Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:35, дипломная работа

Краткое описание

Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4

Содержимое работы - 1 файл

меж.право.doc

— 396.00 Кб (Скачать файл)
 
 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ 

“Халықаралық  құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық  ұйымдардың орны мен  ролі”

МАЗМҰНЫ 
 

1-Тарау.  Халықаралық ұйымдардың  құқықтық мәртебесі.

 

       Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық  ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4

       Жоғарыда  көрсетілген жалпыға ортақ мақсаттарына жету мәселесі халықаралық құқық  үшін де, сондай-ақ, ішкі мемлекеттік  құқық үшін де өте маңызды болып  отыр. Егер осы мақсаттар жүзеге асырылмаса немесе тіпті оларға жету үшін ешбір әрекеттер орындалмаса, халықаралық құқық өзінің маңыздылығын жоғалтуы мүмкін және құқықтану ілімінің жеке саласы бола алмайды. Осы мәселенің төңірегінде, айтып отырған адамзаттың саяси ұйымымен көзделген мақсаттар өзінің жалпы анықтаушы сипаты бойынша халықаралық құқықтың жалпы қағидаларына ұқсас. Тек осындай жалпы халықаралық ұйым қызметімен, халықаралық құқық нормаларының қалыптастыру процесіне қатысу арқылы бүгінгі күнге орын алып отырған көптеген кемшіліктерін жоюға болады.

       Осылайша, халықаралық қоғам ұйымының маңыздылығын байқауға болады. Әрине, ескерте кететін  жағдай, халықаралық құқық жүйесінде  орын алған Ұлттар лигасының және кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының жарлықтары шеңберінде қалыптасқан халықаралық ұйым моделі, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді көздей отырып, кез келген саяси ұйымның негізгі мақсаттарына жетудің бірден бір құралы болып отыр.

       Аталған мақсаттар мүше мемлекеттердің күш  қолданудан бас тартуымен немесе заңсыз күш қолдану әрекеттеріне соққы беру үшін коллективті шаралармен шектелмеу тиіс. Эффективті болу үшін, мемлекеттер барлық дау тартыстарын халықаралық ұйыммен қалыптасқан жалпы халықаралық құқыққа негізделіп шешу тиіс, яғни ондай шешімдерінің міндетті күшін мойындауы тиіс. Нәтижесінде, халықаралық құқық алдымен міндетті түрде егеменді және тәуелсіз мемлекеттерінің құқықтары мен міндеттерін реттеуші құқық бола отырып, адамзаттың саяси ұйымы орын алып отырған барлық құқықтық және саяси қағидаларының ең негізгісін жүзеге асыруы тиіс, яғни жеке тұлға кез келген құқық саласының ең негізгі субъектісі. Аталған тұжырымдамаға сәйкес, кез келген мемлекеттер тобының бірден бір ең маңызды мақсаты әр қашан да жеке тұлғалардың бостандығына кепілдік беруі тиіс және де осы кепілдік мүмкіндігінше өте үлкен аспектілері арқылы жүзеге асырылуға жатады. Көрсетілген мақсаттарына жету үшін мүше мемлекеттер өзаралық қағидасын үнемі сақтауы тиіс.

       Талқыланып  отырған мәселенің келесі бір  қыры – мемлекеттік егемендік  және халықаралық ұйым арасындағы өзара қарым-қатынас. Егер жеке мемлекеттер халықаралық қатынастар саласындағы мемлекет егемендік түсінігіне кіретін құбылыстардан бас тартпаса жоғарыда аталған халықаралық ұйымының ешбір алдына қойған мақсаты жүзеге асырылмау мүмкін, яғни соғысты ашу құқығы, немесе егер осы әрекетке тыйым салынса не оған жол берілмесе, өз өзін қорғау тәртібінде соғысты ашу мәселесі; мемлекеттер арасында пайда болған дауларды халықаралық құқық нормаларына сәйкес қатысушы тараптар үшін міндетті күшке ие шешім шығаруға халықаралық ұйымға беруден бас тарту құқығы; мемлекеттің тұрғылықты халықтың өмір сүру жағдайының мәселесін тек ішкі мемлекеттік құзыретіне жатқызу, яғни ұйымдасқан халықаралық қоғамының тарабынан іс жүзінде қадағалауына жатпау.5

       Егер  мемлекеттердің халықаралық ұйымы аталған құқықтарын шектесе оның қызметі өте үлкен нәтиже беруі мүмкін, бірақ осы мәселенің әрине екінші қырынан да қарастыруға болады, яғни өзінің осал жақтарына ие болып отыр. Алайда, осы кемшілік ұйымының өз мақсаттарына жету процесіне үлкен кедергі болмайды. Осыдан, халықаралық ұйым қызметінің мемлекет егемендігі түсінігіне қайшы болуы мүмкін деген қорытындыға келуге болады. Егер аталған мемлекеттердің құқықтары егемендік түсінігінің ажырамас бөлігі деген тұжырымдамасын қолдасақ, іс жүзінде осы жағдай бүгінгі күнге көбінесе орын алып отыр, халықаралық ұйым осы егемендігін сақталынуына жағдай жасайды, яғни осындай халықаралық ұйымға мүше мемлекеттер бағынуы тиіс.

       Аталған қорытынды тұжырымдама Ұлттар лигасының  жарлығында көрініс тапқан жоқ; сонымен  қатар, оның тұрақты міндетті күші Біріккен Ұлттар Ұйымының жарлығында да нақты анықталмаған.

Халықаралық ұйым түсінігінің  тарихи қалыптасуы.

 

       Халықаралық бұқаралық құқығының маңызды  бір саласы халықаралық ұйымдар  құқығы болып табылады. Сонымен, халықаралық  ұйым құқығы дегеніміз халықаралық ұйымдардың өзара және халықаралық құқық субъектілерінің басқа да субъектілерімен қарым-қатынастарын, қызметін және құру тәртібін реттейтін қағидалар мен нормаларының жиынтығын құрайтын халықаралық бұқаралық құқығының саласы. Халықаралық құқық даму барысында, осы сала халықаралық әкімшілік құқығының бір саласы ретінде қарастырылған еді. Мәселен, атақты халықаралық құқық маманы Казанский П.Е. былай деп көрсетті: “...халықаралық әкімшіліктің болашағы бар, халықаралық құқығының дамуы тікелей халықаралық құқық дамуына байланысты болады... Халықаралық өмір бөлек халықтар өз бетінше шеше алмайтын мақсаттарды қойып отыр. Аталған мақсаттарға жету үшін, ондай мемлекеттер ірі дүниежүзілік одақтарды құрып қосылуға мәжбүр”.6

       XIX ғасырдың соңында көрнекті Ресей халықаралық заңгері Голубев Н.Н. халықаралық органдардың және ұйымдардың пайда болу тарихының егжей-тегжейлі сараптамасын жүргізді. Өзінің жазба зерттеулерінде ол халықаралық әкімшілік комиссияларының құруға бағытталған барлық мысалдары мен сәтсіз сынамаларын жинақтады; әр бір құрылған мекеменің және толық халықаралық ұйымдар институтының даму процесін қарастырды; халықаралық комиссияларының заңды табиғатын және пайда болу мен құрылу себебін анықтады. 1908 жылы “XIX ғасырдың халықаралық әкімшілік комиссиялары. Теория және тәжірибе очерктері” докторлық диссертациясында Голубев Н.Н.:

  • Санитарлық комиссияларының;
  • Африкада, Азияда және Балкан түбегіндегі қауіпсіздік пен кеме жол қатынастарын реттеу үшін құрылған мекемелерінің;
  • Қаржыларды қадағалау мен мемлекеттік қарыздар қызметін басқару бойынша қаржы қеңестерінің;
  • Бөлек салалар мен аумақтардағы қауіпсіздік пен игілікті тұрмыс жағдайы бойынша комиссияларының;
  • Еуропалық өзендері бойынша халықаралық басқармаларының,

       пайда болу тарихын және құқықтық статусын анықтады.7

       Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың қосымша  субъектілерінің қатарына жатқызылады. Олар мемлекетпен бірге доктриналық, сондай-ақ конвенциялық тәртіпте халықаралық  құқықтың субъектілері болып есептеледі. Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өзара әрекет етуінің ең бір күрделі проблемасын – мемлекеттік тәуелсіздік пен үкіметаралық ұйымдардың құзыретіндегі мемлекеттен тыс белгілердің ара қатынасындағы мәселесі ретінде көрсетеді.

       Мемлекеттің тәуелсіздік проблемалары мемлекеттің және халықаралық ұйымдар құзыреттерінің ара қатынасындағы мәселелермен айқындалады, яғни бұл мемлекеттің халықаралық ұйымға өз құзыретін ішінара беруі арқылы немесе оған белгілі бір міндеттерді атқаруына мүмкіндік беруі бойынша түсіндіріледі. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің бірлескен ынтымақтастығының көп жақтылы нысаны болып табылады; оны мемлекеттер тиісті жағдайларда құрады және ол халықаралық қатынастардың қажеттіліктерінен туындап отырады. Мұнда баса айтатын бір мәселе, халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі мүше-мемлекеттердің еркін білдіруіне, осы ұйымдардың мақсаттарына, құзыреттеріне, уәкілеттіктеріне, органдырының құрылымына қабылданатын шешімдердің заңдық салдарына тікелей тәуелді болып келеді.

       Ұйым  жарғысының заңды күшіне енуі белгілі бір құқықтық салдарын қамтамасыз етеді. Мәселен, халықаралық құқықтың жаңа субъектісі пайда болады, ол өзін құрған мемлекетпен өзгеше сипатпен анықталады. Дегенмен, халықаралық ұйым халықаралық құқықтың негізгі субъектілеріне тән маңызды ерекшелігіне – мемлекеттер, ұлттар мен халықтар өз тәуелсіздігін – дербестігін қорғап, күресу ерекшелігіне ие бола алмайды. Мемлекет кез келген халықаралық ұйымға кірген кезде өзінің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асырады. Бірақ мұндай жағдайда мемлекет пен ұлттық ұйымдардың байланысу сипаттары мемлекеттің тәуелсіздігін толық шектейді деген ұғым туындамауы керек. Тәуелсіздік – бұл мемлекеттік биліктің күрделі саяси-заңдық сипаты, ол құзыреттердің саяси режимі, билік тетігі сияқты құқықтық институттар арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдардың жарғыларында бір белгі – құзыреттер бойынша ғана шектеу қойылады (Халықаралық Даму және қайта құру Банкінде, Халықаралық Валюта Қорында – бұл экономикалық мәселелер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде – бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау мәселелері).

       Халықаралық ұйым – халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу жүйесіндегі  қажет нақты объективті құбылыс. Халықаралық тәжірибеде халықаралық  ұйымдардың қызметіне және оның көптеген бағыттары бойынша әрі қарай дамуына әсерін тигізетін факторлар мен жағдайлар жүйесі болады. Олар мынадай:

  • шаруашылық қызметін интернационалдау;
  • ғылыми-техникалық процесс;
  • осы заманғы маңызды проблемалардың ғаламдық сипаты.

       Халықаралық ұйымдар мемлекеттер мен халықаралық құқықтың өзге де субъектілері арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды құқықтық нысанының біреуі болып табылады. Осы заманғы ғаламдық проблемаларды қарастыру халықаралық ұйымдардың қызметінде бара-бара өзекті мәселеге айналып келеді. Халықаралық ұйымдардың тәуелсіз мемлекеттермен қатар, халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеуде айтарлықтай рөл атқаратыны жалпыға мәлім айғақ.

       XIX ғасырдың ортасында қоғам дамуының  табиғи қажеттіліктері тұрақты  әрекет ететін, халықаралық әкімшілік  одақ деп аталатын халықаралық ұйымдардың пайда болуына себеп болды. Халықаралық ұйымдардың қазіргі дәуірдегі дамуының кейбір заңдылықтары бар. Олар: алуан түрлі қоғамдық құрылымды мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі, отарлық жүйенің күйреуі, шаруашылық, саяси, ғылыми және мәдени өмірдің интернационалдануы, сондай-ақ тәуелсіз мемлекеттердің өмір сүруі.

       Халықаралық ұйымдар құрылуының объективті негізі бар және ол әлемдік бірлестіктің шынайы қажеттіліктерінен туындайды. Олар халықаралық қатынастарға құқықтық реттеудің тұтас шегінде, халықаралық ұйым аясында құқықтық ықпал етудің арнайы әдісінен басқа ешнәрсе де емес. Халықаралық ұйым құқықтарын халықаралық құқықтың дербес саласы ретінде бөліп шығару мәселесінде олар белгілі бір рөл атқарады.

       Халықаралық ұйымдардың құқығы күрделі нормативтік құрылымға ие. Жалпы халықаралық құқықтың қағидалары, jus cogens қағидаларына  бейбіт қатар өмір сүру, мемлекеттік тәуелсіздікті құрметтеу, мемлекеттердің тең құқықтылығы және бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау қағидаларын, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың құқықтарының қағидалары да жатады. Мәселен, аталған қағидалардың көпшілігі БҰҰ-ның жарғысындағы 2-баптың мазмұнына сәйкес келеді. Онда нақты халықаралық ұйым қызметінің қағидалары айқындалған. Көпке дейін халықаралық шарттар құқықтарының теориясында 2 түрлі тенденция орын алып отыр:

  • халықаралық ұйым құқықтарының мәліметтері; бұл тұжырымдаманың жақтастарының көзқарасы бойынша БҰҰ-ның төтенше құқықтарына жалпы халықаралық құқықтан бөлек әрекет ететін жаңа құқық саласы кіреді;
  • халықаралық ұйымдар құқықтарының ұғымы, БҰҰ-ның құқықтары деген ұғымнан әлдеқайда кең, сондай-ақ осы құқықтың жалпы халықаралық құқықтан бөлінуін және оның жалпы халықаралық құқықпен қатар әрекет ету мүмкіндігін мойындау.

       Бұл тұжырымдамаларының екеуін де қазіргі заманғы халықаралық құқықтың ғылыми жүйесі қабылдай алмайды.

       Халықаралық ұйымдар құқығы – халықаралық  ұйымдардың қызметтерін және құқықтық мәртебесін, пайда болу мәселелерін  реттейтін қағидалар мен нормаларды біріктіретін осы заманғы халықаралық  құқықтың бір саласы.8

       Көп жағдайларда халықаралық ұйым құқығы халықаралық құқықтың бір саласы ретінде танылады. Сонымен қатар, бұрынғы қалпынша халықаралық-құқықтық жүйенің ішкі құрылымының проблемалары шешілмеген, оның ішінде бұл жүйедегі халықаралық ұйымдардың құқықтарының алатын орны әлі айқындалмаған. XIX ғасырдың ортасында тұрақты әрекет ететін халықаралық ұйымдар пайда болғанға дейін мемлекетаралық тікелей байланыстар халықаралық қатынастардың негізгі түрі болып келді. Кейінірек, халықаралық ұйымдардың пайда болуына орай, халықаралық ұйымдардың шеңберінде халықаралық қатынастар пайда болды, олар:

Информация о работе Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі