Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:48, дипломная работа

Краткое описание

Қазақ топырағындағы әдебиет туралы ғылым туу, қалыптасу дәуірінен әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде күрделі даму - өсу, өркендеу кезеңдерін бастан кешіріп отыр. Ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққанын – сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенін, орысша литература деген атаудың латын сөзі екенін - әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес.

Содержание работы

КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Тарау - «Жұлдыз», «Жалын» журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі
1.1. Алғашқы әдеби басылымдар тарихы
1.2. Әдеби басылымдардың авторлары мен бас редакторлары
ІІ Тарау Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
2.1. Бүгінгі әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік
2.2 Әдеби басылымдардағы жастар шығармашылығына көзқарас
2.3. Әдеби басылымдардың ұлттық сана-сезім мен ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудағы ролі
III ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер, сілтемелер көрсеткіші тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері.doc

— 261.00 Кб (Скачать файл)

“Сабыр түбі – сары алтын” дегенді әрдайым алға тартқан  қазақ халқы үшін бүгінгі тәуелсіздікке  қол жеткізген жылдар нағыз өз ұлтын танытуға белсене кіріскен шақ деуге болады. Бүгінде “кешегі  өзгеге кіріптар болған  кезімізде  айтуға аузымыз бармай, жасқаншақтай беретін ұлтшылдық, түрікшілдік деген сөздердің ұнамды мағынасын санамызға дарыта білмесек, обыр, өктем мемлекеттермен ешқашан да теңесіп сөйлесе алмайтындығымыз да ” шындық. Сондықтан бүгінгі халықтың ұлттық психологиясы ең алдымен өткен жолдың ізі мен қанға сіңген қасиеттер арқылы құралса  керек. Ол өз кезегінде ұлттық. тәрбие мен ұлттық рухтың әсерінен дами, жандана түседі. Мұндай даму жолға түсу – кез келген ұлтжанды адамның парызы. «Қарыз бен парыз дегендеріңіз – өте қасиетті ұғымдар. Өз парызын ұмытқан ұлт-өткенін ұмытқан ұлт.  Ал өткенді ұмыту – өзіңді ұмыту...» Сондықтан, ұлттық менталитет пен ұлттық қасиетті, ұлттық мақтаныш пен ұлттық дүниетанымды жетілдіре түсу – бүгінгі БАҚ-тың алдына қойылған ең басты мақсаттың бірі.

Кез келген ұлтқа мемлекет ұлттық идея арқылы болашаққа қадам баса отырып, осы БАҚ-ы бағытына жол көрсетуі шарт. “Ұлттық идеяның мән-мағынасын дәл қазіргі кезеңде “Қазақ елі. Азаттық . Бірлік” деген ұғым-түсініктер аша алады”1,– деп ой-пікірін білдірген тарих ғылымының докторы Хангелді Әбжанов  өз мақаласында: “Алайда, ұлттық идеяны жолға қою үшін де, ұлттық психологияны қалыптастыру үшін де оған апаратын бірден-бір жол – ұлттық тіл. Өкінішке орай, “халықтың тілі, көзі  һәм   құлағы” боп отырған ”баспасөз  бетін,  теледидарды, қала көше-көшелерінде қаптап кеткен шаласауатты қазақша жарнамалармен күресуге жергілікті мекемелердің билігі әлі де жеткіліксіз”2 болып отыр.

Елдегі басты ұлт  өкілдері – қазақ ұлты екенін естен  шығармай отырып, сондай-ақ, ұлтаралық қарым-қатынас этика кодексінде көрсетілген мәселелерге қарсы келетін іс-әрекетке бармай, мемлекеттік мүддені көздеумен қатар ұлттық мүддеге баса назар аударылуы керек.

Ұлттық мүдде халықтың рухани, мәдени, әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрғыдағы жағдайларының жиынтығы ретінде көрініс табады. Сондықтан, қандай тілде болмасын, телебағдарлама кез келген мәселе туралы сөз қозғағанда оны ұлттық мүдде тұрғысынан талдай білу қажеттігі туындайды. Оған бірнеше себептер бар:

  1. Қазақстан Республикасы көпұлтты  мемлекет болғандықтан, қазақтарды ең негізгі ұлт ретінде мойындату үшін;
  2. Ұлттық патриотизмді ғана емес, келешек жастар мен бүгінгі ұрпақтың бойынан отаншылдық сезімін ояту үшін;
  3. Ұлттық мақтаныш сезімі мен ұлтым, елім, жерім деген сүйіспеншілдік сезімін ояту үшін;      
  4.    Ең бастысы, қазақ ұлтымыз нағыз кемел ұлт ретінде қалыптасу үшін;

Мәңгілік құндылық, өлмес бағалының  бірі - әдебиет. Сөз өнері. Сөз өнері  адамзат қауымымен бірге жасарып, жаңара береді десек, оның жаңартушысы  жастар, жастар әдебиеті болмақ. Тоқсаныншы жылдардан басталатын Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет осы мақсатқа жауап бере алады. Бірақ әдебиеттің жаңартушысы саналса да, олардың бүгінгі күйі қалай екен? Міне, осы сұраққа бас ауыртып жүрген адам аз. Тіпті жоқ деуге болады. Алды қырықтың қырқасына ілініп, соңы жиырманың бесеуінен асқан бұл топтың бірінші мұңы баспана.  Осының бірі Асанқадыр Исабек ақын. Көзіқарақты оқырман біледі, әдебиетке ат басын беріде бұрғанымен, жас ақынның алған белесі мен айтар сөзі бірталай. Осы ретте, Асанқадырдың пікірі еске түседі. - Бір ақындар өлеңді талайына жазылған тағдырындай қабылдап, қастерлесе және біреулері оны өмірді көркем сөзбен айшықтаудың үздік құралы ретінде ғана танып, өлең жазуды өмірлік кәсіпке айналдырып жатады. Бүгінгідей,  поэзияны айтпағанда, жалпы әдебиет атаулы қажет пе? - деген күмәнді сұрақтың уақыт жабығынан сығалап тұрған кезеңінде өлеңге берілер баға мен өлеңге деген көзқарастар ауқымында әрқилылық қалыптасқан... Өлеңнің өмірге келуі де болашақ тағдыры мен болмыс-бітімінің қандай болатыны белгісіз жас нәрестенің дүниеге келуіндей жұмбақ. Ақын атансам, менің емес, сол аздаған, өзімнің еркімнен тыс жарық дүниеге жолдама алған нәресте - шумақтардың арқасы. Ақынды ақын жасайтын өзге емес - өлеңі ғана. Ал, ақынның міндеті - оқырманына дені сау, төрт аяғын тең басқан жауњар жырлар тарту. Тәнті ете алса - бақыты. Поэзия тарихында өлеңді тек былай жазу керек, не үшін жазу керек деген қатып қалған қағида жоқ. Поэзия айдынының әркелкілік пен тосын құбылыстарға толы болуы, оның тек өміршеңдігін арттырады.

- Бірақ өлең  де әлеуметтік мәселеге бағынады  ғой..?

- «Өлең - жанның шырылы»  екендігі шындық. Ал, сол «шырылың»  билік тізгінін ұстағандарға  шегіртке ғұрлы әсер етпейтін  қоғамда өмір сүру өкініш. Қазақстанда  130 ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатыр деп айқайлаймыз. Бірақ  кезінде отарлау мақсатындағы түрлі жымысқы саясатпен кең байтақ жерімізге қоныс аударылған сол ұлттар мәдениетінің біздің төл мәдениетіміздің өркендеуіне тигізер кесірі, түсірер көлеңкесі барлығын мойындауға қорқамыз. Өсімдік көп жерде тіршілік үшін күрестің де күшті болатындығын үнемі ескеруіміз қажет сияқты. Ханның сарайы мен кедейдің жаппасында ертелі-кеш тек қазақша әңгіме шертіліп, тек қазақша әуендер шырқалған базбір заманды қайта орнатпасақ та ұлтымыздың бағына бұйырған бүгінгі тарихи мүмкіндікті орынды пайдаланып, тіліміз бен рухани құндылықтарымыздың ең биік тұғырдан орын алуы жолында аянып қалмауымыз қажет. Ел мен жердің атағын шығарып, айбынын асқақтататын алдымен сол елдің ақыны мен батыры деп жатады. Батырлардың қандай күйде екендігін қайдам, ұлт рухының айнасы іспетті бүгінгі жас қалам иелерінің әлеуметтік жай-күйі көңіл ауыртатындай халде.

- Ауыр хал демекші,  аға, кеңестік идеологияның таратушысы  ақындар, жазушылар болды ғой.  Ал, бүгінгі елімізде қоғамның жібі түзу болуына күш салатын қаламгерлер, әсіресе, жас қалам иелері үйсіз, күйсіз жүр. Өзіңді жарылқай алмай жүріп, өзгенің отын қалай жағуға болады?-

-...Жас таланттардың жұрт қатарлы жайлы өмір сүруіне мына жағдайлардың да әсері бар. Біріншіден, олар табиғатында тіршілік етуге, мал табуға қырсыздау жаратылған.  «Жазған жырым - жайған малым» деп, марқұм С. Томанов ағамыз айтпақшы, ақынның қолындағы бар байлығы - оның ет жүрегін тілмелеп шыққан жырлары ғана. Ал, бүгінде көптеген баспалар мен газеттердің қаламақы мүлде төлемейтіндігін, кітап шығарудың қиындығын ескерсеңіз, оның «жайған малының» құнының қаншалықты екендігіне қиналмай көз жеткізесіз. Ақын деген мамандық жоқ. Сондықтан, көпшілік ақындар қолының оңтайына келген кәсіпке жегіліп нан табуға мәжбүр. Біреудің малын бағып, біреудің үйін сылап жүріп жан сақтаған, базарда нан сатып нәпақа тапқан да талантты ақындардың болғандығы тарихтан аян. Жас таланттардың жанына аяздай батып келе жатқан бір жағдай, олардың баспанасыздығы. Көрінгеннің пәтерін жалдап күн кешіп жүрген дарындардың мүшкіл халін пәтерақысы бірнеше есеге шарықтаған осы кезеңде көзге елестетудің өзі қиын. «Сананы  тұрмыс билейтіндіктен», көрпесі қонышын қымтауға келмей жүрген жас ақындардан елдің азаттығы мен Ұлт рухын әспеттейтін асқақ жырлар талап етудің өзі күлкілі. Кейінгі ақындар жырларындағы Қорқыт сарынының басымдығын да олардың басындағы осындай әлеуметтік қиындықтан іздеуге болады. Десе де, қандай жағдайда жүрсе де олардың өзін өмірге алып келген туған Еліне деген махаббаты  арта түспесе, ешқашан кемімек емес. Қоғам тарапынан болған әділетсіз әрі немқұрайды көзқарас жас шерілердің рухын ширықтырмаса, әлсірете алмайды. Олар аузы асқа жарымай жүріп те, өзегін тілгілеген арман-мұңын аспанға жазуға қабілетті.

Қ О Р Ы  Т Ы Н Д Ы

Әдеби басылымдар «Жұлдыз» бен «Жалын» осыдан ширек ғасыр  бұрын жолға шығып, содан бері құлаш-құлаш алтын талшық иіріп, өнер төріне арқауы үзілмейтін, рухы мықты, түр-тегі таза талай кілем тоқып  берді. Алғаш хабары жеткенде жүрегі жарылып қуанған жас буынның салтанатын түсінуге болады. Ал ақ тілеуін арнап, «Жұлдыз» бен «Жалынның» тұсауын кескен әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлері – аға ұрпақтың аталы сөзін, күткен үмітін дәл осы күндері, бағы жанған еңбектің ләззат игілігін жете сезінген тұстарда қайтадан бір еске алар ма еді.

Олар:

- «Жұлдыз» бен «Жалынды» жандыратын жастар деді, төңірегіне топталар шын таланттарды ұлы көштің алдыңғы сапынан көргісі келді;

- қуанышты  ойлардың  құтты ұясына, кемерінен асып  төгілер кең арнаға балады;

- жастарға білімдарлықты, адамгершілікті теліді, «Жұлдыз» бен «Жалын» білім мектебіне  айналуын қалады;

- әр бетінен жайнаған  көктемді-әдебиет көктемін, еңсеңді  көтерер шынар биіктерді үміт  етті;

- «Жұлдыз» бен «Жалынның» жарығы алыстан шалынып, жылуы байтақ қазақ еліне жетер деп сенім білдірді.

Жомарт жүрек аялап, жұмсақ алақан маңдайынан сыйпаған сәби «Жұлдыз» бен «Жалын» кәрі жасыңды осылай бірден жадыратты да, жотасына жүз батпан жауапкершілікті теңдеп, айдын дарияда ақ желкенін көтерді. Желі оңынан туды. Аспан аясын, шалқар жазығын кеңейтті. «Жұлдыз» бен «Жалын» алаулап қарсы алдыңнан шыға берді. Мөлдіретіп жүз бұлақтың көзін ашты. Сөз өнерін түзген жүз терезе жүз мың жүректі оятты. Жақсы тілектер қабыл болды. Күткен үміт ақталды. «Жұлдыз» бен «Жалын» - енді өз тұсауын кескен құтты қолдардың алдында ұялмай, жүзі жарқырап жататын том-том кітап. Қамбаға құйылған миллиард пұт астықтай көл-көсір ырыс. Мидың мың градус домнасынан шымырлап шыққан сөз асылы, өнер маржаны. Жер шарының қилы қиян қиырымен қазіргі қазақ елінің халықаралық байланысы, сөз жоқ «Жұлдыз» бен «Жалын» беттерінде буы бұрқыраған, ел мен елді бауырластырар әдеби мұра, ізгілікті ойлармен де мейлінше баянды. Шығармалары дүниежүзіне тарап кеткен бүгінгі орта буын қаламгерлердің біразының  от алар қуат көзі осы «Жалын» болды.

«Жұлдыз» бен «Жалын» өз зерттеушісін күтіп отыр. Әр парағы тізілген әдемі әріптер, жымыңдаған жас жұлдыздар ғана емес, кейінгі кезеңдердегі бүкіл қазақ қалам мәдениетінің өсу, толысу, кемелдену айнасы; іздену, жетілу аясы. Туған әдебиетінің бүгінгі мен болашағын бағдарлап, кемшілік жетістігін саралауға кең өріс ашатын кәдімгі ғылыми көмбе бұл.

«Жұлдыз» бен «Жалынға» енді не жетпейді?

Ширек ғасыр - өнер отауы  үшін, әрине, аз ғұмыр емес. Тағылымы тоғыз тарау талай лұғатты  дәстүрлер желі тартқан. Әйтсе де...

Жақсылықты он орап, тұмшалап тастасаң да жүрек лүпілі бәрібір  сезіліп тұрады. Ал корректорды қобалжыту  үшін өз шебінің тәртібін бұзып, жолдан атйып мінез көрсеткен бір  әріптің әлегі жетіп жатыр. Оқушыны  қобалжытар кінәрат, сыншыны ойландырар сыр мұнан гөрі күрделірек, мұнан гөрі қомақтырақ.

«Жұлдыз» бен «Жалын» бетінде ақын деген, жазушы деген керемет жақсы қауымның қаламынан шыққанның бәрі бірдей қастерлі қазына ма екен?

Жер бетімен үш ғасыр  жорғалап, тасбақа да біраз жер  жүреді. Бірақ үш айналымға жетпей өз ізін өзге түгілі өзі таба алмай қалатыны бар. «Жұлдыз» бен «Жалын» бетінде ешқашан тасбақа жорғаламасын. Әр жылдары кездесе беретін ондай-мұндай із-түссіз, елес жолдарды көкіректен біржола өшіріп, ой көзімен парақтап жыртып тастау керек.

Бұл әдеби басылымдардың  алғашқы кітабында Ғабит Мүсірепов тілегендей, «жазғанына редактор қолы батпайтын» сәйгүлік таланттар, саф сұлу туындыларға әлі де сусап отырмыз-ау осы. Қырда жүріп те құдықтан құмарыңыд қандырар сусын іздеп таба аласың. Ал жыр қайнарын кешіп жүріп кейде қаталап қынжылатының болады. Шәрбат деп сіміргенің сағым болып шығады. Осы сағым жырлар мен сағыз шығармалардан сақтану керек.

Әдеби басылымдарға жариялану әрдайым жақсылығыңды, шығарма сүйегінің асылдығын, тектілігін ғана аңғартсын. Әдебиетке ертелі кеш келгендердің бәрінің әңгімесі, көкірегінде бүр жарған ой толғанысы ләйімде тек таза өнермаржаны төңірегінде болсын. Жастар да жасық қолтумаларын «жалынға» жалаңдата бермесін. Олардың әр сөзі – жаңа шығармасы таң жұлдызындай жарқырап көк зеңгірден ғана көрінсін. Өнер айдыны, әрине ұлы мұхиттарды көктей бойлап, адамзат игілігне талай ғасырлар бойы мәңгілік талай мұрағат мекендер сыйлаған әйгілі саяхатшылардай өз тәңірін – дарынды дара тұлғаларын күтуден әсте жалықпайды. Мұхтар Әуезов атындағы қазына бөктерген алып кеме – Атлант кемесі соңғы он шақты жылдың өзінде жұмыр жерді он орап, алатындай қаншама ұзақ ырысты жолдарды өтті. Желкені желбіреген «Жалынды» да дәл осындай, сонау бір кездердегі жиырма бес жасар албырт Әуезовтің кемел арманындай қуатты ойлар демеп, аясы шектеулі көл дариялардан гөрі құрлық пен құрлықты жалғстырар, түрлі түсті халықтарды табыстырар ұлы мұхиттар өрінде жүздіруге жазсын.

«Социалистік интернационализм әлем халықтарының бір-біріне деген  ынтымағын, достығын арттыра түсуде. Сондықтан, біз  венгер халқы, біртұтас кеңес еліне қызыға қараймыз. Ал, қазақ жұрты мен венгер елінің туысқандық тамыры әріде жатыр. Тарих, тіл, этнография ғылымдарының соңғы жетістіктерінбақылап отырсақ, бұл ақиқатқа көз жеткізе түсеміз»-деп Қазақстан Жазушылар одағы мен «Жалын» редакциясында 1987 жылы қонақта болған Венгер Халық Республикасы әдебиетшілері Френс Будда мен Ласло Фузи. Қонақтар одан әрі өздері жұмыс істейтін Венгер жастарының «Форрош» («Бұлақ») журналының идеялық бағыт бағдарымен, бүгінгі венгер әдебиетінің даму тенденцияларымен таныстырды.

-Өз басым қазақ әдебиетін шама-шарқынша қадағалап оқып жүремін. Әсіресе, фольклор, поэзия жанрлары қатты қызықтырады. Сол қызығудың арқасында сіздердің тілдеріңізді әжептәуір меңгеріп қалдым,-дейді ақын Ф. Будда өз әңгімесін қазақша жалғастырып. Кездесуде «Жалын» және «Форрош» журналдарының интернационализм, әдебиеттер достығын насихаттауда алдағы атқаратын жұмыс жоспарлары туралы әңгіме болды. Міне осындай халықаралық дәрежедегі ақылдасулар, басқосулар, пікір алмасулар қазір де өте қажет. /24/

Демократия жолымен  дамуға бет бұрған кез-келген мемлекеттің  бұқаралық ақпарат құралдары  ең алдымен, сол мемлекеттің идеологиясын қалыптастыруға белсене араласуы тиіс. Демократия негізі  – халықтың  мүддесімен, халықтың пікірімен, халықтың сұранысымен санаса отырып, мемлекетті басқару. Ал идеология болса, халықтың ұлттық психологиясының ерекшеліктерінің негізінде қалыптасуы шарт.

Ұлттық психологияның  ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде әлеуметтік, табиғи-географиялық, рухани-мәдени, материалдық жағдайлардың шарттарына лайық қалыптасады. Соның әсерінен әрбір адамда ұлттық мінез-құлықтың, халықта сана-сезімнің көріністері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары пайда болады.

Информация о работе Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері