Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:35, дипломная работа

Краткое описание

Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4

Содержимое работы - 1 файл

меж.право.doc

— 396.00 Кб (Скачать файл)

       Әр  бір халықаралық құқық субъектісінің  құқық шығармашылық процеске қатысу деңгейі, әрине, бірдей емес. Халықаралық  құқықтың мәні мемлекетаралық құқығы болып табылады. Осы себептен халықаралық құқық нормаларын құрастыру процесінде ең маңызды орын алатын халықаралық құқық субъектісі міндетті түрде тәуелсіз егеменді мемлекеттер болып табылады. Олар, яғни мемлекеттер, халықаралық құқықпен қарастырылған барлық міндеттер мен құқықтарға ие. Нақ осы халықаралық құқық субъектілері толық құқық субъектілігін иеленеді, соның ішінде халықаралық құқық нормаларын құрастыру процесіне қатысуға, оларды толықтыруға және өзгертуге толық құқығы бар.

       “...Бірінші дүние жүзілік және әсіресе екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезең ішінде халықаралық құқықты дамытуда және халықаралық құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету процесінде халықаралық ұйымының маңыздылығының өсу тенденциясы байқалуда...”45

       Сонымен, халықаралық ұйымдардың халықаралық  құқық нормаларын қалыптастыру процесіндегі даму бағыттарын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды келесі бір ұйымының даму жолын қарастырған жөн – яғни Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД).

       Кеңес одағындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелер сексенінші жылдардың ортасында өз межесіне жетіп қайта құру процесінің қажеттілігін тудырды. Қайта құру мен жариялық Кеңес заманындағы қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінің көлеңкелі жақтарын анықтап, аша бастаған. “...қоғамдық өмірдің барлық салалары терең дағдарысқа тірелген еді...”46, яғни бұл заңсыздық пен күштеу, сол сияқты басқарудың әкімшілік-командалық әдістеріне қарсы қойылған жауап ретінде болатын. Сонымен қатар, қайта құру процесі қоғам дамуын жоғарғы сатыға көтеретін, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып алған бұрмалаушылықты түзетуге бағытталғанды. Сексенінші жылдардың аяғында Балтика республикаларында өріс алған тәуелсіздік пен егемендікке ұмтылу талпыныстары нәтижесіз болмады. Кейін 1991 жылдың тамыз айында Мәскеу қаласында орын алған көтеріліс КСРО туралы жаңа одақ шартының болашағын жоққа шығарды. Бұл кезеңде бұрынғы Кеңес одағы республикаларының бір қатары өз егемендіктері мен тәуелсіздіктері жайында ашық жариялай бастаған болатын. Республикалардың егемендік процесінің дамуына федеративтік одақты бір орталықтан басқарылатын әкімшілік ұйымға әдейі қолдап айналдыру да өз әсерін тигізді.47

       Бұл тұрғыдан келгенде халық шаруашылығының салаларын бір жерге орталықтандыру республикалардың құқықтарын шектеуге немесе толығымен жоюға әкеп соқты. Республикалар қарамағындағы кәсіпорындар сексенінші жылдардың ортасына таман өндірістік өнімнің 5-ақ пайызын ғана шығарса, өнімнің 95 пайызы одақтық кәсіпорындар қарамағында болатын. Қазақстанда республика қарамағына қарайтын кәсіпорындардың шығаратын өнім үлесі 7-ақ пайыз болғанды. Сол кезеңдегі баспасөз ақпарат құралдарында: “республикалардың шаруашылық дербестігін шектеу – ұлтаралық қатынастардың шиеленісуіне бірден бір себеп болатын”48 деп жазылды.

       Кеңес одағы заманында қоғамның саяси  жүйесін реформалауда негізгі орын алған сұрақтардың бірі ретінде “егемендік” мәселесі тұрғанды. Қазақстан Республикасының атақты заңгер ғалымдарының бірі С.З. Зиманов мынадай анықтама ұсынады: егемендік – мемлекеттік-құқықтық ұғым ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы істерін шешудегі жоғарғы биліктің тәуелсіздігін және дербестігін білдіреді. Бұрынғы Кеңес одағы республикалардың егемендігіне қатысты әдебиеттер аз емес.49 Дегенмен бұл еңбектерде егемендік мәселесі сол заман тұрғысынан, яғни одақ федерациясы жағдайындағы КСРО мен одақтас республикалар егемендігінің тұтастығы тұрғысынан қарастырылды. Кеңес одағы кезеңінде “егемендік пен тәуелсіздік” мәселелерінің сол заман талабына сай зерттеліп жазылу себебі, қатаң мемлекеттік бақылау (цензура) болғанына бірден бір айғақ деп түсінуге болады. Кеңес одағы ыдырап республикалар өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізіп егемендіктерін жариялаған уақыт ішінде бұл тақырыптарға қатысты шынайы да әділ жазылған еңбектер көп.50

       1988 жылдың 16 қарашасында Эстония ССР-нің  Жоғарғы кеңесі “Республикалық егемендігі туралы Декларация” қабылдады. Бұл декларацияға сай Эстония ССР-нің аумағында, егер Республика Жоғарғы кеңесі мақұлдайтын болса ғана КСРО заңдарының күші болады делінді. 1989 жылдың 18 мамырында Литва ССР-і де дәл осындай құжат қабылдап, бұл Декларацияда: “Литва ССР-де, оның Жоғарғы кеңесі қабылдаған және мақұлдаған заңдардың ғана республика аумағында күші бар” деп көрсетілді. Сонымен қатар, егер республика Жоғарғы кеңесі бекітетін болса ғана, КСРО заңдарының күші бар деп танылды. Латвия ССР-і де осындай шешімдер қабылдады. Әрине, КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының бұл актілердің одақтық заңдарға сай келмейтінін және олардың күшін жою туралы шығарған жарлығы болса да республикалардың көпшілігінде мұндай заң актілерін жариялау орын алғанды.

       1991 жылдың 8 желтоқсанында үш славян  республикасы, яғни Беларусь, Ресей  және Украина басшылары Беловеж  келісімге қол қойды. Бұл келісімнің  кіріспесінде: “Біз, Беларусь Республикасы, Ресей федерациясы (РСФСР), Украина  1922 жылғы Одақ шартына қол қойған  КСРО-ның құрылтайшы-мемлекеттері, КСРО-ның халықаралық құқық субъектісі және геосаяси шындық ретінде өз тіршілігін тоқтатқанын білдіреміз” деп белгіленген. Және оның орнына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғанын жариялады.

       1991 жылдың 13 желтоқсанындағы Ашхабад кездесуінде орталық Азия республикаларының басшылары Беловеж келісімімен жан-жақты таныса келе, жаңа Достастыққа толық құқықты мүше бола алатындарын білдірді. 1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматы қаласында КСРО республикаларының 11 басшысы (Литва, Латвия, Эстония және Грузия қатыспағанды) Алматы Декларациясы мен ТМД құру туралы келісім хаттамасына өз қолдарын қойды. Кейін ТМД-ға мүше-мемлекет ретінде Грузия қосылды. Сол кезден бастап қазіргі кезге дейін ТМД-ға мүше-мемлекеттердің саны – 12.

       Сонымен, қиын да күрделі уақытта дүниеге келген ТМД өз өміршендігін көрсетті және жалғастыруда.

       ТМД тарихында жаңадан пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық егемендігі мен дербестігін халықаралық-құқықтық рәсімдеу сатысы нәтижеге ұласты, яғни ТМД-ға мүше-мемлекеттердің барлығы да халықаралық құқық субъектісі болып танылады. Бұл мемлекеттердің ТМД шеңберінде қарым-қатынас жасауларына саяси, экономикалық және құқықтық негіздер де қаланды.

       ТМД-ға 12 мемлекет мүше болып табылса да, оның шеңберінде қабылданған келісімдер мен шешімдердің күші тек бұл құжаттарды мақұлдаған және бекіткен елдер үшін ғана өтімді. Бұл тұрғыдан келгенде ТМД шеңберінде, яғни мүше-мемлекеттердің барлығы емес, кейбіреулерінің қол қойып қуаттаған және сол мемлекеттер үшін күші бар әр түрлі одақтарды да атап өткен жөн. Мұндай одақтар қатарында Кеден одағы (4+N шарты негізінде), Беларусь пен Ресей одағы (екілік одақ) немесе Орталық Азия мемлекеттерінің қауымдастығы бар. Және осы құрылымдардың қайсысын алмасаң да олардың құрылу мақсаттары мен мүдделері ТМД-ның Жарғысы мен басқа да құжаттарына міндетті түрде қайшы келмеу тиіс.

       ТМД-ның  құрылуына құқықтық негіз ретінде  үш құжат аталуда. Оларға: тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы Беловеж (1991 жылдың 8 желтоқсанындағы) келісімі, сол жылдың 21 желтоқсандағы осы келісімге деген хаттама және Алматы Декларациясы жатады. Төртінші құжат ретінде 1993 жылдың 22 қаңтар жұлдызында қабылданған ТМД жарғысы көрсетілуде.

       ТМД-ның  құқықтық мәртебесі қандай деген  сұраққа келетін болсақ, ресми  құжат болып саналатын ТМД жарғысында достастықтың мемлекет еместігі және ұлт үсті өкілеттіктерге ие болмайтыны да көрсетілген. Сонда ТМД қандай құрылым? Мемлекет болып табылмайтын болса, яғни мемлекеттік құрылым тұрғысынан келгенде классикалық болып саналатын мемлекеттер (унитарлы, федеративтік, конфедеративтік) нысандарына жатпайтын болса, бұл құрылымды қалай бағалаған жөн? Осы мәселелерге келгенде ғалымдардың да ойы әр түрлі болып келеді.

       ТМД – халықаралық аймақтық ұйым болып  табылады. Біріншіден, белгілі бір мемлекет аралық қатынастарға қатысты, екіншіден, қатынастар белгілі кеңістікте (ТМД кеңістігі) жүзеге асуда, үшіншіден, БҰҰ жарғысының 52-бабына сай, аймақтық ұйымдар аймақтық әрекеттерге жататын бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, ТМД елдерінің біріккен бейбітшілік мақсаттағы (мысалы, Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасындағы немесе Қырғыстан территориясындағы заңсыз енген терроршыл топтарға қарсы) күштері аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесін іс жүзінде шешуге ұмтылады. Сонымен қатар, халықаралық құқық субъектісі болып табылатын әр аймақ елдерінің қауымдастығы әмбебап ынтымақтастық болса, бір-біріне жақын орналасқан территориялардағы мемлекеттердің қауымдастығы аймақтық ұйым ретінде бағаланады.

       ТМД органдары жеткілікті өкілеттіктерге ие. Дегенмен, олардың өкілеттіктерін жүзеге асыру механизмі нақты да анық көрсетілмегендіктен және тараптар арасындағы міндеттемелер орындалмаған жағдайда туындайтын жауапкершілік анықталмағандықтан ТМД қызметі сылбыр көрінеді. Сол сияқты ТМД кеңістігінде жинақталып қалған мәселелер де аз емес. ТМД-ның жалғасы ретінде Евразиялық одақ жобасы да баспасөз ақпарат беттерінде жарық көрді. ТМД елдері басшыларының біразы және кейбір ғалымдарының көзқарастарына сай, Евразиялық одақты ТМД жалғасы деп айтуға толық мүмкіндік бар секілді. Себебі, бірде бір мемлекетпен ешқандай ұйымға (одаққа) кірмей дамуға болатын да шығар, бірақ бұл даму бір жақты болады. Тіпті неге дүние жүзі мемлекеттері бір-бірімен жақындасуда, одақтар құруда? Қазіргі кезеңде де бәсекелестік мәселесі “фирма аралық немесе мемлекет ішіндегі бәсекелестік” ұғымынан асып, “мемлекет аралық – аймақ аралық бәсекелестік” ұғымына ие болуда. Мұның арғы жағында ортақ мүдде, ортақ мақсатқа жету талпыныстары тұр. Бұл көзқарастан келгенде де қазіргі ТМД-ға мүше-мемлекеттердің болашағы тиімді интеграцияда, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір-біріне жақындасуда.

       ТМД елдерінен Евразиялық одақты құру идеясын  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1994 жылдың 29 наурыз жұлдызында М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерімен кездесуінде ұсынған болатын. Ал 1994 жылдың маусым айында Қазақстан баспасөз беттерінде Н.Ә. Назарбаев қол қойған Евразиялық Одақтың (ЕАО) жобасы жарияланды.51

       1994 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында “Евразиялық кеңістік: интеграциялық потенциал (жиынтық) және оны жүзеге асыру” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

       Интеграцияның жаңа түрі, деңгейі ретінде Евразиялық одақ жобасы ұсынылған. Мемлекеттер  арасындағы нарықтық экономиканың, саяси процестердің демократияландырылуының әр түрлі деңгейі, Н.Ә. Назарбаев тарабынан ТМД-ның қызметімен үйлесетін қосымша интеграциялық құрылым – Евразиялық одақ құру идеясын туғызды.

       Ондағы  негізгі мақсат – экономикалық реформаларды жүзеге асыру мақсатында мүше-мемлекеттер орындауға міндетті болып табылатын ортақ бағдарламаларды қабылдау, оның іс жүзінде іске асырылатын қадағалау және ортақ экономикалық саясатын келістіру.

       “Евразиялық одақ (ЕАО) – әр мүше-мемлекеттік  мүдделерін және жинақталған ортақ интеграциялық потенциалды жүзеге асыруға бағытталған тең құқықты тәуелсіз мемлекеттердің одағы”.

         Евразиялық одақ – бұрынғы  кеңес кеңістігіндегі тұрақтылық  пен қауіпсіздікті, әлеуметтік-экономикалық  жағдайды қазіргі кезеңге сәйкес  өзгертіп нығайтуға бағытталған егемен мемлекеттердің интеграциялық нысаны болып табылады.

       Евразиялық  одақтың қалыптасу механизмі  мен бірігу қағидалары болып мыналар  табылады:

  • ЕАО-ға мемлекеттердің кіруі туралы ұлттық референдумдар немесе парламенттер шешімдерін жүргізу;
  • ЕАО құру туралы шартқа қатысушы-мемлекеттердің теңдік, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, егемендікті, территория тұтастығы және мемлекеттік шекараларға қол сұқпау қағидаларын сыйлау негізінде қол қою;
  • Шарт экономикалық, валюта және саяси одақ құру бағытындағы интеграцияны тереңдету мақсатында заңи және ұйымдастыру алғы шарттарын қарастыру қажет;
  • ЕАО-ға ассоциациялық мүше болуға жол берілмейді;
  • ЕАО-да шешімдер қабылдау мүше-мемлекеттердің жалпы санының 4/5 мамандандырылған көпшілік дауысы негізінде жүзеге асырады. Бұл қағидалар мен Евразиялық одақты құру механизмі басқа мемлекеттер тарабынан қолдау табады деген үмітпен ұсынылғанды.

       Тәуелсіз  мемлекеттер ЕАО-ға мынадай алғы шарттарды орындаған кезде ғана мүше болып кіре алады:

    • қабылданған мемлекет аралық келісімдерді міндетті түрде орындау;
    • ЕАО мүше-елдердің қалыптасқан мемлекеттік-саяси институттарын өзара тану;
    • территория тұтастығы мен шекаралар беріктігін тану;
    • мемлекет аралық қатынастарда қысым көрсетудің экономикалық, саяси және басқа да формаларынан бас тарту;
    • өз араларындағы әскери қақтығыстарды болдырмау.

       Сонымен, жалпы қорытынды беретін болсақ, халықаралық ұйымдардың пайда болу фактісі бірден құқық шығармашылықтағы жаңа және маңызды бастамасына айналды, өйткені мемлекеттер олардың  конституциялық механизмін тұрақсыз түрде шақырылатын конференциялардың орына құқық нормаларын құру бойынша тұрақты форум ретінде пайдалана бастады.52

       Нәтижесінде, көпжақты халықаралық келісім шарттарын  құрастыру процесі әлдеқайда  жедел әлдеқайда әмбебап процесіне  айналды. Осы жерде кейбір артықшылықтарын көрсетіп жіберуге болады. Біріншіден, өзінің құзыр аясына қатысты халықаралық қатынастарды және мемлекеттердің позицияларын үнемі зерттей отырып халықаралық ұйым басқа кез келген құрылымға қарағанда шарт мәтінінің жобасын жасау не дайындау қажеттілігі туралы ақпаратқа ие. Екіншіден, ұйымға мүше-мемлекеттердің өкілдері арасындағы консультациялар мен өзара әрекеттесу процесінің тұрақтылық және перманенттілік сипаты көп жағдайда заңи мотивінің анықталуына және құрылуына, кейін конвенцияның алғашқы жобасының дайын болуына жағдай жасайды. Үшіншіден, тікелей келісім шарттың өзін дайындау және зерттеу мәселесімен айналысатын органы ретінде секретариаттың маңыздылығы өте зор. Төртіншіден, халықаралық ұйымдардың эксперттік сараптамасын жасайтын тәжірибелі жоғары мамандандырылған ғалымдарды және қызметкерлерді тұрақты немесе мерзімді негізінде шақырып алу мүмкіндігі бар.

Информация о работе Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі