Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:35, дипломная работа
Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4
Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар.
Қазіргі таңда, халықаралық ұйымдардың шарттық тәжірибесі қалыптастырған нормалар саны өсіп келе жатқаны байқалады. Осындай жағдайда мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектілері бола отырып, халықаралық құқықтың қосымша субъектілерінің шарттық тәжірибелерінің маңызы артып келе жатқанын ескермеуі мүмкін емес. Халықаралық құқық комиссиясы 12 жыл (1970-1982 жж.) ішінде мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттардың құқықтары туралы конвенциясының жобасын дайындады. Халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 жылғы Конвенцияда “Халықаралық ұйымдардың шарт жасаудағы құқық қабілеттілігін” айқындайтын бап орын алуда. Аталған Конвенция 1980 жылы 27 қаңтар күні заң күшіне енді, Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға 1993 жылы 31 наурыз күні Жоғары Кеңесімен қабылданған қаулысы арқылы қосылды.
Конвенцияның
1-бабының мазмұнына мән
1986
жылы 21 наурыз күні “Мемлекеттер
мен халықаралық ұйымдар
Халықаралық ұйымдардың нормашығармашылық процеске тікелей қатысуы. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің Жарғыларындағы тиісті баптарды сараптағанда, аталған мамандандырылған мекемелерінің халықаралық конвенциялардың, келісімдердің және регламенттердің жобаларын қабылдау құқығына ие екенін білуге болады. Мұндай норма шығару процесінің мақсаты – олардың тиісті құзыреттері аясында тиімді халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Бұған екі түрлі жолмен қол жеткізуге болады: көп тарапты конвенциялар мәтінінің халықаралық ұйымдардың аясында және бақылауында қабылдануы, сондай-ақ халықаралық әкімшілік және техникалық регламенттерін қабылдау.
Халықаралық ұйымдардың жүйелеу және бақылау қызметтерін жүзеге асыруы. БҰҰ жарғысының Кіріспесінде ұйымдардың басты міндеттердің бірі “шарттар және халықаралық құқықтың өзге де қайнар көздерінен туындайтын міндеттерді әділ бағалау және құрметтеу сақталуы үшін жағдай жасау” керектігі бекітіліген. Халықаралық ұйымдардың жүйелеу және бақылау қызметтері осы міндеттерді орындауға бағытталады.
Халықаралық-құқықтық санкцияларды қолдану жолы. Соңғы кездері халықаралық құқық нормаларын сақтауды мәжбүрлеп қамтамасыз етуде халықаралық ұйымдардың рөлі өсіп келеді. Халықаралық ұйымдардың мұндай санкциялары шарттарын құрылтай құжаттарының нормаларында, олардың органдардың қаулыларында болуы мүмкін. Санкцияларды қолдануды құқықтық мәжбүрлеудің әр түрлі шаралары қамтамасыз етеді. Мысалы, көбірек қолданылатыны мыналар:
Халықаралық ұйым – бұл белгілі бір міндеттерде орындау үшін халықаралық шарт негізінде құрылған, тұрақты әрекет ететін органдар жүйесі бар, халықаралық құқық субъектілігіне және халықаралық құқық нормалары мен қағидалары негізінде құрылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.
Халықаралық ұйымдардың белгілері мынадай:
Халықаралық ұйымдардың жіктелуі көптеген қиыншылықтарға байланысты. Біріншіден, бір ұйымға берілетін анықтаманың өзіне түрлі жақтан келуге болады. Екіншіден, түрлі ұйымдар бар, олардың маңызды ерекшеліктеріне қарай сан түрлі санатқа бөлуге болады. Жіктеудің негіздеріне мыналар кіреді:
Аталған талаптардың бәрі шартты екенін атап айтқан жөн. Мысалы, Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі, Варшава Шарты Ұйымы өздерінің әрекет еткен кезеңдерінде тұрақты халықаралық ұйымдар болған еді.
Көрсетілген халықаралық ұйымдарының топтастыру критерийлерінің толық емес екендігін ескеруіміз керек. Қосымша негіздер ретінде былай толықтыруға болады, яғни:
Ұйым мемлекеттердің өкілі ғана деп қарастыруға болмайды. Өзінің белсенді қызметін атқару үшін ұйым мемлекеттердің құқықсубъектілігінің жай жиынтығынан ерекшеленетін арнайы құқықсубъектілігіне ие болуы тиіс. Алғышарт болса ұйымның мәні зор.13
Бұқаралық құқықтың арнайы субъектісі ретінде, халықаралық ұйымының құқық субъектілігі келесі 4 элементінен тұрады: а) құқық қабілеттілік, яғни құқықтық қатынастарға түсу кезінде белгілі бір міндеттер мен құқықтарға ие болу қабілеттілігі; ә) әрекет қабілеттілік, яғни халықаралық ұйымының өзінің әрекеттерімен құқықтар мен міндеттерін атқаруға қабілеттілігі; б) халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру процесіне қатысу қабілеттілігі; в) өзінің әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілікке тартылу қабілеттілігі.
Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігінің басты белгісі ретінде өз ерікке ие болу фактісі болып табылады, яғни аталған еркіндігі арқылы кез келген халықаралық ұйым жарғысында белгіленген қызметін жүзеге асыруға және тікелей халықаралық қатынастарға қатысуға мүмкіндік береді. Көптеген халықаралық құқық саласындағы заңгер мамандарының пікіріне сәйкес халықаралық үкіметаралық ұйымдар тәуелсіз ерікке ие халықаралық құқығының арнайы субъектісі болып табылады. Егер кез келген халықаралық ұйым өзінің жек бас ерікке ие болмаса, белгіленген құқықтар мен міндеттер жиынтығына ие болмаса өз алдына қойған мақсаттарына жете алмайды.14
Еркінің тәуелсіздігін келесі фактіден байқауға болады, яғни халықаралық ұйым бірнеше мемлекеттермен құрылғаннан кейін, оның ерігі ұйым мүшелерінің еріктеріне қарағанда жаңа бір сипатына ие болады. Халықаралық ұйымның ерігі мүше-мемлекеттердің еріктерінің жиынтығы ретінде немесе олардың еріктерінің қосындысы ретінде қарастыруға болмайды. Аталған ерік халықаралық құқығының басқа да субъектілерінен бөлініп қарастырылады. Халықаралық ұйым еркінің қайнар көзі құрылтайшы мемлекеттер еріктерінің келістірілген қорытындысы ретінде құрылтайшы актісі немесе жарғысы болып табылады.15
Уругвайлық халықаралық құқық маманы, заңгер Аречага Э. Көз қарасы бойынша халықаралық ұйымдар өзінің жеке құқық субъектілігіне ие және де халықаралық тұрғыдан мүше-мемлекеттерден бөлек және тәуелсіз орын алуда.16
Халықаралық соттың 1949 жылы шығарған қорытындыға сәйкес БҰҰ халықаралық құқық субъектісі болып танылады. Сонымен қатар, халықаралық соттың жасаған ескертуіне сай, БҰҰ-ның халықаралық құқығының субъектісі ретінде танылғанымен оның мемлекет ретінде қарастырылмайды, және оның мемлекет бола алмайтыны рас, немесе оның мемлекет секілді ұқсас құқық субъектілігіне, құқықтар мен міндеттерге ие болмайды.
БҰҰ халықаралық құқық субъектісі болып табылады, және де халықаралық құқықтар мен міндеттерге ие бола алады, сондай-ақ, ұйым өзінің құқықтарын халықаралық-құқықтық талаптарын қою арқылы бекітуі мүмкін.17
Көптеген халықаралық үкіметаралық ұйымдардың құрылтайшы актілерінде, яғни жарлықтарында, аталған ұйым халықаралық құқық субъектісі болып табылады деп тікелей көрсетіледі. Мәселен, 1965 жылы 23 қыркүйек күні қабылданған Ядролық зерттеулер бойынша біріккен институтының Жарлығының 5-бабына сәйкес: “Үкіметаралық ұйымдардың статусына сәйкес Институт халықаралық құқық субъектілігіне ие”.
Әр бір халықаралық ұйым тек қана өзіне алдын ала белгіленген құқық субъектілігінің көлеміне ие және де осындай субъектілігінің шектері бірінші ретте құрылтайшы актімен белгіленеді. Ұйым өзінің Жарғысының және басқа да құжаттарында (мәселен, ұйымының жоғарғы органның резолюциялар және процедура ережелер) белгіленген шектерінен асатын басқа әрекеттерді жүзеге асыра алмайды. Халықаралық ұйымдар құқық субъектілігінің ең маңызды белгілері ретінде келесі негіздері тән.
Халықаралық құқығының басқа субъектілері тарабынан халықаралық тұлға ретінде танылуы. Көрсетілген негіздің мазмұны бойынша мүше-мемлекеттері мен сәйкес халықаралық ұйымдар аталған ұйымын таниды және де оның құқықтары мен міндеттерін құрметтеуге міндеттенеді, оның құзыреттерін, компетенциясын таниды, ұйымды және оның қызметшілерін белгілі бір артықшылықтар мен иммунитеттермен қамтамасыз етуге және т.б. әрекеттерді жүзеге асыруға міндеттенеді. Құрылтайшы актілерінің нормаларына сәйкес барлық үкіметаралық ұйымдар заңды тұлғалар болып табылады. Мүше-мемлекеттер осы ұйымды өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құқықтар мен әрекет қабілеттіліктерімен қамтамасыз етеді.
Қарастырылып отырған халықаралық ұйымдардың белгісі белгілі бір деңгейде өкілеттілік институты арқылы түсінуге болады. Кейбір халықаралық ұйымдарының түрлерінде, яғни үкіметаралық ұйымдардың құрылтайшы актілерінде келесі жағдай ескертіледі, әр бір келісетін тарап ұйымда сәйкес делегаттар санымен өкілеттілік етеді.
Егер халықаралық үкіметаралық ұйымдарын тану мәселесі салыстырмалы қарағанда анықталған болып табылса, дәл осы мәселе халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға қатысты өте күрделі болып отыр. Алайда, егер халықаралық ұйымдарының осы екеуінің жалпы санына мән беретін болсақ, халықаралық үкіметтік емес ұйымдарының, мысалы – Қызыл крест және қызыл жарты ай халықаралық комитеті, халықаралық саны әлдеқайда үлкен болып отыр. Мысалы, БҰҰ пайда болған кезінде, дүниежүзінде 962 халықаралық ұйым орын алды, олардың 100 данасы ғана халықаралық үкіметаралық ұйым болса, 862 данасы халықаралық үкіметтік емес ұйым болған.18
Бөлінген құқықтар мен міндеттерге ие болуы. Үкіметаралық ұйымдардың құқық субъектілігінің осы белгісі бойынша, ұйым мемлекеттердің құқықтары мен міндеттеріне ұқсамайтын құқықтар мен міндеттерге ие және олар халықаралық деңгейде жүзеге асырылу мүмкіндігі. Мысалы, ЮНЕСКО-ның Жарғысында ұйымының келесі міндеттері көрсетілген: а) барлық ие болып отырған ақпарат құралдары қолдану арқылы халықтардың өзара түсіністік және жақындасуына қолайлы жағдай жасау; ә) ұлттық білім беру жүйесінің дамуын қолдау және мәдениетті тарату; б) білім ілім көздерін сақталуына, дамуына және таралуына көмек көрсету.
Ұйымның өз қызметін өз ерікпен жүзеге асыру құқығы. Кез келген үкіметаралық ұйым өзінің құрылтайшы актісіне (конвенция, жарғы немесе құзыреті әлдеқайда үлкен ұйымының резолюция нысанында), процедура ережелеріне, қаржы ережелеріне немесе ұйымның ішкі құқығын құрайтын басқа құжаттарына ие. Көбінесе, үкіметаралық ұйымдар өзінің қызметін жүзеге асыру барысында ие болуы мүмкін компетенцияға негізделіп өз қызметін жүзеге асырады. Өз қызметін жүзеге асыру барысында ұйымдар мүше емес мемлекеттермен белгілі бір анықталған құқықтық қатынастарға түседі. Мәселен, БҰҰ оның мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің Жарғысының 2-бабында көрсетілген қағидаларына сәйкес әрекет етуін қамтамасыз етеді, өйткені осындай жағдайының туындауы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздігін сақталуына кедергі жасауы мүмкін. Сонымен қатар, үкіметаралық ұйымдардың тәуелсіздігі ішкі құқығын құрайтын нормаларын жүзеге асыруы арқылы байқалады. Ұйымдардың өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қажетті кез келген көмекші органдарды құру мүмкіндігі. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар процедура ережелерін және басқа да әкімшілік ережелерін қабылдай алады. Ұйым қаржылық енгізулер бойынша қарыздары бар кез келген өзінің мүше-мемлекетін дауыс құқығын алуы мүмкін. Нәтижесінде, кез келген халықаралық үкіметаралық ұйым өзінің қызметінің мәселелері бойынша мүше-мемлекет рекомендацияларын орындамаған кезінде түсіндірмелерін талап ете алады.