Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:35, дипломная работа
Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4
Құқық субъектілік мәселелері халықаралық құқық ғылымында әрқашан іргелі орын алып келеді. Олай болуы табиғи да, себебі халықаралық құқық субъектілер арасындағы қатынастарды реттейді, ал субъектілер шеңбері халықаралық өмірдің маңызды құбылыстарына байланысты өзгеріске ұшырап отыратыны белгілі.
Бейбітшілікті жақтайтын кез келген мемлекеттің адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі – оның сөзсіз басымдығы. Халықаралық құқықта мемлекет халқын өз азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар құрайды. Халықтың осы тобының заңнамалық бекітілуіне және адам құқықтарын қорғаудағы ұлттық стандарттардың халықаралық стандарттармен сәйкес келуіне байланысты халықаралық құқық субъектілігінің нақтылығын айтуға мүмкіндік береді.
Сонымен, халықаралық құқықтағы мемлекет ұғымына егеменді мемлекеттің барлық белгілеріне ие құрылыс ретінде қарастырылады. Бірақ халықаралық-құқықтық мағынада кез келген мемлекет ондай құқықтық жағдайға ие бола бермейді, мәселен колониялық мемлекеттер немесе басқа да геополитикалық бірліктер.60
Мемлекеттің халықаралық-құқықтық белгілерін кодификация жүргізудің тұңғыш рет 1933 жылғы Мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері туралы Америка аралық Конвенцияда жасалған болатын. Аталған конвенцияның 1-бабына сәйкес мемлекет халықаралық құқық тұлғасы ретінде келесі сипаттарына ие болуы тиіс: 1) тұрақты тұрғындар; 2) белгілі бір аумақ шегі; 3) үкімет; басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарға түсу мүмкіндігі.
Австриялық халықаралық құқық маманы А. Фердросс мемлекеттің келесі беліглерін анықтап көрсеткен болатын: 1) мемлекет өзінің жеке билігін жүзеге асырып отыратын адамдардың жиынтығы; 2) мемлекеттің “өмір сүруінің тұрақтылығы”, яғни мемлекет тұтастығының өзі пайымдалып отыр – оны құрайтын нақты ұйымдасқан халық; 3) толық өз өзін басқару немесе тәуелсіздік; 4) егеменді мемлекет тәртібі тікелей халықаралық құқық негізінде құрылады; 5) мемлекеттің эффектілігі; 6) мемлекеттің аумақтық басшылық; 7) халықаралық құқық нормаларының жүйелі түрде сақталуы.61
Мемлекеттің ең басты және маңызды белгілері егемендік, аумақ, тұрғын халық және билік болып табылады.
Егемендік мемлекеттің ерекше саяси-құқықтық сипаты. Мемлекеттік егемендік – мемлекетке тән өзінің аумағындағы басшы билігі және халықаралық қатынастар саласындағы тәуелсіздігі. Осындай сипатқа тек мемлекеттер ие, осы жағдай олардың халықаралық құқықтың негізгі субъектілігін дәлелдейтін айғақ. Егемендік мемлекеттің барлық негізгі құқықтарының фундаменті ретінде қарастырылады.
Егемендікті кез келген мемлекет өзінің пайда болған уақыттан бастап ие болады. Оның құқық субъектілігі басқа субъектілердің еріктеріне тәуелді емес. Тоқтатылу мерзімі көрсетілген мемлекеттің жойылу уақытымен үйлеседі. 1933 жылғы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері туралы Америка аралық конвенцияның 3-бабына сәйкес – “... мемлекеттің саяси өмір сүру немесе әрекет ету фактісі оның басқа мемлекеттермен танылуына байланысты емес. Тіпті әлі танылмаған мемлекет өзінің тұтастығын және өз тәуелсіздігін қорғауға, өзінің дамуын қамтамасыз етуге құқығы бар, нәтижесінде, өз ерігі бойынша ұйымдаса алады, өз мүдделеріне сәйкес заңдастыру мүмкіндігі бар, өзінің ішкі ведомстволарын басқарып, құзырын белгілеуге және өзінің сот компетенциясын белгілей алады...”
Халықаралық құқықтағы басқа субъектілеріне қарағанда мемлекет әмбебап құқық субъектілігіне ие. Халықаралық құқықтық қарым-қатынасы көбінесе мемлекеттермен өзара қатынастар арқылы жүзеге асырылады.
БҰҰ-ның жарғысына сәйкес мемлекеттер тек егемендікке ғана ие болмай, сонымен қатар тәуелсіз болып отырады. Көрсетілген халықаралық ұйымының барлық мүшелері өзінің халықаралық қатынастарда кез келген мемлекеттің саяси тәуелсіздікке қарсы күш қолданудан және қауіп төндіруден бас тартады.
Аумақ мемлекеттің бөлінбес белгісі. Ол халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалар мен қағидалармен бекітіледі және кепілдік етіледі. 1975 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Кеңестің қорытынды актісіне сәйкес мемлекет әр бір мүше-мемлекеттің аумақтық тұтастығын құрметтеуі тиіс. Осыған сәйкес мемлекеттер аумақтық тұтастыққа, саяси тәуелсіздікке немесе кез келген мемлекеттің бірлігіне қарсы БҰҰ-ның жарғысының мақсаттар мен қағидаларға қайшы кез келген әрекеттерден бас тартуы керек.
Қорытынды актісінің қатысушы мемлекеттер өздерінің шекараларын өзаралық қағидаға сәйкес тұрақты және даусыз деп таниды, сондай-ақ Еуропадағы барлық мемлекеттердің шекараларын да таниды, сондықтан қазіргі таңда және болашақта осы шекараларға қол сұғу әрекеттерден үнемі бас тартады. Сонымен қатар, олар оған қоса кез келген мүше-мемлекеттің толық аумағын немесе оның бір бөлігіне кіру немесе узурпациялауға бағытталған талаптар немесе әрекеттерден бас тартуда.
Тұрғын халық. Атақты грек ойшылы белгілегендей, “кездейсоқ жағдайының нәтижесінде емес өзінің табиғатына байланысты өз бетінше жеке, мемлекеттен тыс тұратын тұлға – моральдық тұрғыдан дамымаған адам және өз табиғатына сәйкес соғысты көздейді...”62 Тұрғын халық мемлекеттің тұрақты белгісі. БҰҰ-ның жарғысына, 1960 жылғы колониалды мемлекеттер мен халықтарға тәуелсіздікті беру туралы Декларацияға және 1966 жылғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактісіне сәйкес халық өз өзін анықтаудың құқық субъектісі болып табылады. Осы аталған құқығына сәйкес олар өз ерігі бойынша өзінің саяси статусын анықтайды және өзінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын еркін түрде қамтамасыз ете алады.
Халықаралық құқық қағидалары туралы Декларацияға сәйкес халықтардың теңдік және өз өзін анықтау қағидасының мазмұнына егеменді және тәуелсіз мемлекетті құру, тәуелсіз мемлекетке немесе құрылымға еркін кіруі, не халықпен еркін түрде анықталған кез келген басқа саяси статусын анықтауға мүмкіндігі бар.
Билік. Жария және ресми билік мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі. Ол халықаралық құқықта ұйымдасқан егеменді биліктің иесі немесе тасымалдаушысы. Мемлекет үкіметі немесе оның органдары қандай да болмасын қатынастарға қатысуына қарамастан әр қашанда мемлекет атынан әрекет етіп отырады. Мемлекет халықаралық-құқықтық мәнінде билік және егемендік бірлігі ретінде танылады.63
Халықаралық қарым-
Осылайша,
егеменді теңдік түсініктемесі келесі
элементтерді қамтиді: а) мемлекеттер
құқықтық тұрғыдан тең; ә) әр бір мемлекет
толық егемендікке тиесілі
Әр бір мемлекет тәуелсіздікке құқығы бар және де сондықтан кез келген басқа мемлекет тарабынан өзінің құқықтық еркін білдірмей және әсер етпей мемлекеттік билікті өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар. Әр бір мемлекет өзінің аумағы шегінде және оның ішінде орын алып отырған және халықаралық иммунитет құқығымен танылған барлық тұлғалар мен заттар үстінен өз үстемдігін білдіре алады.
Кез
келген мемлекет басқа мемлекет аумағында
даулы жағдайды және қақтығыстарды
тудырудан бас тартуы және өзінің
аумағында осындай
Мемлекет шарттар мен басқа да халықаралық құқық қайнар көздерінен туындайтын өзінің міндеттемелерін әділ түрде атқаруы қажет, және де осы міндеттемелерді сақтамаудың себебі етіп өзінің заңдарға немесе конституцияға сілтеме жасай алмайды.
Кез келген мемлекет халықаралық құқық нормаларына және әр бір мемлекеттің егемендігі халықаралық құқықтың басшылық күшіне тәуелді атты қағидасына сәйкес басқа мемлекеттермен өз қатынастарын сақтауға міндетті.
Халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өзінің құрылысы бойынша әр түрлі болып келетін мемлекеттер бола алады, - унитарлы және федеративті. Унитарлы мемлекет халықаралық қарым-қатынастарға ортақ халықаралық құқық субъектісі ретінде қатысады, және осы жағдайда оның құрамды бөліктерінің халықаралық құқық субъектілігі туралы мәселе тұрмайды. Федерациялар күрделі мемлекеттер болып табылады. Осы жағдайда, федерация мүшелері не қатысушылары (республикалар, облыстар, штаттар, жерлер және т.б.) өзінің белгілі бір анықталған ішкі мемлекеттік тәуелсіздікке ие, бірақ көбінесе сыртқы қатынастарға түскен кезінде өз бетінше тәуелсіздікке ие болып табылмайды, яғни халықаралық құқықтың субъектілері. Осы кезде тек федерация тұтастай халықаралық аренада ортақ халықаралық субъектілікке ие. 1933 жылғы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері туралы Америка аралық конвенцияның 2-бабында көрсетілген, “федеративті мемлекет халықаралық құқық алдында бір ғана тұтас тұлға”. Мәселен, АҚШ конституциясының 10-бабына сәйкес ешбір штат шартқа, одақтарға және конфедерацияларға мүше бола алмайды. Ешбір штат Конгресстің рұқсатынсыз басқа штаттармен не шетел мемлекеттермен шарт не конвенцияға қатыса алмайды.
Германия Федеративті Республикасының негізгі заңында мынадай норма бекітілген – шетел мемлекеттермен қарым-қатынастарды жүргізу қызметін Федерация жүзеге асырады. Өзінің қай жерінде сәйкесінше заң шығару құзырына ие болуына байланысты, олар федеративті үкіметтің келісімі арқылы шетел мемлекеттермен келісім-шарттарды жасаса алады (32-бап).
Жалпы
көрсететін болсақ, бүгінгі таңда
қалыптасқан осындай
Федерациямен қатар, дүние жүзілік тарихта орын алған тағы бір ұқсас мемлекеттік бірлік нысаны – конфедерация, яғни өзінің құрылтайшы актінде бекітілген ортақ мақсаттарға жету үшін (мәселен, өзара қорғаныс, сыртқы қарым-қатынастар және т.б.) бірлескен егеменді мемлекеттер достастығы. Егер мүше-мемлекеттер конфедерацияны құру кезінде халықаралық қатынастар аясында белгілі бір анықталған мақсаттарды көздесе ол мүше-мемлекеттерімен қатар жеке бір халықаралық құқық субъектісі ретінде әрекет етуі мүмкін. Мысалы, 1874 жылғы Швейцар конфедерацияның Достастық конституциясы бойынша 22 егеменді кантондар конфедеративті мемлекет болып келетін Достастықты құрды. Бірақ осы Достастық соғысты ашуға және бейбітшілікті жасасуға құқығы болған, сондай-ақ шетел мемлекеттермен шарт пен келісімдерді жасаса алатын. Еркеше ескертпе ретінде кантондар шетел мемлекеттермен жария шаруашылық, жергілікті шекаралық қатынастар және полиция мәселелері бойынша шарттарды жасасуға құқықты сақтап отырды. Қалай болса да “аталған шарттар Достастықтың және басқа да кантондардың мүддесіне қайшы келетін нормаларға ие болмау тиіс” (9-бап). Кантондар өзара арасындағы және басқа шетел үкіметтермен немесе олардың өкілдерімен қарым-қатынасы Достастық кеңес арқылы жүзеге асырылды. Көрсетілген орган кантондар өзара арасында және шетел мемлекеттермен, егер олар жарлған болса, жасасқан келісім-шарттарды қарастырып бекітіп отырған.
Халықаралық ұйымдардың құқықтық статусын анықтау процесінде ерекше және арнайы сипатына ие мәселе – мемлекеттің, яғни құрылтайшы мемлекеттердің құқықтық жағдайы болып табылады. Сонымен, 1986 жылғы мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасында және халықаралық ұйымдардың өзара арасындағы шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 3-бабының мәні бойынша халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері болып анықталады.