Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде

Автор работы: d**************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Әлемде жиырма бірінші ғасырдың аяқ басуымен экономикалық өзгерістер процестер жалғасуда. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазақстан Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішіндегі жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша алғашқы орындардың бірін алып отыр. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты әлемдік тәжірибеде экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторы болып шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанда «Шет

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................................3
1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ
1.1 Инвестицияның мәні мен мазмұны......................................................................4
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі...11
1.3 Инвестициялық жоба түсінігі және оның жіктелуі...........................................14
1.4 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар....................................16
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

2.2 Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі....................................20
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау ..............................................28
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...............................36
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......

Содержимое работы - 1 файл

К_с_порынны_ инвестициялы_ жобасы б_секеге _аб_летт_л_г_н1.doc

— 348.00 Кб (Скачать файл)

     1) Тұрақты масштабтағы бизнестің  табиғи жалғасуы ретінде ескірген  қондырғыларды ауыстыру. Әдетте  осыған ұқсас жобалар ұзақ  және күрделі дәлелдемелерді, шешім  қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдеу керек болса, көпбаламалылық пайда болуы мүмкін.

     2) Ағымдағы өндірістік шығындарды  азайту мақсатында қондырғыларды  ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілегенін қолдану, бірақ оның моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым жетілдірілген қондырғы қаржылық жағынан неғұрлым тиімді бола бермейді.

    3) Өнім шығаруды арттыру және  қызмет көрсету нарығын кеңейту.  Жобалардың бұл түрі әдетте  кәсіпорын басқармасының жоғарғы  деңгейі қабылдайтын жауапты  шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келу-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.

    4) Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.

    5) Экологиялық жүгі бар жобалар.  Инвестициялық жобалау барысында  экологиялық талдау жасау аса  қажетті элементі болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластауымен  әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып келеді. Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма – жобалардың қай түріне назар аудару керек:

  • капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану;
  • ағымдағы шығындарды көбейте отырып, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.

    6) Шешім қабылдаудағы маңыздылығы  аса жоғары емес жобалардың  түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды. 
 
 
 
 
 

            1.4 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар 

      Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.

      Жалпы еліміздің бизнес климатын  талдау барсында күрделі қаржы  бөлудің барлық параметрлерін  баллмен бағалайды, содан кейін  жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында  инвестициялық тәуекел көрсеткішін  немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

      Елде инвестициялық климат нашар  болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт, бүгінде шетелдік компаниялар өздерінің салалық, өндірістік кешенін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республика салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді. Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол – ұлттық экономиканың даму деңгейі болып саналады. Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау – бұл әр түрлі шаралардың кешені:

  1. мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;
  2. табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
  3. экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;
  4. инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;
  5. нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;
  6. банктік жүйенің тұрақтылығы;
  7. саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

                                                                                                                             

2-кесте Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар 

Әсер  етуші факторлар Негізгі әсер (0-ден 7-ге дейін) әсер ету  белгісі
  1. Бюрократия
6,7 -
  1. Елдегі қаржы-салық режимі
3,6 +
  1. Құқықтық инфрақұрылым
3,1 +
  1. Қаржы нарығы
4,6 +
  1. Бөлу арнасының жетіспеушілігі
1,3 -
  1. Саяси тұрақсыздық
3 -
  1. Айырбастау бағамын реттеу
2,8 -
  1. Заң шығару тұрақсыздығы
3,9 -
  1. Бұқаралық ақпарат құралдары
2,9 +
  1. Коррупция
6,1 -
Ескерту: оқулықың мәліметтері  негізінде
 

      Сонымен, шетелдік инвесторлар  жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды.

      Қазақстан өзінің табиғи байлығымен  жақсы қамтамасыз етілген салалары  – шикізат пен энергия болып  табылады. Қазақстан территориясы  Еуропалық экономикалық одаққа (ЕЭО)  кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар, территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз. Отын-энергетика комплексі кен орнының потенциалды бағасы: көмір бойынша 658,5 млрд., мұнай 222,5 млрд. АҚШ доллары.

      Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минералдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн. тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн. тоннасы өндірілуде. Яғни, Қазақстан – ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19% -ға өсіп, 119 млрд. теңгеге жетті.

      Инвестицияның жоғары қарқынмен  дамуының жақсы экономикалық  көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына  тікелей әсері мол. Бұған дәлелді  инвестициямен жан-жақты қамтылған  батыс аймақтардан көптеп келтіруге  болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы  «Өзенмұнайгаз» кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2000-2004 жылдарға арналған екі жақты келісім шарт негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру көздері анықталып, іске асырылды. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спроттық ғимараттар жөндеуден өтіп, қала іргесіндегі Теңге ауылында жаңа мектеп салынды.

      Қазақстан Республикасына инвестиция  салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық  пен шикізаттың және табиғи  ресурстардың байлығы себеп болып  отыр. Шетелдік инвестицияларды  мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жұргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалтулар әсерімен түсіндіріледі. Қазақстан Респубилкасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет:

    1. Тұрақтылық және болжау мүмкіндігі. Елдің инвестициялық климатының сапасы берілетін жеңілдіктер мен преференциалды мөлшері және түрімен емес, әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық тұрақтылықпен анықталады. Тұрақтылық алдын-ала болжау  және мемлекеттік саясаттың инвестициялық жобаны жүйелі жүзеге асыру үшн қолайлы жағдай туғызады.

   2. Инвестициялық қызметті реттеуші, әлемдік стандарттраға сай ашық және бір мағыналы құқықтық нормалар. Инвестициялық «ойын ережелері» анық және түсінікті болуы керек. Олар бюрократия мен сыбайластықты есептен шығаруы қажет. Инвестицияның, өндіріс пен сауданың дамуына кедергі келтіретін барьерлердің алдын алуы инвестициялық саясаттың құрамды бөлігі болып табылады.

    3. Инвестициялардың заңды құқықтарын  қорғау. Биліктің барлық деңгейінде  инвесторлардың құқықтарын қорғауды  қамтамасыз ету.

    4. Отандық және шетел инвесторларының  қызметі үшін кең шарттар. Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, бірақ бұл принципті орталық және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибе барысында ұстануы қажет.

    5. Келісім шарттар мен халықаралық  келісімдердің шарттарын сақтау  Қазақстанға деген сенім деңгейін  жоғарылатып, тікелей инвестициялардың ағымының өсуіне әкеледі.

    6. Тікелей инвестициялардың пайдалылығы  мен нәтижелігі. Инвестор пайда  алуға құқығы бар және оны  Қазақстан экономикасының дамуы  үшін еркін репатриациялау мүмкіндігі  болуы тиіс.

    7. Экономиканың басымды салаларына тікелей инвестицияларды ынталандыру.

    8. Әр инвесторлар тобына қызметі  үшін ішкі қор нарығының ақпараттық  анықтығы мен тең жағдайды  қамтамасыз ету. 

      Қазақстанда және басқа ТМД  елдеріндегі тікелей шетел инвестицияларын  тартудың әлемдік тәжірибесі мен практикасын зерттеу, инвестиция мүмкіндігі мен масштабы бірнеше факторға тәуелді екеніні көрсетті, олардың ішіндегі маңыздылары мыналар болып табылады:

  • саяси тұрақтылық;
  • елде жүргізілетін экономикалық реформалардың нарықтық объективтілігі;
  • қолайлы инвестициялық климат;
  • басқа елде ұқсас инвестициялық шешімдердің өміршеңдігі және мүмкін болатын табыс көлемі;
  • құқықтық қорғалуы, ашықтығы және тұрақтылығы;
  • табиғи ресурстардың баршылығы мен құны;
  • валютаның еркін конверттелуі мен пайданы репатриаицялау мүмкіндігі.

     Инвестициялық климатты жақсарту  мен шетел және отандық инвесторларды  экономикаға тарту үшін келесі  шарттар бекітілген:

  • республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімерді орналастыру бойынша талаптарды шешу жолымен, өндірістік қорларды мақсатты инвестициялауға амортизациялық шегерімдерді қолдану процессіне қатаң мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
  • халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесіне бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенцияалын жүзеге асыру;
  • инвестициялық климатты жақсарту мен шетел инвесторларының ағымын ынталандыру мақсатында жергілікті сот органдарының шешімдерін орындалуын қамтамасыз ету,  келісімшарт міндеттемелерін сақтау, отандық және шетел инвесторларына тең жағдай жасау;
  • үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау және кәсіпорынның негізгі капиталына инвестиция міндеттемелерін бақылау шараларын заңды түрде бекіту;
  • әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажеттігі;
  • инвестициялық белсенділікті арттыру үшін қор нарығының дамуын жүзеге асыру;
  • есептеу тәсілінің қарапайымдылығы мен ашықтығын және аймақтың өмірін қамтамасыз етуші факторларды алушы рейтингтік бағаның ортақ жүйесін әзірлеу;
  • аймақтың инвестициялық ресурстар жиынтығымен жетілдіру.
 

2.  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ  ҚҰРАЛЫ  

         2.1Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі

      

       Жалпы алғанда, тиімділік –  кірістің шығындарға, ресурсатарға  немесе жұмсалған күш-жігерге  қатынасын көрсетеді және көзделген  мақсатқа жету дегенді білдіреді.

       Инвестициялық жобаның тиімділігі  ғылыми-техникалық (ғылыми-техникалық нәтижелердің ҒЗТКЖ-ны орындауға кеткен шығындарға қатынасы), өндірістік (сатылған өнім көлемінің өндірісті дамытуға жұмсалған бір жолғы шығындарға қатынасы), әлеуметтік (әлеуметтік нәтижелердің әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асыруға кеткен шығындарға арақатынасы), экологиялық (қоршаған ортаны қорғау нәтижелерінің осы мақсатта жұмсалған капитал салымдарына қатынасы), экономикалық, коммерциялық және бюджеттік деп бірқатар түрлерге бөлінеді.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде