Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде

Автор работы: d**************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Әлемде жиырма бірінші ғасырдың аяқ басуымен экономикалық өзгерістер процестер жалғасуда. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазақстан Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішіндегі жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша алғашқы орындардың бірін алып отыр. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты әлемдік тәжірибеде экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторы болып шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанда «Шет

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................................3
1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ
1.1 Инвестицияның мәні мен мазмұны......................................................................4
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі...11
1.3 Инвестициялық жоба түсінігі және оның жіктелуі...........................................14
1.4 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар....................................16
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

2.2 Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі....................................20
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау ..............................................28
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...............................36
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......

Содержимое работы - 1 файл

К_с_порынны_ инвестициялы_ жобасы б_секеге _аб_летт_л_г_н1.doc

— 348.00 Кб (Скачать файл)
="justify">    “Қазақстан инвестициялық қоры” АҚ, “Технологиялар инжинирингі және трансферті орталығы” АҚ, “Ұлттық инновациялық қор” АҚ сияқты даму институттарымен байланыстың орнатылғандығын және ақпарат алмасу жөнінде жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атап өту қажет. 2005 жылы “Қазақстан инвестициялық қоры” АҚ-тың қарауында 18 жоба жіберіліп, қадағалауда. “Қазақстан инвестициялық қоры” АҚ ұсынылған 7 жобаның 2 жобасы қаржыландыруға қабылданды.

    Әр саладағы көптеген кәсіпорындарға инвестиция салып, оларды акционерлендіруіне қарап, Қорды бірнеше кәсіпорындардың басын біріктіруші холдингтік құрылым деп те қарауға болмайды. Өйткені, акционерленген кез келген кәсіпорынның акцияларының бақылаушы пакеті Қордың иелігінде емес, ол әрбір жобаның бастамашыларына тиесілі. Мұнда Қор оларға бизнесті жолға қою тұрғысынан, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас орнатуға, салықтық басымдықтар алуға, инвестиция тарту үшін, шикізат алу үшін ұзақ мерзімдік келісім-шарттар жасасуға, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу тұрғысынан және де басқа мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.

     Шынтуайтына келгенде, Қазақстанның Инвестициялық қорының құрылуы арқылы елімізде қазір үлкен бір жаңаша іс қолға алынып отыр. Өйткені акционерлік капитал арқылы инвестиция тарту мәдениеті, сол арқылы ірі жобаларды жүзеге асыру саясаты Қазақстанда дами қоймаған. Әрине, бұл бизнес жүргізудің бұрыннан қалыптасып қалған қағидаларының салдары. Бүгінде қазақстандық кәсіпорындардың басым көпшілігі түрлі себептерге сәйкес транспарентті болып табылмайды. Бір қуанарлық жәйт, бүгіндері инвестициялық жобаларды құрылымдау мен жүзеге асыру тетіктерін бірлесе талқылау барысында байқайтынымыз -бизнесті жүргізудің осы формасының тиімді де тартымды екендігін жоба бастамашылары толығымен түсіне бастады. Бұдан былай акционерлік капитал арқылы инвестиция тартудың қалыптаса бастаған мәдениетін орнықтыруды одан әрі жеделтету Қазақстанның Инвестициялық қорының басты міндеттерінің бірі болмақ. Ал ең бастысы, қазір біз акционерлік капиталмен қоса несиелер, экспорттық кепілдемелер, түрлі жеңілдіктер, облигациялар сияқты басқа да қаржылық құралдарды тарту арқылы құны 30 миллионнан 150 миллион АҚШ долларына дейін тұратын Қазақстан үшін аса қажет, ел экономикасына елеулі әсер ететін ірі жобаларды құрылымдаудың алгоритмін таптық. Енді сондай жобаларды жүзеге асырудың жаңа тәсілдемелері жасалуда, ал бұл тәсілдемелерді одан әрі технология ретінде, әдістеме ретінде пайдалануға болады. Жобалар бірінен соң бірі кезегімен немесе 3-4 жоба бір мезгілде құрылымдала береді, осылайша қазір елімізге аса қажет болып отырған ірі өндіріс орындары мен жаңа салалар құрыла бермек. Қор құрылғаннын бергі екі жылдың ішінде инвестициялық жобалар бойынша бастамашылардан келіп түскен үш жүзден аса ұсыныс қаралды. Оларды іріктеп, талдау, сондай-ақ инвестицияны жүзеге асыру үшін еліміздегі неғұрлым болашағы бар бағыттарды зерттеген өз ізденістеріміз Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру үшін көзделген негізгі басымдықтарды анық сезінуімізге негіз болды. Аталмыш құжат қабылданған уақытта құрылуға және дамытылуға тиісті кәсіпорындардың тізімін нақты көрсету міндеті тұрмағанымен, бұл құжаттың айрықша маңыздылығы да сол - ол адамдарды ойлануға, өз идеяларын іс жүзіне асырудың жолдарын, мүмкіндіктерін іздеуге итермеледі. Жалпы, инвестициялық жобалардың жемісті жүзеге асуы тұрғысынан алғанда, Қазақстанның Инвестициялық қоры жарғылық капиталына инвестиция салатын кәсіпорынның үлкен үлесі кәсіпорын акциясының бақылаушы пакетін ұстайтын әрі жобаның техникалық-технологиялық жағын іске асыратын тиісті маркетингтік және технологиялық тәжірибесі бар стратегиялық инвестордың (бір инвестор немесе инвесторлар тобы) қолында болғаны тиімді деп есептеледі. Статистикалық деректерге қарасақ, соңғы бірнеше жылдың ішінде ішкі инвестицияның үлес салмағы сыртқы инвестицияның үлесінен жоғарылаған. Бірақ ішкі инвестицияның орасан бөлігін шетелдің бақылауындағы кәсіпорындар көтеріп отыр. Отандық бизнеске тиесілі кәсіпорындардың инвестициясы анағұрлым төмен. Сондықтан да экономиканың бұл бағыттағы қадамын алға бастыру үшін бүгінгі ең маңызды мақсат - ішкі мүмкіндіктерді барынша іске қосып, таразы басын оңға бұруға күш салып, ішкі сапалы өндіріске жан бітіру қажет. Инвестициялық қордың қолға алынған әрбір жоба бойынша тек қана нақты нәтижеге қол жеткізуді көздейтіні де осыдан. 
 
 
 
 
 
 
 

                                                ҚОРЫТЫНДЫ 

      Инвестиция барлық қоғамда да  экономиканы нығайтудың негізі  болып табылады. Сондықтан да, оны  тиімді пайдалану жолдарын анықтау  және қосымша көздерін ашу – еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндет. Осы міндетті шешу үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясат жүзеге асырылуы керек. Ол халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталғаны жөн. Инвестициялық саясат негізделген болуы үшін қаржыны тиімді пайдалануды, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын анықтау керек.

      Экономиканы дамытуда ішкі нарықтың  тұрақтылығы өте маңызды рөл атқарады. Инвесторлар оның өсуіне жағдай жасау үшін өз елімізде сапалы тауарлар шығарып, оны шетелдік тауарлармен бәсекелестік дәрежесіне дейін көтеру керек. Бұл бағыттағы басты міндет – отандық тауарладың сапасын жақсартып қана қоймай, оларды өндіруге кететін шығындарды азайтып, бағасын төмендету. Егер отандық тауарлар шетелдік тауарларынан арзан, әрі сапалы болса, халықтың өзіміздікін алуға ұмтылатыны белгілі.

      Сырттан қаржы ресурстарын тарту  макроэкономикалық тұрақтану кезеңінде  де мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала береді. Өйткені ішкі қаражат қорларының жеткіліксіздігі әлі де болса еліміздің экономикасының өзіндік ерекше сипаты болып табылады. Сондықтан да үкіметіміздің жоғарыда аталғандай ел экономикасын дамыту кепілдіктерін іздестіруі және оларды іске қосуға талпыныс жасауы уақыт талабынан туындаған заңды құбылыс саналса керек.

     Жалпы ҚР-да инвестициялық саясаттың  қалыптасуы мен дамуы ел экономикасында  үлкен маңызға ие. Бұл саясатты  қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи ресурстарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді және маңызды инновациялық үрдістерді ынталандыру, реттеу, ал жеке жағдайда жаңа енгізілімге тікелей қатысу өндірістің дамуы мен қоғамға маңызды өнім тұтынуда және қызмет көрсетуде үлкен маңызы бар. Өнімді инвестициялар жаңа жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайды және капиталдың қорлану қарқынын қалыртастырады. Технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды алмастыруға ынтагерлік білдіреді, қуаттылығын көбейту, өндіріс шығындарын азайту және нарықтағы өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру. Меншікті инвестициялық қаржылардың көздері амортизация мен бөлінбеген пайда болып саналады. Инвестицияның бұл көздерінің мүмкіндігі, сипаты, ауқымы  мемлекеттің экономикалық тактикасымен анықталады.

     Сонымен қатар, бұл саясат республиканың  экспорттық әлеуетін арттыру,  яғни шетелдерге барлық жағынан  әлемдік стандарттарға сәйкес  келетін дайын өнім шығаруға  мүмкіндік беруі қажет. Біз  инвестициялық жағдайымызды жоғарғы қарқында дамыту үшін ең бірінші кезекте шетел тәжірибесін қолдануымыз керек. Сондай-ақ, инвестициялық климатты жақсарту мен шетелдік және отандық инвесторларды экономикаға тарту үшін мынанадай шарттар бекітілген болатын: республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналасатыру бойынша талаптарды шешу, халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесіне бекіте отырып. Халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру; үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау; әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет.

   Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың қаншалықты көп болуымен байланысты болып келеді. Елімізде шет елдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етеді. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

     Сонымен қатар, инвестицияларды  әр түрлі қаржы құралдарын  шығара отырып тарту жағдайы  бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытпен тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып, ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерімен қолға алына бастады. Мұнда инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмысынан кейін беріліп отырады. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу кепіл мүлікті талап етпейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта ең негізгі құрал болатыны сөзсіз.      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                         ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
 

   
  1. Мейірбеков  А.Қ., Әлімбеков Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003
  2. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: ЖШС «Издательство LEM», 2007
  3. Дүйсенов К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2001
  4. Сейтказиева А.М. Инвестиционная деятельность предприятия: Учебное пособие – Алматы: Экономика, 1998
  5. Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы – Алматы: «Қазақ университеті», 2006
  6. Оразалы Сәбден Бәсекелестік экономика: Оқу құралы – Алматы: Экономика институты, 2007
  7. Бохаев Д.Т. «Инвестициялық жобалар – экономиканы дамыту құралы» //ҚазЭУ хабаршысы №4 2005жыл 13-17 бет
  8. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы - //Орталық Қазақстан / 2007 жыл 28 ақпан
  9. Оразалы С. «Экономикалық басымдықтар және уақыт талабы» // Егемен Қазақстан, 18 сәуір 2006 жыл
  10. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан – 2030, 11 қазан 1998 жыл
  11. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Алматы: Атамұра, 2005 жыл 
  12. Казақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет: статистикалық жинақ //ҚР статистика агенттігі Алматы, 2005
  13. Инвестиция туралы заң. // Орталық Қазақстан/ 18 қаңтар 2003 жыл
  14. www.google.kz
  15. www.khabar.kz

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде