағдайы;

7.Бюджет  тапшылығын қаржыландыру мәселесі және мемлекеттік қарыз мәселесі;

8.Төлем  балансының жағдайы және валюта бағамының мәселелері;

9.Ел  ішіндегі ұлттық нарықтардың жағдайы және олардың сыртқы ортамен байланысы;

10. Макроэкономикалық саясатты жүргізу мәселелері. 

2.Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалары.

Макроэкономиканың зерттеу объектісі – ұлттық экономиканың өсу қарқыны мен факторлары, ұлттық табыс көрсеткіштері және қоғамның байлығы.

Макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан халық шаруашылығы төрт макроэкономикалық субъектіден құралады:

1.Үй  шаруашылығы – жұмыс күші ұсынысын және игіліктерге деген сұранысты қалыптастырады, алынған табыстарының бір бөлігін тұтынады, ал қалған бөлігін жинақтайды, олар ең аз шығын жұмсай отырып өз пайдалылықтарын максималдауға тырысады.

2.Фирма – өндіріс факторларына сұраныс білдіретін және игіліктердің ұсынысын жасайтын, әрі инвестициялау үрдісін жүзеге асыратын белгілі бер елдегі барлық кәсіпкерлік сектордың жиынтығынан құралады, фирмалар ереже бойынша, өз қызметін жүзеге асыру барысында үнемі пайданы максималдауға тырысады.

3.Мемлекет – ұлттық қауіпсіздік, ғылым, инфрақұрылым қызметтері сияқты ерекше қоғамдық игіліктерді ұсынушы сектор, ол әдетте, пайданы максималдауды мақсат етіп қоймайды, халық шаруашылығының тиімді әрекет етуі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, мемлекет маңызды макроэкономикалық субъект ретінде игіліктерді өндіреді және сатып алады, салық салады, трансферттік төлемдер төлейді, ақша ұсынысын қалыптастырады.

4.Сыртқы  орта – шет елдердегі экономикалық субъектілердің жиынтығынан және шетелдік мемлекеттік институттардан құралады, олар отандық экономикаға өз игіліктерін ұсынады және сол отандық экономиканың өндірген игіліктеріне сұраныс білдіреді, экспорт пен импортты қалыптастырады. Сыртқы әлем секторы ұлттық төлем балансы мен валюта бағамының жағдайын анықтау үшін зерттеледі.

3. Макроэкономиканың зерттеу әдісі,   мақсаттары және талдау құралдары. 

Макроэкономикалық талдаудың жалпы әдістері мен принциптеріне мыналар жатады:  

- абстракциялау (экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттеу және түсіндіру үшін үлгілерді қолдану);

- индукция мен дедукция әдістерінің үйлесімділігі;

- нормативтік және позитивтік талдаудың үйлесімділігі;

- «әртүрлі тең жағдайларда» принципін қолдану;

- экономикалық агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары туралы болжамдар және т.б..

Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі – ол  агрегаттау болып табылады.  

Экономикалық агенттердің мінез – құлықтарының және тәртіптерінің аса маңызды жақтарын айқындауға негізделген макроэкономикалық агрегаттау әдісі мынадай төрт негізгі макроэкономикалық агентті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, олар:  

1.үй  шаруашылықтары немесе тұтынушылар. 

2.фирмалар  немесе өндірушілер. 

3.мемлекет  немесе үкімет. 

4.шетелдік  сектор немесе сыртқы орта.

1.игіліктер  немесе тауарлар мен қызметтер рыногы (нақты рынок). 

2.қаржы  рыногы (қаржылық активтер рыногы). 

4.валюталық  рынок. 

Рыноктарды агрегаттау мынадай негізгі төрт макроэкономикалық рынокты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 

3.экономикалық  ресурстар рыногы.

Макроэкономикалық үлгілер макроэкономикалық шамалар арасындағы өзара тәуелділіктерді түсіндіруге және экономикалық құбылыстар арасындағы себеп – салдарлық байланыстарды танып білуге мүмкіндік беретін функциялардан, графиктерден, формулалардан, сызбалардан және кестелерден құралады. Ал макроэкономикалық үлгілерді құру үшін экзогендік және эндогендік айнымалылар қолданылады.

Макроэкономикада күнi бүгiнге дейiн шешiмi табылмай келе жатқан үш мәселе бар. Бiрiншiсi – тұрақты жұмыссыздықтың мерзiмдерiн қалай түсiндiруге болады. Мысалы, 1930 жылдары  жұмыссыздық бiрнеше жылға созылып, 20 проценттен астам болды, ал соғыс жылдарынан кейiн әр түрлi жағдайларға байланысты оның мөлшерi өсе түстi. Америка Құрама Штаттарында 1982 жылғы жұмыссыздық 10,6%-ке өстi, ал 1982 жылдың 1984 жылға дейiн 9% мөлшерiнде болса, 1989 жылдың басында ол 5%-ке дейiн төмендедi. Кейбiр Еуропа елдерiнiң, дәлiрек айтқанда, Ұлыбритания мен Францияны экономикасы 80-жылдары кеңiнен етек алған жұмыссыздықты бастан кешiрдi.

Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты жұмыссыздықтың өзектi мәселе екенiне назар аударады.

Екiншi өзектi мәселе: жұмыссыздықты тежеу барысында қандай шараларды қолдану тиiмдiлiгi жөнiнде кейбiр экономистердiң пiкiрiнше, жұмыссыздық мәселесiн мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесiн дұрыс жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады. Бұл тұрғыдағы пайымдау экономиканы жетiк бiлетiн Роберт Лукас секiлдi мамандарға әдеттегiден өзгеше болып көрiндi.

Бұдан басқа да пайымдаулар жұмыссыздық өскен кезде мемлекет өз тарапынан қаржы саясатын жүйелi түрде, яғни салықты төмендету немесе мемлекет шығынын өсiру арқылы жүзеге асыруы тиiс дегенге саяды.

Келесi ауқымды зерттеуге лайық мәселе – инфляцияны түсiндiру: Нелiктен АҚШ-та баға 1979-1980 жылдары 10%-ке өсiп, 1986 жылы 2%-ке төмендеп кеттi? Мұндай тоқтаусыз инфляцияның себебi неде? Баға өсуi әр жыл сайын 1,000%-тен асса, 1985 жылы Боливияда баға 11,000%-ке өстi. Мұндағы саясат – инфляцияны өсiрмеу, егер ол өсетiн болса, жұмыссыздықты көтермей оны қалайда қысқарту.

Үшiншi үлкен мәселе – өнiмнiң өсу мөлшерiн не анықтайтын жөнiнде. Не себептен әр жан басына шаққандағы өнiм мөлшерi АҚШ-та жыл сайын 1,7%-тен келiп, бұл әрбiр 40 жылда екi есе өседi? Нелiктен өнiм өндiру АҚШ-қа қарағанда Жапонияда соңғы жылдары жедел арта түсуде? АҚШ-пен салыстырғанда Жапония экономикасы, егер табыс мөлшерi жан басына шаққанда, АҚШ деңгейiне жетсе де, өсе бермек пе? Осы секiлдi жұмыссыздық мәселесi зерттелуде деген сұрақ макроэкономикада ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппай отыр. Бұл сұрақ төңiрегiнде әр ұрпақ өкiлi өз ойларын өткен жағдайларды, әсiресе 1930 жылдарғы депрессияны талдай отырып дамытуы тиiс. Расында инфляция туралы экономистердiң ой-пiкiрлерi әр алуан. Бiреулерi инфляцияны тоқтау үшiн ақшаның өсуiн тежеу қажет дейдi. Әйтсе де инфляция өсуiнiң себебiн анықтау мәселесi әлi де тиiстi шешiмiн тапқан жоқ.

Информация о работе Макроэкономиканың пәні және әдісі