Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 12:49, курсовая работа

Краткое описание

Салық саясаты мемлекеттің мемлекеттік шығындарды, салық салу және мемлекет бюджетінің ахуалын өзгертуі бойынша толық жұмысбастылықты,төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсуге бағытталған іс-шарасы деп түсіндіріледі.

Содержимое работы - 1 файл

курсовая каржы.docx

— 113.08 Кб (Скачать файл)

Бұл  салықтардың  ел  бойынша  орташа  ставкасы   1,5%. Бір  жанұяның  үйінің  нарықтық  құны  100000 долларға  есептеледі.  Осыған  сәйкес  үй  иесі  төлейтін  салықтардың  1,5 мың  %.  Әрбір  штаттың  өз  салық  жүйесі  бар.  Оны  заң  жүзінде  сол  штаттың  заң  шығарған  жиыны  бақылап  отырады.  Федералдық  үкімет  бұл  штаттың  салық  ісіне  араласуға  ешбір  құқы  жоқ.

 

2-сызба - АҚШ  салық  жүйесінің  тура  және  жанама  салықтардың  құрылымы

 

Салықтар

Тура

жанама

1

  Халықтан  жиналатын табыс   салықтары                         

Акциздер  және  кедендік баждар

2

Корпоративтік  табыс салығы (федерация, штаттар,  жергілікті  үкімет) төлемдері.                                                        

Федералдық  бюджетке жеке кәсіпкерлердің  әлеуметтік сақтандыру  үшін  төлейтін         

3

Штаттар  мен  жергілікті үкіметтердің  мүліктік салықтары.                                                                                                       

Жеке  кәсіпкерлерден алынатын  транспорт  құралдары  үшін  алымдар.  

4

Әлеуметтік  сақтандыруға жасалатын  төлемдер (федерация  және  штаттар)

 

5

Мұрагерлік  және  сыйақыға  салынатын  салықтар.

 

6

Транспорттық  құралдардан алынатын  салықтар.         

 

Ескерту: М.Н.Нәдіров, Д.Б.Қалыбекова «Шет мемлекеттерінің қаржылары» оқулығынан алынған.

 

Жанама  салықтар (2-сызба) қатарындағы салық төлеушілердің қашанда болсын  нараздығын  тудырады.  Бірақ олардың үкімет  үшін  жағымды ерекшілігі  жинаудың  оңайлығы.  Жанама  салықтар  товар құнының ішінде  болғандықтан  тұтынушылар оны еріксіз төлейді,  қарсы жағдайда  оған  товар сатылмайды.

Штаттардың  салық  түсімдерінің  50% - не  дейін  сатудан  түсетін  салықтар  құрайды.  Сатудан  түсетін  салықтың ел  бойынша  орташа  4%.  Штаттық  салық  түсімдердің  35% жуығы  халықтан  және  корпарацияларынан  түсетін  табыс  салығын құрайды.

Көптеген  американдықтар  бір  штатта  тұрып,  екінші  штатта  жұмыс  жасайды.  Еңбек  ақыдан  ұсталатын  табыс  салығы  әрине  міндетті  түрде  жұмыс  орында  ұсталады.   Ал,  бұл  салықтардың  мөлшері  екі  көрші  штатта  екі  түрлі  болуы  мүмкін (АҚШ – тың 6  штаттында бұл салық мүлдем  ұсталмайды). Осының негізінде көптеген шытырман  жағдайлар   туындап жатады. 

Федералдық  үкімет  алатын  салықтар  ставкасы  барлық  штаттар  үшін  бірдей. Федералдық  салықтар төлеу  тәртібі  федералдық  жеке  табыс  салығын  АҚШ – тың  кәмелетке  толған  барлық  жеке  тұлғалар  төлейді.  Жеке  тұлғалардың  алған  қандай  да  болмасын  табысы  (еңбек  ақы,  кәсіпкерліктен  түскен  табыс,  жұмыссыздыққа  берген  жәрдемақы т.б.) салық  салуға  жатады.  Салық  салынатын  салық  сомасын  есептегенде  салық  заңдарында  табыстың  3 негізгі  түрлерін  айырып  айтады.

Жалпы таза  және  салық  салынатын  табыстар. Жалпы  табыс  дегеніміз – қандай  да  көздерден  болмасын алынған  жиынтық  жылдың  сомасы.  Таза  немесе  тазаланған  таза  табыс  дегеніміз – жалпы  табыстан  іскерлік  сипаттағы  және  стандартты  шегеріндер  жасалынған  табыс.  Салық  салынатын   табыс  дегеніміз  – сол  табысты  алуға  жұмсалған  шығындармен  салық  салынбайтын  минимумдарды  шегеріп  тастағаннан  кейінгі табыс. Жеке  тұлғалардың  жалпы  табысына  дәрі - дәрмекке  немесе  медициналық  қызметке  жұмсалытын  шығындар  шегеріліп  тасталады. 

Американдықтардың  көпшілігі  жеке  тұрғын үйлерді  сатып алғанда 30жылға  дейін берілетін  арнаулы  банктік  кредитті  пайдаланып  бөлек – бөлек  төлейді. Алайда,  ол  несиенің  жылдық  % - ті  өте  жоғары.  Бұл  проценттерде  жалпы  табыстан  шегеріп  тастайды.  Табыс  салығының  ұсталу  ставкалары  прогрессивтік  ставкалар  қатарына  жатады.                                 

АҚШ  конгрессі  президент  Клинтонның ұсынысын  тауып  алып  табыс  салығын  ұстау  ең  жоғарғы  ставкасы  етіп  33% беріледі.  Қазіргі  экономика  саласындағы  мамандардың  айтуы  бойынша  салықтың  ставкасының  жоғарлауы экономиканың  дамуына  кері  әсер  етеді.  Еңбекке  деген  ынтаны  төмендетеді.  Салық  төлеушілер   табыстарын  толық  көрсетпей  жасыруға  әрекеттеседі [12, 58-59 б].

Штаттармен  жергілікті  басқару  органдарының  салықтары. Штаттармен  жергілікті  басқару  органдарының  60% -ін  салықтарын  тура  салықтар құрайды.  Оларды  негізінен  сатудан  түсетін  салықтар  құрайды.  Салық  салу  объектісі  болып,  сатылған  товарлардан  түсетін  жалпы  түсім.  Әр  штатта  салық  ставкасы  әртүрлі.   Ең  төменгі  3% болса,  кейбір  штаттарда  7,5% - ке  жетеді.  Қай  салықтардың   жалпы  салықтар  төлеміндегі  қандай  үлесі  бар екенін  байқап  көрейік:

  • сатудан  түсетін  жалпы  салықтар 32%
  • халықтан  жиналатын  салық  30%
  • салынатын  акциз  6,3%
  • темекі  өнімдеріне  салынатын  акциз  2%
  • спирт  ішімдіктеріне  салынатын  акциз  1,6 %
  • автотранспорт  иегерілеріне  салынатын   салық  35%
  • корпарациялар  табысына  салынатын  салық  7,9 %
  • мүліктер  бойынша  салық  2%
  • мұрагерлікпен  сыйақыға  салынатын  салық  1%

АҚШ –та  80003 әкімшілік  бар,  оның  19000 муниципалиттер,  17000 қалалық  өзін - өзі  басқару  әкімшілігі,  15000  мемлекеттер  округі,   29000 арнайы  аудандар,  300 округ.

Салық жинауға  бақылау. АҚШ   федералдық  заңдарына  сәйкес  салық  салу   ең  жоғары  әкімшілік  өкіметтілік  қаржы  министрлігіне  берілген.  Іс  жүзінде  салық  жинауды  қаржы  министрлігіне  кіретін  ішкі  табыстар  қызметі  іске  асырады. Бұл   орган  өте  қуатты  салық  ведомствасына  жатады.  Оның  құрамына  9  аумақтық  бөлімдер  58 округтін  және  900 жергілікті  бөлімдер  кіреді.  Ішкі  табыстар  қызметтерде  700000- дай  қызметкерлер  жұмыс  істейді,  және  бұл  ведомствалардың  жылдық  бюджеттің  5,9 млрд $  құрайды.

Ішкі  табыстар  қызметінің  негізгі  міндеттері  болып  мыналар табылады:

  • салықтардың  түсіміне  бақылау  жасау;
  • салық  декларациялардың  дұрыс  толтырылуына  бақылау  жасау;
  • салықтар  бойынша  түспеген  төлемдерді  жинау;
  • салық  станцияларды  қодау;
  • салық  төлеушілердің  артық  жасаған  төлемдерін  қайтарып  беру.

Салықтың  салық  жүйесімен  салықтардың  дұрыс  есептелуінен  төленуі  өз - өзіне  салық  салу  принцптеріне  құрылған.  Корпарациялар  өздері  заңда  көрілген  жеңілдіктерді  және  ставкаларды  қолдана  отырып  салықты  өздері  есептейді  және  салық  декларациясын  толтырады.

Салық  жинаудың  3 әдістемесі  қолдануда:

  • декларация  бойынша;
  • төлем  көзінен салық  ұстау;
  • бағаламалы  салық  төлемдер;

Алғашқы  2 әдістеме салық  ұстау  жөнінде  біздің  елдеріміздің  практикасында  кездеседі.  Бағаламалы  төлемдер бойынша  корпарациялар жыл  бойына  салықтар  төлейді,  және төлем  сомасы  40 доллар  мөмен  болмау  керек.

Бағаламалы  салық  дегеніміз – жеңілдіктерді  шегере  отырып,  1 жылдық  салық  төлемдерін  алдын - ала  төлеу.  Салық төлемдерін  тең  үлескен   ағымдағы  жылдың  4-ші,   6 – ші,  12 – ші айлардың  15 жұлдызында жасалады.

Төленбеген  жағдайда  айыппұл  салынады.  Жыл  сайын  ішкі табыстар қызметі  100 млн. – ға жуық  жеке  тұлғалармен  корпарациялардың  салық  декларацияларын  қабылданады.

Барлық   ақпарат  компьютерлік  жүзеге  енгізіледі,  және  бірнеше  кезеңнен  тұратын  өндеуден  өтеді.  Бәрінен  бұрын  әрбір  декларация  матеметикалық  тұрғыдан  дұрыс  толтырылғаны  жеңілдіктермен  салық  ставкаларын  дұрыс  қолданғаны  тұрғысынан  өте  мұқият   тексеріледі. 

Сонымен  қатар  әрбір жылы  түскен декларациялардың  1% - ті  міндетті түрде  ревизиядан  өтеді.

 

2.3 Салық  саясатының  негізгі бағыттары

 

Қазақстандық  бюджет республикасының стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі  құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының  қозғалысын реттейді. Келешек көкжиектегі  салықтың – бюджеттік аяны реформалаудың негізгі бағыттарына салықтық әкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламау тәсілдерін ендіру кіреді.

Салық алу  принципінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық  салу тәжірибесінің енгізілуі, салықтардың  нышаны, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тызғыз байланыстылығы, салықтың әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі  тағы басқа түбегейлі салық жүйесіндегі  өзгерістер жатады.

Әрине мемлекеттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай  дамуы жағдайында салық жүйесінің  де бір орында, өзгерісіз қалуы  мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт  аралығында қабылданған шексіз өзгертулер мен толықтырулардың енгізілу нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін  білдіреді. Мұның нәтижесінде салық  жүйесіндегі салыққа қатысты  заңдылықтардың тұрақсыздығы, үнеміө өзгертулер мне толықтырулардың  енгізілуі салық төлеушілерге түсетін  ауыртпалықты көбейтіп, салықтан жалтарудың етек алуына әкелетін, салық жүйесінің  қызмет етуіне кедергі жасайтын проблеммаларға соқтырады [5].

 Осы енгізілген  өзгерістермен бірге салық жүйесіне  жаңа салық ретінде бірыңғай  жер салығы енгізілді. Бұл салықтың  ерекшелігі – салық төлушілер  ретінде жеке меншігінде немесе  жер пайдалану құқығында жер  учаскілері бар шаруа қожалықтары  болып табылатын және олардың  табыс, қосылған құнға, жер,  мүлік, көлік, құралдарына салынатын  салықтардан мына шарттарға сәйкес: тек ғана өзі өндірген өнімді  сатып өткізуден түскен табыс  бойынша табыс салығынан, өзі  өндірген тауарларды сатып өткізудегі  айналым бойынша косылған құн  салығынан және үкімет белгілеген  мөлшерде мүлік, көлік құралдарынан  алынатын салықтардан толық босатылатындығы.  Салық жеке меншігінде немесе  жер пайдалану құқығындағы жер  учаскісін бағалау құнының 0,1 % мөлшерінде алынады. Ал әлеуметтік  салық бойынша оларға шаруашылықтың  әр бір мүшесі үшін айлық  есептік көрсеткіштерінің 35 % мөлшерінде  төленетіндігі белгіленді. Мемекеттің  алға қойған негізгі басым  бағыттырының бірі ауыл шаруашылығын  дамыту еркіндігін ескерсек, аталған  салықтың енгізілуі шаруа қожалықтарын  салық ауырталығын жеңілдетеді,  ауыл шаруашылық тұрғындарын  жұмыспен қамтамасыз етуде аса  қажетті көмек, олардың дамуына  мемлекет тарапынан қолдау болып  табылады.

Үкімет салық  реформасын жалғастыру және салықтың әкімгерлеудің тиімділігін арттыру  есебінен салық түсімдерін ішкі жалпы  өнім көлеміне (ІЖӨ) шаққанда  14 – 15 процентке өсіруді көздеп отыр: салық органдарын міндеттілік дәйектері бойынша жаңарту, салық төлеушілерді есепке алудың біртұтас ұлттық жүйесін құру, салық қызметтерін компьютерлеу, салық мағлұмдамаларының ықшамдалған нысандарын жақсарту және өндіру, Әділет министрлігі, Кеден және Салық комитеттері арасында ақпаратты тиімділікпен, ретімен ұйымдастыру; кенді пайдалану мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі келісім – шарттарда салықтың сараптау жүйесін енгізу, оларды орындау мониторингі, шаруашылық субьектілеріне кешенді жөнінде нұсқаунамаларды жасақтау [25].

Сонымен қатар  қазіргі таңда Интеграциялық  комитет шеңберінде «арналған орны»  дәйегі бойынша өзара сауда –  саттықта қосалқы салықтарды алуға  көшу жөнінде мәселелер жасақталынуда, бұл дегеніміз Кедендік одаққа мүше қайсы бір мемлекеттің ұлттық заңдары тағайындаған экспорт кезінде  нөльдік мөлшерлемені пайдалануды, импорт кезінде іс – қимылдағы  мөлшерлеме бойынша салық салуды білдіреді.

Бір мезгілде акциздік саясатты үйлестіру жөнінде  жұмыс ұйымдастырылды. Осы мақсаттар  үшін Кедендік одақтың серіктестері қолданатын акцизделуге жататын  тауарлардың біртұтас тізбесінің жобасы даярлануда және акциздік мөлшерлемелерді  жүйеге келтіру мәселелері шығарылуда.

Жуық арадағы  екі үш жылда мына жұмыстар ұйғарылып  отыр: мемлекеттік бюджеттің кірістерін болжамдаудың және шығыстарын ұтымдылаудың қазіргі заманғы әдістерін өндіру, мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен  тыс қорлар мен мемлекеттік кәсіпорындардың есепшоттарын үйлестіруді атқару; мемлекеттік қызметті көрсету шығындарын талдау жүйесін енгізу; бюджеттік ұйымдар мен қызмет көрсететін кәсіпорын арасындағы өзара қатынастардың келісім – шарттық жүйесіне аудару; міндеттемелер мен мемлекеттік бюджеттің  өтімділігін басқару жүйесін жасақтау және өндіру; аудиттің үлгерім жасақтау және бюджет ұйымдары қаражаттарының жұмсалуына ағымдық тексеру жүйесін енгізу; қазынашылықты жаңғырту мен компьютерлендіруді бітіру; есептемелік жүйесін жетілдіру; тендерлік негізінде мемлекттік сатып алу үрдісін өндіруді аяқтау.

Сондай –  ақ бюджеттік жоспарлауға да көзқарасты өзгерту ұйғарылды. Бюджеттік бағдарламау тәсілдері енгізілді, яғни мемлекет бюджеті стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған нақты жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға бағдарланған.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі оның Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі шаралары өтпелі процестерді табыспен аяқтауға және тұрақты даму жолына шығу ісіне қызмет етеді. Нарықтық экономиканың қалыптасу  кезеңінде салық саясатының негізгі  бағыты немесе салық саясатының басты  мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік  беретін салық механизмін іске асыру.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары