Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:48, дипломная работа

Краткое описание

Қазақ топырағындағы әдебиет туралы ғылым туу, қалыптасу дәуірінен әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде күрделі даму - өсу, өркендеу кезеңдерін бастан кешіріп отыр. Ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққанын – сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенін, орысша литература деген атаудың латын сөзі екенін - әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес.

Содержание работы

КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Тарау - «Жұлдыз», «Жалын» журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі
1.1. Алғашқы әдеби басылымдар тарихы
1.2. Әдеби басылымдардың авторлары мен бас редакторлары
ІІ Тарау Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
2.1. Бүгінгі әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік
2.2 Әдеби басылымдардағы жастар шығармашылығына көзқарас
2.3. Әдеби басылымдардың ұлттық сана-сезім мен ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудағы ролі
III ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер, сілтемелер көрсеткіші тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері.doc

— 261.00 Кб (Скачать файл)

Ұлт өміріндегі елеулі құбылыстар, оның қалыптасу, болып толуындағы «ақтаңдақтар», өмір мұхитының асау толқыны беймәлімге айдаған бүгінгі қоғам, халық тағдыры толғантатын көкірегі ояу, көзі ашық азамат – міне біздің әр кезекті санамызды баспаға даярлар кезде іштей сырласар, мұңдасар, үміт артар, сенім артар Оқырманымыздың келбеті осындай ».

Тәуелсіздіктің алғашқы  жылдарында біз елдің қиындығын  айттық. Міне сол кезде ол кісі де, «Онда, жазушылар, сіздер өздеріңіз  барыңыздар» деді. Жазушы, әсіресе  зейнетақыға қарап отырғанда ел арасына құрқол қалай барасын? Ел арасына, сөз қадірін білетін халық арасына бара алатын менің қатарластарым. «А, Қабдеш Жұмәділов, Дулат Исабеков, Төлен Әбдіков, Бексұлтан Нұржекеев, Мұхтар Мағауин келіпті» дер. Бізден төменгі буын жазушылар бара алмайды. Олардың атын білмейді де. Рас, 12-13 жыл ішінде олар жазушы ретінде қалыптасты. Бірақ, халықтан бөлек қалыптасты. Кітаптары қалың елддің арасына жетпеді. Біздің кезімізде кітаптарымыз 30-40 мың данамен тарап үлгеріп қалды әйтеуір. 240 мың таралыммен шығатын «Жұлдыз» журналы және «Жалын» жастар альманағы, «Лениншіл жас» арқылы оқыды. Жас жазушылар енді жетіле бастағанда мына бүгінгі ахуал дендеп енді де, қаламгерін танымайтын елдің жаңа ұрпағы өсіп келіп қалды. Жас жазушы деп елге барғанда не бітіре алады? Қолында билігі жоқ, тұтқасы жоқ, өмірді өзгерте алады дегенге сенбеймін. «Сенің бұл айтпағыңды күнде естіп жатырмыз. Айналайын, бара ғой» дейді. Ұлтжанды жазушылардың қолынан келетіні бар еді, тетігі бар еді, онда да ол кітабының таралымының молдығы арқылы, халықпен екі арадағы кіндігінің үзілмегендігі арқылы. Қазір халық жазушыны тыңдамайды. Халық қазір тек билікке құлақ асады. Баяғының билігі аз да болса да, халықтың айтқанымен жүретін. Биліктің нағыз тұтқасына сөзін өткізе алады дейтін Ресей жазушыларының өзі де бүгін баяғыдай емес. Бірақ, ашығын айту керек, бізге қарағанда жақсы. Тумысынан турашыл халықтың санасы сәл жоғарылау. Жоғарыдағылары бар, одан төменгісі бар, жазушысын азды-кемді тыңдайды. Өз тәуелсіздігін жария еткелі он үш жылдың жүзі болса, оның ақпарат құралдарының, әсіресе, қазақшасының өз қолы өз аузына жетіп, отау иесі болғанына да он үш жыл болғаны. Өйткені, тәуелсіз елдің ең басты қаруы – тәуелсіз ақпарат құралдары.

Өкінішке орай, қазақ  тілді электронды ақпарат құралдарының шама-шарқы, ұлттық бет-бейнесі кеңестік дәуірден келе жатқан көне үрдіс-дәстүрге болудан әрі аса алмай отырғаны жанға батады. Әділін айтсақ, тәуелсіздіктің он үш жылы ішінде қазақ тілді басылымдар электронды ақпарат құралдарына қарағанда, ұлттылыққа, ұлттық атрибуттарға байланысты қозғаған мәселелері тиянақты, ойға қонымды. Бүгінгі таңда қазақ жазушыларының ұлттық категория ретінде үнінің өшіп бара жатқанын халық та, биліктегілер де жақсы біледі. Өйткені, жазушы өзінің бұл қоғамға керек болмайтынына көзі жеткен сайын асау, шамшыл, тіпті кейбірі көкжасық тартып барады. Ал олардың дәл осындай халге түсуі, меніңше, руханияттың өрлеуіне, оның бұқараға қызмет етуіне қарсы белгілі бір саясаттың әсері. Ұлттық Ғылым академиясының таратылуы, Жазушылар одағының қалбиып отыруы, әр қаламгердің шығармашылық тұлға ретіндегі мүшкіл халі, жазушының сөзі керек болмай қалғаны, меніңше, біреулерге қажет секілді. Айтыңызшы, қазір қай жазушы қоғамға, қоғам мүшелеріне, шенеунікке, үлкен-кішіге, жалпы халыққа сөзін өткізіп, шығармашылық ауылы мен елдің рухани әлемінің бұрынғыға қарағанда қауқарсыз қалғанын қайсысына айтып, қайсысына сөзін өткізе алады? – Жалпы, әдебиет дегеніміз бір тілдің, бір елдің әдебиетімен тоқтамайды. Үлкен әдебиет деген бар. Оған бүкіл дүние жүзінің кішкентай халқынан бастап ұлы халқына дейін кіреді. Осы әдебиеттің бәрін түгел білмегенмен, соның басым көпшілігінен хабардар болғанымыз жөн ғой деп ойлаймын.  

                                        

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.Аббас Гучлу.  «Теледидар бәледидарға айналмасын» // «Заман Қазақстан», 19.12.1997 ж.

2.Абдрахманов  С. “Ұрпақтарға қалдырар басты  байлығымыз”, // “Қазақ әдебиеті”, 3.10.2003 ж.

3.Айтбайұлы  Ө. «Тіл мүддесін ойлассақ», // «Ана тілі», 6.03.2003 ж.

4.Асылбекұлы  С.  “Ұлттық парыз”, // “Парасат”, шілде, 2002 ж

5.Әбжанов  Х.  “Ұлттық  идея: Қазақ елі. Азаттық. Бірлік”, // “Қазақ әдебиеті”, 29.08.2003

6.Әбиев Ж,.Бабаев С,.Құдиярова  А. «Педагогика», Алматы: 1998 ж. 

7.Әлімбаев С.  “Шындыққа сүйіспеншілік”, Алматы, 1993 ж

8.Әміржанова Ж. «Дәурен  үшін ұялдым», // “Ана тілі” 30.01.2003

9.Әшімбаев . С   «Шындыққа сүйіспеншілік», Алматы, 1993 ж.

10.Белдеубайұлы Д. «БАҚ  туралы жана заң қандай болуы  керек?», // «Ана тілі», 12.06.2003 ж.

11.Бельгер Г. «Идеология  дегенді  ұмыттық, ағайын!..», // «Қазақ әдебиеті», 29.08.2003 ж.

12.Бердібай Р.  “Ұлт”  деген сөз ұлықтамай, тереземіз  теңеспейді”//”Қазақ әдебиеті”,12.12.2003 ж.

13.Дөңқабақ  О. “Өзгенікі зор, өзіңдікі  қор” , // «Егемен Қазақстан», 9.07.2003ж.

 

14.Дүтбаева Н,  «Дәл бүгіннен бастайықшы», // «Қазақ  әдебиеті», 22.03.2002 ж.

15.«Елбасы Нұрсұлтанның  Қазақстан халқына Жолдауынан», // «Ана тілі 7.12.06.2003 ж.

16.Елікбаев Н. “Ұлттық психология”, А., “Қазақ Университеті”, 1992 ж.

17.“Ғ. Мүсіреповтың күнделігінен алынған жазбалар”, // “Парасат”, наурыз, 2002 ж.

18.Жаппасұлы  Е. “Тамаша –тәрбие отауы” , // “Қазақ әдебиеті”. 28.11.2003ж.

19.Жолдасбеков  М. «Айтысты аласартып алмайық» // “Егемен Қазақстан” 28.04.2004 ж.

20.Жұбаев И.  «Теледидар бизнес пе, әлде,саясат  па?», // «Қазақ әдебиеті», 8.03.2002 ж.

21.Кенжалин Ж. «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз». Алматы. 1998 ж.

22.Кенжебай М.«Бар мен  жоқта болған әнгіме». // «Ана тілі», 27.06. 2004 ж.

23.Қабылғазина К. «Аудиотехника  жане радиохабарларынын технологиясы»,  А.,1999 ж. 

24.“Қазақ әдебиеті”  газеті, 18.08. 1989 ж.

25.«ҚазАқпарат” мемлекеттік тілдегі хабарларды интернет жүйесіне латын жазуымен шығаруды қолға алды“ , // ”Егемен Қазақстан”, 16.04.2004 ж.

26.“Қазақстан тарихы”  (очерктер). А.,1994 ж.

27.Құлкенов М. “Біздің  қоғам: жастар “, // “Ана тілі  “, 6.11.2003 ж.

28.Құл-Мұхаммед М.“Ұлт тірегі–тіл”.// «Ана тілі» 15.05.2003 ж.

29.Құл-Мұхаммед  М. “Мемлекет және БАҚ: бір-бірімізді  қолдай отырып алға басайық”, // “Қазақ әдебиеті” 24. 05. 2002 ж.

 

30.Құл-Мұхаммед  М. «Ұлт сенімі - дін», // “Қазақ  әдебиеті” 13.06.2003.

31.Құл-Мұхаммед М. “Ұлт мәйегі – мәдениет” , // “Қазақ әдебиеті”. 13.06.2003 ж.

32Құнанбаев  А. “Шығармалардың толық жинағы”,  І том, А., 1954 ж.

33.Молдабек  Ә. «Хабардың бес белесі», Алматы,2000 жыл

34.Сабильянов  Н. «Жалған мақтаудан жалықтым», // “Қазақ әдебиеті” 30.04.2004 ж.

35.Табылды.  Ә. «Ұрпағымыэды қалай қорғаймыз?», // «Қазақ әдебиеті» , 21.03.2003 ж.

36.Тасмағамбетов  И.  “Алдымен өзімізден бастайық, сосын өзгеден талап етейік”  // “Қазақ әдебиеті,” 3.10.2003 ж. 

37.Төтенай Б. «Бодандық  мінез-құлық – қазақтың  соры», // «Қазақ әдебиеті» , 21.03.2003 ж.

38.Тұрсынов Қ.  «Көгілдір экран құпиясы», А., 1998 ж. 

39.Шайынғазы С. Шөпеғұл.  Ж. “Махамбет ұлт атынан тіл  қатады”, // «Егемен Қазақстан».16.09.2003 ж.

40.Шілдебаева  Д. “Бүгінгі телевизияның бет-бейнесі” , // “Қазақ әдебиеті”, 25.04.2003ж

 

 

 

 


Информация о работе Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері