Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:48, дипломная работа

Краткое описание

Қазақ топырағындағы әдебиет туралы ғылым туу, қалыптасу дәуірінен әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде күрделі даму - өсу, өркендеу кезеңдерін бастан кешіріп отыр. Ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққанын – сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенін, орысша литература деген атаудың латын сөзі екенін - әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес.

Содержание работы

КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Тарау - «Жұлдыз», «Жалын» журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі
1.1. Алғашқы әдеби басылымдар тарихы
1.2. Әдеби басылымдардың авторлары мен бас редакторлары
ІІ Тарау Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
2.1. Бүгінгі әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік
2.2 Әдеби басылымдардағы жастар шығармашылығына көзқарас
2.3. Әдеби басылымдардың ұлттық сана-сезім мен ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудағы ролі
III ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер, сілтемелер көрсеткіші тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері.doc

— 261.00 Кб (Скачать файл)

Бір айта кететін нәрсе, жастардың поэзиясы мен прозасы  қомақты сыни мақалалар мен зерттеулердің  арқауына айнала қойған жоқ. Әуезовтың, Ахтановтың жарқ еткеніндей, ешкім көріне алмады. Соншалық үлкен, сүйекті, қабырғалы дүние тумады. Бірақ жастар әдебиеті қазір қаулап өсіп келе жатыр деуге болады. Әсіресе, жас ақындарға аға ақындар тарапынан айтылып жатқан жылы сөз көп. Олардың ізденістері ауыз толтырып айтуға әбден жарайды. Бір өкініштісі, қазір әдебиетке жағдай жасалып жатқан жоқ. Елдігіміз бекіді, экономикамыз көтерілді. Енді мемлекет әдебиетке назар аудару керек. Кітаптардың тиражын көтеру, оны бұрынғыдай ауыл-ауылға жеткізу мәселелерін ертеңге қалдыруға болмайды. Осы бетімізбен кете берсек, әдебиетті өлтіріп алуымыз мүмкін.

Талаптан Ахметжан, жазушы:– Әуезов, Аймауытов, Мұқанов, Мүсіреповтер қалыптастырған прозадағы мектеп, меніңше, жайлап алыстап бара жатқандай көрінеді. Неге десеңіз, қазір прозаға соншалық құштарлықпен, махаббатпен топ-тобымен, лек-легімен келіп жатқан жастарды көре алмай жүрмін. Бірен-саран газет-журналдың маңайында жүрген қыз-жігіттер шағын әңгімелер мен новеллалар жазып, көрініп жүр. Талаптары жақсы. Бұған қуанасың. Дегенмен жетпісінші, сексенінші жылдардағыдай үзеңгі қағысып, құйрық тістесіп, толқын-толқын болып келетін жас қаламгерлер жоқ қазір. Жас қаламгерлерге қарағанда жас ақындардың жағдайы біршама тәуір. Өйткені өтетін мүшәйралар бар. Демек, тыңдайтын аудиториясы бар. Мұның өзі шығармашылық адамына әжептәуір күш береді. Ал жастардың шығармаларына зер салып, дұрысы мен бұрысын көрсететін, жетістігі мен кемшілігінің ара жігін ашып беретін сыншылар жоқ. Олардың көпшілігі ғылыммен айналысып кетті. Бірінің ЖОО-ларға дәріс бергісі келеді, енді бірінің қорғағысы келеді дегендей. Бары жазбайды. Жаздыра алмайсың. Себебі Маркстың "Сананы тұрмыс билейді" дейтін қағидасы әдебиетке де жат емес. Бір кітапты бір апта оқып, оған пікір жазған сыншы кәдімгідей қаламақы күтеді. Ал бізде ондай қаламақы жоқ. Ал қаламгерлер сыншы болмаған соң, жастар шығармалары жөніндегі пікірлерін ауызекі тілде ғана білдіріп жатады. Дегенмен олардың шығармаларынан өзім байқаған мынадай ерекшеліктерді айтқым келеді: қысқа жазады. Сондықтан айтарын әңгіме, новелла көлеміне сыйдырады. Ұзақ-сонарлықтан қашады. Кішкентай дүниемен үлкен ой айтқысы келеді. Сол шағын шығармада-ақ кейіпкердің психологиялық характерін ашып бергісі келеді. Бұл, әрине, бұрыннан бар дәстүр, бұрыннан бар үлгі. Бірақ жастар шығармаларынан олардың осы бағытқа мықтап ден қойғаны байқалады. Бірақ не материалдық, не моральдық тұрғыдан қолдау болмаған соң осындай жастардың әдебиетке деген көңілі мүлде суып кете ме деген қаупім бар.

Міне, бұл қазақ әдебиетінде  өзіндік үлсе қосып жүрген алдыңғы  буын өкілдеріінң ойы мен пікірі. Енді әдеби басылымдардағы жастар шығармашылығына тоқталсақ.

«Жалын» журналының 2005 жылғы  №11 нөміріндегі «Поэзия» айдарында Алмас Темірбайдың «Әдемі едің әйеліндей перінің» деген тақырыпта жырлары жарық көрді. Алмастың өмірбаянына келер болсақ, 1979 жылы Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Ортақ ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін және Көкшетау университететінің саясаттану факультетін бітірген. Өлеңдері «Жас ақындар антологиясы», «Қос ішек» және «Зеренді көктем» атты ұжымдық жинақтарға енген. «Аллажар», «Жұмақ жұрт» атты жеке жыр жинақтарының авторы. Облыстық, республикалық мүшәйралардың жеңімпазы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран При жүлдесінің иегері. Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі. Бүгінде Көкшетаудан шығатын республикалық «Алаш үні» газетінің бас редакторы. Бұл санда жас ақынынң «Мұсылман», «Күнә», «Дұға», «Бәлду, бәлду», «Бір түйір тас», «Шолақ көйлек» деген өлеңдері жарияланды.

«Сөз өнері» - дертпен  тең» деген Абай атамыз өлеңге әркімнің таласы болатындығын да қаперге соғады. Алайда «таласқанның» бәрінен дарынды  қалам иесі шыға қоюы да неғайбыл. Дегенмен, біздерді бүгінгі жастардың өлеңге таласы бар жастарымыз алдағы уақытта да азаймаса екен дейміз.  Сондай үмітті жастардың бірі - Әлия Жаужүрек. Әлия Алматы қаласында тұрады, мамандығы – заңгер. «Жақсылық күтем» деген тақырыпта Әлия Жаужүректің «Ер-жүрек», «Жаманның ойы» (ирония), «Әлеумет пен әділет» деген өлеңдер топтамасы жарияланды. Сондай-ақ «Тұнжыраған аспан емес, мен едім» деген топтамада жас ақын Құралай Омардың жырлары  журналдың №3 нөмірінде жарық көрді. 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың филология факультетін бітірген. Ол халықаралық «Шабыт» фестивалінің Ерік Асқаров атындағы арнайы жүлдсінің иегері. Құралай Омардың «Поэзия» атты өлеңіндегі:

Поэзия – ойымның  өрнегісің,

Жазылмайтын жай ғана «ермек үшін».

Бұлттан шығып жарқ еткен  алтын Айдай,

Поэзия көгіне өрле, Құсым!-деген жолдардың өзі өлеңге деген махаббаттың сездіргендей.

Әдеби басылымдар ұлттың экономикалық, саяси мүдделері  психологияның қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан ұлттық мүдделер экономикалық, құқықтық, рухани түрінде ұлттық объективті  талаптардан келіп шығады. Ұлттық мүдденің мазмұны объективті бола тұра, ұлттың санасына және еркіне байланысты емес, өндіріс қатынастарының жағдайы мен деңгейінің өзгешеліктеріне сәйкес келеді. Кейбір зерттеушілер ұлттық мүдде ұлттардың мұқтаждығын қанағаттандырудағы  объективті қажеттіліктердің байланысы деген пікірлерді айтып жүр. Әрине, мұндай пікірмен келісу дұрыс емес. Себебі, ұлттық мүдденің әлеуметтік мәнін тек мұқтаждықты қанағаттандырумен ғана шектеп  қоюға болмайды. Қорыта айтқанда, мүдделер ортақтығы жоқ жерде, іс-әрекет бірлігін айтпағанның өзінде, мақсат бірлігінің болуы екіталай.

Өйткені ұлттық мүдде  дегеніміз - белгілі бір ұлттың рухани, әлеуметтік, материалдық жақтарын бірінші  орынға қоятын ұлттық психологияның  бір элементі. 

Ұлттық талғамды жалпы адамзат талғамынан бөліп-жарып қарастыру мүмкін емес.  Жалпы, адамның жеке басының талғамы сияқты ұлттық талғам да адамның бірінші өмірлік қажеттіліктерімен тікелей байланыса отырып, адамның ұлттық ерекше болмысынан туындайды. Ұлттық талғам тұрмыстық тұтыну жиһаздарын пайдалану мен безендіруден, өнер туындыларынан, киім киісі мен мәдениетінен, рухани қажеттіліктерінен анық байқалады.

  Талғам адамға тек физиологиялық қанағат қана әкеліп қоймай, онсыз адам өмір сүре алмайтын көптеген эмоциялық құбылыстарға ұшыратады.

Талғамдар қондырмалық  құбылыс және ұлттық психологияның  элементі ретінде халықтар өмірінің ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, өмірдің өзгеруіне сәйкес талғам да өзгерістерге ұшырайды. Оны қазіргі  ұлттар  мен  ұлыстар  тұрмысынан, мәдениетінен, киімінен, т. б. өмірлік талғамдарынан байқаймыз. Бұл туралы жазушы Ш. Айтматов былай дейді: “Қырғыз әдебиетінде тезек түтінінің, қымыздың және тері тонның иісіне,– “ұлттық ерекшеліктің” осы міндетті қасиеттеріне жаттану… біздің маңдайымызға жазылып қоймаған… Бүгінгі таңда бізге бензиннің, машиналардың, тракторлардың иісі анағұрлым жақын, тұрмыстан шығып, жоғалып жатқан нәрселерге қарағанда, механикамен және қазіргі өмір қарқынымен байланысты нәрселер жақынырақ”/19/.

Бүгінде тарихи бірізділікті бұзған талғам жаңаша көрініс табуда. “Жақсыда жаттық жоқ” дегендей, ұлттық табиғатымызға кері әсері жоқ жаңаны құшақ жая қабылдағанымызбен қоса, рухани әсері шамалы, ұлттық талғам, деңгейімізден төмен дүниелерді көбейтіп алғанымыз көкейге өкініш ұялатады. Сондай-ақ, ұлттық тілдің тар шеңберге түсіп, ала-құлалануы талғамның жаңа үлгісі емес, керісінше, қысымға түскен ана тіліге немқұрайды қарау, жауапсыздық пен намыссыздық деп түсінген абзал.

Демократия мен пікір  бостандығы деген ұғымдарды дұрыс түсінбеушіліктен ұлттық талғам үрдісінен шығып кететін, ұлттық мүддеге сай емес тәрбиелік мәні төмен бағдарламалар дүниеге келуде. Бақытымызға орай, ұлттық ерекшелігімізді бірінші орынға қойып, көрермен талғамы мен сұранысын ескере отырып, бағдарлама жасайтын режиссерлер де, авторлар да, жүргізушілер де бар.

Ұлттық сана - өзінің ұлттық өкілдігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық танытып, халық мұраларын, мақтанышын бағалай білу. Ұлттық сананың қалыптасуында рухани мәдени шығармалар, тарихи туындылар, ұлттық рухани мұралар  үлкен рөл атқарады. Ондай шығармаларда адамның ұлттық сана-сезімінің жетілуіне, дамуына ерекше әсер ететін оқиғалар классикалық музыкалық шығармалармен сүйемелдене отырып бейнеленеді.

Ұлт өкілі алдымен  өзінің сол ұлттық мүшесі екендігін мойындамаса, оның барлық өміріндегі  тарихи әлеуметтік, саяси, мәдени құбылыс-тарына, жеріне, еліне, қайраткерлеріне деген мақтаныш сезімі, қуанышы болмаса, онда шынайы ұлттық сананың  болуы мүмкін емес. Сондықтан кез-келген ұлттық психология өз ұлтын сезінуден, оған жауапкершілікпен қараудан басталуы орынды.

Яғни, ұлттық сана дегеніміз  – ұлтын жан-жақты танып,мақтан тұтып, бағалай біліп, оны рухани жан-дүниесімен қабылдай білуі.

Ұлттық мінез-құлық – халықтың тарихи өмірінің нәтижесі. Ол, ең алдымен, ұлттық тіл арқылы адам бойына сіңеді. Яғни, ұлттық мінез-құлықты халықтың қоғамдық өмірінің тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан машығы мен әдетінің жиынтығы, әрі жалпы, барлық халыққа тән және ерекше қасиеттерінің бірлігі ретінде қарастыруымызға болады. Мысалы, еліміздегі ұлттардың мінез-құлқын мәдениеті мен тұрмысынан, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінен байқай аламыз.

“Тарихи кезеңдердің  халықтар психологиясына әсерін бағалай  келіп, француз ғалымдары “Француз ұлтының қалыптасуы” атты еңбекте былай деп көрсетеді: “…Таптық күрестердің әсерінен халық бұқарасында революциялық күрестің дағдылары нығайды, олардың бейімделу мен ұйымдастыру қабілеттері артты…Тап күрестері халықтың мінез-құлқында белгілі  әдептерді қалыптастырады”./20/

Сол сияқты,  ХVІІ –  ХVІІІ ғасырларда қазақ халқының басынан  өткен жоңғар  шапқыншылығынан  туған “Ақтабан шұбырынды”  қасіреті қазақ халқының психологиялық мінезіне үлкен әсерін тигізді.

Қоғам ұлттардан, ұлт  таптардан құралады, сондықтан да ұлттық мінез-құлықты  таптық процестен бөлек қарауға болмайды.

Үстем тап өкілдерінің  мінез-құлықтары әлеуметтік жағдайларына сай қалыптасады. Мысалы, демократ ақын А. Құнанбаев бай-манаптардың, атқа мінерлердің, болыс-билердің мінез-құлқын өткір сынаған. Оларға тән қатыгездік, сараңдық тәрізді қасиеттерді аяусыз мінеп отырған. Ол кедей тұрмысын былай суреттейді:

Кәрі  қой ептеп сойған байдың үйі,

Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі

Қара  қидан орта қап ұрыспай берсе,

Ол  да қойылған кедейге үлкен сыйы...

...Байда  мейір, жалшыда бейіл де жоқ,

Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!..2

Халықтың еңбекті сүю, бостандықты аңсау, қайырымдылық, қонақ-жайлылық, ерлік және т. б. сияқты мінез-құлық ерекшеліктері жекеленген ұлттарға ғана емес, барлығына тән екендігін айтып өткен жөн. Сондықтан, жалпы адамзаттық қасиеттерді жеке даралап бір ғана ұлтқа тән деу дұрыс емес. Соның ішінде жиі байқалатын қасиеттер дараланып, белгілі ұлтты танытады.

И.И. Павловтың іліміне  сәйкес темпераменттің (сангвиндік, флегматиктік, холериктік және меланхоликтік) типтері  адамдардың жоғарғы нерв жүйесінің  жұмысына байланысты болса, ұлттық мінез-құлық  тарихи жағдайлар мен объективті процестердің себептерінен әрі тәрбиенің ықпалымен қалыптасады. Өмір жағдайының өзгеруі жеке адамдардың мінезінде қалыптасқан ұлттық келбетті өзгертіп жіберуге қабілеті жетеді. Ұлттық мінез-құлық ұлттың еркі арқасында байқалады. Ерік дегеніміз – индивидуальды және ұлттық психологияның, сонымен бірге әлеуметтік психологияның санаты (категориясы). Ол сананы бейнелейді.

Ұлттық мінез-құлық  белгілерінің бірі – ұлттық көзқарас. Көзқарастар мен нанымның жүйесі ұлттық мінез-құлықтың идеологиялық және дүниетанымдық жақтары болып саналады. Сайып келгенде, ұлттық мінез-құлық белгілі бір халықтың тарихи жолында қалыптасып,дамып, жетіле, даралана түскен ұлттық мінез ерекшеліктері, жеке қасиеттері.

Ұлттық сезім ұлттық санамен тікелей байланысты. Ұлттық сезім ұлттық санамен біріге отырып, ұлттық мінез-құлық қалыптастыруға ұмтылады. Ал ұлттық мінез-құлық ерекшелігі бар адам әрдайым кез келген өмір қажеттіліктеріне ұлттық талғам тұрғысынан қарап, кез-келген іс-әрекетінде өз ұлтының мүддесін көздеуге тырысады. «Сезім дегеніміздің өзі – адамның заттар мен құбылыстарға деген қарым-қатынастарының әр түрлі пішінде көрініс табуы»/21/.

Ал ұлттық сезім тек  ұлтаралық қатынастарда ғана емес, адамдардың ұлтына, ұлттық мүддесіне, мұқтаждығына, сонымен бірге басқа  да ұлттық мүдделеріне эмоционалдық ұлттық қатынастар болып табылады. “Ұлттық сезім өзінің психологиялық негізі бойынша сезімдердің: ұғыну, арман, кейде елес пен соқыр сенімдердің т. с.с. белгілі жиынтығы болып саналады.”/22/

Күнделікті өмірде  ұлттық сезімнің күрделі жүйесінде  ұлттық мақтаныш сезімдерімен қатар ұлтшылдық, шовинистік және ұлттық  соқыр сенімдер мен тоғышарлық сезімдерді ажыратып білген жөн. Қорыта айтқанда, “Ұлттық сезім дегеніміз – ұлттың материалдық, әлеуметтік және мәдени жетістіктерінің  негізінде қалыптасатын әрі алдыңғы қатарлы ұлттық идеялар, ой-пікірлерімен байып отыратын,

ұлт бостандығы және саяси-әлеуметтік бостандық жолындағы күрестің тарихымен  байланысты әлеуметтік-психологиялық  сезім”.1

Кез келген ұлт өміріндегі ұлттық психологиямен ажырағысыз көкейтесті мәселелердің бірі – ұлттық әдет-ғұрып, дәстүрлер болып саналады.

Егеменді ел болудың  арқасында халық зердесінен алыстай  бастаған мәдени-эстетикалық, тарихи, рухани мұраларды қайта жаңғырту-мен  қатар, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер  жаңаша оң бағыт алуда.  Жарты  ғасырдан астам уақыт көз жаздырып,  жоғалтып алған “Наурыз” мерекесі қайта ортаға келді. Бір ғана осы мерекенің өтуі көптеген  дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, ұлттық ойындарды, тағамдарды, ән мен жырды, би мен күйді баршаға  жария етті. Ұлттық тіл мемлекеттік мәртебесін алып, қолданылу аясы кеңею үстінде.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Ресейге қосылу процесі  аяқталып қалған. Ресей империясы  өзінің алыстағыны көздейтін саяси  мүдделерін басшылыққа ала отырып, Қазақстанда отаршылдық режимін  орнатты.   Сөйтіп,   Ресей    Қазақстанда   басқарудың  бұрынғы жүйесін түбірінен өзгерту міндетін алға тартты. Бұл оқиға өз кезегінде бүкіл қазақ ұлтын басқару принципі мен оларға түпкілікті әсер ету жолдарын өзгерту дегенді меңзейді. “Басқарудың жаңа жүйесі көшпелілер өмірінің  патриархальды-феодалдық құрылысын шайқалтты,  сұлтан-билердің билігін шектеді. 1867–1868 ж. ж. реформаларды жүзеге асыру рулық ақсүйектердің ықпалының  әлсіреуіне  әкеп тіреді, бұл олардың құқықтық, экономикалық және саяси жағдайларынан көріне бастады»². Яғни, қазақ шаруаларының жағдайы мейлінше ауыр күйде болды. Бұл жайт қазақтардың намысын оятып, іштей   қарсылық    туғызды.  Жер-жерлерде  қалың  әскерімен басылып-жаншылып отырған көтерілістер бой көрсетіп отырды. Бұл жүргізіліп жатқан шаралар Қазақстан өмірінің барлық салаларына әсер етумен қатар, адамдарға психологиялық жағынан да зор ықпалы болды. Білім, тәрбие беру саласында “бұрынғы салт-дәстүрлерді, әдет-құрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту  үшін қажетті кеңістіктер едәуір шектелді.”1Тіпті  Ш. Құдайбердиев,  М. Жұмабаев  поэзиясы,  А. Байтұрсыновтың, Ә. Бөкейхановтың, Ж. Аймауытовтың және басқа да қазақ ”Шын мәнінде, түп шежіресі сонау түркілерден бас алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жаралы жұрт қалпын сақтап қалғаны – оның  еркіндік сүйгіш ерік-жігерінің, асқақ рухының арқасы. Осы жолда арғы-бергі замандарда орын алған бас көтерулердің, қозғалыс-көтерілістердің арқасы. Елі мен жері үшін жанын пида еткен боздақтардың арқасы”3, – деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөздерінде үлкен мән жатқаны ақиқат. Сондай-ақ, осыған орай жазушы Ғабит Мүсіреповтың мына бір сөздеріне құлақ аспасқа болмайды: “Қазақ халқы ХІІ–ХІІІ ғасырдың ішінде Қытайдың солтүстік- шығысынан бастап Днепрге дейін көшіп жүрді. Батыс түрік, Шығыс түрік, Алтын Орда, Ақ орда, Көк ордалардың бәрінде де болды. Шығысқа шабуылының тұсында Хорезмде болды, Текеш қыпшақ, Тұрқан қадым қыпшақ, Шах қыпшақ... Әр тұста жайлап жүріп, бағына жүріп, тілдерін бұзбаған, әндерін бұзбаған, әдет-ғұрыпты бұзбаған, т. т...”/23/

Информация о работе Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері