Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:48, дипломная работа

Краткое описание

Қазақ топырағындағы әдебиет туралы ғылым туу, қалыптасу дәуірінен әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде күрделі даму - өсу, өркендеу кезеңдерін бастан кешіріп отыр. Ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққанын – сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенін, орысша литература деген атаудың латын сөзі екенін - әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес.

Содержание работы

КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Тарау - «Жұлдыз», «Жалын» журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі
1.1. Алғашқы әдеби басылымдар тарихы
1.2. Әдеби басылымдардың авторлары мен бас редакторлары
ІІ Тарау Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
2.1. Бүгінгі әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік
2.2 Әдеби басылымдардағы жастар шығармашылығына көзқарас
2.3. Әдеби басылымдардың ұлттық сана-сезім мен ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудағы ролі
III ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер, сілтемелер көрсеткіші тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері.doc

— 261.00 Кб (Скачать файл)

Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері.

(«Жұлдыз», «Жалын» журналдарының жарияланымдары  бойынша)

 

МАЗМҰНЫ

 КІРІСПЕ                                       

 

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ                  

 

І Тарау - «Жұлдыз», «Жалын» журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі                                                  

1.1. Алғашқы  әдеби басылымдар тарихы

1.2. Әдеби басылымдардың   авторлары мен бас редакторлары

 

ІІ Тарау   Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты

2.1.  Бүгінгі  әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік

2.2  Әдеби  басылымдардағы жастар шығармашылығына  көзқарас

2.3. Әдеби басылымдардың  ұлттық сана-сезім мен ұлттық  мінез-құлықты қалыптастырудағы  ролі

 

III ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер,

сілтемелер  көрсеткіші тізімі

 

КІРІСПЕ

Қазақ топырағындағы әдебиет  туралы ғылым туу, қалыптасу дәуірінен  әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде  күрделі даму - өсу, өркендеу кезеңдерін бастан кешіріп отыр. Ана тіліміздегі  әдебиет деген сөздің түп төркіні  арапша атаудан шыққанын – сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенін, орысша литература деген атаудың латын сөзі екенін - әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес. Көркем әдебиет дегеннің байыбына бара түсу керектігін айтқанда, біз жұрт мұншалықты жадағай, әріпшіл талап қоюдан аулақпыз. 

Әрине, әдебиет - өнер. Өнердің түрі көп: кескін өнері, мүсін өнері, сәулет өнері. Ал әдебиет  – сөз өнері. Мүсіншінің құралы  - үн, бишінің құралы – қимыл болса, әдебиетшінің құралы – тіл. «Сөз әдебиеттің құрылыс материалы» (Федин).

Қоғамдық сананың айрықша саласы - өнер десек, мұның жалпы адамзат мәдениетінен алар орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқарар қызметі орасан зор. Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен бірлігі бола тұра өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын сөз – бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола аламйды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Әдебиет кез-келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда сөз өнерін – бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский) десек, асырып айтқан болмаймыз. Қазақ халқының «өнер алды – қызыл тіл» деген білгір тұжырымы да тегіннен-тегін тумаған-ды.

Әдебиет - өнердің  бір түрі, сөз өнері. Ал өнер жайлы  сөз қозғап, сол өнерді жасаушы  шебер жөнінде үндемей өтуге  болмайды. Дүниені өзгертіп, құбылтып, құлпыртып келе жатқан адам баласы ақиқат өмірдің құпия сырларын тек абстракция, ой, ұғым арқылы ғана топшылап қоймайды, қолмен ұстап, көзбен көрер нақты, затты құралдар арқылы әбден анық таниды. Адамға өмір мен күрес үшін ойлы бас қана емес, ерік, құштарлық, сезім де керек. Міне, дәл осы арада шындықты дәлелдейтін ғылыммен қатар оны көзге көрсететін көркем әдебиетте өзінің қоғамдық ролін ойнай бастайды. Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда ең алдымен оның таным тарапындағы маңызын атау шарт. Қандай бір көркем шығарма болсын, ол оқырманға бұрын беймәлім өмірді, шындықты, бейтаныс заманды, адамды танытады. Әр кітап оқырман үшін бұрын соңды беймәлім дүниенің есігі секілді. Сол есікті ашып кіргенде ғана адам өзіне белгісіз құпиялар сырына тереңдеп, танымын байытпақ. Көркем шығарма адамға өмірді танытады; таныта тұра, адамды тәрбиелейді. Бұл арадан келіп әдебиеттің қоғам өміріндегі тағы бір тамаша маңызы шығады. Әдебиет адамдарға өмірді танытып қана қоймайды, олардың сол өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез құлқына ықпал етеді, бүкіл тұрмыс-тіршілігіне әсер етеді.

Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; шығарма арқауы – шындық. Ілгерішіл әдебиет пен өнер - әрқашан өмірдің мектебі, шындықтың шежіресі, сәулетті болашақтың болжаушысы. Мұндай әдебиет пен өнер әрқашан қиян-кескі идеялық күреспен дамып, өрлеп келеді. Мәселен, өнер ғасырлар бойы философиямен бәсекеге түсіп, күндердің күнінде жер бетінде тек ғылым мен білім қалады да, өнер жоғалады деген қатал үкім де естіп көрді. Уақыт өтіп жатты. Дүниеге небір ғажайып суреткерлер, ғаламат көркем туындылар берген шын мәніндегі өнер жоғалу былай тұрсын өз басынан әр алуан ренессанстар кешірумен келеді. Өнердің мұншалық күші неде? Өнердің кәусар туындысы халық өмірінің терең және мөлдір қайнарынан шымырлап шығады да, сол халықтың өзінің рухани сусынына айналады.

Қазақ ұлты –  сан ұлттар мен ұлыстардың мекеніне айналған ежелгі қазақ жеріндегі  ата ұлт. Олай болса, басты ұлт  қандай бір мәселеде  өзгелерге  үлгі боларлықтай өнегесімен, ұлылығымен ұйытқы болу керек. Демек, көрнекті ақын Жұбан Молдағалиев  айтқандай: «Мен қазақпын!» - деген  бір ауыз сөз бүкіл халықтың ұранына, оны өзгелерден даралап көрсетер үніне айналуы қажет. Өйткені, бүгінге дейін Қазақстанда ұлтыңды сүю, ұлтыңды мақтаныш тұту саясаты ешқашан мемлекеттік дәрежеде жүргізіліп көрген емес.

Ұлттық  салт-дәстүр мен ұлттық сана-сезімді оңтайлы  жолдармен дамытудың, ұлттық тәрбиені дұрыс арнаға түсірудің амал-тәсілдерін қарастырғанда, ойға ең алдымен оралатын да, дерек-дәйектемелерімен расталатын да бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Қазіргі қоғамды улап отырған маскүнемдік, есірткіге әуестік, ана тілінен мақұрым болушылық, қазақы менталитеттен аулақ мәңгүрттік, ұлттық намысты жоғалтушылық сияқты теріс құбылыстардан да сақтанудың, ұлт ұрпағына дұрыс тәрбие берудің  басты құралы іспеттес.

Елбасы: «Журналистің, бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтық жауапкершілігі, әсіресе  мемлекеттік  пен демократияның қалыптасуы кезеңінде ерекше жоғары»/1/,- деген сөздері журналистерге артқан үміті тәріздес. Осы орайда мемлекеттің дамуы үшін, ұлттың мықты болуы мен алдағы ауыртпалықты жеңе білуі үшін ауызбірлік пен ынтымақтастықтың нығаю шарты алға қойылады. Ұлт ынтымақтастығы әуелде ұлттың ұлтын сезінуден басталатынын ескерсек, бұқаралық ақпарат құралдарының осы жолда қарқынды іс жүргізуге міндетті екенін атап өткен жөн.

Кез келген ұлттың ұлттылығы, ең алдымен, байырғы заманнан қанына сіңіп, ана сүтімен бойына дарып келе жатқан ана тілінің құдіретімен дәлелденеді. Мұнда қазақ тілі әлі өз қолданылу аясын кеңейте алмаған тұста Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың мына бір сөздері ойға оралады: «...Біздің көпұлтты мемлекетіміз үшін маңызды ерекше мәселенің  бірі – республикалық ақпарат арналарын өз ойын айта білу үшін, мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, ұлттық тілді сақтау проблемаларын шешу үшін пайдалануына мүмкіндіктер туғызу керек.»/2/ Өкінішке орай, егемен ел боп ірге көтергелі он үш жылды артқа тастасақ та, мемлекеттік тіл проблемасы өзектілігін жоймауда.

Ұлттық психологияның  ажырамас бөлігі - ұлттық мүдде ең алдымен күнделікті беріліп жатқан ақпараттар негізінде де көзделуі шарт. Ұлттық қауіпсіздігіміз, ұлттық білім деңгейі, ұлт денсаулығы, жалпы әлеуметтік жағдайы, ұлттық санын арттыру мәселесі күн тәртібінен түспеуі қажет. Тек ұлттық  арналар ғана емес, тәуелсіз арналар да - ұлт жағдайына жанашыр болуға мүдделі. Ұлт мүддесін көздей отырып, қалың көрерменді ұлтын сүюге, ұлтын сезінуге, ұлты үшін қызмет етуге шақыру арқылы ұлттық тіліміз бен ділді, дін мен мәдени ошақтарды, әдебиет пен мәдениетті жоғарылату міндеті туады.

Ұлттық мүдде  мен талғам түйісе келіп, ұлттық тілдің жаңғыра түсуіне даңғыл жол дайындайды. Ұлттық тіл негізінде қазақ ұлты жаңа бір қырынан таныла түсіп, халық  бойына сан ғасырлар бойы тарихи өміріміздегі ұлт үшін күрес нәтижесінде бойға  жинақтаған асыл да игі қасиеттердің көрінуіне себеп болады. Ұлттық мінез-құлық иман-инабаттылықтың барлық критерийлерін жинақтай келе, өзгеге де, өзімізге де қазақ ұлтын қайталанбас ұлт ретінде таныстырып өтері де даусыз. Ар-ождан, ұят, намыс дегенді әрдайым “өлімнен күшті” санаған дана халық бүгінгі беделіне де сондай асыл қасиеттері арқылы жеткенін есте ұстаған абзал.

Қазақы салт-дәстүрлерді  құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелей  отырып, ұлттық тіл арқылы бойына ұлттық мінез-құлықтарды дарыту, ұлттық сана-сезімін  ояту - аталы істердің бірі. Оның барлығы “журналист - халыққа жақ, санаға сақ болу керек” дегендей, ұлттық сананың ұйтқысы болып табылатын ақпарат құралдармен қатар, ұлтты сыйлауды, құрметтеуді “үйренуге тиіс” тәуелсіз арналар  үшін де үлкен сыни өткел.

Ата-баба мұраларын, халық қаһармандары мен мәдениет, өнер қайраткерлерінің ерен еңбектерін елеп, пір тұта білу үшін де ұлттық тарихты ғана біліп қоймай, бүгіні мен ертеңін таразылай білу қажет. Салт-санамыз бен тілімізді, дінімізді, жерімізді ата-бабамыз ұзақ жылдар бойы сақтау  жолында қасық қаны қалғанша күрескені – ертеңгі  ұрпаққа мұра қалдыруға  ниет білдіруі.

Ұрпақтан  ұрпаққа жеткен мұраны таза қалпында бойымызға дарытумен қатар, ұлтымыздың ұлылылығын мойындай отырып, өзгелерге  де мойындату - журналистердің де халық алдындағы биік борышы деп түсінеміз.

Баспасөз  – қоғамдық өмірдегі орасан маңызды  да мағыналы құбылыстардың бірі. Оның алар орны тым ерекше. Ол – халқымыздың өткен тарихының алуан-алуан сырларының шежіресі, бүгінгісінің мөлдір айнасы мен келешегінің жаршысы. Өзінің осы тамаша қасиеттерінің арқасында біздің баспасөз дәуіріміздің ақыл-ойы, ар намысы, сенімді қажымас, талмас ұраншысы дәрежесіне көтеріліп отыр. Осы орайда: БҮГІНГІ ӘДЕБИ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ІЗДЕНІС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. («Жұлдыз», «Жалын» журналдарының 2000-2006 ж.ж. жарияланымдары бойынша) -атты диплом жұмысының негізгі мақсаты – бүгінгі таңда өзектілігін жоймай келе жатқан ұлттық идеологияны қалыптастыруда басты рөл атқаратын әдеби басылымдардың маңыздылығын  айқындау. Сондай-ақ ұлттық ойды қалыптастыруда қандай  бағыт бойынша жұмыс істеу керектігін тұжырымдап, ғылыми қорытынды жасау болып табылады.

Зерттеуге таңдап алынған бұл тақырыптың өзектілігі – ғаламдастыруға бет алып, ұлттық болмыс, ұлттық менталитет, т.с.с. ұғымдарды  санадан тыс қалдырмау мәселесін бірінші орынға қоя отырып, қазақ ұлтының ұлттылығын айқындауға, ғылыми талдау жасау. Сондай-ақ «Жұлдыз», «Жалын» әдеби журналдарының бүгінгі бет - бейнесі, проблемалары туралы сөз қозғау болып табылады.

Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды мен сілтемелерден, әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау - «Жұлдыз», «Жалын» журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі» деп аталып,   «Алғашқы әдеби басылымдар тарихынан», «Әдеби басылымдардың алғашқы авторлары мен редакторлары» атты тақырыпшалардан құралды. Екінші тарауды « Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты» деп атадық. Ол «Бүгінгі әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік», «Әдеби басылымдардағы жастардың туындылары», «Әдеби басылымдардың ұлттық сана-сезім мен ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудағы рөлі» атты тақырыпшаларға бөлініп, ғылыми тұжырымдамалар жасалынды.

Қорытындыда негізгі тарауларда қарастырылып өткен мәселелерге қорытынды талдау беріліп, жалпы зерттеу жұмысы бойынша ғылыми-түйін жасалынады.

Диплом жұмысының барлық мазмұны осы тақырып аясында бұрын-соңды жарыққа шыққан ғылыми еңбектер, басылымдарда жарық көрген публицистикалық мақалалар, сыни пікірлерге талдау жасау негізінде жазылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Жұлдыз», «Жалын» журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі

1.1. Алғашқы әдеби  басылымдар тарихы

Баспасөз – жалғаншыл  баспасөзге қарама-қарсы, шынайы шындықтың  айнасы. Ар мен адамгершіліктің, жаңа мен жақсының жаршысы. Баспасөз –насихаттаушы  және ұйымдастырушы. Осы міндеттерге  сәйкес, газеттердің күнделікті ісінде өмірдегі ең прогресшіл игі құбылыстың бәрінің де өркен жаюына кең жол ашылуға тиіс. Бұл әрине басылымдардың сапасын үнемі арттыра беруді, дәлірек айтқанда түрін мейлінше байытып, тіл байлығын жетілдіре түсіп, мазмұнын тереңдетуді талап етеді. Сондықтан да баспасөз материалдарын шебер ұйымдастырудың, оны барынша ұғымды етіп жазудың тәсілдері мен стильдерін анағұрлым жақсартуы шарты айқындалуы тиіс.  Бұл міндеттерді жүзеге асыру газет жанрларының әрқайсысына тән ерекшеліктерді сақтай отырып, олардың жанрлық мүмкіндіктерін молайту - әр журналистің қаламға жүйріктігін, мәнер машығын жетілдіру, сөйтіп әр жанрда талай әсем туындылар беру мақсатына тығыз байланысты. Басылымдар әр түрлі, соған сәйкес олардың ерекшеліктері де сан алуан екені мәлім. Ал олардағы материалдардың сапалы болуы оларды жазу үстінде журналистің баспасөз жанрының әрқайсысына тән сол ерекшеліктерін жете айыра отырып, оны шебер жаза білуіне байланысты. Егер журналист газет жанрларының теориясын жақсы біліп, оны өз ісінде жемісті қолдана білсе, газет материалдары бір-біріне егіздің сыңарындай ұқсап тұрмай, бірін-бірі қайталамай, әрқайсысы өз жақсылығымен жарық көреді, сапасы жақсарады, жазылу түрі соны сипат табады, мазмұны тереңдейді, нәтижесінде ондай газет материалдарын оқушылар сүйсініп, қызыға оқитын болады. Сайып келгенде,  газет , журнал материалдарының сапасын жақсартудың, журналистердің қалам шеберлігін арттырудың негізгі бір тиімді тәсілі, нақты жолы осы деп білген жөн.

Журналист еңбегі – оңай еңбек емес. Ол – аса бір құрметті еңбек. Бұл еңбекті көпшілік сынайды, сыйлайды. Журналист еңбегі – үнемі ізденіп, шығармашылық жаңалықтарды талап ететін еңбек. Сондықтан да журналист өмірді жай ғана қызықтыра көркем суретші немесе өмір өзгерістерін жай ғана бір бақылаушы емес, ол сол өмірдің нағыз белсенді күрескері. Демек, ол –қоғамдық пікірдің ұйытқысы мен ұйымдастырушысы; қоғамдық пікірдің қожасы мен иесі. Сондықтан да оның баспасөз жанрларын жете меңгеруі, оларды өз творчествосында шебер қолдана білуі қажет.

Осындай жауапты қызметті иеленуші журналистер қауымының еңбек ететін бір саласы бұл - әдеби басылымдар. Әдеби басылымдар әрине елімізде қазір көп-ақ. Ал аға басылымдар - «Жұлдыз» бен «Жалынның» орны бір бөлек. Бұл басылымдардың тарихы әріден басталады. «Жұлдыз» - алаш жұртының әдеби, әлеуметтік журналы. Қазіргі бұл әдеби басылымның құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ газеттері» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Редакторлар кеңесінің  төрағасы – Бас директор Мереке Құлкенов. Бас редактор – Темірхан Медетбек. Жауапты хатшы – Сайлаубек Жұмабек. Бөлім меңгерушілер: Мұхамедия Жұмағалиев, Ділдар Мамырбаева, Қуандық Түменбай. Редакция алқасы: Төлен Әбдіков, Дулат Исабеков, Әбіш Кекілбаев, Тұманбай Молдағалиев, Шерхан Мұртаза, Қадыр Мырза Әлі, Ақселеу Сейдімбек. «Қазақ газеттері» серіктестігінің өкілдері: Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Маңғыстау облысы, Астана қаласы мен Ақмола облысы, Қарағанды облыстарында. Редакцияға түскен шығармалар рецензияланбайды. Қолжазба қайтарылмайды. Көшіріп басқан жағдайда «Жұлдызға» сілтеме жасау міндетті.

Информация о работе Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері