Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:35, дипломная работа
Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4
Кез келген үкімет аралық (мемлекет аралық) ұйым шын мінінде не ipso facto халықаралық құқық субъектісі болуда. Алдымен, әрине қазіргі халықаралық құқықтың субъектісі болу себебі құрылтайшы мемлекеттер оны сәйкес нақты құрылтайшы актіде (жарғылар, шарттар, конвенциялар және т.б.) белгіленген және толық көлемде негізгі халықаралық құқық қағидаларына сай келетін құжаттар арқылы құқықтар мен міндеттермен қамтамасыз етіп отыр.
Үкімет аралық ұйымының халықаралық құқық субъектілігі оның мемлекеттер халықаралық ұйымды қамтамасыз етіп отырған және халықаралық ұйымының кейін ие болуы мүмкін не мүмкін емес сипатына байланысты осы құқық жағдайы құқықтар мен міндеттемелер көлемі не ауқымы құқықтық жағдайынан көрінеді.64
Үкімет
аралық ұйымдардың халықаралық құқықтың
субъектісі болуының тағы бір себебі
– олардың құрылтайшы актілері халықаралық
ұйымдар мен олардың мүше-
Көптеген халықаралық үкімет аралық ұйымдардың құрылтайшы актілері осындай халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі туралы нақты ережелерін қамтиді. Мәселен, осындай құжаттар – Еуропа одағының жарғысының 211-бабы, Экономикалық интеграция бойынша орталық Америка банкі жарғысының 1-бабы, Африка даму банкі жарғысының 50-бабы, Ауыл шаруашылық дамытудың халықаралық қоры жарғысының 10-бабы, Оливкалық май бойынша халықаралық кеңес жарғысының 6.1-бабы. Голланд заңгерлері Г. Шермерс және Н. Блоккер атап көрсеткендей құрылтайшы актілердің осындай ережелері “...мүше-мемлекеттерді ұйымды әдетте халықаралық құқық бойынша тек қана мемлекеттер жүзеге асыра алатын әрекеттерді жасауға құзыры бар жеке халықаралық тұлға ретінде тануға міндеттенеді...”65
Алайда, үкімет аралық ұйымының құрылтайшы құжатында оның құқық субъектілігі туралы ережелер не нормалардың орын алмау фактісі көрсетілген ұйымының халықаралық құқық субъектілігіне ие емес дегенді білдірмейді. Осы тұрғыдан халықаралық ұйымы құқық субъектілігінің объективті концепциясын зерттеп ашқан және енгізген норвегиялық заңгер Ф. Сейерстедтің пікірі дұрыс деп айтуға болады. Сонымен, осы концепция бойынша кез келген ұйым кем дегенде бір органға ие, осылайша, мүше-мемлекеттерге белгілі бір деңгейде жанама түрде тәуелді болуда, яғни ipso facto халықаралық құқықтық тұлғаға айналады. “Объективтілік” теориясы тұрғысынан халықаралық ұйымының құқық субъектілігі мүше-мемлекеттердің ерікке тәуелді болмайды.66
Мәселен, Ұлттар Лигасының жарғысында аталған ұйымының құқық субъектілігі туралы ешбір нормасы орын алмаған еді. Кейін 1926 жылы жасалған Ұлттар Лигасы мен Швейцария мемлекеті арасында жасалған орналасу жер мәселесі бойынша келісім шарты мынадай нормаға ие болды – “халықаралық тұлғалыққа және заңды құқық субъектілігіне ие Ұлттар Лигасы халықаралық құқыққа сәйкес нақты белгіленген не білдірген келісімінсіз Швеция сотымен жауапқа тартылуы мүмкін емес”. Нәтижесінде Ұлттар Лигасы сәйкес келісім-шарттарды жасасу жолымен өте кең көлемді халықаралық құқықтар мен міндеттемелерге ие болды. Осы халықаралық ұйым көптеген мүше-мемлекеттердің астаналарында өзінің өкілді мекемелерін ашты; оның құзыретті тұлғалары мен қызмет көрсетуші мекемелері артықшылықтар мен иммунитеттерге иеленді.67
Халықаралық үкімет аралық ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі осы құқық субъектілігі жалпы бірдей көлемді екенін білдірмейді. Әр бір жеке нақты жағдайда ұйымның құқықтары құрылтайшы актімен, мемлекеттермен және халықаралық құқық субъектілердің басқаларымен жасасқан келісімдермен белгіленеді. Әрине, ең кең көлемді халықаралық құқық субъектілігіне ие ұйым БҰҰ болып табылады.
Бірақ та кез келген ұйымның құқық субъектілігінің көлемі қаншалықты кең болса да ол – халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде универсалды мемлекеттердің құқық субъектілігінен айрықша болып келетін арнайы құқық субъектілігі болуда.
Соңғы бөлімінде қарастырылатын мәселе – халықаралық ұйымдармен қалыптастырылған халықаралық құқық нормаларының заңды күші болып табылады. Әрине, бүгінгі таңда қабылданған халықаралық құқықтық жүйеде осындай халықаралық нормативті-құқықтық актілердің саны өте үлкен, тіпті мемлекеттер тарабынан өз бетінше жекелеген жасасқан екі жақты және көп жақты келісім-шарттардан әлдеқайда аз болуда. Сондықтан, бөлімінің бірден бір мақсаты осындай тенденцияның себептерін анықтау және әр түрлі халықаралық ұйымдар шеңберінде және қатысуымен қалыптасқан құқық құжаттарын олардың қатысуынсыз жасасқан актілерден айыру және ерекшеліктерін анықтап салыстырмалы сараптама жүргізу.
Сонымен, мәселені нақты мазмұны қарастырмас бұрын, алдымен халықаралық құқық нормасы деген түсініктемесінің мазмұнын ашып көрейік, яғни мемлекеттер және халықаралық құқықтың басқа да субъектілер үшін міндетті түрде орындалуға жататын, халықаралық құқық субъектілері өздері тарабынан анықталатын және өз ерікпен немесе керек кезінде халықаралық құқықтық міндеттеу арқылы жүзеге асырылатын заңды құқықтық ережелер.68
Жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар халықаралық құқықта орын алып отыратын тағы бір актінің түрі – халықаралық конференциялардың және халықаралық ұйымдардың актілері. Халықаралық конференциялардың немесе кеңестердің актілері немесе қорытынды құжаттары түрлі жоспарлы және түрлі заңды күшке ие болуы мүмкін.
Біріншіден, олар халықаралық конференциялардың немесе кеңестердің қатысушы мемлекеттер үшін ұсынушы сипатына ие болуы мүмкін және осындай нысанына ие бола тұра халықаралық құқықтың қайнар көзі болып табылмайды. Алайда, шарттық нормалардың кейінгі қабылдануына белгілі бір өз әсерін тигізуі мүмкін (мәселен, 1977 жылы орын алған 1971 жылғы теңіздер мен мұхиттарда және олардың түбінде және қойнауында ядролық қаруларды және жалпы қырып жоятын қарулардың басқа да түрлерін орнатуға тыйым салу туралы келісім-шарттың әрекет етуін қарастыру бойынша Конференциясы (және де кейінгі 5 жылда болған) шарттың бес жылдық қызмет етуінің нәтижесін қарастырып, шарт ережелерінің бұзылмауын ескертіп шартқа қатысушы мүшу мемлекеттерге сәйкес ұсыныстарды жасады).
Екіншіден, өзінің заң күшіне енгеннен кейін толық құқылы халықаралық құқықтың қайнар көзіне айналатын халықаралық шартқа қол қойдыру үшін ашылатын құжатпен үйлесіп жүруі мүмкін (мәселен, Теңіз құқығы бойынша БҰҰ-ның үшінші конференцияның қорытынды актісі конференцияға қатысушы мемлекеттері үшін қол қою үшін (кейін оны ратификациядан өткізу үшін) ашық 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша БҰҰ-ның Конвенциясының конференциясында қабылданған мәтінімен бірге үйлесіп жүрді).
Үшіншіден, халықаралық конференциямен немесе кеңеспен қабылданатын қорытынды актісі немесе нәтиже құжаты өзінің мазмұнына және саяси-құқықтық маңыздылығына байланысты өз бетінше жеке халықаралық құқықтың қайнар көзі болып танылуы мүмкін. Осындай құжаттар санына жатқызылуы мүмкін – 1975 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша кеңестің (СБСЕ) қорытынды актісі және СБСЕ шеңберіндегі басқа да қорытынды құжаттары, соның ішінде 1989 жылғы СБСЕ мүше-мемлекеттерін өзінің ұлттық заң жүйелерін халықаралық құқық нормаларға сәйкестендіруге міндеттенген Вена қорытынды құжаты; “Хельсинки-2” қорытынды құжаты; 1994 жылғы Будапешт құжаттары, соның ішінде қауіпсіздіктің саяси-әскери аспектілеріне байланысты әрекет ету Кодексі.
1995
жылы Г.В. Игнатенконың
1975 жылғы СБСЕ қорытынды актінде БҰҰ жарғысының 102-бабына сәйкес Секретариатта тіркелуге жататыны туралы айтылмаса да, мүше-мемлекеттер үшін қалай болса да әрекет етудің міндетті заң ережелерін қамтиді. Аталған құжатын детальді түрде қарастыратын олсақ, актінің тіпті толығымен 3 бөлімі және көптеген тараулары мүше-мемлекеттер үшін міндетті күшіне ие нормалары өте көп, және оған қоса, мүше-мемлекеттері шарттық міндеттемелерін орындау бойынша өзара қадағалауды (соның ішінде инспекциялар) жүзеге асыру бойынша күрделі құқықтарға ие. Және де осындай қадағалау-бақылау шаралары 1989, 1990 және 1991 жылдары қалыптасқан және әрекет етіп отырған халықаралық құқық нормаларға өзінің ұлттық заңдарын сәйкестендіру немесе үйлестіру бойынша мүше-мемлекеттердің қызметін қарастыру бойынша арнайы конференцияларда жүзеге асырылды.
1994 жылғы Будапешт әрекет ету Кодексі белгілегендей – осы құжатта бекітілген ережелер “саяси міндеттеуші сипатына ие” деп көрсеткен, яғни мүше-мемлекеттері үшін құқықтық заңды міндеттеуші ережеге ие, әйтпесе қалайша егеменді мемлекетін өзінің саяси міндеттемелерін басқаша орындатуға болады, соның ішінде саяси-әскери аяларында және әскери сенімгерлік шаралар бойынша халықаралық ынтымақтастық саласында.
Оған қоса, СБСЕ қорытынды құжаттары арқылы кеңес беру процесінің өзін жаңа тұрпатқа айналдырды. Мерзімді болып табылатын кеңес жаңа тұрақты әрекет ететін органдары бар Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша халықаралық аумақтық ұйымға (ОБСЕ) айналды. Осы органдар 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірден жұмысқа кірісті. Мәселен, ОБСЕ өкілдері Абхазия мен Шешенстанда әскери қақтығыстарды тоқтату процесіне белсенді қатысып отырды.
Халықаралық құқықтың қайнар көзі болып кейбір халықаралық үкімет аралық ұйымдардың шешімдері болып табылады – мәселен, БҰҰ. БҰҰ-ның ішкі құрылысы және бюджет-қаржы мәселелеріне қатысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының резолюциялары ұйымның барлық мүше-мемлекеттері үшін міндетті түрде орындалуға жатады. Мысалы, 1993 жылғы 20 желтоқсан күнгі 48/141 резолюциясымен БҰҰ-ның Бас хатшының орынбасары дәрежесімен қатарлы адам құқықтары бойынша Жоғары комиссар лауазымды орны бекітілді және БҰҰ-ның Серкетариат шеңберінде адам құқықтары бойынша Орталығы ашылды. Жаңа құрылымдардың пайда болуы БҰҰ-ның мүше-мемлекеттердің қаражат енгізу мөлшері де өзгертілді және адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссарының рекомендацияларын мемлекеттермен қаралуы мойындалды.
Германия
Федеративті Республикасының
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің де резолюциялары нормативті сипатына ие, әсіресе бейбітшілік қауіп төндіру, бұзу және агрессия актілеріне қатысты әрекеттерге байланысты резолюциялар. Осындай резолюциялар әрі БҰҰ-ның мүше-мемлекеттері үшін міндетті (БҰҰ Жарғысының 25-бабы), әрі ұйымының мүше емес мемлекеттері де үшін орындалуға міндетті, яғни БҰҰ Жарғысының 2-бабының 6-тармағына сәйкес “... ұйым мүше-мемлекеттерін көрсетілген қағидаларға (яғни БҰҰ-ның әрекет ету қағидалары) сәйкес қызмет етуін ұйым қамтамасыз етіп отырады, өйткені осындай әрекеттер халықаралық бейбітшілікті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет болуы мүмкін”. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің 1993 жылғы 25-мамыр күнгі №827 резолюциясы арқылы бұрынғы Югославия мемлекетінің аумағында халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзу үшін жауапты тұлғаларды соттық қудалау мақсатымен Халықаралық трибуналды құрды және осы әрекетті жүзеге асыру үшін Югославия бойынша Халықаралық қылмыстық трибуналдың Жарғысын қабылдады; 1994 жылы 8 қараша күні №955 резолюциясы бойынша Қауіпсіздік кеңесі 1994 жылының 1 қаңтардан бастап 1994 жылының 31 желтоқсанға дейінгі мерзім ішінде Руанда мемлекетінің аумағында орын алған геноцид және халықаралық гуманитарлық құқығын өрескел бұзу үшін жауапты тұлғаларды және көрсетілген қылмыстар үшін жауапты Руанда мемлекетінің азаматтарының осы аумақта және көршілес мемлекеттерде жасалған қылмыстар үшін жауапты тұлғаларды соттық қудалау мақсатымен халықаралық трибуналды құрды, және осы әрекеттерді жүзеге асыру үшін Руанда бойынша Халықаралық қылмыстық трибуналдың Жарғысын бекітті.
Қауіпсіздік кеңесінің жоғарыда көрсетілген әрекеттер осы органның бұрын құқық қолдану қызметін атқаратын болса, қазіргі таңда БҰҰ-ның барлық мүше-мемлекеттері, тіпті ұйымның толық өзі тарабынан қолдау табылған норма шығармашылық органы ретінде қызмет етіп бастағанын көрсетуде. Бірақ сонымен қатар ескерте кететін жағдай – осындай норма шығармашылық қызметін қауіпсіздік кеңесінің мүше-мемлекеттері иеленіп отыр, және осындай шешімдері де осы мүше-мемлекеттерімен қабылданады.
Сондай-ақ норма шығармашылық процесте белсенді қатысып отыратын БҰҰ-ның басқа да арнайы мекемелер орын алуда (Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық теңіз ұйымы, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы және т.б.), яғни келесі нысанындағы қызмет түрін жүзеге асыруда – сәйкес заң күшіне енген соң халықаралық құқықтың қайнар көзіне айналатын халықаралық норма мен стандарттарды, техникалық ережелерді және конвенциялардың мәтінін дайындау арқылы.