Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:35, дипломная работа

Краткое описание

Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4

Содержимое работы - 1 файл

меж.право.doc

— 396.00 Кб (Скачать файл)

       Осыған  қоса, құрылтайшы актілер шеңберінде халықаралық үкіметтік емес ұйымдар  және кейбір халықаралық органдар (мәселен, БҰҰ-ның 1982 жылғы теңіз құқығы бойынша конвенциясына сәйкес құрылған Теңіз түбі бойынша халықаралық органы, Теңіз құқығы бойынша халықаралық трибуналы, Арбитраж) нормативті сипатына ие өзінің жеке ережелері мен процедураларын қабылдап отырады. Осындай құжаттар халықаралық ұйымдардың және халықаралық органдардың ішкі қызметін, олардың мемлекеттерімен және басқа халықаралық құқық субъектілерімен қарым-қатынасын реттейді, соның ішінде процессуалды сипатына ие нормаларын да қамтып отырады. Осындай норма шығармашылық қызметі халықаралық ұйымдары өздерінің ішкі құқықтарының дамуы туралы немесе тұтас халықаралық ұйымдар құқығының дамуын байқауға болады.

       Ерекше  көңіл бөлетін бір мәселе –  БҰҰ халықаралық соттың құқықтық жағдайы. Осы халықаралық соттың шешімдері халықаралық құқықтың қайнар көзі болып табыла ма? БҰҰ халықаралық соты (негізінен жалпы кез келген сот органы сияқты) құқық шығармашылық орган емес, құқық қолданушы орган болып табылады, яғни нәтижесінде соттың шешімдері жаңа халықаралық құқықтың нормаларын құрастырмайды. Соттың шешімдері халықаралық құқықтың қайнар көзі болып табылмайды, тіпті олай болуы да мүмкін емес. Көрсетілген шешімдер тек дауласып отырған мемлекеттер үшін ғана міндетті күшіне ие болуда. Бірақ та тағы бір ескере кететін жағдай, БҰҰ халықаралық сот шешімдері де, халықаралық үкіметтік емес және т.б. органдар мен халықаралық ұйым тәріздес құрылымдардың шығарған актілері мен нормалары нәтижесінде құрылып отырған шарттық халықаралық-құқықтық нормалардың негізін құруы қалай болса да мүмкін.

       1994 жылы басып шығарылған Ресей  Федерациясының Сыртқы Істер  Министрлігінің Дипломатиялық академиясының  және РФ СІМ Мәскеу халықаралық  қатынастар мемлекеттік институт  авторлары жазған “Халықаралық  құқық” жазба еңбегінің авторларының  пікірінше, “...БҰҰ-ның халықаралық сот статутының 38-бабы сот өзіне қарастыруға берілген дауларды қарастыру және мән бойынша шешім қабылдау кезінде негізге алатын халықаралық құқықтың қайнар көздер тізімі орын алуда...” Бірақ егер дұрыстап мән беріп көрсетілген баптың мазмұнын қарастырған кезінде байқауға болады – “халықаралық құқықтың негізінде өзіне берілген дауларды қарастыруы тиіс халықаралық сот келесі қайнар көздерін қолданады – ...” деп көрсеткен. Кейін қайнар көздер ретінде қарастырылатын құжаттар тізімі берілген. Осындай негіз болып табылатын құжаттарға статуттың 38-бабы келесі құжаттарды жатқызады:

       “a) жалпы және дауласып отыратын мемлекеттермен белгілі бір нысанда танылған тәртіпті анықтайтын арнайы халықаралық  конвенциялар;

         b) құқық нормасы ретінде танылған жалпы қолданушы тәжірибе түрінде халықаралық әдет-ғұрып;

         c) өркениетті ұлттармен танылған  жалпы құқық қағидалары;

         d) статуттың 59-бабына сілтеме  жасай отырып (яғни сот шешімдері  тек осы аталған дау бойынша  қатысушы тараптар үшін орындалуға міндетті), сот шешімдері және әлдеқайда атақты және тәжірибелі құқықтанушы заңгер ғалымдардың әр түрлі ұлттардың жария құқығы бойынша мамандардың доктриналары құқық нормаларын анықтау үшін қосалқы көмекші құралы ретінде қолданылады”.

       Жоғарыда  көрсетілген сотпен шешім шығару кезінде қолданылатын негізгі құжаттары ішінде сот шешімдері және әлдеқайда атақты және тәжірибелі халықаралық құқық мамандарының жария құқық бойынша доктриналары халықаралық құқықтың толық құқылы қайнар көзі ретінде қарастыруға болмайды.

       Мемлекеттер – халықаралық құқықтың негізгі  субъектілері ешқашан өз әрекеттерінде  сот шешімдерін басшылыққа алмайды, тіпті ең тәжірибелі мамандандырылған халықаралық құқық ғалымдарының доктриналық жұмыстарын да. Олай болуы  мүмкін де емес, мәселен қалайша  белгілі бір мемлекет өзінің халықаралық құқықтық қатынастарға түскен күнінде тіпті ең атақты айтқан ғалымдардың ой-пікірлерін басшылыққа ала алады.

       Басқа бір жағдай егер БҰҰ-ның халықаралық  соты халықаралық үкіметтік емес ұйымының соттық органы. Егер сот құқық қайнар көзі болмаған жағдайында сот прецедентін де ғалымдар доктринасын қолдана алады, бірақ БҰҰ-ның халықаралық соты – ол тек қана соттық орган, бірақ халықаралық құқық субъектісі болып табылмайды.

       Диплом  жұмысымның соңғы тараудың екінші бөлімін  қорыта келетін болсақ – халықаралық құқықтың ең басты субъектісі мемлекет болып табылады. Және бүгінгі күнге қалыптасқан халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру тәжірибесі осы тұжырымдаманы дәлелдеп отыр. Алайда, кейінгі уақытта, яғни соңғы ғасырдың екінші жартысында халықаралық ұйымдар осы процеске үнемі белсене қатысуының нәтижесінде ұйымдардың маңыздылығын жоғарлата түсті. Әрине, халықаралық ұйымдардың осындай қызмет түріне ие болу негізі құрылтайшы актісі болып табылады, басқа сөзбен айтқанда белгілі бір ұйымға мүше болғысы келетін мемлекеттер тобы ұйымға осындай құқықпен қамтамасыз етуде. Жарты ғасыр ішінде халықаралық ұйымдар санының тез өсіп кетуіне байланысты, осы ұйымдар әр түрлі болып қалыптасуына әкеліп соқты. Нәтижесінде, қазіргі кезде кейбір ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын қалыптастыруда орны мен ролі маңызды болса, кейбіреулері осы процеске тек жанама түрде қатысуда. Бірақ, қалай болса да, кез келген халықаралық ұйымның ішкі процесуалды ережелері не басқа да нормативті құқықтық актілері жалпы халықаралық құқыққа әсер етуде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі