Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:48, дипломная работа

Краткое описание

Қазақ топырағындағы әдебиет туралы ғылым туу, қалыптасу дәуірінен әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде күрделі даму - өсу, өркендеу кезеңдерін бастан кешіріп отыр. Ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққанын – сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенін, орысша литература деген атаудың латын сөзі екенін - әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес.

Содержание работы

КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Тарау - «Жұлдыз», «Жалын» журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі
1.1. Алғашқы әдеби басылымдар тарихы
1.2. Әдеби басылымдардың авторлары мен бас редакторлары
ІІ Тарау Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
2.1. Бүгінгі әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік
2.2 Әдеби басылымдардағы жастар шығармашылығына көзқарас
2.3. Әдеби басылымдардың ұлттық сана-сезім мен ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудағы ролі
III ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер, сілтемелер көрсеткіші тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері.doc

— 261.00 Кб (Скачать файл)

«Жұлдыз» бен «Жалын» журналдарында қоғамдық қайраткерлерімен, саяси мамандармен, басшылармен, ақын-жазушылармен, елге белгілі азаматтармен, шетел мамандарымен сұхбаттар жиі жүргізіліп отырады. Мәселен, «Жұлдыз» журналында 2007 жылдың №3 нөмірінде «Тағзым» айдарында Зайда Бекхожинамен «Мен бақытты өмір сүрдім деп ойлаймын» атты журналист Ділдар Мамырбаеваның сұхбаты жарияланған. Қалижан Бекхожин – отызға тарта өлеңдер кітабы мен жиырмаға жуық күрделі поэма жазған еркеше өрнекті ақын. Шығармаларын оқып, өзін жақсы көресің. Ішкі тазалығы өлеңдерінің иірімі арқылы сыртқа шығып, әлемге әдемі бір сыйластық орнықтыратындай. Парасат пайымы, адамгершілігі, болмысы ерекше осы жанның зайыбы – Зайда Бекхожинамен сұхбат барысында әдемі сырға қанық болғандай боласың. «Нағыз қазақ әйелі қандай болу керек?» деген сауалға жауапты осы сұхбаттан табасың.  /14/

Бір әттеген-айы осы мақалада әріп қателер өте жиі кездеседі. «Ұ»  әрпі көп жерде түсіп қалған. Мәселен,

Б---л Мәшһүр бас жігіттің болған бірі,

Тарқаған қалам алса көңіл кірі.

Қ---дайға қазір алса ризамын,

Артымда Қайыржаным тірі қалса.

Көркемделген әдебиеттің бедел, бағасы өте жеңілейіп кеткен мына қатыгез  капиталдың заманында қазақ қарасөзінің  қандай жүк арқалап келе жатқаны, ол жүктің сыр-сипатының нендей екендігі туралы, жалпы бүгінгі прозаның, соның ішінде ең қолайлы, оңтайлы, жампоз жанр – хикая повестердің даму барысы, халқымыздың талқыға түскен бүгінгі, кешегі, одан әрі - өткен дәуірлеріндегі тұрмыс-тіршілігі, рухани болмысы, арман-мақсаты тағы басқа жөнінде өзінің ең бір қасиетті де ұлы қызметін атқарып отыр ма, жоқ па деген сауалдың төңірегінде ой толғап көргеннің еш артықшылығы жоқ. Осы талапты басты мақсат етіп ұстана отырып, бір ғасырға жуық уақытта қазақ топырағына кеп табан тіреген хикая жанрының жүрген жолын шолып өтсек, біздің қуанатын да, күйінетін де сәттеріміздің барлығына көзіміз анық жетеді. Оның себебі жоқ та емес. Шын мәнісіне келгенде, әдеби көркемделген сананың жетілуі, өсіп-өркендеуі үшін бір ғана жүз жыл аздық та етеді. Мұның ең бір басты кілтипаны – кісі рухының соның ішінде бүткіл халықтың, қауымның рухани жақтан ірі секіріске көнбейетіндігінде, оның бірте-бірте ақырындап, әр түрлі баспалдақтардан өте отырып жетілуі. Басқаша айтсақ, эволюция жолынан жаңылмай, сол соқпақ кездесер небір тар жол тайғақ кешулердің бәрінде көруге тиістілігінде жатыр. Бұл жерде шаруашылық, өнеркәсіп, кеңірек алып қарасақ, қауым, мемлекеттің ішкі құрылысы дейтін жүйелердің өзінің де аяқ астында бар қуатын бір жерге жиып, алысқа қарай секіре бермейтіндігін, өйткен жағдайда қоғамның қандай қиянатқа ұшырайтынын біз басымыздан кешкен елміз. Оның ішінде соңғы жылдары алға қарай қарғудың орынына, кеңестің кер заманында «капитализмді айналып өтіп, социализмге секіргенбіз» - деп көйлегімізге сыймай көпіргеніміздің орнын толтырайық деп, кейінгі ғасырларға қарай атап айтсақ, сонау капитализм жаңа-жаңа пайда бола бастаған орта ғасырларға қарай секірген жұртпыз. Бұл екі-үш ұрпақтың басына түскен үлкен бір сынақ еді. Соған орай біздің жалпы сана-сенімімізде, ой-пікірімізде, ар-ұжданымызда, тұрмыс-тіршілігімізде соңғы жылдары қатты өзгеріп кетті. Кешегі өткен ғасырдың 20-30 жылдары жасаған ұрпақтың ата сақалы аузынан түскендері өз заманында арман мұратқа айналған: «Ақ көйлегің бүрмелі» , - дейтіннен мүлде айрылып, биттің қабығындай тырысқан дамбал киетін, «памперс» дейтін «палені» дабырайта насихаттайтын керауыз, көргенсіз заманға тап болдық. Біздегі қазіргі әдеби белсенділеріміздің бәрінің де астарына мініп отырған бір-бір алтын тақтары бар. Олардың алды – депутат, арты – партия құрғыш тақылдақ. Жақында Д.Исабеков берген бір сұхбатында өзінің осы заман туралы жаза алмайтындығын, себебі бүгінгі кейіпкерлердің қалыптасып болмағандығын «айдай әлемге паш етті». Бұл өте «қызық» пікір. Бірақ секемшіл ойға өткен замандар орала береді. 

 «Жалын» журналының 1991 жылы «Оқырманмен сырласу», «Тарихтағы ақтаңдақтар», «Әдеби сын», «Алтын сандық», «Қисық кебеже», «Өнер айдынында», 1994 жылы «Проза», «Жаңа есім», «Жалынның анкетасы», «Поэзия», «Шежіре», «Зерттеу», «Қазақ кәсіпкерлері», «Әлем және әдебиет», «Публицистика», «Достық әзіл», «Қисық кебеже», «Ақ желкен» айдарлары, 1996 жылы «Поэзия», «Проза», «Тұлға», «Ардагер туралы әңгіме», «Шежіре», «Қазақ кәсіпкерлері», «Ғаламшар», «Зерттеу», «Таным», «Замана»  айдарлары болды. 2005 жылы №11 нөмірінде «Тіл және діл» айдарында Мұхтар Шахановтың «Шетелдік діни миссионерлер қашанғы тайраңдайды?», «Астана телеарнасындағы асқынған космополитизм», «Юкагирлер тағдырын қайталамау үшін», «Телеарналардағы тілдік нигилизм» деген тақырыптағы мақаласы жарияланды. 2005 жылы «Тіл және діл», «Тарих және біз», «Біздің сұхбат», «Мәдени мұра», «Жыр десте», «Тұсаукесер», «Жадымызда қалған жайсаңдар», «Әлем әдебиетінің классиктері», «Көкейтесті», «Әдеби үлгілер әлемінде», «Жаңа ән» айдарлары оқырман назарына ұсынылды.

1993 жылдың 11-12 нөмірлерінен бастап, «Жалын» журналының сыртқы пішіні де, ішкі мазмұны да өзгерді.  Негізінен оқырман қауымды қазақ қаламгерлерінің, әсіресе, дарынды жастардың жаңа туындыларымен таныстырып отыратын басылым болғандықтан бір санда бірнеше повестер мен әңгімелерді қатар жариялауға, тіпті екі-үш санға бөліп романдар басуға мүмкіндігі бар қалың әдеби журнал жасалды. Сондай-ақ осы жылы «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы?!», «Оқырман ой толғайды» , «Кітап сөресінде», «Әлем және әйелдер», «Қисық кебеже» айдарлары қосылды. 1996 жылы «Қаламгер келбеті», «Мұра» айдарларымен толықты.

«Жалын» журналының 2006 жылғы № 3 нөмірінде Пол Брэгтің «Ашығу кереметі» деген жинағын Әсет Мақашбеков аударып басты. Бұл аудармада толықтар мен арықтар үшін дәрісіз емделу, жасарудың құпиясы, ширақ та ұзақ өмір сүрудің шарты, аурусыз ғұмыр сүрудің әдісі төңірегінде кеңестері оқырман назарына ұсынылған. Әрине бұл - қазіргі уақытта қажып жүрген адамдар үшін қажетті мағлұматтар. Осы санның «Тұсаукесер» айдарында Берік Әбдіғалидың «Махаббатты сағындым» деген әңгімесі жарияланды. 1971 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. Теміртау қаласының әкімінің орынбасары, Ұлттық зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарған. Қазір «Атамекен» ұлттық даму орталығының директоры. Бұл әңгімесінде Берік Әбдіғали қыз бен жігіттің махаббатын хат жолдарымен суреттеген.

«Әлем әдебиетінің классиктер»  айдарында Анна Зегерстің «Крисанта» әңгімесі жарияланды. Шолохов атындағы Бүкіл дүниежүзілік бейбітшілік  сыйлығының иегері Анна Зегерс жарты  ғасырлық шығармашылық әлеуетінде сегіз  роман, көптеген әңгімелер мен хикаяттар жазды. Оның бұл туындыларында өзінің отаны тек Германиядағы ғана емес, әлемнің Қытай, АҚШ, Бразилия, Мексика сияқты ірі мемлекеттеріндегі қарапайым адамдардың алуан түрлі тағдырлары, бастан кешкен оқиғалары шынайы суреттеледі. Жазушының ең басты тақырыбы – еңбекші халықтың өз бостандықтары мен бақытты өмірлері үшін қажырлы күресі.  Осы орайда «Балықшылар көтерілісі» деген алғашқы хикаяты оның әдебиеттегі даңқын шығарды. Ал неміс анти фашистеріне бағышталған «жетінші крест» романы Зегерстің ең таңдаулы романы ретінде әлемнің көптеген тілдерінде жарық көрді. Гитлерлік төңкерістен соң, туған елінен кетуге мәжбүр болған неміс жазушылары қатарында Анна Зегерс те бұл романында дүниежүзіне фашизмнің зұлымдықтары туралы шындықты айтып беруге тырысты. Оның «Аман қалу», «Шешім», «Сенім» романдары да 20 ғасырдағы адамдар өмірінің жарқын шежіресі іспетті. Мексикада өткерген жылдары жазушыынң шығармашылық санасында өшпес із қалдырды. Журнал оқырмандарына ұсынылған оның бұл таңдаулы «Крисанта» әңгімесінде мексикалық жетім қыздың аянышты тағдыры баяндалады.     

Шаруашылық жүргізудің әкімгершілік-жоспарлы тәсілінен еркін, дербес нарықтық тәсіліне көшу қай  сала үшін де жеңілге түсіп жатпағаны  белгілі. Не ол емес, бұл емес орта жолда  қан сорпа боп солықтап тұрғандар да, дымы құрып, дімкелеп саптан шығып жатқандар да жетерлік. Бұл бірақ сұраным мен ұстанымға ғана мойын ұсынатын базарлық қарым қатынас, «барға қанағат, жоққа салауатқа» үйренген кең қолтық қазақты жатырқап, жалына қол апартпай   тұр дегендік емес. Бүгінде, түлкідей бұлаңдаған нарықты тазы боп шалған жеке кәсіпкер іскерлеріміз де, қоғамдық тұрмыс-тіршіліктің белгілі бір саласын түбірінен түлетіп, ғаламдық экономикаға интеграциялауға, біріктіріп-кіріктіруге қолбасылық жасап жүрген  қарымды, шалымды реформатарларымыз да қадау-қадау. Осы тақырып                                        «Жұлдыз» журналының назарынан тыс қалмай,  «Әлеумет және саясат» атты жаңа айдар қоғамдағы көптеген келелі мәселелерді көтереді. Басылымның 1998 жылғы №5 нөмірінде Сырымбет Кәрімұлының «Профессор Үшбаев және оның компаниясы» деп аталатын көлемді мақала жарық көрді.    «Фармация компаниясы» акционерлік қоғамының президенті, профессор Кеңес Үшбайұлы Үшбаевта социалистік ескі өндірістік тәсілді өзгерту басталған алғашқы күндерден топ басындағы сол аймүйізді ақсерке азаматтардың алғы шебінде ілкі ілегінде келеді. «Алматы мемлекеттік медицина институтын, осы күнгі университетті, үздік бітірген 1965 жылдан бері талантты ғалым, ірі ұйымдастырушы ретінде Қазақстан жұртшылығына кеңінен танылған Кеңес Үшбайұлы        кеңестік заманда да атақ-абыройдан кенде емес-ті. Жиырма жеті жасында    ғылым кандидаты атанған ол биік лауазым жасамыштардың ғана еншісі болып тұрған 1972 жылы небары отыз екі жасында Республика аптекалар    басқармасының бастығы болды, 1982 жылы докторлық диссертациясын қорғады, бір кезде өзін түлетіп, ұшырған Алматы мемлекеттік медицина институтында проректорлық, Шымкент медицина институтында ректорлық қызметтер атқарған. Әр лауазым бір мектеп, сол мектептен тәлім ала жүріп, басқару өнеріне төселе жүріп, жігерлі, іскер басшы небір жаңалықты шаруаны жүзеге асырды. Үшбаев басқарған жылдары басқарманың етек-жеңі жайылып, ауылдық емдеу мекемелерінің көпшілігінің    қасынан    дәріхана ашылды, халықты дәрі - дәрмекпен жабдықтау көлемі еселеп өсті. Ал қазіргі Шымкент медицина институты тізгінін Үшбаев қолға алған 1989 жылы бар жоғы Алматы медицина институтының фармацевтер даярлайтын филиалы ғана еді. Күнгей өңірдің     кіндігі іспетті, қазағының өзі миллионнан асатын Оңтүстік Қазақстан облысына жоғары мамандықты дәрігерлер әзірлейтін толыққанды, әлеуетті бір оқу орнының қажеттігі анық болғанмен, әміршіл-әкімшіл жүйе тұсында оны дәлелдеп шығу қиямет-қайым істің өзі-тін,»-деп басталған мақала жолдарында кейіпкердің портреті ашылған. 

Дана да дарынды халқымыз ежелден-ақ басқа жұртшылықты қаһармандығымен  ғана емес, сауырына су төгілмес жорға шешендігімен, ділмар жыраулығымен де талай тамсандырған ғой. 19 ғасырда қазақ жерінде болып, халқымыз туралы таза, пәк көңілмен тамаша пікірлер айтқан А. Янушкеевич пен В. Радловтың   кітаптарын оқыған сайын бойымызды атамекенімізге деген мақтаныш пен перзенттік құрмет сезімі билейді.

«...Осы мереке кезінде,- деп жазды А. Янушкеевич,- мен алғаш рет өлеңшілерді тыңдауға мүмкіндік алдым. Бұлар қазақ трубадурлары , даланың бардтары – ұлы ақындары. Олардың өлең шығаруы мен қазақтардың көбіне тән орындау дарыны осы халықтың ақыл-ой қабілетін тамаша айғақтайды.» /15/ («Күнделіктер мен хаттар». А., 1979, 78-бет).

Ал В. Радлов бұл пікірді одан әрі жетілдіре түскен еді: «Қырғыздар (қазақтар) жалпы алғанда өте әдемі сөйлейді, әңгіме айтқанды ұнатады, жиі-жиі сөздің әртүрлі мағынасын пайдаланып, күлдіріп отырады. Олардың әңгімелері қашан да тапқыр сөздерге және бір-бірін қағытқан әзілдерге толы болып келеді. Сондықтан да оларда аса бай халықтық поэзияның пайда болғандығына таңдануға болмайды»/16/ («Из Сибири». М., «Наука», 1989, 323-б.).

Осындай төл әдебиетіміз  туралы өз даналарымыз да шынайы пікірлерін беріп кетті. Бұл ретте ұлы  жазушымыз Мұхтар Әуезовтің жасаған тұжырымдары тағылым аларлықтай, «Қазақтың ауыз әдебиетінің қазынасын жасаушылар және ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырушылар – халық ішінен шыққан талантты ақындар, жыраулар, жыршылар, суырып салма ақындар»-дейді /17/(20 томдық шығармалар жинағы. 19-том. А., «Жазушы», 1985, 403-бет).

Жыраулар да, ақындар  да халқымыздың аса дарындылығымен, әруақтылығының куәсі болатын. Ал Мұхаң  «шын мәніне келгенде ақындар, суырыпсалып  айтатын жыршылар жазбасы жоқ  өз халқының шежірешілері болған» (Сонда, 403-бет.) деп те бағалаған. /18/

Осындай өнерден Қазақстанның қай өңірі болмасын құралақан  болған емес. Осы тақырып төңірегінде  «Жұлдыз» журналының 1998 жылығы №5 санында  «Әдебиеттану» айдарында жарық  көрген. Аманғали Әміржаннның «Атыраудың әруақты ақындары» мақаласында ақын, жыраулардың шығармашылығына зерттеу жасалған.

 

2.2 Әдеби басылымдардағы  жастардың туындылары

Әдеби басылымдардағы бір  ерекшелік әдебиетке енді ғана  қадам басып келе жатқан жастар шығармашылығына  кеңірек көңіл бөліп, сәт сапар тілеп отыратындығы. Әдебиеттегі өз орнын тауып үлгерген жастар туралы айналасындағы әріптестері мен қатар құрбылары әр түрлі пікір мен көкейде жүрген ойларын ортаға салады. Жас қалам иелерінің аяқ алысы мен бағыт-бағдарына қатысты сын мен өтініш те ескерусіз қалмайды. Қазір «өткен ғасырдың аяғы мен жаңа ғасырдың басындағы әдебиеттегі жастар» дегенде көш басынан, сөз жоқ, Маралтайды көреміз. Сондықтан белгілі ақынның замандастары мен кейінгі толқынға деген көзқарасын ұсынып отырмыз. 
– Жастар әдебиеті дегенде, мен олардың ішінен Әмірхан Балқыбекті бөле-жара айтар едім. «Жас қазақ» газетіндегі әдебиет бетінде бір институттың атқаратын жұмысын жалғыз өзі атқарып отыр. Ақындығы бір төбе, ешкімге ұқсамайды, тілі терең, қазақтың поэзиясына қосқан, қосар үлесі көп. Бірақ ол туралы көп айтыла да бермейді. Бұл жөнінде мен кезінде жаздым да. Өйткені Әмірханның поэзиясы туралы аз айтылады, оны көбіне сыншы деп таниды. Шындығында, ол – үлкен ақын. Қалыптасқан, өзінің дара жолы, қолтаңбасы бар ақын. Әлем әдебиетін, қазақ әдебиетін болсын, саралап, аударып, қорытынды жасап, халыққа ұсынып келе жатқан қаламгер. Ол әдебиетті жақсы біледі. Әдебиет үшін жасап жатқан еңбегі үлкен. Ол бағалануы тиіс. Бізде көбінесе үндемей құртады. «Егер бір адамды өлтіргің келсе, ол туралы ешқандай пікір айтпай-ақ қой» деген сөз бар. Сондықтан ақын туралы айту, жазу керек. Ол адамның шығармашылығына үлкен күш береді, бағытын мақұлдау қажет. Осы уақытқа дейін Әмірханның бар-жоғы екі-ақ кітабы жарық көрген. Бірінші кітабы 1996 жылы, одан кейінгісі 2000 жылы. Ал зерттеулері, ғылыми-философиялық ойлары әлі басылып шыққан жоқ. Әмірханға мемлекет тарапынан, құзырлы орындардан немесе әдеби ортадан ешқандай өз бағасы берілмеген. Әлеуметтік жағдайына қарамай, әдебиетке қомақты үлес қосып отыр. Осы жағы ескерілсе... 
Жалпы, әдебиетте жүрген жастар баршылық. Таразда Ерлан Жүнісов, Ақтауда Әнуар Бимағамбет, Атырауда Қалмағамбет Мұхамбетқалитегін атауға болады. Бұлардың бәрінің болашағынан мен үміт күтем. «Әке – балаға сыншы» дегендей, жас ақындардың бәрі бірдей көкейден-ойдан шыға бермейді. Жастарға іздену керек, оқу керек, көп нәрсе біліммен келеді ғой. Бізде бір қатып қалған қағида бар, «ақындарға білімнің қажеті жоқ. Құдайдың берген қасиеті болса болды, қалғанын дарынымен жаза береді» дейді. Жоқ, олай емес, мен бұл пікірмен мүлде келіспеймін. Ақынға міндетті түрде айналаны көру керек, әсіресе, мынандай заманда, бәрі күн сайын өзгеріп, жаңарып жатыр. Білім аспанда жарқырап тұратын Темірқазығың сияқты болуы керек, маңдайыңды соған қаратып жүретін. Осы тұрғыда кейінгі жастарға «аудармаларды, эпостық жырларды, ауыз әдебиетін оқысын, ұштастырсын, мейлінше қанықсын» деген өтініш-тілек айтқым келеді дейді Маралтай Ыбырайым .

Айта кетер тағы бір  жайт, бүгінгі әдебиеттің «бүйірі» қайтсе шығады? –деген сауал. "Бүгінгі..." деп басталатын дүниенің қай-қайсысына да болсын кешегіні әкеп жапсыра алмайсыз. Кешегінің аты – кешегі. Әдебиетте де дәл солай. Кеше жазылған ғажап дүниелер – өз уақытының жемісі, сол кезең тудырған озық шығармалар ретінде бағаланады. Әрине, оның қанша уақыт өтсе де құнын жоймайтын даралығы немесе олқы тұстары өз алдына бөлек әңгіме. Ал "бүгінгі әдебиет" бүгін жарыққа шыққан шығармаларымен ғана емес, әдебиетке бүгін қосылған жаңа өкілдерімен де айшықтала түссе керек. Осы тұрғыдан келгенде әдебиет "майданына" жаңа қосылған "сарбаздардың" қауқары қандай, олар не жазып жүр? Артынан ерген ізбасарларының туындыларына аға буын, орта буын өкілдері неге өз көзқарасын білдіріп отырмайды? Сыни пікірлерден неге жастар шығармалары тыс қалады? Үлкендер көзқарасын білдіріп тұрмаса, кейінгі толқын қайда беттеп бара жатқанын қайдан біледі деген сауалдардың туындауы заңды секілді. Бұл сауалға әдебиет сыншысы Қансейіт Әбдезұлы былай деп өз ойын жеткізген еді:

– Қазіргі жастар поэзиясы мен прозасы жөнінде қалың  оқырман жақсы біледі деп айта алмаймыз. Себебі олардың топтама өлеңдері мен шағын шығармалары санаулы ғана қазақ баспасөзінде жарияланады. Ол басылымдардың тиражы – 30, ары кеткенде – 40 мың. Демек, барлық оқырманға жетпейді. Ал жинақтары мың данамен ғана жарыққа шығады. Тек "Отырар кітапханасы" сериясымен шыққан кітаптар ғана екі мың данамен басылды. Оның өзінің қиырдағы кітапханаларға жете алмағаны ақиқат. 
Ал сын мәселесіне келсек, алпысыншы, сексенінші жылдардағыдай өткір сын айтылып жүрген жоқ. Мұның бір себебі жаңа шыққан кітаптардың бәрі сыншылар қолына тие бермейді. Тек жылына бір рет өтетін Жазушылар одағындағы жыл қорытындысында ғана жанр-жанр бойынша баяндама жасалады. Оның өзі көбінше кітаптарын Жазушылар одағына өткізген авторлар еңбектерінің негізінде жасалады. 2003 жылғы жыл қорытындысында сын жанры бойынша баяндаманы мен жасадым. Сонда менің қолыма бірде-бір жастар кітабы түскен жоқ. Мен өзіме керек дүниені кітапханалардағы кітаптар мен газет тігінділерінен таптым. Сонда байқағаным, сын жанрынан гөрі әдебиеттану тұрғысында жарияланған дүниелер таразы басын басып кетеді екен. Бір жағынан бұл заңды да. Өйткені егемендік алғаннан кейін әдебиеттану тарихын түгендейтін, үлкен-үлкен қаламгерлердің шығармаларына тереңірек үңілетін, оларды жүйелеп, құндылықтарын айқындайтын кезең туды. Сондықтан осы бағытқа көбірек көңіл бөлінді. Тәуелсіздік тұсындағы романдар мен повестерге З.Қабдолов, Р.Бердібаев, С.Қирабаев, Ш.Елеукенов секілді аға буын өкілдері өз көзқарастарын білдіріп жүр. Бірақ оның өзін таза сын деп айта алмаймыз. Әдебиеттану ғылымы мен сын жанры арасындағы аралық жанр секілді көрінеді.

Информация о работе Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері