Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде

Автор работы: d**************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Әлемде жиырма бірінші ғасырдың аяқ басуымен экономикалық өзгерістер процестер жалғасуда. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазақстан Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішіндегі жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша алғашқы орындардың бірін алып отыр. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты әлемдік тәжірибеде экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторы болып шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанда «Шет

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................................3
1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ
1.1 Инвестицияның мәні мен мазмұны......................................................................4
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі...11
1.3 Инвестициялық жоба түсінігі және оның жіктелуі...........................................14
1.4 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар....................................16
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

2.2 Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі....................................20
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау ..............................................28
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...............................36
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......

Содержимое работы - 1 файл

К_с_порынны_ инвестициялы_ жобасы б_секеге _аб_летт_л_г_н1.doc

— 348.00 Кб (Скачать файл)

       Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы  негізгі мәселе – инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

       Мұндай есептеулер не үшін  керек? Өйткені, ақшаның қазіргі  кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.

                                                                                                                             

3-кесте Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялар, нақты бағамен млн. теңге 

Жылдар Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестиция                              Оның ішінде
  Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдарға Тұрғындарға жеке меншікті үйлер мен пәтерлер салуға
  млн. теңге % млн. теңге % млн. теңге % млн. теңге %
1995

2000

2006

13059

148590

404175

100

100

100

12541

66780

53775

95,3

44,9

13,3

383

80029

342188

2,9

53,8

84,6

225

1781

8232

1,7

1,2

2,0

Ескерту: Оқулықтың мәліметтері  негізінде

  

     Кестедегі мәліметтерімізден байқайтынымыз,  соңғы он жылда күрделі құрылысқа  жұмсалған инвестициялардың жалпы  көлемінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған, керісінше мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі жоғарылаған. Мұндай жағдайдың қалыптасуына, әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікке өткендігі себеп болып отыр.

   Әдетте  инвестициялық жобаны негізгі үш кезеңнен тұрады деп қарастырады: алғашқы, дайындық және өндірістік.

       Алғашқы кезеңде жобаның техника-экономикалық  негізі құрылады. Жобаның бизнес-жоспарын  құру жұмыстарына, ақпаратты жинау және өңдеу, сонымен қатар нарықты алдын ала зертеу, мәліметтерді талдау, жобаның  тиімділігін алдын ала есесптеулер жатады. Сонымен қатар потенциалды мердігерлермен келісілген жұмыстарды орындау шығындары, капитал тарту шарттары бизнес-жоспардың жобасы үшін мәліметтер ретінде қолданылады.

       Инвестициялар – бұл кем дегенде  екі жақтың – кәсіпкер (жобаның  бастаушысы) және инвестордың (жобаны  қаржыландырушы) бірлескен әрекет  процесі. Бұл жобаның сәттілігі,  екі жақтың ортақ тіл табысуына,  инвесторлардың белгілі бір кепілдікке ие болуына байланысты. Мұндай кепілдіктің бірі, жақсы ойластырылып есептелген істің жазбаша мазмұны болып табылады. Бұл инвесторға іспен танысуға, оқу, зерттеу, есептесуді қайталауға және ұсынылған бизнестің маңызды, есептелген, кездейсоқ жағдайларға тәуелсіз екендігіне көз жетуізуге мүмкіндік береді. Ұсынылған бизнеспен танысу барысындағы негізгі құжат, қаржылық салымды талап ететін бизнес-жоспар болып табылады. Бұл ақша табудың негізгі құралы және жоспарланған бизнестің негізі берілетін ресми құжат болып табылады. Кейбір Батыс елдерінде бұл құжатты «келісім» деп атайды. Бизнес-жоспарды жасаудың қажеттілігінің негізгі үш себебін бөліп көрсетуге болады.

     Біріншіден, бизнесті құрастыру процесі, идеяларды ойластыру кәсіпкерді кәсіпорынның жоспарына объективті, сын көзбен, әділ қарауға мәжбүр етеді. Жоспар қатенің алдын алуды қамтамасыз етеді.

     Екіншіден, сәттіліктің негізі болып табылатын, кәсіпорынды тиімді бақылауға және басқаруға қолдануда, кәсіпкерге көмектесетін жұмыс құралы болып табылады.

     Үшіншіден, аяқталған бизнес-жоспар бұл идеяларды басқа қызығушылығы бар тұлғаларға хабарлау құралы болып табылады. Бұл толықтай кәсіпкердің мамандық деңгейін сипаттайды.

      Инвестициялық жобаның дайындау  кезеңі, ынталы инвестициялар деп аталатын өндірісті даярлау жұмысынан тұрады, әдетте олардың қатарына мыналар жатады:

  • кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу және құрылымын жасау жөніндегі ұйымдастыру шығындары;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • өнім үлгілерін жасау, даярлау және сынау;
  • құрылыс жұмыстарын жүргізу;
  • технологиялық және басқа да жабдықтар сатып алу, дайындау және монтаждау;
  • өндірістік жабдықтау және арнайы құралдарды дайындау және жасау, өнімнің шығарылуы қарсаңында нарықты даярлау шаралары (мысалы, жарнама және т.б.).

       Инвестициялық жобаның өндірістік  кезеңі, кәсіпорын өнім өндіру  мен оны өткізуге аяқ басқан  сәттен басталады. Диверсификацияланған  өндіріс жағдайында, өндірістік  кезеңнің басы бір ғана өнім  түрін өндіру мен өткізу басталған  күн болып саналады.

       Инвестициялық жоспар әдеттегідей, мынандай инвестициялық шаралардан тұрады, олар мына түрде келтірілген:

  1. даярлық кезеңнің ұйымдастырылуы және басқа шығындары;
  2. жер учаскелерін сатып алы (несиеге алу);
  3. ғимараттар сатып алу (құрылыс салу);
  4. жабдық сатып алу (жасау).

     Даярлық кезеңнің ұйымдастырылуы  және басқа да шығындары деп  активтерді сатып алу, жабдық  сатып алу секілді шығындарды  есептемегендегі, кәсіпорынның өнімді  өндіру мен өткізуді бастаған  сәтіне дейінгі шығындарды түсінеміз. 

     Жұмыстардың кейбір кезеңдерінің басқаларымен бір мезгілде жүргізіле беретіндігін ескере отырып, атап өтілген кезеңдердің қайсысы ағымдық жұмыстың орындалуын шектейтіндігін көрсете кету қажет. Мысалы, цех ғимараты салынбайынша, жабдықты дайындап іс жағдайына келтіруге болмайды.

     Барлық кезеңде нөмірлену тікелей  өтпелі болуы тиіс. Және де  кезең нөмірлері олардың орындалу  ретін көрсетпейді, өйткені бірнеше  кезең бірдей орындалуы мүмкін. Кезеңдерді ескере отырып, жоба  сатысын анықтағаннан соң, күнтізбелік  жоспар қайта есептеледі. Көрнекілік үшін жоба кезеңдерінің басталуы мен аяқталуы күндері және оларға жұмсалатын шығындар көрсетілген күнтізбелік жоспарт келтіріліп отыр. Инвестициялар туралы шешім қабылдауда инвестор кәсіпорынның экономикалық қызметінің барлық жайларына назар аударады.

     Жоғарыда атап өткендей, инвестициялық  жобаны қаржылық талдау қаржылық  пайда, не зиян әкелетін жобаны  қабылдау не қабылдамау жөнінде  шешім қабылдау үшін қажетті  мәліметтер алуға арналған.

     Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе іс жүзіне келгенде әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал салу немесе өз кәсіпорнына басқа капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу шарт. Біздің кәсіпкерлеріміздің бұрын-соңды нарықтық экономикада өмір сүрмегендігі, енді ғана қадам басып жатқандығы баршамызға мәлім. Соған орай олар бұл әдістемені білмейді. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестицияларды жоспарлау мен талдау саласында жеткілікті мөлшерде тәжірибе жинақталғандығын ескерсек, біз осы тәжірибені пайдалана білуіміз қажет.

     Барлық дамыған елдер үшін  қабылданып, бүгінгі таңда қолданылып  отырған инвестициялық жобалардың  тиімділігін бағалау белгілері мен жоспарлау әдістері, әр түрлі елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлерінің ортақ түсінісу әдісіне, тіліне айналған. Бұларға VNIDO, Дүниежүзілік банк, Европалық банк секілді ірі халықаралық ұйымдардың инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемелерін жатқызуға болады. Олардың барлығы да ақша ағымын талдау әдісіне негізделген, инвестициялық жобаларды қаржылық талдау принциптеріне сүйенеді. Ағылшын тіліндегі «Кэш-Флоу» деген түсінік барлық дамыған елдердің экономистерінің лексиконына еніп отыр, әрі «маркетинг» және «контроллингтен» де көбірек пайдаланылады. Бүгінгі таңда «Кеш-Флоу» талдауын өз инвестициялық қызметінде қолданбайтын ұйым жоқтың қасы. Бұл ақша ағымын талдау инвестицияларды талдаудың «классикалық» әдістеріне негіз болып және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау мен жоспарлаудың танымал әдістемелерінде қолданылатындығына байланысты болып отыр.

       Cash-Flow (Кеш-Флоу) дәл аударғанда «бар ақша ағымы» деген мағынаны білдіреді. Іс жүзінде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар: «Бухгалтерлік баланс», «Қаржы –шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп» және «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп». Алғашқы құжат, кәсіпорынның белгілі бір уақыт арасындағы емес, нақты мерзімдегі, мысалы, 1996 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайын сипаттайды. Баланс, белгілі бір мерзімде жобаны жүзеге асрып отырған кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаншалықты мөлшерде тұрақты екенін көрсетеді. Егер де баланс көлденең нысанда жасалған болса, екі жақтан құралады: актив (сол бөлігі) және пассив (оң бөлігі), олардың қосынды мәндері үнемі өзара тең болуы тиіс. Актив кәсіпорынның меншігіндегіні көрсетеді. Пассив кәсіпорынның кімге, қанша қарыз екендігін көрсетеді.

       Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралықтарындағы операциялық немесе өндірістік қызметінің жағдайын сипаттайды, сонымен қатар, өндірістік шығындардың өнімді өткізуден түскен табыспен өтелуі тұрғысынан алғандағы оның тиімділігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, бұл есептен кәсіпорынның өзінің негізгі қызметін қалай орындап отырғандығын байқауға болады.

       «Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі  туралы есеп» кестесін жасау  үшін сату жоспарының мәліметтері  - өнімді өткізуден түскен табыс және шығындар жоспарының мәліметтері – тұрақты және айналмалы шығындар сомалары қажет болады.

       Кәсіпорын қызметінің тиімділігін  арттырудың тек екі жолы ғана  бар: қымбатырақ және көбірек  сату немесе арзанырақ өндіру. Өте қарапайым осы ереже, жобаны талдау мен басқару барысында өте маңызды болып саналады. Кәсіпорын басшылығы тиімділікті арттыру мақсатында қандай іс-әрекеттер жасаса да олардың түпкі нәтижесі жоғарыда аталған шарттарды орындау болады.

       Жобаның үш түрлі вариантының  «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы» талдауын қарастырып көрейік.

                                                                                                                         

4-кесте  Инвестициялық жобаның үш варианын  талдау кезінде жасалған қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп 

Баптың  атауы Инвестициялық жобаның варианттары
бірінші екінші үшінші
1 Өнімді өткізуден  түскен табыс (млн. теңге) 2000 2000 2000
2 Айнымалы шығындар негізінде есептелген өткізілген өнімнің  өзіндік құны 1400 1000 600
3 Жалпы табыс 600 1000 1400
4 Кезең шығындары (тұрақты шығындар) 580 800 1000
5 Негізгі қызметтен  түскен табыс 20 200 400
6 Негізгі емес қызметтен  түскен табыс 4 10 20
7 Қалыпты қызметтен  алынған табыс 24 210 420
8 Табыс салығы 7 63 126
9 Таза табыс 17 147 294
  Ескерту: оқулықтың  мәліметтері негізінде

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде