Өнеркәсіп қаржысы туралы түсінігі және міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:27, реферат

Краткое описание

Сүндет күмбезі – сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы бұрынғы Оймауыт ауылынан 30 км жерде, Жем өзеннің сол жағында орналасқан. XIX ғасырда ірге көтерген Сүндет күмбезін Дәулетнияз ұста тұрғызған. Ол мазарды текше пішінді етіп салып, 8 қырлы қабырғаның үстін барабанды күмбезбен ұштастырған. Алдыңғы қабырғасы мен маңдайшасы бедерлі оймыш және түйе табан өрнекпен нақышталған

Содержимое работы - 1 файл

тарих.docx

— 23.83 Кб (Скачать файл)

Тілеуұлы Мөңке би — белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау.Шамамен 1675 жылы дүниеге келген. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт, Бөлек, Қалу, Сирақ, Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді.Әбілқайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған.Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би», келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтикалық жырға айналдырған жырау ретінде танылды. Мөңке бидің философиялық толғаулары, риторикалық сұрақ-жауап, болжау, билік, кесім, шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білу Мөңке би шығармашылығының басты белгісі. Оның “Түрлі-түрлі халық болады‚ Күндіз-түні жарық болады… Дүниенің жүзіне‚ Өре мен темірден жол тартылады… Адам ақысыз жұмыс істемейді‚ Дүниені түрлеп кестелейді” деген толғау жолдарынан келер күнді болжаған сәуегейлік көрінед      Мөңке бидің Сырым батырға қойған астыртын сұрақтары мен оған Сырымның қайтарған жауаптары, сондай-ақ оның шеркеш Түрке би, тана Нүрке билермен кеңесе отырып айтты дейтін «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» дейтін толғаулары белгілі.Оның көркем бейнесі Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы мен «Ел қорғаны» пьесасында, Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романында көрініс тапты. Мөңке бидің өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы әр жылдары А. Жұбанов, Т. Кәкішев, С. Негимов, Б. Адамбаев, Қ. Сыдиықұлы, М. Тілеужанов,С. Байменше, Б. Омаров, Ж. Асанов, К. Төлеубайұлы, тағы басқалар ғалымдар ғылыми-зерттеу еңбектерін жазды.«Шекті Мөңке би жеті жасында билік айтып, кісі құны дауды бітірген екен». (А.Байтұрсынов).Мөңке би, тарихымызда есімі құрметпен аталатын, үлкен философ, терең ойшыл, ұлы ақын. Қара қылды қақ жарған, мың жылдығын болжаған дала кемеңгері Мөңке бидің ұрпақтары Ақтөбе облысы көптеген аудандарында тұрады.Республикаға танымал мүсінші Құрақбай Егізбаевтың граниттен ойып жасаған Мөңке бидің мүсіні Ақтөбе қаласының 101 атқыштар дивизиясы атындағы көшеде орнатылды. Мүсін ақшыл түсті мәрмәр тастан жасалынған. Тұғырдың биіктігі — 2,7 м, ескерткіштің биіктігі − 1,5 м. Суретші С.Әлімбетов.

Сүндет күмбезі – сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы бұрынғы Оймауыт ауылынан 30 км жерде, Жем өзеннің сол жағында орналасқан. XIX ғасырда ірге көтерген Сүндет күмбезін Дәулетнияз ұста тұрғызған. Ол мазарды текше пішінді етіп салып, 8 қырлы қабырғаның үстін барабанды күмбезбен ұштастырған. Алдыңғы қабырғасы мен маңдайшасы бедерлі оймыш және түйе табан өрнекпен нақышталған. Әр қабырғасында ою-өрнекпен безендірілген ойықтар бар. Ішкі жағын нақыштауда түрлі түсті бояулар пайдаланылған. Сүндет күмбезінде құрылыс материалы ретінде Маңғыстауда жиі кездесетін ұлутас қолданылған. Сүндет күмбезі композициясының жинақы әрі беріктігімен ерекшеленеді.[1][2]

  Қобыланды .  Қобыланды батыр – қаһармандық символы, қазақ халқының мақтанышы. Қобда ауданы Жиренқопа жеріндегі Жалғызоба, Қособа,Бесоба - Қобыланды батырдың қалмақтармен соғысқан іздері. «Қобыланды батыр» жырындағы Қособа, Жиренкөл, Ешкіқырған, Тасбұлақ тауы, Тұшман бұлағы бүгінге дейін өзгеріссіз осылай аталды. Қобыландының бейіті – Қобда өзенінің шығыс жақ жағалауында, Жиренқопа елді мекенінің іргесінде. Бейіт беріректе қоршалып, 1995 жылы басына белгі қойылды. 2006 жылы батырдың мүрдесі қайта құрылды. 2007 жылы Қобыланды батырға арналып салынған кесене – XXI ғасырдағы теңдесі жоқ биік әрі көрнекті архитектуралық ерекшілігі бар құрылыс. Қобыланды батыр кесенесінің аумағы мынадай: Дулыға пішіндес кесененің биіктігі - 17,5, ені – 12 метр. Төбесінен қарағандағы мавзолей қалқан, дулыға, садақ пішіндес архитектуралық кескінді бейнелейді. Қобыланды батырдың қайрақ қайралған.   Бір замандарда батыр сүйегі жатқан жерде мазар болған. Ол мазар жөнінде 1906 жылы В.В. Карлсон, кейін Жозеф-Антуан Кастанье жазып кеткен. Мазар ерте кезден бұзылып, XX ғасырдың бас кезінде үйінді болып қалған.  ХХ ғасырдың елуінші жылдары ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан осы бейіт басында болған. Алпысыншы жылдардың аяқ кезінде антрополог Ноэль Шаяхметов қазба жұмысын жүргізіп, Герасимов әдісімен бас сүйегіне қарап батырдың кескінін жасауды жоспарлайды.  «Қобыланды батыр» жырының 29 нұсқасы бар

Білге Қаған Ескерткіші–— Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” (көне түркі тілінде — “Беңгү таш” ) қатарына жататын ескерткіш кешен. Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде орнатылған. Білге Қаған Ескерткіші мен Күлтегін ескерткішін орыс ғалымы Н.М. Ядринцев тауып (1889), оны белгілі түркітанушы В.В. Радлов Дания ғалымы В.Томсен анықтаған әріптік жүйемен оқыды (1894). Білге Қаған Ескерткішін А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т.б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. Ескерткіш Екінші Шығыс Түрік қағанатының атақты қағаны — Білге қағанға арналған. Көне түркі бітік жазуындағы Білге қаған есімі қытай жазбарында рі-кіа, мо-кі-lіen, mo-gі-lan [могилен] т.б. кездеседі. Сол себептен ғалымдар “Білге қаған” лауазымы, ал “Могилиен, могилян” — оның өз аты дейді. Көне түркі бітігіндегі “Білге қаған” деген сөздің мән-мағынасы — “білікті, билік-төрелікті ұстай білген, сұңғыла-білгір қаған” деген ұғымды білдіреді. Білге қаған тұсында Екінші Түрік қағанаты терр. тұрғыдан кеңейіп бекіді, аса қуатты құдыретті империяға айналды. Бұл жайында Білге Қаған Ескерткішінде кеңінен мәлімет берілген. Ескерткіште көшпелілердің “тәңрітекті түрік елі үшін” Бумын, Естемі, Білге Құтылық қағандары мен баїадүр, ақылгөй ерлерінің “ел-жер-тірлік” тұтастығын сақтау, қорғау, болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ерліктері, мемл. ұлы істің бірегей мақсат-мүддесі шебер тілмен, тұжырымды да тиянақты түрде жазылып, тарихи оқиғалар уақыт желісімен баяндалып бәдізделген. Ескерткіште “елді халық едім, елім енді қайда! Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-күшімізді жұмсар екенбіз!” деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды

Тоныкөк жазба ескерткіші – Екінші Шығыс Түрік қағандығының (6 ғасыр) саяси, қоғамдық және әлеуметтік өмірін ежелгі түркі поэзиясы стилінде зор шеберлікпен бейнелеп көрсеткен, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі биік әдеби жәдігерлік. Бұл жырдың мәтіні көне түркі жазуымен бедерлеп жазылған. Құлпытасты 19 ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Селенга өзені бойынан Д.А.Клеменц тапқан. Тоныкөк құрметіне қойылған бұл ескерткіш мәтінін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және оны ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне В.Томсен, В.В.Бартольд, С.Е.Малов, т.б. түркітанушы ғалымдар үлес қосты. Тоныкөк жазба ескерткішін қазақ әдебиеті тұрғысынан тұңғыш рет зерттеген М.Жолдасбеков болды. Тоныкөк жазба ескерткіші 313 өлең жолынан тұрады. Жырдағы жалпы оқиғалар желісін зерттеушілер оны он төрт циклға, яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырады. Бұл жырда түркі елінің сан қырлы өмірінде Тоныкөктің тарихи рөл атқарғаны ерекше айтылады. Тоныкөк жазба ескерткішіне дидактикалық сарын беріп тұрған қанатты сөздер, афоризмдер, мақал-мәтелдер бертін келе қазақ ақын-жыраулары поэзиясында өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты. [1]

Информация о работе Өнеркәсіп қаржысы туралы түсінігі және міндеттері