Автор работы: d**************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:38, курсовая работа
Әлемде жиырма бірінші ғасырдың аяқ басуымен экономикалық өзгерістер процестер жалғасуда. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазақстан Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішіндегі жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша алғашқы орындардың бірін алып отыр. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты әлемдік тәжірибеде экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторы болып шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанда «Шет
КІРІСПЕ.........................................................................................................................3
1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ
1.1 Инвестицияның мәні мен мазмұны......................................................................4
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі...11
1.3 Инвестициялық жоба түсінігі және оның жіктелуі...........................................14
1.4 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар....................................16
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ
2.2 Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі....................................20
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау ..............................................28
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...............................36
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......
Инвестиция еліміздің
Мұндай тізімдерді көп
инвестициялық қызметі
Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мқсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамауына негіз болады. Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және инвестициялық қызметтің қатысушылары табылады. Тапсырыс берушілер инвесторлар мен инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісіне арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы тәжірибелік түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық салада іс-әрекет жасайды. Инвестициялық салалар құрамына қосылады:
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды рөл атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау төмендегілерге байланысты:
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өз бетінше бір стратегия. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашан да экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асыру мерзімі бойынша үйлеседі. 1-кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның әр түрлі
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке
қатысты шешім қабылдауы бәсекелік ортада
дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына
тіреледі және бұл бәсекелік орта бір
немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі
экономикалық, құқықтық және басқа да
факторлардың ықпалында болады.
1-кесте
Белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара
байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы
| ||||
Стратегиясы | Пайда болуы | Өсуі | Жетілуі | Ескеруі/Пайда болуы |
Жалпы | Нарыққа еніп, бекітілу процесінде өмір сүру | Нарық сегментінің кеңеюі, іс-әрекет диверсификациясы мен пайданың жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз ету | Іс-әрекеттің салалық диверсификациясы, пайданың қол жеткен нормасына қолдау жасау | Пайда нормасын сақтау және іс-әрекеттің бағыты мен нысандарының бір уақыттық жаңалуының қаржылық тұрақтылығы |
Инвестиция
лық |
Бастапқы нақты инвестицияның жеткілікті көлемін қамтамасыз ету | Өндірістің және нақты қаржылық инвестиция масштабтарының кеңеюі | Өндірістің техникалық қайта қамтамасыздандырылуы және кең масштабты қаржылық инвестицияландыру | Жаңа құрылыс пен өндірістің қайта құрылуына нақтылы масштабты инвестицияландыру |
Ескерту: оқулықтың мәліметтері негізінде |
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті инвестицияланыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады. Ал табыстылықтың салымның орташа салалық деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе озу стратегиясы
жаңа технологиялық шешім
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын
қалыптастыру кәсіпорынның да, потенциалды
стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің
қиылысуы кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция
болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді.
Сондықтан оны көре алуы мен оның инвестициялық
тартымдылығын бағалай алуына байланысты.
1.3 Инвестициялық жоба түсінігі және оның
жіктелуі
Халықаралық тәжірибеде
Жобаларды әдет бойынша
Отандық тәжірибеде жоба
Кәсіпорынның нақты бір жобаға
қатысты инвестициялық
1. Жобаның тұжырымдалуы. (кей уақытта «идентификациялау» термині қолданылады). Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына таңдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
2. Жобаны дайындау. Жобаның бизнес идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен соң, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны (яғни бизнес-идеяны) ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс оңай алуға және бастапқы ақпараттардың шынайылығына тәуелді екенін түсіну керек.
3. Жобаны сараптау. Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік немесе тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлардың салған ақшаларынан күтетін қайтарымдарын қамтамасыздандыру.
5. Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны құрастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.
Жобалық талдау тәжірибесі
Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде