Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:48, дипломная работа
Қазақ топырағындағы әдебиет туралы ғылым туу, қалыптасу дәуірінен әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде күрделі даму - өсу, өркендеу кезеңдерін бастан кешіріп отыр. Ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққанын – сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенін, орысша литература деген атаудың латын сөзі екенін - әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес.
КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Тарау - «Жұлдыз», «Жалын» журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі
1.1. Алғашқы әдеби басылымдар тарихы
1.2. Әдеби басылымдардың авторлары мен бас редакторлары
ІІ Тарау Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
2.1. Бүгінгі әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік
2.2 Әдеби басылымдардағы жастар шығармашылығына көзқарас
2.3. Әдеби басылымдардың ұлттық сана-сезім мен ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудағы ролі
III ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер, сілтемелер көрсеткіші тізімі
Жарияланған дүниелердегі
деректердің нақтылығына
1922 жылдан шыға бастаған «Жұлдыз» журналының тарихына қысқаша тоқталып өтсек. «Жұлдыз» әдеби, мәдени, қоғамдық саяси журнал. Алғашқы саны «Жаңа әдебиет» деген атпен 1928 жылы жарық көрді. 1932-38 жылдары – «Әдебиет майданы», 1939-41, 1945-56 жылдары «Әдебиет және искусство», 1944-45 жылдары «Майдан» деген атпен, 1957 жылдың қаңтарынан бастап «Жұлдыз» журналы болып осы күнге дейін шығып келеді. Қазақстан партия ұйымының көмегімен жазушылар ұйымы 1928 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бұрынғы бірер рет шыққан «Жыл құсы» деген жинақтың орнына дербес журнал шығарды. Оның атын жаңа дәуірге сай «Жаңа әдебиет» деп атады. Осы журнал бетінде Сәбит Мұқанов ескі әдеби мұраларды талғап пайдалану керек, бұл жөнінде байшыл-ұлтшылдармен ымыраласуға болмайды деп мәлімдеді. «Біздің принциптеріміз райласпақ емес, өйткені біз әдебиетті еңбекшілер тұрғысынан бағалаймыз, ал байшыл ұлтшылдар байлардың тұрғысынан қарайды. Сондықтан біздің ымыраға келуіміз мүмкін емес./3/
Қазақстан Өлкелік партия
комитетінің 1929 жылдың декабрінде болған
5 пленумы қазақ совет
3.С.Мұқанов. «Жазушы мектебі». «Қазақ әдебиеті», 4 май, 1962
4.С.Мұқанов. «Әркім өзінше ойлайды». «Жаңа әдебиет» №3, март
ұйымдарының шешімдері мен қарарлары насихатталды. Оның алғашқы жылдардағы нөмірлерінде «Советтің соты», «Кеңес мектептері туралы», «Октябрь төңкерісі Һәм қазақ әйелі», «Қазақстанның шаруа кәсібі», «Октябрь һәм жастар», «Халық һәм әдебиет» т.б. мақалалар жарияланды. Журнал қазақ еңбекшілерін К.Маркстің, В.И.Лениннің өмірбаяндарымен, революциялық қызметімен таныстырды, партия гимні «Интернационалдың» қазақша аудармасын басып шығарды.
Сөйтіп, журнал қазақ еңбекшілеріне Совет өкіметінің халықтық өкілет екенін, оның жұмысшы-шаруа одағы және халықтар ынтымағы негізінде құрылғанын, пролетариат диктатурасын, пролетарлық интернационализм идеясын түсіндірді. Коммунистік партияның лениндік ұлт саясатын, социализм және коммунизм идеяларын насихаттады.
1921-1925 жылдары журналдың
не бәрі 48 нөмірі жарық көрді.
Қағаз, қаржы тапшылығынан
Сол сияқты журналдың шаруашылық, денсаулық сақтау, халық ағарту, білім-ғылым, әйелдер арасындағы жұмыс, әдебиет бөлімдері және сыртқы хабарлар, сын және библиография, кино және театр сыны тағы басқа бөлімшелер мен рубрикалар болды.
Журнал әдебиет мәселелеріне де үлкен көңіл бөліп отырды. Онда 1923-1925 жылдары Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуінен үзінділер», Сәбит Мұқановтың «Сынға сын» деген мақаласы және басқа ақын-жазушылардың шығармалары басылды. Нәзір Төреқұлов 1923 жылы Москвада шығып тұрған «Темір қазық» журналының №1,2,3 нөмірлерінде басылған мақалаларының бірінде Сәкеннің революцияшыл жырларына жөнді мән бермеді. Сәбит Мұқанов оған қарсы шығып, Сәкенді асыра сілтеуші сыншылардың шабуылынан қорғады.
«Қызыл Қазақстан» журналының
жақсы жақтарымен қатар осал жақтары,
тіпті қателері де болды. Оның бетінде
кейде идеялық жағынан
Баспасөз бетінде көтерілген идеологиялық айтыста, әрине, партия бағытын ұстаған жазушылар жеңіп шықты. Бұл туралы Қазақстан жазушыларының 1932 жылғы бірінші съезінде қазақ совет әдебиетінің негізін қалауда байшыл-ұлтшылдарға қарсы күресте қол жеткен табыстарға қорытынды жасалды.
Қолжазба “Садақ” журналын Уфадағы “Ғалия” медресесінде оқып жүрген қазақ жастары 1915-1918 жылдары шығарыпты дегенді 1952 жылы адал жүрек ақын, атақты “Әли қарттың әңгімесі” поэмасы үшін “жемеген таяғы жоқ” Жақан Сыздықов айтып кеткен. Бүгінгі «Жұлдыз» журналының құрылтайшылары: «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы, Редакция ұжымы. Қазіргі айдарлары: «Проза, поэзия», «Шетелдегі қазақ әдебиеті», «Түрік дүниесі», «Дін-ислам дәрістері», «Өнер», «Қазақстан - 2030», «Әдебиеттану», «Әдебиет тарихы», «Зерде», «Алтыншы дәптер», «Хат хабар, ой толғам» тағы да басқа болып табылады. Қазіргі бас редакторы - Мұхтар Мағауин, бас редактордың орынбасары -Тұрысбек Сәукетай, жауапты хатшы - Серікқали Хасан. «....Көркем әдебиет өмір шындығының айнасы дейміз. Өмірдің дамылды күндері де бар, дауылды күндері де бар. «Жел желпімей, өрт өшірмейді» /5/дегендей, дарынды шығармалардың денін дауылды күндер туғызуын әдебиеттер тарихынан аңғарамыз. Тасыған өзеннің, толқыған теңіздің арнасынан ақтарыла төгілуі сияқты, әдебиеттің де тасқындаған кезінде әдеттегі арнасына симай кететін шағы болады. Сол кезде тұрақты кітаптың баспасөзден орын жетпей, газет, журнал, альманах сияқты мерзімді баспасөздер молырақ керек боп қалады.
...Осы өскелең әдебиеттің қажетін өтеу үшін, 1927 жылдан қазақтың бірінші баспа альманағы – «Жыл құсы» жарық көрді. Сол альманах өркендей келе журналға айналып, соңында, тиражы 160 мың данадан тұратын«Жалын» атауына тірелді.
Бүгінгі әдебиетіміздің аумағы, әсіресе жылдан-жылға саны молайып келе жатқан талантты жастарымыздың шығармалары: қолымыздағы бар баспасөздердің шеңберіне симай, тағы бір альманах туғызудың сәті түсті. Ол – жоғарыда аталған «Жалын». Бұл альманахқа қаламы төселген ақын-жазушылармен қатар, әдебиет әлеміне жаңа ғана аяқ аттай бастаған жас таланттардың шығармаларына да кең орын берілмек.
Осыдан ширек ғасырдан
бұрын астам уақыт бұрын «
Қазақстан ЛКСМ Орталық комитеті мен Қазақстан Жазушылар Одағының екі айда бір шығатын әдеби-көркем және қоғамдық – саяси журналы ретінде 1969 жылдан бастап шыға бастады. Ал енді әділіне келетін болсақ, «Жалын» журналы шыға бастаған күнінен балаңдық, осалдық көрсеткен кезі жоқ. Сол күш-қайраты тасыған жалынды жастығынан бір айныған емес. Осы жылдар ішінде әдеби журнал «Жалын» қазақтың рухани әлемінде қандай үлес қосты? Журналдың ең асыл мұраты – жас таланттардың шығуына жағдай жасау, көмектесу. Осы орайда бір ғана мысал. Журналдың тұңғыш санына ҚазМУ-дың филология факультетінің 3 курс студенті Смағұл Елубаевтың әңгімелері жарияланды.
«Нарықтық экономикаға бет бұрған бүгінгі таңдағы қазақ баспасөзінің ауыр халі баршаға аян. Қағаз тапшылығы, типографиялық шығынның, басқа да өндірістік айналымда бағасының күрт өсуі – мерзімді басылымның қай-қайсысын да қиын жағдайға тіреп отыр. Әлгіндегідей объективті себептерге байланысты «Жалын» да алдағы жылы өзінің жылдық жазылу бағасын 24 сомға көтерді. Бұл, әрине, мойын бұрғызбас қажеттіктен туындаған шара. Алайда, келесі жылдан бастап ай сайын шығамыз деген үміт қандай да болмасын кедергіден абыройлы өтеміз-ау деген болмашы сенімге негіз болғандай. Бұл сенім сонымен бірге өзінің «Жалынға» деген оң ықыласыңа, азаматтық пейіліңе бағышталды, қадірлі оқырман!...
«Жалын» альманах ретінде емес, кәдімгі заман ағымына, күнделікті тіршілікке лайық әдеби-көркем дүниелермен көріне бастады. Бұған түксие қараушылар да табылды, біраз айтыс тартысты да бастан кешірген. Басқасын былай қойғанда, бірінші нөмірдегі эмблема ретінде басылған, тұлпар мініп, қолына алау ұстап шауып келе жатқан жігіт бейнесі («бұл қайда шауып барады, ескіліктің исі тұрған жоқ па?»), эмблеманың астында Назым Хикметтің: «мен егер лаулап жанбасам, сен егер лаулап жанбасаң –Түрілер түнек түн қашан?!»-деген Сағи аударған өлең жолдары қып-қызыл дау туғызып, жоғарғы жақтан сөздер естіліп, ақталуға, дәлел іздеуге мәжбүр болған күндерде бастан өткен. «Түрілуге тиіс ол – қай түнек?». Бұл - өсіп өркендеген Кеңес қоғамында шығып отырған басылым емес пе?-деген күдік, бопсалардан құтылу оңай болған жоқ. Өлеңді алып тастасақ та ат мінген жігіттің бейнесін сақтап қалған.
Ал енді «Жалын» журналы туралы ағалар лебізіне келер болсақ, «...Ұлы тойлардың қарсаңында туған «Жалынға» берер батамыз: жалының жарқырай түссін, өрең биіктей түссін, өрісің кеңи түссін!» - басылымның 1969 жылғы №1 нөмірінде жазушы Сәбит Мұқанов жылы лебізін осылай білдірсе, осы санында Ғабит Мүсірепов: « «Жалын» өзінен өзі жанбайды. Оның қорегі ең алдымен жиырма бес төңірегіндегі талантты жастар қаламынан таматын сия! Сөз тізбегі емес, ой тізбегі. Жайылым су емес, сарқырап, долданып, булығып-бұрқанып, сақылдап күліп, кәрленіп жататын тасқын су - өнер де жігер, от жалынды ой, жүрегіңді дірілдетер сезім тереңдігі. Жаңалықтың құлақ бұрауы емес - өзі! Эксперимент жазушы столының үстінде жасалып, жемісін «Жалын» алдына жайып салғанда күлдіре алар, қуанта алар, мұң айта алар, жігеріне жігер қосар болсын! Шын талант арманы осы болмақ.
«Жалынға» қараңғылық қауіп емес. Сылбыраған ақ жаңбыр қауіп, байырғыдан басқаның бәріне жатсырай қарайтын күрең қабақ қауіп, жастарды жастайынан қартайтатын қара жұдырық қауіп. «Жалын» қазақ кеңес әдебиетінің теориялық бағыты әбден айқындалған, ержеткен дәуірінде шығармашылық тәжірибесі молайған дәуірде туып отыр.Бұл кезде балаңдыққа орын болса да, балалыққа орын жоқ»-деп жазады./6/
«Жалын» - «Жұлдыз» журналының туған інісі. Бірақ оның сарқытымен күнелтпейді. Бұл «Юность», «Молодая гвардия» сияқты өз бет алысы бар альманах». Мұның өз даусы, өз жалыны болу керек. Тіпті аға журналдардың кейбір кезде бет жыртпайтын көлегейлігінен аулақ болар деп үміт етеміз. Бұл үмітіміздің бірінші белгілері «Жалынның» бірінші санынан бастап-ақ атой берсе игі еді!»-деген ыстық ықыласын білдіреді. /7/
«Қазақ әдебиеті тағы да бір бұтақ жарды – дүниеге «Жалын» атты жастар альманағы келді. Өскелең әдебиет бір қалыпта тұрмақ емес, осылайша оқтын-оқтын жаңарып, белден-белге, өрден-өрге жоғарылай береді. Өмір мен ой дамуына шек қойылмаса, әдебиет дамуына да шек қойылмаған. Бірақ, әдебиетте бір өзгешелік бар. Басқа еңбек, ғылым саласында әлемді бүгін таңдандырған тамаша табыстар бара-бара өзінен өктем шыққан кезде жай бір тіршілік құралы болып қалады. Ал, әдебиет қанша өссе де оның бір кездегі биігі аласармайды, әрдайым биік. Бұны өзіміздің ескі эпостарға немесе ұлы Абайға қарасақ та айқын көреміз. Алдыңғы ағалар, соңынан өрбіп келе жатқан әдебиет жеткіншектерінің үні, сыр-сипаты, ой қабілеті қилы-қилы. Өте қызық. Олар әдебиет көктемі. «Жалынның» бетінде сол жайнаған көктемді, әдебиет биіктерін көрсек, «Жалын» бәсеңдемей лаулай берсе» -деген тілекпен Ғабиден Мұстафин де өз ойын жеткізген екен. /8/
«Жалынның» жиырма бес жыл толған мерейтойлық нөмірінде журналист Зәйгүл Асқарованың «Іңкәр... өмірге іңкәр Орағаң...» деген естелік мақаласында журнал жайлы: «Оралхан Бөкей десе, алдымен осы «Жалын» журналының алғашқы саны жарыққа шыққан күн есіме түседі. ....Қазіргі кезде күніне бір газет, күніне бір журнал ашылып жатыр ғой. Ол заманда мұндай оқиға ел өміріндегі елеулі құбылыс болатын. Журнал болғанда шаруашылықтың бір саласына емес, халықтың рухани өміріне қатысты әдеби журнал ашылды. Қолдан қолға тигізбей оқитын «Жұлдыздың» інісіндей боп жаңа басылым келді өмірге. Ол кезде біз мектеп қабырғасындағы бойжеткен қыз, бозбала жігіттерміз. «Жұлдыз» үлкендердің журналы еді, енді жастардың төл журналы шықты деп алақайлап қуандық. Міне, осы «Жалынның» тұңғыш санының Орағаңның «Іңкәр» атты повесімен ашылғаны біздің есімізде мәңгі қапты»-деген ойлар айтылған. /9/
Өткір де өршіл, сыршыл да сыншыл жауһар жырларымен қатарластары арасынан ерекше дараланып, ерте танылған Фариза Оңғарсынова есімін білмейтін қазақ жоқ десе де болғандай. Өлең айдынында құлаш ұрған өзінен кейінгі сіңілілері мен інілерінің көпшілігіне ұстаз болған, әлі де бола беретін, сөйтіп қазіргі қазақ поэзиясында өзгелер үлгі тұтар өзгеше әуенді берік орнықтырған Фариза ақын - «Жалын» журналының тұрақты авторларының бірі.
Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаев «Жалын» туралы өз ойын былай деп жеткізеді: ««Жалын» халқымыздың қалың ортасынан қаулап өсіп шыққан жас дарындардың журналы, олай болса, бұл журналдың алдында үлкен де ұлы міндет бар. Ол – ұлттық әдебиетіміздің келешегін баулып, тәрбиелеу. Бұл басылым осы жолда да әрдайым күш жігерін жанып, жұлқынып жұмыс істеуі керек.
Бір жағынан, «Жалын» журналы – қазіргідей қым қуат тірлігі көп кезеңде де басты бағытынан айнымай, әдеби үрдісімізге өлшеусіз үлесін қосып, рухани игіліктерімізді байытып келе жатқан басылым. Бұған, меніңше, ешкімнің таласы болмас.
Сондай-ақ бұл басылымның халқымыздың рухани әлемінен алар орны да ерекше айқын емес пе|?! Мен бұл басылым мен оның шығармашылық ұжымына, авторларына зор табыс, бақытты ғұмыр тілеймін»./10/
Қазақстанның халық
жазушысы Хамит Ерғалиев: «Бүгінгі
әдеби өміріміздің белді
1.2. Әдеби басылымдардың бас редакторлары мен авторлары
Информация о работе Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері