Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:35, дипломная работа
Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4
Ішкі құқық нормалардан басқа құқық нормаларын мақұлдау үшін халықаралық ұйым оның жарғысында немесе мүше-мемлекеттермен жасасқан басқа да шартының мазмұнында орын алып отырған нақты анықталған құзыреттерге ие болуы тиіс.22
Халықаралық ұйымдардың құқық шығармашылық тәжірибесі сараптамасының нәтижелеріне сәйкес бірінші топтағы ғалымдардың көз қарасы шыншыл болып келеді. Мәселен, көптеген халықаралық ұйымдардың жарғыларында олардың халықаралық құқық нормаларын растау не мақұлдау құзыреттері қарастырылмаған. Бірақ мән беретін болсаңыз халықаралық ұйымдар үнемі құқық шығармашылық процесінің барлық кезеңдерде қатысып отырады. Ескерте кететін жағдай, халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру процесіне қатысуы мамандандырылған сипатына ие болып отырады, яғни осы процеске қатысуы ұйым жарғысының көлемінде белгіленген мақсаттарға және жүзеге асырып отырған қызметтерге сай келуі тиіс.
Міндетті түрде анықталуға жататын мәселе – халықаралық ұйымдардың кез келгені құқық шығармашылық құзыреттеріне ие ме? Осы сұраққа жауап беру үшін жалпы толық құқық шығармашылық кезеңдерін және халықаралық ұйымдардың ерекшеліктерін қарастыруға қажет. Келесі мәселе – қандай немесе қай халықаралық ұйымдар құқық шығармашылық құзыретке ие?
Халықаралық ұйымдардың құқық шығармашылыққа ие болудың ең маңызды белгілерінің бірі құқық субъектілік болып отыр.
Үкіметтік
емес халықаралық ұйымдар
Толық
көлеміндегі құқық
Осылайша, халықаралық ұйымдардың құқық шығармашылық қызметі туралы бірнеше қорытынды шығаруға болады: 1) халықаралық ұйымының құқық шығармашылық қызметі заңды болып есептеледі тек егер ол халықаралық құқығының прогрессивті дамуына бағытталса; 2) құқық шығармашылық толық көлемінде тек халықаралық құқық субъектілігіне ие болып отырған халықаралық ұйымдарға тән; 3) халықаралық ұйымдар құқық шығармашылығына өзінің құрылтайшы актілерінде белгіленген көлемі мен бағыттарына ие болады.
Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды реттеуші халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру процесінде халықаралық ұйым әр түрлі қызмет атқаруы мүмкін. Мәселен, құқық шығармашылық процесінің алғашқы кезеңдерінде халықаралық ұйым: а) белгілі бір мемлекетаралық шартты жасасу туралы ұсыныспен шығатын бастаушы ретінде әрекет етуі мүмкін; ә) жоғарыда көрсетілген шарт мәтінінің жобасының авторы болуы мүмкін; б) кейін шарт мәтінін келістіру мақсатымен мемлекеттердің дипломатиялық конференциясын шақыра алады; в) өзінің үкіметаралық органында шарт мәтінін келістіруін және бекітуін жүзеге асыра отырып осындай конференцияның қызметін өзі атқаруы мүмкін; г) шарт жасасқаннан кейін депозитарий қызметін атқара алады; ғ) өзінің қатысуымен жасасқан шартты қайта қарастыру немесе талқылау саласында белгілі бір құзыреттерге ие бола алады.
Халықаралық
құқықтағы әдет-ғұрып
Осындай тәртіппен халықаралық ұйымының құқық шығармашылық мазмұны әр түрлі нысандарға ие болуы мүмкін: көмекші ретінде процеске қатысудан бастап халықаралық ұйымының мүше-мемлекеттер үшін міндетті құқықтық ережелерді құруға дейін, ал кейбір ерекше жағдайларда тіпті аталған халықаралық ұйымының мүше емес мемлекеттері үшін де міндетті болуы мүмкін.
Халықаралық ұйымының құқық шығармашылықтың әдісі дегеніміз құқық нормаларын қалыптастыруға бағытталған ұйымының құқықтық әрекеттер жиынтығы. Әрине, халықаралық ұйымының кез келген құқықтық әрекеттері құқық шығармашылығының мәні бола алмайды. Халықаралық ұйымымен анықталған кез келген ережесін халықаралық құқық норма ретінде қарастыруға болмайды. Халықаралық құқық норма келесі талаптарға сай болуы тиіс:
Норма анықтаушы болып табылмайды, мәселен, халықаралық ұйымдармен жасасқан атқарушы келісім шарттар, яғни құрылтайшы шартында бекітілген құқықтық нормаларын дамыта түсетін нормалар.
Халықаралық ұйымының реттеуші қызметі және халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру осы қызметінің ажырамас бөлігі ретінде, ең маңызды болып келеді. Оның мазмұны – мүше-мемлекеттердің әрекет ету ережелерін, қағидаларын және мақсаттарын анықтаушы шешімдерді қабылдау болып отыр. Көрсетілген шешімдер тек моральді-саяси міндетті күш сипатына ғана ие болады. Қалай болса да осы шешімдердің халықаралық құқыққа және де мемлекетаралық қатынастарға тигізетін әсерін ескерту қажет. Кез келген мемлекет үшін халықаралық ұйымының шешіміне қарсы шығу қиынға түсер. Мәселен, Жапон профессоры Ютаро Хигаши халықаралық ұйымдарының шешімдері туралы айтқанда: “...аталған халықаралық ұйымдардың резолюция немесе шешімдері заңи-құқықтық сипатына ие болмаса да, олардың саяси және моральдық күшін ескермеуге болмайды”.24
Резолюциялар тікелей халықаралық-құқықтық нормаларын қалыптастырмайды, бірақ құқық шығармашылық және құқық қолдану процеске өте үлкен әсер тигізеді. Халықаралық құқықтың көптеген нормалары мен қағидалары алдымен резолюцияларында анықталған болатын. Мәселен, қалыптасқан халықаралық құқықтың көптеген жалпы танылған қағидалары алдымен халықаралық ұйымының резолюцияларында көрініс тапқан еді.
Сонымен қатар, халықаралық ұйымдардың актілерінің заңи күшін айқындау үшін, алдымен оны мемлекеттердің ішкі заңдармен салыстырғаны дұрыс немесе олардың арасындағы құқықтық байланысын анықтау қажет. Халықаралық ұйымдар санының өсуі және олардың әр түрлі салаларында мемлекеттер арысындағы тиімді не нәтижелі ынтымақтастық қатынастарын қамтамасыз етуінде маңыздылығының өсуі ұйымдармен қабылданған, мүше-мемлекеттердің ішкі компетенция аясына үлкен әсер тигізетін шешімдер басым күшінің өсуіне әкеліп соғады. Халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқықтың өзара әсер тигізудің бірден бір мысалы БҰҰ-ның актілерінің жүзеге асырылу тәжірибесі болып отыр. Бас ассамблеясының резолюциялары міндетті заң күшіне ие емес актілер болып табылса да іс жүзінде БҰҰ мүше-мемлекеттердің конституциялық және басқа құқық салаларының дамуына, сәйкесінше, өз әсерін тигізуде. Оған мысал ретінде адам құқықтары аясын атап көрсетуге болады, алғашқы кездерінде халықаралық ұйымдар актілерінің рөлі басым күшіне ие болып отырған, мәселен, 1948 жылғы 10 желтоқсан күні қабылданған Жалпы адам құқықтарының декларациясы, 1965 жылғы 21 желтоқсан күні қабылданған Барлық нәсілдік дискриминация нысандарын жою туралы халықаралық конвенция және т.б.
Өзінің құзыреті шегінде шешімдерді қабылдаған кезінде, халықаралық ұйымдарының органдары билік сипатына ие ішкі мемлекеттік аясындағы қажетті актілер арқылы мемлекеттерді оларды жүзеге асыруға міндеттей алады. Осылайша, БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі мемлекеттер үшін заңды түрде міндетті күшіне ие шешімдерді қабылдауға құқығы бар. Көптеген жағдайларда осындай шешімдердің ажырамас бөлігі мемлекеттердің ұлттық аясында белгілі бір шараларды қабылдау болып отыр, мәселен, құқықтық нормаларды қабылдау, кей кездерде белгіленген органдарды құру және т.б.
Халықаралық ұйымдардың процедура ережелері. Венгрия мемлекетінің атақты заң маманы А. Прандлер Қауіпсіздік Кеңесінің процедура ережелерін БҰҰ-ның Жарғысына негізделген құқықтық нормалар ретінде қарастырады.25 Поляк профессоры М. Ляхс процедура ережелерін тікелей халықаралық құқық нормасы ретінде анықтама береді.26
Л. Фокшанеану өзінің “БҰҰ-ның ішкі құқығы” мақаласында былай деп көрсетеді: егер бір жағынан – осы құқықтың субъектілері арасында қатынастарды реттейтін халықаралық құқық бар, ал екінші жағынан – осы субъектілердің ішкі құқығын реттейтін халықаралық құқығы бар. Сонымен қатар, халықаралық құқықтың ішкі құқығын ол төмендегідей саралайды – ішкі құқық және халықаралық ұйымдардың ішкі құқығы. Оған қоса, халықаралық құқығының жүйесін Л. Фокшанеану үш негізгі құрамдас бөліктеріне бөліп отыр:
Ұйымдардың ішкі құқығын құқықтың жеке саласы ретінде қарастыра отырып Л. Фокшанеану оны алты бөлек топқа бөліп отыр:
Л.
Фокшанеану өзінің зерттеу жұмысында
БҰҰ-ның құқығын жалпы
С.В. Черниченко халықаралық ұйымдардың ішкі құқығын туынды халықаралық келісім шарт ретінде сипаттайды. Оның айтуы бойынша: “Ұйымының құрылтайшы актісі алғашқы келісім болып қатысушылардың ұйымының ішкі өміріне қатысты нормалар аталған ұйымның немесе оның арнайы құзыретті органы белгілеген ішкі тәртібі бойынша қабылдаған нормаларына (туынды келісім) келіседі. Ұйымының мүшелерімен осы тәртіпте ішкі актіні қабылдау құқығы белгілі бір органға беріледі. Егер норма негізінде мемлекетаралық келісім жатып құқықтық тұрғыдан белгілі бір мемлекет тобы үшін міндетті болса, ондай норма халықаралық құқық нормасы болып табылады. Қарастырылып отырған нормалар негізінде нәтижесінде ұйымның мүше-мемлекеттер арасындағы келісім жатқан соң (құрылтайшы актінің өзінде секілді) осы нормаларды міндетті түрде халықаралық-құқықтық”.30
Сонымен, халықаралық ұйымдардың ішкі құқығы – процедура ережелері, құрылтайшы актілердің нормалары, қызметшілер ережелері, бюджет және қаржы ережелер, регламенттер, сондай-ақ ұйымның ішкі өмірі мәселелеріне қатысты шешімдері және т.б.
“...процедура ережелері дегеніміз негізінде ұйымының мүше-мемлекеттердің туынды келісімдері жататын халықаралық-құқықтық нормалары. Олар халықаралық ұйымдардың ішкі құқығына жатқызылады және де басқа да нормаларымен қатар халықаралық ұйымдар құқығын құрайды...”31
Өзінің жеке сипаты бойынша процедура ережелері үш негізгі тәуелсіз топқа бөлінуі мүмкін. Бірінші топ – құрылтайшы актілердің ережелерін мәтініне негіздеген нормалар. Екінші топ – құрылтайшы актілер ережелерін талқылайтын, дамытатын және толықтыратын нормалар. Үшінші топ – құрылтайшы актінің баптарына толық немесе ішінара негізделетін нормалар. Құрылтайшы актінің негізінде және олардың жүзеге асырылуы үшін қабылданған процедура ережелері (құрылтайшы актінің нормаларына қайшы болмауы тиіс) ұйымының мүше-мемлекеттер үшін заңды тұрғыдан міндетті.
Халықаралық ұйымының процедура ережелері көбінесе осындай қызмет үшін жауапты дайындаушы органымен құрылады. Ұйымдардың процедура ережелеріне дейін халықаралық конференциялардың процедура ережелері орын алып отырды. Конференциялар тәжірибесі кейін халықаралық ұйымдарда дамыған, өзгертілген, қолданылған қызмет нысандары мен әдістерінің негізін салды (құрылым, тұрақты органдар, процедура ережелері, қаржыландыру жүйесі және т.б.).32
Әдетте конференцияларының уақытша ережелері (ad hoc) мен процедуралары оның шақырылуы үшін жауапты органымен құрылған еді. Процедура ережелерінің проектісі конференция өз жұмысын бастамас бұрын алдымен секретариат қарауына жатып кейін конференциямен бекітілуі тиіс болған. БҰҰ-ның шеңберінде шақырылған конференцияларға қатысты процедура ережелері ұйымының Секретариатымен дайындалады. Сонымен қатар, конференциялардың процедура ережелері Бас Ассамблеясының процедура ережелерінің көшірмесі болып табылмайды. Өзінің сипаты бойынша осы нормалар үш топқа бөліп қарастыруға болады:1 – БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының процедура ережелерін толығымен қайталайтын (verbatim) нормалар; 2 – процедура ережелерінің кейбір баптарына негізделетін нормалар; 3 – конференция өзімен немесе Секретариатпен тәуелсіз түрде құрылған нормалар.