Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 05:49, реферат
Қор нарығы (ағылшын тілінде Stock Market) бағалы қағаздардың саудасын жасауға мүмкіндік беретін механизмдер жиынтығын білдіруге арналған ұғым. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығының дәстүрлі формасы болып табылатын қор биржасы – бұл бағалы қағаздар мен басқа қаржылық құралдардың тұрақты қызмет етуші нарығы, ақшалай капиталдардың қозғалысына қызмет көрсетуші, қаржы нарығын реттеушілердің бірі.
Қор
нарығы және оның қалыптасуының
ерекшеліктері
Қор нарығы (ағылшын тілінде Stock Market) бағалы қағаздардың саудасын жасауға мүмкіндік беретін механизмдер жиынтығын білдіруге арналған ұғым. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығының дәстүрлі формасы болып табылатын қор биржасы – бұл бағалы қағаздар мен басқа қаржылық құралдардың тұрақты қызмет етуші нарығы, ақшалай капиталдардың қозғалысына қызмет көрсетуші, қаржы нарығын реттеушілердің бірі.
«Қор нарығын» «қор биржасымен» шатастыруға болмайды, соңғысының ерекше қызметі бағалы қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті шарттарды қамтамасыз ету болып табылады.
Қор нарығының негізгі функциялары: бағалы қағаздарға салымдар өтімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету; мемлекеттік инвестициялау, сондай-ақ басқа шаруашылық ұйымдардың бағалы қағаздарын сатып алу жолымен оларға инвестиция салу; бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйым- дастыру арқылы бос ақша капиталдарын және жинақтарын шоғырландыру және мобилизациялау.
Қор нарықтары өз мәнінде елдің нарықтық экономикасы- ның реттеушісі болып табылады. Олар негізінен инвестициялау және жинақтау мөлшерін айқындайды, сондай-ақ табысты максимализациялау талабына толық жауап беретін, шаруашылықтағы тепе-теңдікті қолдаудың табиғи құралы болып қызмет етеді. Осылайша, қор нарығы ұлттық экономиканың қарқынын, ауқымын және тиімділігін айқындайды.
Қазақстан заңнамасында "қор
нарығы мен "бағалы қағаздар нарығы"
деген ұғымдар мәндес.Қор нарығындағы акциялар, облигаци
Қазақстан қор биржасының
Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты - әлемдік инвесторларға қауіп-қатері төмен әр түрлі қаржы инструменттерін жетілген халықаралық тәжірибеге сәйкес сатып, сапалы қосымша биржа қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін, жетекші өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасу.
Қор нарығы қаржы нарығының бағалы қағаздарының эмиссиясы (шығарылымы) мен оны сату-сатып алу жүзеге асырылатын бөлігін білдіреді.
Бағалы қағаз – бұл мүліктік құқықты білдіретін, өзінің құны бар, нарықта дербес еркін айналатын, сатып алу-сату объектісі және өзге де мәліметтердің объектісі бола алатын құжат. Бағалы қағаздар капиталдың түрі ретінде тұрақты немесе бір жолғы табыс көзі болуы мүмкін.
Қор нарығына бағалы қағаздар қарыз берумен байланысты кредиттік қатынастар мен бағалы қағаздар меншікке қатысу титулы болғанда бірге иелену қатынастары кіреді.
Дамыған нарықтық экономикада бағалы қағаздар мен оның нарығы бос ақшалай қаражатты кәсіпорындар мен мемлекеттік мұқтажы үшін жұмылдыруда өте маңызды рөл атқарады.
Өзінің экономикалық жүйелерінің трансформациясын жүзеге асыратын елдерде қор нарығын қалыптастыру процесі оңай іс емес. Қазақстанда да қор нарығының қалыптасуы ұзақ уақытқа созылды.
Экономикалық өсуге көшу үшін мемлекет бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі мақсатты саясат жүргізуге тиіс.
Бағалы
қағаздар нарығын кұру және дамыту шаруашылықты
бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз
жүйесін және сала-аралық қайта бөлуді
өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға
деген сұраныстарын қанағаттандыруға
және бұл нарыққа салааралық капиталдың
қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар
мен банктер жұмысынын барометрі болуға
мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығының
дамуы экономканы котеруге мынандай шараларды
іске асырғанда ғана ықпал етеді.
Тауар нарығын қалыптастыру, монополиясыздандыру,
шағын кәсіп-орынды қолдау, ақша айналысын
нығайту.
Тауарлар мен қор құндылықтарының биржалық саудасы таяу арадағы ресурстарды қорландыру жүйесінен және бір орталықтан капитал жұмсалымдарын үлестіруден тауарлар және қаржы тасқындарының нарықтық реттеу әдісіне өтуге мүмкіндік жасайды. Акцияларды шығару мемлекеттік құрылымдары мемлекет иелегінен алудың ең басты құралдарыный біріне және өнеркәсіпті жандандыру мен қайта құруда жеке және заңды тұлғалардың ақшалай табыстарын жұмылдырдың тиімді құралдарына айналуда. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығына қатынасушылардың барлығының алдында бағалы кағаздармен жасалатын операциялардың теориясы техникасын игеру; биржалық істі регламенттеуді үйрену; мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу және жекешелен -руге байланысты іс-тәжірибелерді игеру міндеттері тұрады. Бағалы қағаздар нарығынын міндеті - бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл
міндеттерді шешу бағалы қағаздар нарығында
қызмет етуші делдалдардың - брокерлер
мен инвестициялык дилерлердің катынасуынсыз
мүмкін емес. Тек қана солар бағалы қағаздар
нарығын қандай жағдайда да, кашан, қандай
шартпен және қандай бағалды қағаздар
шығару қажет кендігін біледі. Бұл жерде
брокер бағалы қағаздарды сатушыларды
сатып алушалармен кездестіріп, ол үшін
комиссиондық ақы алса, ал инвестициялық
дилер өз есебінен және өз атынан бағалы
қағаздарды сатып ала отырып, кейіннен
қайта сатады. Қайта сатудан түскен түсім
оның пайдасын құрайды. Өз жұмысында брокерлік
және Дилерлік операцияларды жүзеге асырушы
ірі инвестициялық компаниялар ішкі бағалы
қағаздар нарығының басты тұлғалары болып
саналады.
Қазақстан
Республикасының заңында көрсетілетін
бағалы қағаздар нарығының негізгі идеологиясы
келесідей қағидалардан тұрады:
-әрбір потенциялды инвестор үшін бағалы
қағаздарды эмиссиялаудың барлық түрлері
бойынша толық және тура ақпараттардың
болуы;
-бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының
(инвестициялық фирмалардың, қор биржалары
және тауар биржаларының қор бөлімдері,
брокерлік фирмалар және т.б.) біліктілігі.
Бұл аталған мекемелердің жұмырындағы кәсіби сапасы туралы қойылатын талаптардың маңызы арта түседі. Инвестицялық қор ретінде құрылатын кез келген заңды тұлғаның штабында бағалы қағаздармен жұмыс жасай алатын маман болуы міндетті. Ол алғашқы және қайталама бағалы қағаздар нарығының дамуы туралы хабардар болуға тиіс.
Қазақстан нарықты обьективті түрде реттеу үшін мыналар қажет: біріншіден, оның мемлекеттік сектордың кәсіпорындармен қалыптасып келе жатқан шағын және орта бизнесті, сол сияқты үкіметтің бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін қажетті ресурстарды іздестірумен тікелей байланысты болуы; екінші республика азаматтарына бағалы қағаздар сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін үкіметтің жекешелендіру стратегиясымен байланысты болуы; үшіншіден, ақша массасына ұлттық банк жағынан бақылау жасауда жаңа жанама механизмдерді қалыптастыру үшін, мемлекет жағынан нарықты реттеудегі біліктілік республикамыздағы нарыққа өтудегі жаңа көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.
Біздің
экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік
нарыққа енуіміздегі ең өзектісі, бұл
әлемдегі бағалы қағаздар нарығына байланысты
жинақталған барлық кұндылықтарды оқып
үйрену және хабарлау болып табылады.
Қор нарығын мемлекеттік реттеудің қажеттігін
әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Ол әр
елдегі өзіндік ерекшеліктерге қарай
ескерілетін жағдайда, мемлекеттік реттеудің
формалары мен әдістерінің ортақ үлгісін
жасайды.
Қазақстанда енді қалыптасқан қор нарығы
әзірге жеткіліксіз жағдайда реттелуде.
Оған қол жеткізу үшін инвесторлардың
мүддесін қорғайтын және бағалы қағаздар
нары-ғының тұрақтылығын қамтамасыз ететін
заңдылықтарды тез арада дайындау қажет.
Бағалы қағаздар нарығына қатысты мемлекеттік саясаттың негізін жасауда өзін-өзі реттеу қағидасына көңіл аударуға тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік саясат бұл сферадағы жеке кәсіпкерлікті марапаттауға бағытталуы тиіс.
Бағалы
қағаздар айналысы сферасындағы жеке
бастама қолдауға байланысты шаралармен
қатар, қор нарығы субектілерінің қызметіне
мемлекеттік, әкімшілік және жаңа (экономикалық)
бақылау қою шараларының жүйесін жасау
сол сияқты экономикалық қор секторындағы
нарықтықтарға толық мемлекеттік араласу
жүйесін дайындау жасау Экономикалық
бақылау шаралары мемлекеттік қызмет
арқылы дербес нарық агенті ретінде жүзеге
асуы тиіс.
Бағалы
қағаздар нарығына мемлекеттік ықпал
мақсаты мынадай:
-макроэкономикалық теп-теңдікті қамтамасыз
ету.
-нарықтық ортаның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
-бағалы
қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін
құқықтық және
экономикалық қорғау;
Құқықтық
қорғау. бағалы қағаздарды әкімшілік-мемлекеттік
тіркеу; бағалы қағаздар нарығына кәсіби
қатынасушылардың қызметтеріне лицензиялар
және сертификаттар беру, бағалы қағаздар
нарығына жіберу ережелері, шетел инвесторларын
бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері.
Экономикалық қорғау. бағалы қағаздармен
жасалатын операциялар бойынша салықтық
жеңілдіктер жүйесін жасау дане қолдану;
мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын
операциялар жолымен нарықтағы сұраныс
пен ұсынысты реттеу.
Нарық экономикасы дамыған елдерде инвестициялық бизнесті бақылауға және реттеуге мүмкіндік беретін, яғни заңдар мен арнайы органдардан басқа да сол саланың өздерінде өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеуді қамтамасыз ететін "заңдар" мен "ведомостволар" бар.
Өзін-өзі
реттеу екі негізгі элемент арқылы анықталады:
-стратегияны анықтаумен айналысатын
ұйымдардың өздері мәміле жасасу тәжірибесіне
қатынасады; өзін-өзі реттеуші ұйымдар
қоғамдық органдар есебі-нен емес, негізінен
нарықтың есебінен қаржыландырылады.
Өзін-өзі реттеу жүз жыл бойы қалыптасып
өзінің тиімділігін сақтап келеді, себебі,
бұл бағалы қағздар нарығына қатынасушылардың
экономикалық мүддесінде болады. Қазіргі
өзін-өзі реттеу, мемлекеттік реттеумен
қатар, бағалы қағаздар облысындағы бизнес
үшін тиімді реттеу құралы болып қала
беруде.
Өзін-өзі
реттеу өзінің көп жылдық іс-тәжірибесінде
нақты нарықтардың талабын және жергілікті
сұраныстарды, жергілікті бизнес тәжірибелерінің
ерекшеліктерін, жұмсалымсалымарды қорғау,
кедендік, құқықтық және саяси талаптарды
ескеру қажеттігін басынан кешті. Сонын
нәтиіжесінде әр түрлі дәрежеде өзін-өзі
реттеу қалыптасты. Мемлекттік және өзін-өзі
реттеуші ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық,
жүйенің өміршеңдігінің маңызды шарты.
Бастапқы
және қайталама қор
нарықтары
Бағалы қағаз шығарылып, алғашқы қолға сатылғанда екі құбылыс орын алады, яғни қор нарығында тағы бір қаржы құралы пайда болып, ал эмитент (оны шығарушы) бағалы қағазды сатып өзіне қажетті ақшаны тартады. Содан кейін екінші және кейінгі мәмілелер жасалуы мүмкін: қағаз қолдан қолға өтеді, яғни айналады. Енді эмитент қосымша ақшалай қаражат алмайды – қордың құндылығы иеленушісін жай ғана алмастырады. Осыған байланысты бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама нарығы болады.
Бастапқы нарық – бағалы қағаздар алғашқы инвесторлардың арасында орналастырылатын (яғни алғашқы адамға сатылатын) айналыс ортасы.
Қайталама
нарық – бұл бұрын
Кез келген экономикада, әсіресе өтпелі экономикада бастапқы нарық даму үшін эмитент жөніндегі ақпарат толық және нақты болуы тиіс.
Қазақстанда бағалы қағаздардың пайда болуынан бастап осындай ақпарат проблемасы ең өткір проблемаға айналды. Ақша салымшыларын алдаған, қаржы пирамидаларымен орын алған атышулы даулар заңды және жеке тұлғалардың арасындағы ықтимал инвесторларды үркітті. Іс жүзінде болуы мүмкін ықтимал инвесторлар өзі туралы ақпаратты жариялауға асықпайды, ал эмитент – жаңа компанияларды инвесторлар жете танымайды.
Нарықтық экономикалы елдерде, мысалы, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда мемлекет коммерциялық құрылымдардың бағалы қағаздар эмиссиясы проспектілерінің мазмұнын, ондағы істің мән – жайы жөніндегі ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету үшін қатаң бақылайды. Алайда шет елде мемлекет осы деректердің нақтылығы үшін жауап бермейді.
Қазақстанда бағалы қағаздар эмиссиясы проспектілерінің мазмұны мен қаржы нарығын реттеуші – Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік (ҚР ҚҚА) тарапынан оны мемлекеттік тіркеу тәртібіне талаптар қойылады. Алайда іс жүзінде эмиссияның қалыптастырылатын проспектілері ашықтық және шынайылық талаптарына кейде жауап бермейді.
Қазақстандық қор нарығының «ашық еместігі», яғни бағалы қағаз шығаратын компаниялар мен банктер туралы ақпараттың жеткіліксіздігі немесе оның нақты еместігінен инвесторлар ақша салуға болатын қор құндылықтарының арасынан лайықты таңдау жасай алмайды.
Дегенмен,
соңғы жылдары Қазақстанда қор
нарығының халықаралық
Информация о работе Қор нарығы және оның қалыптасуының ерекшеліктері