Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 12:49, курсовая работа

Краткое описание

Салық саясаты мемлекеттің мемлекеттік шығындарды, салық салу және мемлекет бюджетінің ахуалын өзгертуі бойынша толық жұмысбастылықты,төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсуге бағытталған іс-шарасы деп түсіндіріледі.

Содержимое работы - 1 файл

курсовая каржы.docx

— 113.08 Кб (Скачать файл)

Салық  ставкасының  қандай  деңгейі  жанама  салық  дамуы  үшін  оптимальді  болып  келу  қажет?  Бұл  экономистерді  әрдайым  толғантып  жүрген  сұрақ.  Салық ставкасының  жобасыз  өсуі  экономиканың дамуына  кері  әсер  етері  сөзсіз.

Осы  орайда  салық  ставкасын  белгілеуде  «азаматтардың  төлеу  мүмкіндігіне»  сай  келуі  факторы  еске  алына  отырып  жасалған  шаралар, Лоренц  сияқты  экономистердің  атақты  кесте – сызбаларын  еске  алуға  болады. Бұлардың  барлығына ортақ 3  ескертуге тиісті  жағдайлар бар:

  1. Салық  субъектісінің  тұрғысынан  алғанда,  салық  барлық  азаматтарды  қамту  керек.
  2. Салық  объектісінің  тұрғысынан  алғанда,  салық салу объектісі  барлық  азаматтардың  «төлем  жасау  мүмкіндігіне»  байланысты  анықталу  қажет.
  3. Салық  ставкасы  тұрғысынана  алғанда,  салық  ставкасы  анықталғанда  салық  төлеушінің  мүмкіндік  жағдайына  әсер  ететін  барлық  факторлар  ескерілуге  тиісті:  салық  төлеушінің  жеке  басының  жағдайы,  салық  салу  объектісінің  мөлшері  және  сипаты [25, 87-89 б].

 

1.2  Салық  саясатының  ықпалы  мен рөлі

 

Республиканың жеке кәсіпкерлері екі жыл салық  салудың патенттік жүйесі жағдайында жұмыс істеді. Салық патенті негізінде жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарға салық салуды реттеу және жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының аумағында салық патенті негізінде жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізімі» бекітілді. Ол төрт бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімі тұтыну тауарлары өндірісіне арналған. Ол киімдер және басқа тігін бұйымдарын  тігу, тоқыма бұйымдар дайындау, былғарыда  бұйымдар тігу, табиғи былғарыдан бас  киімдер тігу, аяқ киім тігу, галантерея бұйымдарын жасау т.б азық – түлік  тауарларын өндіру сияқты қызмет түрлерін қамтиды.

Екінші бөлімінде  жеке кәсіпкерлердің тұрмыстық қызмет саласындағы айналысатын кәсіптері  айқындалған. Олар мыналар – металл бұйымдарын, қолшатырларды, тұрмыстық  машиналар мен жабдықтарды жөндеу, радио – телеаппаратуралар мен  компьютерлер жөндеу және т.б. жатады [5].

Жеке дәріс  беру арқылы дайындық өткізу, дене шынықтыру  және сауықтыру, жан –жануарларды емдеу , киім пішуге, тігу мен тоқуға үйрету – жеке тұлғалардың әлеуметтік –  мәдени саладағы көрсететін қызметтерін  айқындайтын үшінші бөлімге осылар жатады. Ал, төртінші бөлімде тізімге түскен қызметтің басқа түрлеріне мыналар жатады: тұрақты сауда орындары бар қоғамдық тамақтандыру, балмұздақ және салқын сусындар сату және т.б. жатады. Тізімдегі төрт бөлімде барлығы 54 түрлі қызмет көрсету қамтылған.

Салық органдары  салық патенттерін бір жылдағы  шектеулі ықтимал айналымы 200 айлық  есепті көрсеткіштерден аспайтын жеке кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын азаматтарға береді. Айналымның шектеулі мөлшері патентте көрініс табады. Шектеулі белгіленген айналым жылына 200 айлық есепті көрсеткіш артқан жағдайда жеке тұлға бұл туралы өзіне  салық патенттін берген салық  органдарына хабарлауға міндетті [3, 432-бап].

Тек содан  кейін органдары нақты алынған пайда мен жұмсалған шығынға байланысты салықтар төлеудің тәртібін айқындайды. Салық  қызметінің  ұжымдары,  мемлекеттік  ұйым  бола  отырып,  Қазақстан  мемлекетінің  заңдарына  сәйкес,  әсіресе  ең  негізгі  заң  конституция  бойынша,  өзіне  жүктелген  қызметін  атқарады. Салық қызметінің  ұжымдары:

  1. Салық  төлеушінің  құқықтарымен  мемлекет  мүдделерін  сақтауға  және  қорғауға,  салықтың  дұрыс  есептелуіне,  толымды  болуына,  әрі  уақтылы  төленуіне  бақылауды жүзеге  асырады.
  2. Салық  төлеушілерімен  салық  салынатын  объектілердің  есебінде  уақытысы  алуға,  бюджетке  есептелген  және  төленген  салықтың есебін  жүргізеді.
  3. Есептелген  салық  сомасымен  салыстырғанда  артық  төленген  соманы  салық  төлеушілерге  дұрыс  қайтарып  беруін  жүргізеді.
  4. Салықтың  құқық  бұзушылық  деректерін  жинауға,  талдауға,  төлеуден  жалтарудың  өзге  де  түрлерін  зерттейді.

Қазақстан  мемлекетінің  заңдарына  әкімшілік  ұстауды  жүзеге  асыруға,  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  заңдарда  көзделген  басқа  да  шараларды  қолданылады.  Салық  қызметі  ұжымдарының  қызметкерлері  елді  мекендерде,  қала  маңында  және  жергілікті  жерде  қатынайтын  қоғамдық  көліктің  дипломатиялық,  консульдық  өкілдіктер  мен  халықаралық  ұйымдарға  тиесілі  көліктен  басқа  барлық  түрлерімен  ауылдық  жерлерде  жол жөнекей  көлікпен  сондай – ақ  өзі  қызмет  көрсететін  учаскелер  тегінде, бірақ  облыстың  әкімшілік  шекарасынан  аспайтын  учаскелерде  осы  көлік  иелерінің  есебінен  поезбен,  теңіз  және  өзен  кемелерінің  тегін  жүруге  құқылы  болып  табылады.

Қазақстан  мемлекетіміздің  егемен  мемлекет  болып  қалыптасып, нарықтық  экономиканың  даму  мен  құрылу  жолын  қабылдануының         әлеуметтік – экономикалық  дамудағы  жаңа  деңгейін  анықтайды.  Ондағы  басты  орын  мемлекеттік  бюджетке  тиесілі. 

Мемлекеттік  бюджет  экономиканы  реттеудің  ең  маңызды  құралы  десек артық  айтқандық  емес. Үкіметте  мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығын  жабу  үшін  қарыз  алуға  мәжбүр  болады.  Мысалы:  мемлекеттік бюджетті  қалыптастырып,  толтыруға  жалпы  мемлекеттік  және  жергілікті  салықтардың  маңызы  үлкен. Бұл  салада  Есіл  аудандық  салық  комитеті  де  жыл  басынан  бері  мемлекеттік және  жергілікті  бюджет  қорына  қаржы  түсіруде  айтарлықтай  жұмыстар  жүргізуде.

Бюджеттің  және  бюджеттен  тыс  қорларға  заң  арқылы  көзделген  мөлшердегі  түсімнің  түсіп  тұруы  және  оның  жиналып  қорлануына  болжамды  жоспар  бойынша  көзделген  өтемнің  мерзімінде  және  белгіленген  мөлшерде  түсуін  жандандырып,  үздіксіз  орындалу  үшін  барлық  мүмкіндіктерді  пайдалана  еңбек  еткен  ұжым  қызметкерлері  өз  міндеттерін  зиян  шектірмей  атқарып  келеді. Қазір  комитетімізде  осынау  келелі істерді  таяу  уақытша  игеріп,  күнделікті  шаруа  аясына  енгізу  үшін  дайындық  жұмыстары  жүргізілуі  қажет. 

Жалпы ұлттық  салықтар  мемлекеттік  банкке  түседі,  аймақтық  және  жергілікті  салықтар  табыс  өскен  сайын  белгілі  бір  процентте  өседі. Пайдаға  салынатын  салық  іс - әрекетінің  де өзіндік ерекшеліктері  бар.  Дағдарыс  кезінде кәсіпорын  пайдасының  бір  бөлігі,  өндірісті неғұрлым  қысқа мерзімде  ұлғайту үшін оның  дамуын  қаржыландыруға  жұмсалады.  Бұған  бүкіл  мүдделі,  сондықтан   бюджетке  түсетін  табыстың бір  бөлігін  беруге  тура  келеді.  Екінші  жағынан,  өндірістің  ұлғаюы  салық  базасын  кеңейтеді,  сөйтіп  салық  базасының  төмендетілуінің  есесі  қайтарылады.  Пайдаға  салынатын  салыққа  қойылатын  келесі  талап - біркелкілік, яғни  пайда ауқымы  қанша  болса  да,  мөлшері  бірдей  болуы  тиіс [9]. 

Жергілікті  салықтан  түсетін  түсімдер  біріңғай  мөлшер  шегінде  болуға  тиіс,  оның  бірыңғайлығы  меншіктің  барлық  формалары  мен  өндірістің  барлық  салаларына  түгел  таралады. 

Салық  субъектісі  - заң  бойынша  салық  төлеуге  міндетті,  жеке  адам  немесе заңды  мекеме,  таратушылар  салықтың  ауыртпалығын  көтеретін  соңғы  төлеушілер,  мемлекеттің  азаматтары,  жеке  адамдар. Бір  сөзбен  айтқанда субъект  - бұл  салық  төлейтін жеке және заңды  тұлға.

Салық  объектісі  – табыс, мүлік,  қызмет  көрсету  ақша  операциялары  салық  салуға  негіз  болатын  заттар (тауар,  материалдық  игіліктер).  Сонымен  қатар  мүлік  беру,  табиғи   ресурстарды пайдалану,  өнімнің  жұмыс  пен  қызметкерлердің  қосылған  құны, шаруашылық  айналым  т.б. Қысқаша  айтқанда, салық  есептеліп  алынатын табыс,  мүлік,  қызмет,  қаражат  операция  түрлері салық  салу  объектілері  болып  табылады. 

Салық  жеңілдіктері – төлеушінің  заңға  сәйкес  салық  төлеуден  ішінара  үшін  жауапкершілік  мемлекет  заңымен  анықталады. Табыс  көзі – бұл  салық  төленіп  алынатын  табыс  болады [13, 254 б]. 

Салық  өндірудің  төрт амалы  бар:

  1. Кадастырлық  - есеп  жүргізу  салық салу  объектілерге  салық салуда  тізімдеу  негізінен  олардан түсетін  табыс  мөлшері  көрсетіліп  деректі  құжаттардың  есебінсіз- ақ  жүзеге  асырылады  (жер,  мүлік,  салықтары  есептеледі).
  2. Декларация  бойынша  салық төлеушілердің  табыс  мөлшері  қажетті  жеңілдіктер  салықты  есптеу  сомасы  жүзеге  асырылады.
  3. Табыс  көзін  табушылармен  заңды  тұлға  бухгалтерлік  құжаттар  арқылы  салық  төлеушінің  жұмысы  орналасқан  жерден  салық  есептеліп  және төленіп  отырады.
  4. Патент  негізінде  кәсіпкерлік  қызметтен  әртүрлі  салық  төленеді,  айқындалған  жұмыстары  киім  тігу  т. б.

Заңды  тұлғалар  әлеуметтік  салықты  Қазақстан  республикасының  азаматтары, сондай-ақ  шетел  азаматтары  және  Қазақстан  республикасында  тұрақты  азаматтығы  жоқ  тұлғалар  еңбегіне  ақы  төлеу  қорынан  26%  процент  мөлшері бойынша  төлейді. Ал мемлекеттік  мекемелер  әлеуметтік  салықты  еңбекке  ақы  төлеу  қорынан  25,5% - проценттік  мөлшер бойынша  төлейді.

Шаруа (фермер)  қожалықтарын  сондай – ақ заңды  тұлға  құрмай  патент  негізінде  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  жеке тұлғаларды  қоспағанда,  заңды  тұлға  құрмай  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  жеке  адамдар әрбір  қызметкері  үшін  айлық  есептік  көрсеткіштің  60% - процентін  сондай – ақ  осы  заңға  сәйкес  шегерім  жасауға  жатпайтын  шығындарды  алып  тастағанда  айлық  табыстың  қосымша  10% - проценті  мөлшерінде  әлеуметтік  салық  төлейді.

Әлеуметтік  салық  бойынша  бюджеттік  кезең  күнтізбелік  ай  болып  табылады.  Өз  уақытында  төленбеген  әлеуметтік  салық  сомасы  мерзімі  өткен  берешектің  әрбір  күні  үшін  осы  сомаларды  төлеу  күнінде  Қазақстан  республикасы  Ұлттық  банкі  белгіленген  қайта  қаржыландырудың  ресми  мөлшерінде  өсімді  қоса  есептеумен  бюджетке  өндіріп  алынады. Салық  заңдарымен  белгіленген  мерзімнің  аяқталуы  бойынша  180 – күннен  астам  мерзімде  әлеуметтік  салық  бойынша  салық  төлеушінің  декларацияны  ұсынбауы  декларация  негізінде төленуі  тиіс,  бірақ  төленбеген  салық  сомасының  50% - процент  мөлшерінде  айыппұлды  өндіріп  алуға  алып  келеді [3].

Әлеуметтік  салықтың  дұрыс есептелуімен  уақтылы  төленуіне  бақылауды  Қазақстан Республикасының  заңдарына  сәйкес  салық  органдары  жүзеге  асырады. Әлеуметтік  салық  есептелмейтін  төлемдердің   тізбесі  үкіметаралық қоғамдық  ұйымдар  желісі  бойынша  төленетін  гранттардың  қаражаттары  есебінен  жасалатын  төлемдермен  толықтырылады. 

Тағы бір  айта кететін нәрсе, өндіріске қатысты  берілген салық патенті, сонымен  бір мезгілде кәсіпкердің жеке өндірген тауарларын өткізуге де құқық береді. Салық саласындағы қайта құрулар  уақыттың өткір талабынан туындап  отыр. Өйткені, нарықтық қатынастарға қатысты кәсіпкерлердің қызметін қадағалау  бұған тікелей байланысты.

 

1.3 Салық саясатының мақсаты мен мазмұны

 

Нарықтық  қатынастары дамыған елдерде  салықтар экономика мен әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік  қатынастар мүмкіншілігіне тікелей  басқару әдістері ретінде қолданады. Салықтардың жәрдемімен мемлекет қоғамдық қасиеттілік пен ресурстар арасындағы, оларды қанағаттандырудағы салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізіледі. Салықтардың  арқасында экология жағынан зиянды өндірістердің кеңейуіне айыппұлдар мен шектеулер енгізе отырып, табиғи байлықты тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Салықтар мемлекеттің әртүрлі  даму бағдарламасының даму мүмкіншілігіндегі  қаржылық қамтамасыз ету және азаматтардың табыстарының деңгейін теңестіру мүмкіншілігіне ие болады.

Салық ауыртпалығын жеңілдетуді жүргізу әртүрлі  меншіктегі экономиканың өсу мүмкіндігін  туғызу болса, көлеңкелі экономиканың қысқарып, болашақтағы экономиканың өсімі негізде бюджеттік кірістердегі салық түсімдерін молайту.

Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі болып қоғамда өркениетті салықтық қатынастар мен халықтың барлық топтарының  салықтың мәдениетінің бар болып  саналатындығы баршаға мәлім. Сол  себептен, өкілетті және атқарушы органдар салықтық саясатты жүргізуші және кепілі мен бас идеологы ретінде қатысушылардың барлық топтардың мүдделерін үнемі  есеп аалып отыруы керек [16].

 Қабылданған  салықтық құқықтық заңдардың  іске асыру бойынша кәсіби  білім мен салық мәдениет белгісінің  төмен болуынан деп айтуға  болады. Нәтижеде біз заңдар толық  іске асырылмайтын, ал экономика  көлеңкелі бизнеске ұшырап отырмыз.  Көлеңкелі экономиканың көлемі  ұлғайған сайын салық есебінің  кемуінде бюджет көздері қысқарылуда.  Әсіресе жергілікті бюджет жетістіксіздігіне  трансферттік жабу бюджет көздерін  молайту емес керісінше тұтынушы  психологиясын туғызуда.

Негізгі салықтың белгілеріне  мыналар:

  • мемлекет  белгілеуді
  • белгілеудің  біржақтылығы 
  • материалдық  белгілері
  • құқықтық  негізге  алу
  • мәжбүрлеп  өндіріп  алынатын  төлем
  • міндетті  төлем
  • ақшаны  қайтарымсыз  алу
  • балансыз төлем
  • тұрақты  міндет  туындайды
  • тек  заңдастырылған  нысанда  болады
  • заңмен  белгіленген  төлем жатады.

Осының  бәрін  жинақтап  келіп,  қорытындылап,  салықтың  негізгі  анықтамасын  беріп  көрейік.

Салық -  үкіметі  орган  арқылы  біржақты  тәртіпте  және  баянды  құқықтық  нысанда  мемлекет  белгіленген,  төлеуі  мемлекеттік  мәжбүрлеу  шаралары  жолымен  қамтамасыз  етілетін,  қайтарымсыз,  баламасыз  және  тұрақты  мінездемедегі,  салық  субъектісінің  белгіленген  мерзімде  және  белгіленген  мөлшерлерде  мемлекеттік  кіріске  жасайтын  міндетті  немесе  заттай  төлемі.

Салықтың  жоғарыда  келтірілген  11  белгісінің  тізбелеріне  жалпы  шолу  жасай  кететін  болсақ,  1  және  2  пунктегі  белгілер  салықтың  түрлерін  тек  мемлекет  біржақты  түрде,  ешбір  халықпен  ақылдаспастан  өзі  ғана  белгілеп,  шешетінін  айқындайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары