Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:35, дипломная работа

Краткое описание

Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4

Содержимое работы - 1 файл

меж.право.doc

— 396.00 Кб (Скачать файл)

       Жоғарыда  берілген ақпаратқа сәйкес бүгінгі таңда әрекет ететін халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың саны шамамен 25 мыңға жетіп отыр. Бірақ осындай үлкен санына қарамастан жалпы ақпарат алуға мүмкін, немесе жазба жұмысын жазған тұлға үшін тапқан, ұйымдар саны әлдеқайда аз. Батыс халықаралық құқық саласындағы мамандар тобының, яғни Крэг Варкетин, Джеймс МакГан және Кэтрин Сиккинк, жүргізген зерттеулердің негізінде, осындай халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың қызметін негізгі үш салаларында әрекет етіп отырғаны туралы мәлімет беріп отыр. Осындай салалар ауқымын төмендегідей белгілеп отыр: қоршаған ортаны қорғау; адам құқықтары, соның ішінде әйел адамдардың құқықтарын қорғау; және де жалпы анықтама “даму” саласында әрекет етіп отыр, мәселен әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және т.б. салаларында өз қызметін жүзеге асыруда.

       Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар қалыптасқан  халықаралық-құқықтық қатынастардың  барлық салаларында әрекет етіп отыр. Оған қоса, көптеген халықаралық жария  құқығының басты салаларында  маңыздылығы өте жоғары болып табылады. Мәселен, 1970 жылы құрылған Гуманитарлық құқық бойынша халықаралық институт – халықаралық гуманитарлық құқығының нормалары мен қағидаларын қолданылу мәселелері бойынша өте үлкен қызмет атқарып отыр. Институт жүйелі түрде әскери тұлғаларды соғыс заңдылықтары мен әдет-ғұрыптарын және босқындардың құқықтарын қорғауға бағытталған нормаларымен танысуға бағытталған семинарларды жүргізеді. 1873 жылы қалыптастырылған халықаралық құқығының Ассоциациясы халықаралық жария және жеке құқықтарының өзекті мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын үйлестіреді. Ұйым коллизиялық құқық және шарттар құқықтар салаларындағы зерттеулеріне үлкен мән беріп отыр. Қылмыстық құқығы бойынша халықаралық Ассоциациясы 1924 жылы құрылды. Аталған ұйым халықаралық қылмыс құқығы бойынша конвенцияларын қолдану бойынша қағидалар мен ережелерін қалыптастыру процесіне қатысып отыр. Сонымен қатар, ұйым қызметі ұлттық заңдарын және халықаралық қылмыстық құқығы ғылымын дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды жасады. Аталған тақырып бойынша конференцияларын және семинарларын жүргізеді. Қызметінің негізгі қағидалары адамгершілік, бейтараптылық, тәуелсіздік, өз еріктілік, бірлік және әмбебаптылық болып табылатын Қызыл Кресттің халықаралық комитеті халықаралық гуманитарлық құқығының қағидалар мен нормаларын құру процесіне үлкен үлес қосты. Осы ұйымының қатысуымен келесі халықаралық құжаттар қалыптастырылды – 1906 жылғы әрекет етуші әскери күштердегі аурулар мен зақымданған тұлғалардың жағдайын жақсарту туралы Женева конвенциясы, 1949 жылғы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциясының қағидаларын теңіздегі соғыстарға қолдану бойынша Гаага конвенциясы, 1949 жылғы Женева конвенцияларына екі қосымша протокол және т.б. Гуманитарлық конвенцияларымен Қызыл Кресттің халықаралық комитетінің құзыретіне берілген көптеген күрделі мақсаттар арасында ерекше белгіленуі тиіс қызметі – әскери тұтқындағы және интернирленген азаматтық тұлғалар ұсталып отыратын барлық аумақтарына бару, сондай-ақ, осы тұлғалар туралы ақпаратты жинау мақсатымен тұтқындалған тұлғалар істері бойынша Орталық ұйымынан ақпарат алу. 1949 жылы 12 тамыз күні қабылданған төрт Женева конвенциялары үшін ортақ 3-бабының мазмұны бойынша: “Қызыл Крест халықаралық комитет секілді бейтарап гуманитарлық ұйым дауласып отырған тараптарға өз қызметін ұсынуы мүмкін”. Қарулы қақтығыстар мен тәртіпсіздіктер кезінде бейтарап бола отырып Халықаралық комитет халықаралық және азаматтық соғыстардың құрбандарын қорғау мен оларға көмек көрсетіп отыр.

       Көптеген  халықаралық үкіметтік емес ұйымдар  үкіметаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық қарым-қатынаста болады. Осы ынтымақтастықтың негізгі нысаны кеңестік сипатына ие. Әр бір үкіметаралық ұйымдарда халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға кеңестік статусын ұсынудың өзіндік ережелері болады. Мұндай статусты алу халықаралық үкіметтік емес ұйым қызметінің пайдалы екенін білдіріп қана қоймай, сонымен қатар, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық дәрежесінің және қазіргі халықаралық қатынастардың дамуына әсерінің өсуін көрсетеді.

       БҰҰ жарғысының 71-бабына сәйкес экономикалық және әлеуметтік кеңес өзінің құзыретіне кіретін сұрақтар мен мәселелерге қызығушылық білдіріп отырған үкіметтік емес ұйымдармен кеңесу үшін тиісті шараларды жүргізуге өкілеттенеді. Мұндай шаралар халықаралық ұйымдармен келісілу мүмкін, ал керек жағдайда – БҰҰ-ның мүдделі мүшелермен кеңес жүргізгеннен кейін ұлттық ұйымдармен.

       БҰҰ-ның  халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен қатынасы 1946 қабылданған (кейін талай  рет қайта қарастырылған) экономикалық және әлеуметтік кеңестің “Үкіметтік емес ұйымдармен кеңес жасасу бойынша шаралар” резолюциясымен реттеледі.

       Кеңестегі кеңес көрсету статусы 150-ден астам  үкіметтік емес ұйымдарға ұсынылған. Олар 3 категорияға бөлінеді: 1-категорияға  кеңес қызметінің көптеген аспектілермен  байланысты ұйымдар жатады; 2-категорияға нақты салалардағы ерекше тәжірибесіне ие ұйымдар жатады; 3-категорияға кеңеске, оның көмекші органдарына және БҰҰ-ның т.б. органдарына (қажеттілігіне қарай) көмек көрсететін ұйымдардың үлкен тізімі жатады.

       Кеңес берушілік статусы ұсынылған халықаралық үкіметтік емес ұйымдар өзінің байқаушыларын экономикалық және әлеуметтік кеңестің және оның көмекші органдарының отырыстарының ашылуына, және де Кеңес жұмысына тиісті жазбаша арыздарды жібере алады. Сонымен қатар, олар өзара мүдделерін ұсынатын мәселелер бойынша БҰҰ-ның Секретариатымен кеңесе алады.

       БҰҰ-ның  мамандандырылған мекемелері кеңес  беру статусын ұсынудың өзіндік ережелері  болады.

       Мысалы, Халықаралық теңіз ұйымы кеңес (ИМО) беру статусын өз жұмысына маңызды  көмек көрсете алатын үкіметтік емес ұйымдарға ғана ұсынады. Сонымен қатар, осы ұйымдардың мақсаттары мен қызметтері ИМО-ның қағидаларымен толығымен сабақтасады (1961 жылғы үкіметтік емес ұйымдармен өзара қатынастарына қатысты ережелер). Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен (ДДҰ) ынтымақтасуға ниет білдіріп отырған кез келген ұйым (сонымен бірге кеңес беру статусын ұсыну жолмен де) келесі критерийлерге сәйкес болуы тиіс: а) үкіметтік емес ұйым ДДҰ-ның құзыреттілігіне кіретін сұрақтармен айналыса алады; ә) үкіметтік емес ұйымының мақсаттары мен қағидалары ДДҰ жарғысының мақсаттары мен қағидаларына қайшы келмейді; б) үкіметтік емес ұйым тұрақты ұйым ретінде танылған; в) үкіметтік емес ұйым басшылық етуші органдарына ие және өзінің мүшелерінің атынан жұмыс істеуге өкілеттілігі бар; г) үкіметтік емес ұйым формальді түрде өзінің құрылымы және қызмет аясы бойынша халықаралық болып табылады; ғ) оның осы ұйымның саясатына және қызметіне қатысты сұрақтар бойынша дауыс беруге құқығы бар өзіндік мүшелері болуы керек (1948 жылғы үкіметтік емес ұйымымен өзара қатынастарына тиесілі ережелер).

       ЮНЕСКО-мен  қатынаста бола алатын халықаралық  үкіметтік емес ұйымдар болып  кез келген үкіметаралық келісімдер негізінде орнатылмаған, өзіндік  сипаты бойынша үкіметтік емес болатын  мақсатты және функциялы және келесі талаптарға жауап беретін халықаралық ұйымдар жатады: а) ЮНЕСКО құзыретіне жататын сұрақтармен айналысу, ЮНЕСКО Жарғысында көрсетілген қағидаларына сәйкес Ұйымның мақсаттарын жүзеге асыруда керекті көмек көрсетуге мүмкіндігінің және тілеуінің болуы; ә) ЮНЕСКО бағыныстылығына жататын бір немесе бірнеше жеке әрекеттеріне мүдделі көпшілік топтар немесе жеке тұлғалардың санын біріктіру, және осындай ұйым өзінің мүмкіндігінше әлемнің түрлі мәдени аймақтарда нақты өкілі ретінде болу үшін көптеген түрлі мемлекеттерде жеткілікті тұрақты мүшелеріне ие болу; б) Географиялық немесе мәдени көз қарасымен аймақтық сипаттағы ұйым туралы іс болып жатқан жағдайында барлық осы аймақтың шынайы өкілі ретінде мүмкіндігі болу үшін ол мүшелердің жеткілікті үлкен саны болуы керек; в) Халықаралық негізінде құрылған тұрақты басшылық етуші органы, тиісті жағдайда құзыретті өкілдері болуы және түрлі мемлекеттерде өзінің мүшелерімен тұрақты байланыс ұстануға мүмкіндігі бар жұмыс аппараты мен процедуралары болуы керек.

       ЮНЕСКО  мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынастар үш категорияға жатқызылуы мүмкін: a-категориясы (консултативтік және ынтымақтастық); b-категориясы (ақпараттық және консультативтік); c-категориясы (өзара ақпарат). Осы категорияларға жатқызылған халықаралық үкіметтік емес ұйымдар қатал анықталған құқықтар мен міндеттемелерге ие (1960 жылғы ЮНЕСКО-ның үкіметтік емес ұйыммен қатынасына тиісті Директивалар).

    1. Халықаралық ұйымдардың халықаралық  құқық нормаларын қалыптастыру қызметінің даму бағыттары.
 

       Диплом  жұмысымның екі негізгі термині “халықаралық ұйым” және “құқық шығармашылық”. Осы бөлімінің негізгі мақсаты халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру процесінің даму тенденциясына мән бере отырып XXI ғасырға таман қалыптасқан халықаралық-құқықтық қатынастардың даму бағыттарын белгілеу болып отыр. Іс жүзінде, көрсетілген бөлім келесі тарауына кіріспе ретінде қарастырғаны дұрыс.

       Халықаралық құқық шығармашылығының жалпы құқықтық фундаменталды концепциясын құруы  құқық шығармашылығын жеке құбылыс  ретінде қызметті және қорытындыны/нәтижені зерттегенінен кейін ғана мүмкін болып. Нақ осы екі құқық шығармашылық процесінің негізгі бөліктері оның салыстырмалы аяқталған циклін құрайды, одан кейін осы ретімен де басқа да циклдер орын алады.40

       Құқық шығармашылық процесінің салыстырмалы аяқталғандығы алдымен оның реттілігінде және тұрақтылығында жатыр. Құқық нормасының құрылуына дейін құқық шығармашылық факторларының сараптамасы, құқықтық реттелуге жататын халықаралық қатынастарды тану процесі жатады. Объективті шындықты не айғақты тану құқық шығармашылық процесінің бастапқы моменті немесе бірінші кезеңі болады. Осыдан кейін заң актілерінің қабылдану тәртібін анықтайтын сәйкес құқық шығармашылық процедураларын белгілеу арқылы халықаралық құқықпен толық реттелетін құқық нормасының өзін құру кезеңі басталады. Ескерте кететін жағдай – тану кезеңінен тікелей қызметке өту процесінің күрделі болуы.

       Халықаралық құқық шығармашылығына көптеген субъектілер қатысуда, оның әр қайсысы  қалыптасқан халықаралық-құқықтық жағдайының объективті шындығын ескере отырып өзінің позициясын қорғайды. Осыдан шығатын қорытынды, құқық құру әдісін анықтау бойынша бірінші қадамдары – алғашқы келіссөздері өзара тиімді компромисстерді іздеуімен тікелей байланысты.41

       Құқық шығармашылық қызметінің қорытындысы құқықтың танылған қайнар көзі ретінде танылған құқық актісі тұрпатында қалыптасқан құқық нормасы болып табылады. Сонымен қатар, әр бір құқықтық актісі басқа құжаттары мен құқықтық нормаларымен белгілі бір өзара байланыста және қарым қатынаста болатын күрделі жүйені құрайды. Қысқаша түрде құқық шығармашылық процесі осындай болады.

       Құқық шығармашылық және құқықты құру (құқықты  қалыптастыру). Халықаралық құқық  нормаларын қалыптастырудағы халықаралық  ұйымдардың рөлін толық зерттеу  үшін осы екі терминнің мазмұнын анықтау қажет. Негізінен, осы екі түсініктеме өзінің мәні бойынша бір-біріне өте ұқсас болғанымен олардың мазмұны толығымен бірдей немесе идентикалық деп айтуға болмайды. Құқықты қалыптастыруға құқықтық нормаларын құрастырудың толық процесі кіреді, бұл көлемі бойынша кеңірек ұғым болып табылады. Құқықты қалыптастыру құқық шығармашылықпен салыстырғанда ұзағырақ және толығырақ құқықты пайда болуына өз әсерін тигізетін объективті және субъективті факторларды біріктіретін процесс.

       “...Өзінің мазмұны бойынша құқық шығармашылық құқық қалыптастырудың қорытынды, конститутивті кезеңі болып табылады...”42

       Халықаралық құқықтың құқық шығармашылық қызметінің нәтижесінде қажеттіліктер мен  құқық құрастырушы факторлар  халықаралық-құқықтық нормаға айналады, юридикалық шындықтың пайда болуына әкеліп соғады.

       Құқықтың  жалпы теориясында құқық шығармашылық терминінің мазмұны келесіде ашылады  – объективті түрде шартталған құқықты  қалыптастырудың қорытынды процесі, құқықтық нормалардың құрастырылуына, олардың кейінгі дамуына, өзгертілуіне және заң күшінен айрылуына бағытталған мемлекеттің қызметі. Анықтама берудегі үлкен айырмашылықтарына қарамастан осы түсініктемені кеңес одақ кезінде қалыптасқан құқық теориясында негізгі болып табылады.43

       Халықаралық құқық шығармашылық халықаралық құқық құру процесінің қорытынды, конститутивті бөлімі деген тезиске негізделе отырып халықаралық құқық шығармашылықты құқықты құру процесі кезеңінің қорытындылайтын жүйеленген әрекеттер тобынан тұратын құбылыс ретінде анықтауға болады. Өз кезегінде халықаралық құқық шығармашылық процесі екі кезеңінен тұрады: халықаралық құқық субъектілерімен құқық нормасының мазмұнын келістіру негізінде құрастыру және құрастырылған нормаға юридикалық заң күшімен қамтамасыз ету. Халықаралық құқықта құқық нормаға міндеттеме күшімен қамтамасыз ету процесі халықаралық құқық субъектілерінің жекеленген әрекеттері арқылы жүзеге асырылады, мәселен белгілі бір анықталған ортақ актінің негізінде.

       Халықаралық ұйымдар халықаралық құқық шығармашылық процесінде өте маңызды роль атқаруда және алатын орыны өте ерекше. Біріншіден, халықаралық құқықтың басқа да субъектілері секілді халықаралық ұйымдар юридикалық нормаларды құрастыру процесіне қатысады. Сонымен қатар, олар, яғни халықаралық ұйымдар, формализацияның қажетті элементін енгізіп, қалыптасқан ортақтандырылмаған халықаралық құқық шығармашылық процесі үшін процедуралық шектерді анықтай отырып өте маңызды қызметті атқаруда.

       Халықаралық құқықтың ерекше бір белгісі субъектілерінің  өздерінің құқық нормаларын құрастыруы болып отыр. Халықаралық құқық субъектісінің құқық шығармашылық процесіне қатысуы – құқықтық статусының бір белгісі ретінде оның құқық субъектілігінің көрінісі. Ресейлік халықаралық құқық маманы Е.Т. Усенко белгілегеніндей:

       “...Халықаралық құқық шығармашылық процесіне қатысу қабілеттілігі халықаралық құқықтың кез келген субъектінің сипаттаушы белгілерінің бірі болып табылады, яғни оның құқықтық статусының ажырамас бір негізгі элементі. Осы құқық қабілеттілігі халықаралық-құқықтық статусының маңызды элементі және халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық субъектісі ретінде анықтайды...”44

Информация о работе Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі