Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға. Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәти- желілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік сала- дағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан көрінеді. Кәсіпорын экономикасы - өндірістік жэне өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кэсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады. Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда -өндірісті қорлар мен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу; ; - өндірілген өнімнің саны мен сапасы; - өткізу көлемі; -өткізуден түскен кіріспен пайда. Осы факторлар негізінде қол жеткізілетін тиімділіктің деңгейі мен сипатын кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі жэне сыртқы жағдайлар айқындайды.
Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді: 1. Өндірісті цорлармен цамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар: - ғимарат, құрылыс, - құрал-жабдық, аспаптар, - жер, - шикізат-материалдар, - отын, - жұмыс күші, - ақпарат және т.б. жатады. 2.Кәсіпорынның экономикалық және техникалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету: - ғылыми-техникалық прогресс; - өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру; - кадрлардың біліктілігін жетілдіру; - инновация мен инвестиция. 3.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет- терінің коммерциялыц сапасын қалыптастыру фак- торлары: тиімді коммерциялық және жабдықтау қызмет- тері. Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары: 1. Жер. Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдала- нылады. Табиғи байлықтар "орны толатын" және "орны толмайтын" болып бөлінеді. 2.Жұмыс күші - ой және дене еңбегі, еңбекке қаты- сушылардың тәжірибелік және интеллектуалды құрамы. 3.Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қыз- мет керсетіледі. 4.Кәсіпкерлік-меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет. 5.Капитал-тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты. Кәсіпкер— жеке тұлға, ол: - өндірістік-шаруашылық; - көтерме сауда - инновация; - кеңестер беру; - коммерциялық делдалдар; - бағалы қағаз операциялары және тағы да басқа сияқты заңмен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысуына құқылы. Инновация - жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға жэне сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс. Ол үш кезеңді қамтиды: - зерттеуді бастаудан өндірісте алғаш рет игеруге дейін; - алғашқы игеруден бастап бұйымды тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру мақсатында тиісті мөлшерде өндіруге дейін; - одан соң бұйымды тұтынушы пайдаланады, күтеді, кәдесіне жаратады. Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері
Кәсіпкерлік субектісі 1.Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса ғана). 2.Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар. 3.Азаматтық бірлестіктер. Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады: 1. Меншік иесініц өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде. 2. Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару. Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі. Бұл келісімде: - мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу; - әр түрлі қызметті іске асыру; - материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері; - келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалад ы. Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда). Кәсіпкердің құқықтары - келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржықаражат тарту; - интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау; - өндірістік бағдарламалар жасау; - өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау; - Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу; - сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру; - кәсіпорындарды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою; - кәсіпорын иесінін атынан кызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату. Кәсіпкер тұтынушынын ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада түсінуіміз қажет. Мәселен, бұлар - ғимарат және құрал-жабдықтар; - үй-жай, мүлік; - өндіріс және тұтыну тауарлары; - ақпарат; интелектуалды нәтиже (пікір, жаңалық ашу, патент); - ақша, валюта, құнды қағаздар; - басқа да тауарлар, жұмыстар мен кызметтер болуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет: - өндірістік; - коммерциялық; - қаржылық; - кеңестер беру болып бөлінеді.
Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар. Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер: - өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару; - ақпараттарды өңдеу және жинау; - рухани құндылықтарды игеру; - тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер. Бұлардың негізгі қолдану өрістері: -өндірістік кәсіпорын және мекемелер; - коммерциялық сауда мекемелері; - тауар-қор биржалары; - банктер мен халықтар. Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс. Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі. Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды. Мұндағы ең басты мәселер: - "нені сатып алу керек"; - "нені сату керек"; - "қайда сату керек" деген сұрақтарға жауап іздеу. Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды. Міне, осылардың қорытындысында: - сатып алу - сату мәмілесін жүргізу; - тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп айырысулар;
- шығын мен ақырғы нәтижелер; - жұмысшылардың саны; - көлік жұмысының ауқымы; - жарнама; - коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады. Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады: - тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу; - ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға төлем жасау; - тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді өткізетін сауда орындары; - тауарларды өткізу нысандары; - несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері; мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу. Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға етуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар: - коммерциялық банктер; - қор биржалары; - кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар; - кәсіпкерлер және жеке тұлғалар. Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен марке-тингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны — меншіктік акцияға, облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша міндеттері, век-сель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады. Құнды қағаздар айналымының аса тараған нысаны: - құнды қағазды кәсіпкердің өзінің сатып алуы (Да); - оны басқа сатып алушыға жоғары сомада сатуы (Дв); - Дв мен Да арасындағы айырма оған табыс әкеледі. Егер кәсіпкердің құнды қағаздарды сатып алатын ақшасы жоқ болса, онда ол несие алады немесе несие жөнінде банктермен келісім жасасады (Дк). Қаржылық кәсіпкерлік жүйесі нақты мәліметтермен толықтырылуды және жоғары дәрежеде ұйымдастыру ісі техникаларымен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қаржы-несие жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкер тұтынушыға ақшаны, валюта мен құнды қағаздарды қарызға береді, ал белгілі бір уақьптан кейін берілген соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктері жөнінде хабардар болуы немесе алдын-ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет. Кеңес беру қызметіне; - жалпы басқару; - әкімшіліктік басқару; - қаржылық қолдау; - маркетинг; - ақпаратты технология; - арнайы қызметтер жатады. Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетіледі.
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-қықтық нысандары Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды кұқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жэне қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар: - мемлекеттік кәсіпорын; - серіктестік (толық жауапкершілікті, аралас және жауапкершілігі шектеулі жауапкершілікті); -акционерлік қогам, бірлестіктер. Кәсіпкерлік қызметке атысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі "серіктестік" деп аталады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды. Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері: - басқару істеріне қатысуға; - серіктестік кызметі жөнінде мағлұматтар алуға; - оның құжаттарымен танысуына;
- несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған пайданы бөлісуге; - тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар. Серіктестік шаруашылық, иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар: - негізгі өндірістік құрал-жабдықтар (ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар); - айналым құралдары (шикізат, материал, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар); - ақша қаражаты; - басқа да құндылықтар кіреді. Серіктестіктің мүшелері: - құрылтайшылар атынан талап етілген құжаттарды дайындап беруге; . -алдын-ала белгіленген жарналар мен салымдарды толық және уақытында төлеулеріне; - коммерциялық құпияларды сақтауға; -құпия ақпараттарды жария етпеуге міндетті. Толық серіктестік төмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді: 1.Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктің қызметтері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез келген қатысушы өзінің барлщқ мүлкімен жауап береді. 2.Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі.Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді. Егер толық серіктестікке оны ұйым- дастырушылардың бәрі жеке адам ретінде кіретін болса, белгілі бір жауапкершілікті жағдайға кезіккенде (мәселен банкротқа ұшырағанда), өмірге қажетті күнделікті заттар- ды қоспағанда, басқа да жеке мүліктерін, атап айтқанда: көлік, саяжай, жиьаз, қылқалам туындысы, зергерлік бұйымдар, басқа да құнды мүліктерді есепке алады. Әдетте толық серіктестікті заңды тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды. Аралас (командитті) серіктестікте бір немесе бірнеше кағысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктерімен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі олардың әрқайсысының қоғамдастықка қосқан үлесі (салымы) бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктерімен тәуекелге барып отырған қатысушы қоғамдастықтың ішкі мүшесі немесе толық серіктестіктер, ал тек қана қосқан үлестерінің мөлшер шамасына сәйкес тәуекел етушілер сыртқы қатысушылар немесе командиттер деп аталады. Мәселен, "Джонсон-Джонсон" командитті серіктестік. Командитті серіктестіктерді ұжым басқарады және ол өкілетті қызмет атқарады. Қоғамдастық сыртқы қатысушылардың қосқан үлестеріне сәйкес акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды акционерлік командиттер, ал қоғамның өзін акционерпік командит деп атайды. Салық тұрғысынан қарағанда, командитті серіктестік - жауапкершілігі шектеулі қоғам. Мүндай құрылым жауапкершілігі шектеулі командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы - салық төлеу тұрғысынан қарағанда, ол - серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан алсақ, жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық. Әдетте олардың капиталы да көп болмайды. Біздің елімізде командиттік серіктестіктің аралас түрі әлі дами қойған жоқ. Алайда белгілі бір жағдайда оған деген қажеттіліктің тууы әбден мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бағдарламаны жекелеген азаматтар береді, ал оған сенім білдіріп, мақұлдайтын кәсіпорындар да кездеседі. Бірақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де болмауы мүмкін. Осыған орай, серіктестіктің аралас түрі құрылады, жеке тұлға оған шектеулі жауапкершілікпен алынса, ал кәсіпорын толық мүшелік құқымен кіреді. Міне бұл жағдайда: -біріншіден, кәсіпорындар банк несиесінің кепілі бола алады; -екіншіден, кәсіпорынның бақылауымен оған жеке адам билік етеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - алдын-ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің (жеке және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады. Шетелдік фирмаларда (қазір біздің елімізде жиі кездесетін) "Лимитед" (қысқаша Ltd) "шектеулі серіктестік" деген ұғымды білдіреді. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда кампаньондар арасында өзара берік байланыс қалыптасады. Бұл отбасылық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы. Егер қоғамдастықтың бар мүлкі бір адамның билігінде болса, онда ол "бір адамның қоғамы" болғаны. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шарты жасалады, онда: - кәсіпорынның аты; - мекен-жайы; - негізгі қызмет бағыттары; - қызмет түрлері; - капитал мөлшері; - қоғам мүшелерінің үлестері көрсетіледі. Айта кететін бір жәй - серіктестіктерді ұйымдастырушылардың ақша қаражаттарынан басқа кұнды материалдық заттар түрінде заттық үлестері, мәселен, автокөлік, жылжымайтын мүліктер болуы да мүмкін. Қоғамдастық мүшелерінің құқығы жылына бір немесе екі рет өткізілетін жалпы жиналасында анықталады да, ал одан әрі ол тереңдетіліп, дамып отырады. Жалпы жиналыстың маңызды шешімдер қабылдауға құқығы бар, атап айтқанда: - жылдық балансты бекітеді; -кірісті белгілі бір мақсатты көздеп, орынды пайдала- нады; -шығындарды неғұрлым аз жұмсау жолдарын айқын- дайды; - қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлау- ды көздейді, оған әр түрлі мәселелер бойынша міндеттер жүктейді. Қоғамдастық жұмысын бақылауды бақылау комиссиясы, экономикасы дамыған елдерде бақылау кеңесі іске асырады, оның мүшелерін жалпы жиналыста тағайындайды. Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акцио-нерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін. Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшері сол елдің қолданылып жүрген заңымен белгіленеді. Мәселен, жарғылық қор Австралияда - 1 000 000 шиллинг, ФРГ-де -100000 марка, Швейцарияда - 50 000 швед маркасы, Ресейде: жабық акционерлік қоғамға - 10 000 сом, ал ашық қоғамға 100 000 сом мөлшерінде белгіленген. Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді, акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі шарт. Ашық қоғамның акциялары еркін сату жолымен таратылады, оны кәсіпорындар да, жеке адамдар да сатып ала алады. Акционерлік қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізіліп тұрады. Онда тексеру және есеп (санақ) комиссиясы құрылады. Олардың мүшелері бір немесе бес жылға сайланады. Сонымен қатар директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) ұйымдастырылып, оның төрағасы бір жыл мерзімге тағайындалады. Ал директорлар кеңесі атқарушы директорды және оның мүшелерін сайлайды |