Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:35, дипломная работа
Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4
Жоғарыда аталғандардан басқа, ұйымдардың өзара ара қатынастары да пайда болады. Сонымен, жаңа халықаралық қатынастарының пайда болуы оларды халықаралық құқықтың нормалары арқылы реттеу қажеттілігін негіздеп берді.
Халықаралық құқықта құқықтық реттеудің арнаулы бір пәні пайда болды, ол халықаралық ұйым шеңберіндегі халықаралық қатынастар. Халықаралық ұйымдардың қызмет ету процесінде нормативтік негіз құрылады. Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар көлемінің артуы халықаралық ұйымдарда шарт құқығының қалыптасқанын көрсетеді.
Құқық ғылымында құқықтың бөлек салаларына бөлінуінің өлшемі ретіндегі құқықтық реттеу тәсілдерінің рөлі жөнінде бірнеше көзқарастар өмір сүріп келеді. Бұдан сала жүйелерінің ішкі құрылымын айқындау қажеттілігі туралы мәселе туындайды. Халықаралық-құқықтық реттеу әдістерінің мазмұнын қарастыра отырып, бұл әдістің құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдік жағдайында, міндеттемелерді ерікті түрде қабылдауы және құқықтарды күштеу элементтерінсіз, тараптардың келісуі жолымен құқықтарының орнатылуымен сипатталатынынан байқауға болады.
Халықаралық ұйымдардың жұмыс істеуі, олардың органдарының әр түрлі қызметтері белгілі бір құқықтық тәртіп орнатуға негізделеді. Халықаралық құқық жүйесінде халықаралық ұйымдардың құқықтарынан тыс бірде-бір салада құқықтық реттеу әдістерінің мұндай ерекшелігі жоқ екенін ескеретін болсақ, бұл саланың дербес сала жағдайында тұрғанын атап айтуға болады.
Халықаралық ұйымдардың алғашқы белгілері ежелгі Грецияда пайда болып, онда қалалар мен қауымдастықтардың Пелопонесс және Афины симмахиясы сияқты одақтары түрінде қалыптасты. Бұл екі ежелгі гректік одақтардың ара қатынасы араздық, қарама қайшылық сипатта болып, Пелопонесс соғысымен аяқталды. Нәтижесінде, грек әлемінде Спарта үстемдігі орнады. Афины симмахиясы тарап кетті. Халықаралық ұйымдардың тағы бір нысаны ежелгі гректік амфиктиониялар ортақ қазынасы мен ортақ соғыс жүргізетін ережелері бар тайпалар мен қалалардың діни, саяси одақтары сияқты ежелгі халықаралық бірлестіктер болды. Амфиктионияға айқын ішкі құрылымды сипат тән еді.
Б.з.д.
VI ғасырда Ежелгі Грецияда алғашқы
тұрақты халықаралық
Осы заманғы халықаралық ұйымдардың алғашқы нышандары табылған мемлекетаралық бірлестіктерді құру қажеттілігі экономикалық және саяси себептермен негізделеді. Мұндай заңды байланыс халықаралық қатынастар дамуының келесі сатыларында да байқалады.
XIX
ғасырдың халықаралық
Жоғарыда аталған белгілері бар алғашқы халықаралық ұйымдар капитализм дәуірінде пайда болды. Олар өздерінің құқықтық табиғаты бойынша бір әлеуметтік жүйеге енетіндіктен, іс жүзіндегі әрекеттерінде қатысушылардың тәуелсіз теңдігі қағидасын сақтау мен іске асырудан әлі алыс тұрған болатын. Мұнан тыс, ұйымның қатарындағы отарлардың және тәуелді аумақтардың жағдайы ашық келіспеушілік сипатында болды.
Сол
кездегі халықаралық қатынастар
жүйесінде халықаралық ұйымдар
бірінші халықаралық
Қалыптасқан
халықаралық қатынастардың
1919 жылы 18 сәуірінде қабылданған Ұлттар лигасының Жарғысына 44 мемлекет қол қойды, оның ішінде 31 мемлекет бірінші дүниежүзілік соғыста Антанта тарабын қолдағандар болып шықты. Бұл мәліметтерді келтіру себебі, халықаралық ұйымның таптық сипатын анықтауда бұлтартпайтын дәлел болғандығынан. Бұл ұйымның ең алғашқы мүшесі АҚШ болды. Бірақ кейінірек американдықтар Ұлттар лигасының құрамына кірмей қалды, себебі Америка Сенаты Версаль шартын бекітпегендіктен, Ұлттар лигасының шарты да бекітілмеді. Ал екінші топтағы “шақырылғандар” деп аталатын мемлекеттердің құрамында бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде бейтарап саясатын ұстанған 13 мемлекет болды. Ұлттар лигасының жарғысына қол қойғандардың ішінде британдық доминиондар да болды, ол билік басындағы ағылшындардың Британ империясына кіретін елдердің Ұлттар лигасына мүше болуына аса мүдделіліктерінің нәтижесі еді.
Ұлттар лигасы мынадай басты органдардан құрылған еді:
Осылайша, Ұлттар лигасында орын алып отырған органдар жүйесі БҰҰ-да қайта көрініс тапқан еді. Оның ішінде Ұлттар лигасындағы жиналыстың (Ассамблея) орнына БҰҰ-ның Бас ассамблеясы құрылды; Ұлттар лигасы кеңесі қауіпсіздік кеңесі болып қайта құрылды; Ұлттар лигасының хатшылығы БҰҰ бас органдарының құрылымында осы аттас атпен аталды, ал халықаралық әділ соттың ұйымдық құрылымы халықаралық соттың Тұрақты Палатасының құрылымын қайталды.
Ұлттар лигасының құқықтық мәртебесін сараптай отырып, бұл ұйымының мынадай кемшіліктерін байқауға болады:
1931
жылы солтүстік-шығыс
Ұлттар
лигасы өзінің әрекет еткен кезеңінде
қандай да бір маңызды дау-жанжалдарды
шеш алмады, тіпті жаңа әлемдік
соғыстың алдын алуға да дәрмені
жетпеді. Сөйтіп, бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық
үкіметаралық ұйымды құрудағы алғашқы
кадам сәтсіз аяқталды. Ұлттар лигасының
ұйымдық құқықтық, заңдық тетігі өте жетілмегені
себепті мүше мемлекеттер арасындағы
даулы сәттерді тиімді шешуге халықаралық
қатынастарды дамыту үшін бейбіт қадамдарды
іздеп табуға жол бермеді.
Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың туынды субъектісі болғандықтан, мемлекеттің әр түрлі әлеуметтік-экономикалық құрылымдармен ынтымақтастығын қамтамасыз етеді, осы заманғы ғаламдық мәселелерді шешеді. Халықаралық ұйымдардың дамуы олардың халықаралық құқық субъектілігін алуымен тікелей байланысты. Халықаралық ұйымдар халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру, жүйеленушілік және бақылау қызметтерін жүзеге асырады. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді жүзеге асыру халықаралық ұйым қызметтерін халықаралық-құқықтық реттеу тетігіне ықпал етуді қамтамасыз етеді.
Нормашығармашылық процеске қатыса отырып, ұйымдар халықаралық-құқықтық санкцияларды пайдаланады. Ол халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің құқықты пайдалану процесіндегі рөлінің күшейгенін бірден бір көрсеткіші болып отыр.
Даму процесінде халықаралық ұйымдар ішкі ұйымдастыру тетігінің дамығанына әкеліп соғады. Сөйтіп, халықаралық ұйым өзінің заңдық табиғаты бойынша мемлекеттің ынтымақтастық органы болып табылатындықтан, ұйымның қызметін өз мақсаттары үшін кейбір белгілерін жетілдіре отырып пайдаланады. Бұған мысал ретінде халықаралық ұйымдардағы дауыс беру рәсімінің эволюциялық дамуын айтуға болады. Мәселен, Ұлттар лигасына мүше мемлекеттер БҰҰ жүйесінде бір ауыздан шешім қабылдау қағидасынан дауыстың көпшілігіне қарай ойысты, ал кейін халықаралық ұйымдарда дауыс беру тәртібінің консенсус сияқты кеңінен таралған түрі қолданыла бастады. Консенсус – шешімдерді дайындау мен қабылдау рәсімі, оған мүше мемлекеттердің позициясын дауыс бермей-ақ үйлестіру және қабылданатын шешімдерге толығымен алғанда қарсылықтардың болмауы тән.10
Ұйымдардың арасындағы өзара әрекеттердің нысандары мен әдістері бара-бара түрленіп, белсенді болып келеді. Халықаралық ұйым құқығы саласының нормативтік базасы кеңеюде. Халықаралық ұйым халықаралық құқықтың субъектісі болғандықтан, құқықтық нормалар шығарады. Бұл ұйымның бірінші номашығармашылық қызметі болып табылады. Ал, екінші түріне квазинормашығармашылық қызметі жатады. Бұл жағдайда халықаралық ұйым құқықтық норма шығармайды, алайда нормашығармашылық қызметті – халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар; халықаралық ұйымдардың нормашығармашылық процесіне тікелей қатысуы; халықаралық ұйымдардың жүйелеу және бақылау қызметтерін жүзеге асыруы; халықаралық-құқықтық санкцияларды қолдану жолы арқылы қамтамасыз етеді.