Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде

Автор работы: d**************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Әлемде жиырма бірінші ғасырдың аяқ басуымен экономикалық өзгерістер процестер жалғасуда. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазақстан Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішіндегі жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша алғашқы орындардың бірін алып отыр. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты әлемдік тәжірибеде экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторы болып шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанда «Шет

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................................3
1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ
1.1 Инвестицияның мәні мен мазмұны......................................................................4
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі...11
1.3 Инвестициялық жоба түсінігі және оның жіктелуі...........................................14
1.4 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар....................................16
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

2.2 Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі....................................20
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау ..............................................28
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...............................36
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......

Содержимое работы - 1 файл

К_с_порынны_ инвестициялы_ жобасы б_секеге _аб_летт_л_г_н1.doc

— 348.00 Кб (Скачать файл)

      Саланың пісіп-жетілуін оның даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп-жетілген немесе ескірген.

      Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның  тиісті сала шеңберінде оның  бәсекеге жарамдылығын орнату  керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, жағымды, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.

     Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді. Жобаны талдаудың алдын ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілегн критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы қандай нақты «торға» жататындығын білдіреді. Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең екі себепке байланысты қажет:

   - стратегиялық инвестормен ары  қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;

   - егер кәсіпорынның басқарушылары  (менеджерлері) талдауға назар аудармаса,  онда стратегиялық инвестор бұл  жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін. 

      Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір  жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық  орындалуын бағалайтын арнайы  бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар, жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

     Жобаның коммерциялық орындалуын талдау. Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың жауабына байланысты:

    1. Жобаның іске асыру нәтижесі  болып табылатын өнімді сата  аламыз ба?

    2. Бұдан біз инвестициялық жобаны  анықтауға жеткілікті көлемде  пайда көре аламыз ба?

     Соңғы жылдардың статистикалық  мәліметтері бойынша, үшінші әлем  елдеріндегі фирмалардың банкротқа  ұшырауының дәрежесі 80%-ды құрайды. Банкртоқа ұшыраудың негізгі себебі – маркетингтің жеткілікті болмауында.

     Маркетингтік талдаудың базалық  сұрақтары мынандай:

    1. Жоба қандай нарыққа фокусталған?  Халықаралық нарық па немесе  ішкі нарық па?

    2. Жоба халықаралық нарық пен  ішкі нарық арасындағы балансты  ойластыра ма?

    3. Егер жоба халықаралық нарыққа  бағытталған болса, онда оның  мақсаты мемлекеттің саяси қағидалық  шешімімен сәйкес келе ме?

    4. Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған  болса, онда оның мақсаттары  мемлекеттің ішкі саясатына жауап  бере ме?

   5. Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны ары қарай қарастыру керек пе?

      Жобалар қолданыстағы нарықта  іске асатындықтан, жобаларда олардың  сипаттамасы келтірілуі керек.  Маркетингтік талдауда да тұтынушылар  мен бәсекелестерді талдау болуы қажет. Тұтынушыларды талдау тұтынушылардың сұранымын, нарықтың потенциалды сегменттері мен сатып алу процессінің сипатын анықтауы керек. Ол үшін жобаны жасаушы нарықты мұқият зерттеп, оған әсер ететін институционалды шектеулер мен нарық құрылымының шеңберінде негізгі бәсекелестерін талдау керек. Маркетингтік талдау нәтижесінің негізінде маркетингітік жоспар құрылады. Ол жоспарда өнімді әзірлеу стратегиясы, баға белгілеу, тауардың нарыққа жылжуы мен өткізілуі анықталуы тиіс. Бұл «аралас маркетинг» элементтері тұтасқа бірігіп, нарықта өнімге неғұрлым бәсекеге ыңғайлы жағдай жасауы керек. Маркетингтік жоспар фирманың басқа да шығаратын өнімдерінің бар болуын және фирма қызметінің ұйымдастырушылық, қаржылық, өндірістік және жабдықтау аспектілерін есепке алу керек. Маркетингтік жоспар шеңберінде мүмкіндігінше бәсекелестерінің әрекеттерін және оның осы жоспардың орындалу мүмкіндігіне тигізетін әсерін болжау керек.

      Маркетингтік талдау сұранысты  алдын ала болжауды қамтиды.  Инвестициялық жобаны даярлау барысында жобаның дәлділігін қалаулы дәлдікке жету шығындарымен салыстыра отырып анықтау керек. Шешім қабылдау процесі белгісіздік жағдайында іске асса да, дұрыс болжау осы белгісізідік дәрежесін азайтады.

      Инвестициялық жобалаудың барлық  маркетингтік аспектілерін қарастырудың мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі мағыналық бөлімдеріне тоқталайық. Маркетингтің барлық сұрақтарының түйісуі келесі блоктарды атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарықты талдау, бәсекелік ортаны талдау, өнімнің маркетингтік жоспарын жасау. Аталған бөлімдердің қажетті шарты ақпараттардың шынайлығы болып табылады. Қорыта келгенде, маркетингітк бөлім жобаларды талдауды анықтаушылық мәнге ие, өйткені жобаның өмірге қабілеттілігін бағалау үшін керекті нарықтық ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда сапасыз маркетингтік талдау нәтижесінде фирма едәуір ақша құралдарын шығындап, жабдықтау мен өнімді өткізу операцияларын іске асыруға күш жұмсағанымен, ойдағы пайдаға ешқашан жете алмайтын жағдайлар кездеседі.

      Техникалық талдау. Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:

  • жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
  • жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
  • жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.

      Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның  жеке сарапшылар тобы арнайы  мамандарды шақыру арқылы жүргізеді.  Техникалық талдаудың стандартты  процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар, келесі критерийлерді басшылыққа алу керек: 1) технология өзін алдын ала жақсы жағынанан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек; 2) технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.

      Егер өз технологиясын қолдану  мүмкін болмаса, онда төмендегі  схемалардың бірі бойынша біреуімен  шетелдік технология мен қондырғыларды  тарту мүмкіндігіне талдау жүргізіледі:

  • шетел фирмасымен бірлескен кәсіпорын – бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;
  • технологиялық «ноу-хауды» іске асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;
  • «Turn-key» – қондырғы  сатып алу, зауыт салу, технологиялық процесті қалыптастыру;
  • «Product-in-hand» - «тurn-key» + кәсіпорынның қажетті дайын өнім шығарғанға дейін персоналды оқыту;
  • өндіріс үшін лицензиялар сатып алу;
  • шетелдік технолог тарапынан техникалық көмек, технология таңдау ережесі кейбір альтернативті технологияларды кешендік талдауды және қандай да бір агрегатталған критерийдің негізінде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.

   Қаржылық  талдау. Инвестициялық жобаның бұл бөлімінің көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенін қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:

   1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегі қаржылық  жағдайына талдау жасау.

   2. Инвестициялық жобаны дайындау  кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.

   3.  Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына  талдау жасау. 

   4. Инвестициялық жобаны жүзеге  асыру барысындағы пайда мен  ақша ағымдарын болжамдау. 

   5.  Инвестициялық жобаның тиімділік  бағасы.

     Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтімділігін көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі. Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек.

     Шығынсыздықты талдау негізгі  өнімдерді шығару мен өткізудің  өзіндік құн құрылымын талдау  бойынша жүйелік жұмыстарды және  барлық шығындарының айнымалылар  (өндіріс көлемі мен сату көлемінің  өзгеруіне орай өзгереді) мен тұрақтыға (өндіріс көлемі өзгеруіне байланысты өзгермейтін) бөлінуін қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негізгі мақсаты – шығынсыздық нүктесін анықтау, яғни пайданың нольдік мәніне сәйкес келетін тауар көлемін сату. Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба процесінде шығынсыздық нүктесі мен кәсіпорынның пайданы алып келетін іскерлігі сенімінің кейінгі бағасымен салыстырылуына негізделген.

     Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым  жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:

  • жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
  • инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу (және ары қарайғы ізденіс);
  • инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;
  • жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;
  • жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.

     Жобаның іске асу мерзімінде  оның өтемділігін бағалау мәселесі  әдістемелік тұрғыдан өте қиын. Жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының көлемі, «ақшаның құны уақыт өтуіне қарай» деген қағиданы есепке ала отырып, сомалық инвестиция шамасын жабуы керек. Бұл принцип бойынша: «Доллардың қазіргі құны бір жылдан кейінгі алынған доллардың құнынан үлкен», яғни бір жыл кейін алынған әрбір жаңа ақша ағымы бір жыл ерте алынған оған көлемі тек ақша ағымынан төмен мәнге ие. Ақша ағымының уақыттық мәнділігін өлшейтін сипаттамасы ретінде инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған ақша ағымын инвестициялаудан түскен түсімнің нормасы көрінеді.

     Жобаның өтімділігін бағалау  кезіндегі инфляцияны есепке  алу мәселесі қарама-қайшылықты  болып келеді. Әрине, уақытты өріс  алған ақша ағымдарын ақшаның  сатып алушылық қабілетінің өзгеруіне  байланысты қайта санау керек. Сонымен қатар, инвестициялық жобаның тиімділігі туралы соңғы қорытынды инфляциялық әсерді ескерусіз жасалуы мүмкін. Баға деңгейлерінің инфляциялық өзгеруі қазіргі уақытқа келтірілген таза ақша ағымы мәнінің бағасына әсер етпеді. Бұл ақша ағымы базасында инвестициялық жоба тиімділігінің негізгі көрсеткіші анықталады.

     Экономикалық талдау. Қаржылық талдаудың негізгі сұрағы: жоба кәсіпорын иелерінің (акционерлері) байлығын көбейте ала ма? Бұл сұраққа ақша ағымдарын талдау арқылы жауап беруге болады. Экономикалық талдау жобаның мемлекеттік (ұлттық) байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады. Экономикалық талдау міндеті қойылымының мысалын қарастырайық. С деген компания кез келген бір тауарды келесі шарттармен өндірсін:

  • компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйым сатсын;
  • импортталатын қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет халықаралық бағалардан төмен сатсын;
  • кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін;
  • нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдің еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен бағамен сатады.

     Мұндағы міндет – мемлекеттің  осындай жобаны іске асырудан  табатын пайдасын төменде келтірілген  нұсқалармен салыстыра отырып  анықтау:

    • компанияға шикізат пен қосалқы бөлшектерді нарықтық бағамен сату, жұмысшыларға еңбекақыны әлемдік стандарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарларды еркін бағамен сатып алу;
    • ұқсас тауарларды (ең бастысы, сапа көрсеткіштері бойынша) шетелден саиып алу.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде