Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:48, дипломная работа

Краткое описание

Қазақ топырағындағы әдебиет туралы ғылым туу, қалыптасу дәуірінен әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде күрделі даму - өсу, өркендеу кезеңдерін бастан кешіріп отыр. Ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққанын – сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенін, орысша литература деген атаудың латын сөзі екенін - әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес.

Содержание работы

КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Тарау - «Жұлдыз», «Жалын» журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі
1.1. Алғашқы әдеби басылымдар тарихы
1.2. Әдеби басылымдардың авторлары мен бас редакторлары
ІІ Тарау Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
2.1. Бүгінгі әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік
2.2 Әдеби басылымдардағы жастар шығармашылығына көзқарас
2.3. Әдеби басылымдардың ұлттық сана-сезім мен ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудағы ролі
III ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер, сілтемелер көрсеткіші тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері.doc

— 261.00 Кб (Скачать файл)

Әдеби басылымдардың  бас редакторлығында еліміздің  бетке ұстар ел азаматтары отырды. Авторлар да басылымдардың шығып тұруына белсенді араласты.

«Жұлдыз» бен «Жалын»  журналдарының бас редакторлары мен авторлары құрамында әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңба қалдырған, қалдырып жатқан ақын-жазушыларымыз қызмет істеп келеді. «Жұлдыз» қоғамдық-әлеуметтік, әдеби-көркем журналының 2007 жылғы наурыз айындағы нөмірінде «Поэзия. Проза» айдарында жазушы Шерхан Мұртаза ағамыздың «Жалғыз», «Тарпаң» атты әңгімелері, ақын Темірхан Медетбектің «Көк түріктер сарыны» тақырыбымен өлеңдері, жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Рухтар жерден кетеді» романы,  ал «Ел межесі – елулікке ену» айдарында жазушы Қуандық Түменбайдың «Жүрдек пойыз келе жатыр» Қазақстан Темір жолына қатысты мақаласы, «Мәдени мұра» айдарында жазушы Жолтай Әлмашевтің «Әуезовті ардақ тұтқан ағалар» атты естелік әңгімесі жарық көрген. Сондай-ақ осы нөмірінде «Сын және әдебиеттану» айдарында жазушы Бекен Ыбырайымның «Сыншы мұраты» атты көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Қирабаевтың 80 жас мерейтойына орай жазылған мақаласы, ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына 70 жыл толуына орай ақын Бауыржан Жақыптың «Сендей саңлақ өмірге келер ме екен қайтадан» атты еске алу мақаласы, сыншы Қансейіт Әбдезұлының «Ұлт тағдырын толғаған» деген жазушы Смағұл Елубаев туралы мақаласы, филология ғылымының докторы Мекемтас Мырзахметұлының «Бауыржан Момышұлы – түркі халықтары әскери әдебиетінің негізін салушы» атты еңбегі жарияланған. «Жұлдыз» журналының «Қыз-келіншектер жырлайды» айдарында ақын Баян Бекетованың «Өмір өзі жазып берді өлеңді...», жас ақын Мақпал Жұмабайдың «Түндігін жырдың түрдім...», жас ақын Асылзат Айтмаханованың «Ақындар күнге ыстық, айға ғашық...» тақырыбында өлеңдері оқырманмен сағына қауышқан. Шетелдегі қазақ әдебиеті тақырыбы да «Жұлдыздың» назарынан тыс қалмаған. Тұрсынхан Әлқанұлының «Этнографиялық әңгімелері» «Сексеуілдің сынығы», «Қасқырдың тарамысы» тақырыптарында өте қызықты өрбіген.

Поэзия мен проза, балалар әдебиеті, әдеби сын, әдебиет тарихы, т.т. барлығында да шығарманы тану мен бағалаудың мызғымас алғышарты ретінде көркемдікті іздеуі сыншы талғамының өсіп, таным көкжиегінің үнемі кеңейіп, уақыт өткен сайын толыса түскенін дәлелдейді. Өлеңдер мен поэмалардан кестелі мысалдар келтіре отырып, әр ақынның өзіне тән ерекшелігін тап басып танып, дәл айтатын, әдебиет тарихын жете білгендіктен, қай ақынның да шығрамаларын немесе шығармышылығын әдебиет дамуының өрісінде қарастыру - өскен сыншылық шеберліктің, өскелең талғамның куәсі. Әдеби басылымдардың тұрақты авторлары да міне осы сыншылар қауымы.

Тәжірибелі ақындардың «жастардан бір ерекшелігі - өздері өткен өмір сырын бүгінгі шындықпен  сабақтастыра ойлану, уақыт пен адам өміріндегі жаңалықты бай тәжірибе арқылы қорыту өзгешелігінде» - дейді сыншылар.  Өмірлік тәжірибені аналитикалық қорыту көркемдік мазмұнның байлығы мен айрықшалығына бастайтынын әдеби процестегі нәзік құбылыс ретінде айқындалған.

Сонымен бірге, әр ақынның  өзіндік белгілері – мәселен, «нәзік те сыршыл», «өр сезімді», «табиғат сырлары мен адам сезімін астастыра суреттеуге шебер» Әбділдә Тәжібаев, «өмір сүйгіш» Қалижан Бекхожин, «өмір сырын, оның күрделілігін терең танытатын» Жұбан Молдағалиев, «жұмсақ мұң, ойлы сезімталдық» дарыған Қадыр Мырзалиев, «албырт көңілді, бала мінезді, ақ жарқын жыр жолдар иесі» Тұманбай Молдағалиев, «оттылығын, жігерлілігін танытатын» Мұқағали Мақатаев, «еркін ырғақпен сөйлейтін» Фариза Оңғарсынова, «нәзік, биязы, табиғи» Күләш Ахметова т.б. ақындық айшықтары әдеби басылымдарда айқын бедерленеді.

Ақындық алымы, мінезі, танымы әрқилы дарындарымыздың шығармаларының өмірлік негізі, нақты болмыспен  тереңнен тамырласуы, заман мәселесін  алға тартуы, ең бастысы, тебірене бейнеленуі - әркез басылым назарында. Көркем шығраманы сүйсіне таразылағанда, әрқашан сергек. Әр ақын шығармашылығын  немесе жеке туындысын сол кездегі әдеби процеспен, онымен де шектелмей, өткен кезеңдермен салыстыра қарастыруы - әдеби басылымдар басшылығының көзқарасының кеңдігі мен етерңдігінің, біліктілігінің куәсі.  

Шын ақын өз дәуірінің, өз замандасының сырына үңілмей тұра алмайды. Содан тапқаны мен көргенін айтады, сол негізінде халық өмірі, оны  толғантқан мәселелер жайлы ойланады, соның бәрін оқушысымен бөліседі. Әдеби басылымдарда Әбділдә ақынның азаматтық кейпі өз оқырмандарына ұсынар бай тәжірибесінен, айтар өнегесінен танылса, ал Хамит Ерғалиев саяси лириканы тақпақтап, ұран айтуға емес, құбылыстың ішкі мазмұнына үңілу арқылы өлеңнің азаматтық рухын көтеруге негіздеп жазады. Жұбан Молдағалиев өлеңдерінде «адамдық қарыз бен парыздың өзекті проблемалары жатады», олардың шығармашылығындағы негізгі сипаттарды, бұл сипаттардың өмір шындығымен байланыстылығын, дәуір құбылыстарын танып, толғай алған парасатты азаматтық даусын жазбай танып, жүйелеп  жеткізеді.

«Жалынның» тұңғыш бас редакторы Өтебай Қанахин ағамызды қалың оқырман қауымы «Дәмелі», «Жүрек қалауы», «Құдірет» романдары, «Жас дәурен», «Тұңғыш махаббат», «Жер басып жүрсем», «Бақыт бәйшешегі», «Қарт сарбаз хикаясы», «Қарлығаш» сынды прозалық жинақтары арқылы мәңгі есінде сақтары анық. Бұл кітаптар кезінде сыншылар мен жалпы әдебиет сүйер қауым тарапынан өз бағасын алды да.

Алайда жазушы арамызда жүргенде айтылған  жылы лебіздер мен  жаңа шығармасына жедел қабыл  жазылған рецензиялардың орны бір бөлек те, ол өмірден озған соң, таза ғылыми бағасын берудің орны бір бөлек. Бұл тұрғыдан келгенде жазушы Өтебай Қанахинді танып болдық деп те, жұртшылыққа таныта алдық деп те айта алмаймыз. Төрт жыл бойы оқ пен өрттің ортасында жүріп, соғыс аяқталғаннан кейін де 53 – ші жылдың қоңырқай күзіне дейін Қытайда әскери қызметте болған Өтеағаңның мінезіндегі туралықты, адалдықты, ұқыптылықты құрдастары аңыз қып айтар еді. Өмірде де, әдебиетте де тік жүріп, тура айтуды ту қылып ұстанған жазушы өз ғұмырында осы мінезінен талай теперіш те көрді, бірақ алған бетінен қайтқан емес.

Қазақстанның халық  жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты, Қазақстан Республикасының  халық депутаты Шерхан Мұртаза «Жалын»  журналының 1970-1973 жылдар аралығындағы бас редакторы болды. Ал жазушы Төлен Әбдікұлы «Жалын» журналы бас редакторының 1971-77 жылдар аралығындағы орынбасары, кезінде журналдың редакция алқасының мүшесі болды. Оның «Райхан», «Оң қол» әңгімелері, «Тозақ оттары жымыңдайды» хикаяты ең алғаш осы журналда жарық көрді.

Мемлекеттік сыйлықтың және Физули атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиев – «Жалын» журналының 1973-1984 жылдар аралығындағы бас редакторы.  Тұманбай аға «Жалын» журналында қызмет істеген жылдарын былай деп еске алады: «Мен «Жалын» журналында жұмыс істеген жылдарымды өмірімнің, ақындық тіршілігімнің ең жұлдызды, ең биік жылдары болды деп есептеймін. Сол жылдары «Жалында» қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған қандай жақсы шығармалар жарық көріп еді дегенде, есіме көп нәрсе түседі. Мысалға, бүгінгі атақты жазушы Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты повесі «Жалынның» жабық бәйгесінде бірінші орын алды. Осы шығарма 1973 жылы күзде жариялады. Сол жабық бәйгеде дүниеден ерте кеткен талантты жазушы Қарауылбек |Қазиевтің «Иманжапырақ» атты повесі де бірінші бәйге алды. Бұл шығарма да 1973 жылы «Жалында» жарық көрді. Дулат Исабековтің, Оралхан Бөкеевтің, Төлен Әбдіковтің, Кәдірбек Егізбаевтың, Молдахмет Қаназовтың повестері, Смағұл Елубаевтың, Серік Асылбековтың, Рафаэль Ниязбековтың, Мейрам Асылғазиннің, Серік Байхоновтың әңгіме, повестері «Жалын» арқылы көпшілікке танылды.

Ақындардан Жұматай  Жақыпбаев, Күләш Ахметова, Иранбек  Оразбаев, Жарасқан Әбдірашев, Шөмішбай Сариев, Кеңшілік Мырзабеков, Серік Тұрғынбеков, Махмұтбай Әміреев, Базарбай Исаев, Әбен Дәуренбеков, Серік Ақсұңқарұлы, Кәрім Сауғабаев, Жүрсін Ерманов, Темірхан Медетбеков, Сейсен Мұхтарұлы тағы басқа бір топ ақын «Жалын» арқылы қанат жайды.

Төлен Әбдіков менің орынбасарым боп екі жылдай қызмет істеді. Дулат Исабеков прозаны басқарды. Очерк бөлімін Нұрқасым Қазыбеков, поэзияны Жарасқан Әбдірашев басқарды. «Жалын» журналы үлкен әдеби журнал болды. Енді «Жұлдызбен» жарыссын. Әдебиетке үлес боп қосылатын үлкендердің де шығармаларын жарияласын. »/12/

Бүкілодақтық комсомол сыйлығының лауреаты, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов – «Жалын» журналының 1984-93 жылдар аралығындағы бас редакторы болды.

Сексенінші жылдар еліміздің тарихындағы небір дүбірлі оқиғаларға толы кезең еді. Қайта құру басталысымен қанат жайған жариялылық пен демократия жетпіс жылдан бері қысып келген тоталитарлық жүйенің бетін ашты. Бұған дейін тарихтағы айтылмай келген шындықтарды қалпына келтіру үшін бұл тақырыпқа белсене кіріскен басылымдардың бірі – осы «Жалын» журналы болатын. Дәл осының алдында ғана қайта жаңғырып, сілкініс пен рухани түлеуді күткен зәру нәрсе тіл мәселесі еді. Бұл тек жазушылардың ғана емес бүкіл халқымыздың шаруашылық өмірін, оқуын, күнделікті тұрмысын, өмір салтын қамтитын үлкен жай болатын. Көтерілген тақырыптардың қай-қайсысы да зор қоғамдық пікір тудырды. Жалпы бұл аталған жайлар төңірегінде ғана емес, көпшіліктің назарын аударуды қажет ететін істің кез-келгеніне «Жалын» журналы дер кезінде араласатын. Кейіннен әлем жұртшылығының назарын аударған Арал теңізінің экологиялық жағдайы, әйгілі Желтоқсан оқиғасының егжей-тегжейі де журнал беттерінде бар шындығымен жазылды. Бұл – «Жалын» журналының кезеңдік істердегі белсенді позициясы. Ал әдеби журнал болған соң ол әрине терең де көркем мазмұнды болуға керек. Сондықтан да 1980-90 жылдардағы поэзияда болсын, көркем сөзде болсын, сын әдебиетте болсын өнер жүгін арқалаймын деген азаматтардың ең таңдаулы дүниелері осында жарық көрді. Әдебиет есігін алғаш ашып, өнер өлкесіне енді енген жастар үшін «Талаптың мініп тұлпарын» деген айдар ашылды. Аға қаламгерлер оларға сәт сапар тілеп, пікір білдіретін. Бүгінгі әдебиеттегі отыз бен қырықтың арасындағы тұтастай ұрпақ сол жылдарда қанаттанып, қалыптасып шықты. Мұхтар Шаханов редактор болған жылдары Есенғали Раушанов, Мәди Қайыңбаев, Қасымхан Бегманов, Балтабай Әбдіғазиев, Жұмабай Шаштайұлы, Тынышбай Рахимов, Қанипаш Мәдібаева, Серік Асылбековтер қызмет істеді. Айтылған жайлармен ғана шектеліп қалмай басылымның тақырып аясын үнемі кеңейтіп, өнер, тіл, эстетика, тарих мәселелеріне көп көңіл бөлінді. «Озық үлгі» айдарымен әлем әдебиетінің таңдаулы дүниелері мен аудармалар берілді. Сол кездегі Одаққа әйгілі орыс, украйн, қырғыз, беларус әдебиетінің біраз ақын-жазушылары «Жалынның» бетінде қазақша сөйледі. 1987 жылы «Жалын» альманағы кеңейіп, әдеби-көркем журналға айналды.

 

 

 

 

ІІ-Т А Р А У

Қазіргі әдеби басылымдардың  ерекшелік сипаты

2.1  Бүгінгі әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік

Басылымның жанрлық  ерекшелігін әңгімелегенде ең алдымен, оны хабар жанрларынан бастағанымыз жөн. Хабар жанрлары басылымдардың күнделікті ісінде өте маңызды орын алады. Егер күнделікті шығатын баспасөзден оқушының шұғыл назарын аударарлықтай қысқа-қысқа хабарлар кездесіп отырмаса, онда газет не журнал немесе альманах сияқты боп, я болмаса мақалалар мен корреспонденциялардың жиынтығына ғана ұқсап кетер еді. Сондықтан екіпіні күшті дәуіріміздің ұшқыр жаршысы хабар жанрларының мерзімді баспасөзімізден кең орын алуы қуанарлық та, құптарлық та іс боп саналады. Ал бұл әдеби басылымдардағы негізгі жанрлар интервью (сұхбат), оның ішінде әңгіме түрі, суреттеме түрі кездеседі. Әрине әдеби басылымда ақпараттық хабарлар кездеспейді. Өмір фактілерін жинақтап, оны жақ-жақты талдап зерттеудің және қорытудың негізінде шындық құбылыстар мен оқиғаларды баяндайтын жанр корреспонденция да, қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп ұғынудың, талдап және жинақтаудың қорытындыларынан туған идеяның негізінде жазылатын публицистикалық шығарма – мақала жанры да әдеби басылымдардың жанрлары.

Қазақ совет баспасөзінде фельетон жанрын кіргізгендердің бірі Ілияс Жансүгіров болды. Ол «Жаңа әдебиет» («Жұлдыз») журналының 1931 жылғы 6 нөмірінде басылған «Мен қалай жаздым» деген мақаласында «Сықақ» атты жинақ шығарып, күлкі, сықақ жанрын дамытуға ат салысып отырғандығын айтады. «Менің көрнекті еңбегім,-деп жазды Жансүгіров, - қазақтың журналистикасында жатыр. Фельетонның жаңа түрін, үлгісін қазақ баспасөзіне кіргізуге біраз қызмет қылып келемін...»/13/

«Біздер, еңбекшілер тілегіндегі жазушылар, өндіріс жоспарымызды орындауымыз  керек! - деп Ілияс өзінің әріптестерін социалистік құрылыстағы екпінді бригадалар санатына қосты. Шынында да тап осы кезде оған қосыла үшкір қаламын ұстап Бейімбет Майлин, Аманғали Сегізбаев, Асқар Тоқмағанбетовтер қазақ баспасөзінде сықақ жанрын өркендетті. Қазіргі таңда елімізде ұлттық рухта тәлім-тәрбие беріп, ұлттық сана сезімдерін мейлінше арттыра беруде әдеби басылымдардың орны айрықша зор. Республикамызда қазір мыңдаған дана кітаптар мен кітапшалар басылып шығып, кинофильмдер көрсетіліп, ондаған пьесалар театр сахналарында қойылып, көркемөнер ұжымдары немесе жеке орындаушылар көпшілік алдында өз өнерлерін көрсетіп жатады. Осылардың әрқайсысы бізідң шалқыған салтанатты мәдени өміріміздің  ғажап оқиғалары мен таңқаларлық құбылыстары болып саналады. Әрине, бұл оқиғалармен құбылыстардың қалың бұқараның сана-сезіміне, жан-дүниесіне, көңіл-күйіне, тигізерлік әсерлері жөнінде белгілі бір пішінде ашық пікірлер білдіріледі. Олардың кемістік жағын мінеп-сынайды, ал жақсы жағына тиісті баға беріледі. Міне, баспасөздегі мұндай жанрды – рецензия деп атайды.

Егер біз рецензия деген сөздің қайдан шыққан тегін  алар болсақ, оның өзі латын тілінен  шыққан екен. Бұл сөздің тікелей  мағынасы – ғылыми, техника, көркемөнер, шығармаларын терең зерттеп, тексере  қарап талдау және олар туралы жүйелі түрде жақсы - жаманын тура айтып, пікір жазу мағынасын білдіреді. Сонымен, рецензия, белгілі бір туындыны немесе мәдени өмірдің құбылыстары мен оқиғаларының мән-жайларын қалың бұқараға жете түсіндіріп үгіттейді, оған тек әлеумет және қоғам мүдделерінің тұрғысынан тиісті талдау жасап, пікір айтып, баға беруді көздейді. Міне осы рецензия жанры әдеби басылымдарда кеңірек орын алған.

«Жұлдыз» журналының 2004 жылғы 10 санында  «Қара кітап» айдарында Жанымбеттің  «Сәбит өлеңдеріне сын» атты рецензиялық  мақаласы жарық көрді. Бұл  мақала 1927 жылы шыққан «Еңбекші қазақ» газетінде 24 желтоқсан күнгі нөмірінде жарық көрген екен, әзірлеген Тоқтар Бейісқұлов. Мұнда «Қазақ әдебиеті аз да болса, басынан дәуір, өмір өткізіп отыр. Бірақ «әлі жас» деп әдебиетшілердің бәрі айтады. Расында да солай. Қазақ әдебиетінің бұғанасы қатып, буыны бекіген жоқ. Қаз-қаздап аяқ баса бастағанының өзі де төңкерістен бері ғана. Жас бала сықылды. Жас баланың денесінің түзу болып өсуіне ата-анасының жақсы тәрбиесі керек болса, біздің әдебиетімізді жетілдіруге, көркейтуге, келешекте түзу әдебиеті болуына да жақсы тәрбие керек. Әдебиеттің мықты тәрбиесі – сын. Сыннан өтіп отырған әдебиет електен өткен үн секілді таза болуы мүмкін. Сыннан өтпеген әдебиет, еленбеген ұн секілді. Еленген ұн мен еленбегеннің наны да екі түрлі болады. Нан дұрыс нан болу үшін, илемей тұрып елеу керек. Біз жас әдебиетімізді ержетпей тұрып сынауымыз керек. Сынсыз әдебиет – құнсыз әдебиет. Сынды әдебиет – мінсіз әдебиет. Олай болса, әдебиетімізді сынау өте керек нәрсе»-деп басталған мақала жолдары Сәбит Мұқановтың поэзиясын сынға алады.  Сәбит өлеңдерін жақсы, жаман жағынан сынға алады. Сынай отырып, сол кездегі жас ақын Сәбитке «Сәбит – жүрегі, кедей тілегі. Сәбит келешегі алдында жас ақын, келешекте Сәбиттің «таза тапшы» ақын дерлік ақын болуына тілектеспіз»-деген өзінің шынайы лебізін арнайды. Мақала авторы «Ақынның бағыты», «Дінге көзқарасы», «Әйелге көзқарасы», «Ақын мен өзгеріс», «Ақынынң ақындығы», «Сәбит еліктеді ме?» тақырыптарда сауалдарға жауап іздей отырып, сынға да тоқталып өтеді.

«Жұлдыз» журналында «Мұрағат»  айдарында 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде 14 тамызда жарияланған Кенжебайұлы  Бейсембайдың «Әдебиет және сын мәселелері»  атты айтыс ретіндегі мақаласында  Ғаббастың кітабына қатысты аздаған  кемшіліктері мен сындарын жеткізген.

Әдеби басылымдардағы көп қолданылатын жанрлардың бірі бұл – интервью (сұхбат). Журналист қоғам қайраткерлерімен немесе сан алуан мәселелер жөнінде  әңгімелесіп, пікір алысады. Әрине, бұл әңгімелер мени пікірдің біздің ұшан теңіз болып толқып жатқан өміріміз үшін маңызы мен қоғамдық маяси мәні зор болуа тиіс. Әңгіме болып оытрған мәселенің мән-жайын жақсы білетін, болған оқиғаны дұрыс бағалай алатын адамнан интервью алу басылым үшін өте бағалы нәрсе болып саналады.

Информация о работе Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері