Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 12:49, курсовая работа
Салық саясаты мемлекеттің мемлекеттік шығындарды, салық салу және мемлекет бюджетінің ахуалын өзгертуі бойынша толық жұмысбастылықты,төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсуге бағытталған іс-шарасы деп түсіндіріледі.
Ескерту: 2010 жылғы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінен алынған.
5. Арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық ставкалары белгіленген.
Пайдалы қазбалар
өндіруді жер қойнауын пайдалануға
келісім шарт жасалғанға дейін жүзеге
асыратын жер қойнауын пайдаланушылар
жер қойнауын пайдаланғаны үшін республикалық
бюджетінің кірісіне Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейтін мөлшерде
түрінде аударымдар жасайды. Бұл
ретте салық салу объектілері
мен осы аударымдарды төлеу мерзімдерін
айқындау осы кодексте роялти төлеу
үшін белгіленген тәртіппен
Жер қойнауын
пайдаланушы қол қойылатын
Салық төлеуші қаржылық табыс салығы бойынша түпкілікті есеп айырсуды декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімінен кейін он жұмыс күнін кешіктірмей жүзеге асырды. Салық төлеуші кәсіптік төлеу салық төлеуді өзінің тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады. Салық ставкалары төлеушінің түзетулер ескерілген залалдар сомасына азайтылған салық санының табысы: 30% ставка бойынша салық салуына жатады.
Қазақстан Республикасының тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырып, резидент емес заттық төлемнің кәсіптік төлем салығының үстіне белгіленген тәртіппен 18% ставка бойынша салық санының ставкасы есептеледі.
Корпоративтік табыс салығы. Бұл салық бойынша декларацияны салық органына есептік салық негізіне негізгі жылдың 31 наурыздан кешіктірмей табыс етеді. Корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация, декларациядан және кәсіптік табыс салығы бойынша салық салу объектісінен салық салуға байланысты объектілер туралы ауыртпалықты ашу жөніндегі қосындысынан тұрады.
Жеке табыс салығы. Салық салу объектілері бар, жеке тұлғалар төлейді. Cалық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады. Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны салық агенті есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етеді [3, 364-бап].
Декларацияны 31 – наурызынан кейінірек табыс ету қажет. Арнаулы салық режимін қолдап жеке кәсіпкерлер, арнайы салық режимі қолданып қызметінен түскен табысынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпейді.
Салық төлеушінің салық жылы ішіндегі салық салынатын табыстарына ставкалар төмендегі кестеде (4-кесте) бойынша салық салынуға тиіс:
4-кесте - Төлеушінің салық салынатын табыстарына ставкалар
Салық төлеушінің салық салынатын табысы |
Ставкасы |
15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін |
Салық салынатын табыс сомасынан 5 процент |
15 еселенгеннен бастап 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін |
15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 8 процент |
40 еселенгеннен бастап 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін |
40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 13 процент |
200 еселенгеннен бастап 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін |
200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 процент |
600 еселенгеннен жылдық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары. |
600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20 процент. |
Ескерту: 2010 жылғы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінен алынған.
Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген, жылына ең төменгі жалақының 12 еселенеген мөлшерінен аспайтын жалақысының төлем көздерінен салық салынатын кірістеріне, қызметкерлердің тоқсан ішіндегі орташа айлық кірісі ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын жағдайда 0 ставкасы бойынша салық салынуға тиіс.
2.2 Қазақстан Республикасының салық саясатының бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі.
Мемлекет алатын (жинайтын) барлық салықтар жүйесі, олардың құрылу әдіс – тәсілдері, салық органы қызметтері мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салық жүйесі салықтық жеңілдіктер, шегерістер, салықтың көптеген түрі болғандықтан күрделі жүйе болып табылады. Салық жүйесі елдің экономикалық дамуы мәселелерін шешу қажеттілігінен туындайтын мемлекеттің қаржылық ресурстарының концентрациясын қамтамасыз етуі қажет.
Осы есептен салық жүйесі: мемлекетпен өндіріп алынатын барлық салықтар жиынтығы; қағидалар, тағайындаудың әдіс – тәсілдері; өзгертулер, өндірудің есептеу әдістері; салық бақылауының әдістері мен тәсілдері және салық заңдылығын бұзған үшін жауапкершілік салық жүйесінің ұзақ тарихы бар.
Салық жүйесінің қалыптасуы мен әрі қарай дамуына объективті (экономикалық эволюция, әлеуметтік көріністер), субъективті (саясат көріністер, соғыс, табиғи апаттар) және т. б. факторлар әсер етеді.
Салық жүйесінің тиімділігін бағалаудың 2 негізгі факторы бар;
1. Салық
салуда табыс көздерінің
2. Салықтарды өндеп алудағы шығындардың төмендеуі;
Шаруашылық қызмет оны ұйымдастыру түрлеріне байланысты салық жүйесін анықтауға болады. Көбінесе елдер 4 секторды пайдаланылады. Мысалы: мемлекеттік сектор, Комерциялық сектор (жеке фирмалар, корпарациялар, акциялық қоғамдар), қаржылық сектор (банктер, қаржылық компонентер, сақтандыру комплекстері, биржалар, тұрғылықты халық)
Қазақстан Республикасында мынадай:
Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшiн қосылған құн салығы, акциздер – жанама салықтар деп танылады. Салық жүйесі құрамына мемлекеттік салық қызметі, яғни кіріс министрлігінің қаладағы райондар мен қалалар, райондық (аудандық), облыстық, салық комитеттері кіреді. Салық қызметі органдары салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің аударылуын бақылауынан көрінеді.
Салық төлеушілердің бөлек топтарына арналған салық режимі қарастырады. Оған:
1) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі мыналарды:
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;
3) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну коопертивтері үшін арнаулы салық режимі.Бұл режимдер табыс, мүліктік, әлеуметтік, жанама салықтардың жиынтығын қарастырады [3].
Жалпы ел бойынша салық түсімдерінің 70% - нен тура салықтар береді. Оның 40% - нен астамын корпоративтік табыс салықтары құрайды. Жергілікті бюджеттің негізін барлық түсімдерінің 80% - нен астамын құрайтын мүліктік салықтар жасайды.
АҚШ-тың салық жүйесіне сипаттама. АҚШ-тың ішкі табыстар қызметі (ІТҚ) орталық аппарат, 7 аймақтық және 58 округтік салық басқармаларынан тұрады. ІТҚ-нің аймақтық және аудандық бөлімшелері салықтардың, түсімдердің дер кезінде түсуіне, салықтар бойынша берешектерді өндіру, салық төлену дұрыстығына бақылау жасауды сол жергілікті жерлерде жүзеге асырып отырады. АҚШ-тағы салықтар үш деңгейде алынады: федералды, штаттар және жергілікті. Федерациялық үкімет бұл штаттың салық ісіне араласуға ешбір құқы жоқ. Штаттардың салық түсімдерінің 50% -не дейін сатудағы түсетін салықтарын құрайды. Сатудан түсетін салықтың ел бойынша 0 мөлшері 4%. Штаттың салық түсімдерінің 35% - ке жуығы х – тан және корпарациялардан түсетін табыс салығын құрайды.
АҚШ-ғы конструкция бойынша салықтарды жинау үкіметтегі жергілікті үкімет органдарына, штаттар үкіметіне және феодалды үкіметіне жүктелген. АҚШ салық жүйесі 1986 жылдың қыркүйегінде қабылданған салық реформасы туралы жаңа заңдардың негізінде қызмет етеді. Бұл реформа соғыстан кейінгі кезеңдегі аса ірі салықтың шаруалардың бірі болып есептеледі. Реформаның негізгі мақсаттары - федералдық салық жүйесін оңайлату және әділ салық салу жолымен елдегі экономикалық өсімді ынталандыру - 1986 жылы реформаның қорытындысында жеке табыс салық салу жүйелері үлкен өзгеріске ұйғырды [12, 60-61б].
Қазіргі кезеңде АҚШ салық жүйесіне федералдың үкіметтің штаттар үкіметінен жергілікті үкімет органдарымен салықтар тән нәрсе. АҚШ салық жүйесінің құрамын төмендегідей кестемен (1-сызба) өрнектеп көрейік.
1-сызба - АҚШ салық жүйесі
№ |
Феодалдық салықтар |
Штаттар салықтары |
Жергілікті салықтар |
1 |
феодалдық табыс |
халықтан алынатын табыс салығы |
жергілікті табыс салық |
2 |
корпорация пайдасына салынған салық |
корпорация пайдасына салынған салық |
корпорация пайдасына салынған салық |
3 |
әлеуметтік сақтандыру салығы |
әлеуметтік сақтандыру қорларына төлемдер |
әлеуметтік сақтандыру қорларына төлемдер |
4 |
кедендік баждар |
саудаға салынатын салық (әмбебап акциз) |
саудаға салынатын салық |
5 |
мұрагерлікке және сыйға салынатын салық |
арнайы акциздер (темекіге, жанармайға, спирттік ішімдіктерге) |
акциздер |
6 |
мұрагерлікке және сыйға салынатын салық |
экономикалық салықтар | |
7 |
мүлікке салынатын салық |
мүлікке салынатын салық | |
8 |
транспорт құралдарынан алынатын төлемдер |
транспорт құралдарынан алынатын төлемдер |
Ескерту: М.Н.Нәдіров, Д.Б.Қалыбекова «Шет мемлекеттерінің қаржылары» оқулығынан алынған.
Қазыналық тұрғыдан қарайтын болсақ, негізгі ауыртпалықты федералды салықтар көтереді. Жеке тұлғалар 3 түрлі салық салығын төлейді (федералдық, штаттық, және жергілікті). 2 түрлі мүліктер бойынша салық және әмбебап акциз (штаттың және жергілікті ) төлейді.
Кен тұтынатын товарлардың бағасында 5 түрлі акциздерге бөледі. Олардың кейбіреулері феодалдық немесе штаттық және жергілікті бюджеттерге өткізіледі. Мысалы: Кедендік баж тек федералдық бюджеттерге алынады. Ал, мүліктік салықпен әмбебап акциздер штаттар мен жергілікті органдарға ғана барады. Жалпы елдердің түсімдері 70% тура салықтар береді. Оның 40% астамы федералдық табыс салықтары құрайды. Жергілікті бюджеттердің негізін барлық түсімдердің 80% астамын құрайтын мүліктік салықтар жасайды.
Информация о работе Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары