Ауадағы механикалық қоспалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 20:15, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының нарық экономикасына мал шаруашылығының тигізетін әсері елеулі. Экономиканың даму барысында басты мақсат малды бағып-күтудегі табыстарға қол жеткізу. Бұл ретте мал шаруашылығын дамытудың, оның өнімділігін арттырудың және малдың денсаулығын сақтаудың бірден-бір кепілі –шаруашылық жағдайында зоогигиеналық талаптарды, ветеринарлық-санитариялық нормалар мен ережелерді қатаң сақтау.
Жануарлар гигиенасы – мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу малдың өнімділігін көтеру мәселелерін дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді. Әсіресе, сыртқы ортаны зерттеп, оны малға зиянсыз және қолайлы ету – зоогигиена үшін басты мәселе.

Содержание работы

Кіріспе.............................................................................................................
3
І. Әдебиетке шолу.........................................................................................
4
ІІ. Негізгі бөлім..............................................................................................
8
2.1 Ауа туралы жалпы түсінік.....................................................................
8
2.2 Атмосфералық қысым............................................................................
9
2.3 Ауа ылғалдылығы және қозғалысы......................................................
10
2.4 Аэроиондау және ауаның газдық құрамы............................................
13
2.5 Ауадағы механикалық қоспалар............................................................
15
2.6 Мал қора ауасындағы зиянды газдарды азайту...................................
17
2.7 Мал қора ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау............................
21
III. Қорытынды..............................................................................................
24
IV. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................
25

Содержимое работы - 1 файл

гигиена курс.doc

— 209.00 Кб (Скачать файл)

 

Атмосфералық ауаның құрамы

  1. кесте

 

                                        

Газдар

Көлемі бойынша, пайызы

Салмағы бойынша, пайызы

Азот

Оттегі

Көмірқышқыл газы

Аргон, гелий, неон, криптон  және т.б. инертті газдар

Озон

Су булары

78,08

20,94

0,03-0,04

 

0,94

0,000001

0,01...4

75,52

23,16

0,046

 

1,28

0,0000017

-


 

 

Деммен шыққан ауаның құрамы, пайызы

 

  1. кесте

 

Параметр

О

СО

Адам 

МІҚ

Жылқы

15,4...16,0

14,9...18,1

16,9...18,6

3,4...4,7

2,0...5,0

2,2...3,9


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5. Ауадағы механикалық қоспалар

 

Ауада әруақытта шаң-тозаңның аздды-көпті мөлшері кездеседі. Ауа  шаңының және басқа қоспалар ерекшелігі олардың бөліктерінің тез қонуға деген қабілеті бар тозаң болып  табылады. Шаң негізінен жеңіл  қатты бөлшектер түрінде кездесіп, минералдық немесе органикалық шығу тегімен сипатталады. Атмосфераның төменгі қабатының ауасындағы шаңның шоғырлануы 0,25-25 мг/м аралығында. Зерттеулер нәтижесінде мұхит үстінде әрбір см бетте 100 шаң бөлшегі кездессе, ал қалаларда 100 мың данаға дейін кездесетіні анықталған. Көп шаң ауада қатты желде, дауылда, орман өртенгенде, өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындар жұмысының салдарынан пайда болады. Өнеркәсіп орындарының шаң түріндегі қалдықтарында өте майда минералдық (кремний, барий, темір тотығы, күшәлә) және өсімдік бөлшектері мен тозаңы кездеседі. Мысалы, Арал теңізінің құрғауы бүкіл Орта Азияда құрғақ желдің және шаңды дауылдың пайда болуына себебі болып отыр.

Мал қораларының ауасындағы шаң жем-шөп тарату, төсеніш төсеу, оны жинау, малдың, әсіресе құстың орнын ауыстырғанда көптеп жиналады. Олар органикалық, минералды және аралас шаң болып бөлінеді. Минералды шаң қорадан тыс жерде (топырақ бөлшегі, кварцты, әкті және т.б.) болады. Қора ауасында органикалық шаң көп (өсімдік талшықтары мен спорлары, дән, жем-шөп, төсеніш, қи, эпидермис, қауырсын, жүн бөлшектері, микроорганизмдер) кездеседі. Шошқа қораларында мөлшері 1 см ауада 80-95 шаң бөлшектеріне дейін кездеседі.

Шаңның мал организміне әсері. Шаң теріге, көзге, тыныс ағзаларына тікелей әсер етеді. Ол көп болған жағдайда теріге түскенде термен, май бездері бөлген маймен, эпидермистің өлі клеткаларымен және микроорганизмдермен қосылып малды тітіркендіріп қышындырады, қабындырады. Соның салдарынан терінің бөлу және жылу реттеу қызметі мен сезгіштігі бұзылады, дерматит, пиодермия, бөртпелер, тағы басқа аурулар өршиді.

 Көздің кілегей  қабығына түскен шаң конъюктивит,  кератит (көз етінің қабынуы)  тудырады. Шаңның кез-келген әсері  тек оның мөлшеріне, шығу тегіне ғана емес,оның бөлшектерінің мөлшеріне де байланысты. Қазіргі уақытта шаң деп мөлшері 0,1 мкм дейінгі бөлшектерді, ал одан кіші бөлшектерді түтін деп атайды. Оның бөлшектерінің мөлшері 0,2-5 мкм аралығында болса өте қауіпті. Мұндай шаң бөлшектері өкпеге, тіпті альвеолаларына дейін оңай өтіп, тез қонады (60-80%). Шаң бөлшектері тыныс жолдарына түсіп, танау, жұтқыншақ, кеңірдектің кілегейлі қабықтарын тітіркендіріп жаралайды. Сөйтіп, инфекция қоздырғыштарының енуіне жағдай тууғызып, катаралды (қабыну) процестердің жіті және созылмалы түрлері пайда болып, өршуіне мүмкіндік береді.

Шаң-тозаң өкпе ауруларының  көптеген түрлерінің өршуіне альвеолаларда  шаң бөлшектері жинақталатын экссудаттардың жиналуы себепкер болады. Экссудат бірнеше мәрте пайда болып, өзінен өзі керісінше тарап тартылып кетіп отыруы мүмкін. Соның салдарынан альвеола қабырғалары қалыңдап, қанталап альвеолит, бронхиолит пен периобронхиолит сияқты процестер өршиді. Тыныс жолдарына терең енген майда шаң фагоцитозға ұшырайды.

Фагоциттер шаң бөлшектермен (кварц, көмір, әк және т.б. шаңы) қосылып, альвеолаларда, альвеолааралық қандарда, ұсақ лимфа түйіндері мен лимфа қан тамырларына өте мол жиналады. Олар жинақталып тіршілік ету қабілетінен айырылған жерлерде байланыстыру ұлпасы өседі. Сол ұлпа бірте-бірте қыржымдалып, тыртық тәрізденіп бітеді де қан тамырларын қыссады. Соның салдарынан бір орында ателектаза, екінші орында-эмфизема пайда болып, ақырында тыныс қызметі бұзылады. Осылайша пневмокониоз, өкпе фиброзы пайда болады.

Мал арасында өкпе силикозы ауада кремний шаңы көп болғанда жиі кездеседі. Ал өкпе фиброзы құрамында асбест және кремний қос тотығы (диоксиді) бар шаңды мол жұтқаннан болады. Ол қойда кең тараған, ірі қара мен шошқада сирек кездеседі. Силикоз кезінде өкпе ұлпасының кейбір жерлері байланыстыру ұлпасымен ауыстырылып өз функцияларын жоғалтады.

Шаңның жанама әсеріне  келетін болсақ, оның әсерінен ауада  атмосфераның мөлдірлігі (тұнықтылығы) төмендегендіктен қорада табиғи жарық  азаяды. Шаңданған атмосферада табиғи ультракүлгін радиацияның қарқындылығы төмендейді. Атмосферада шаң көп болған сайын, соншалықты температурада төмендейді, ал жазда оның әсерінен 10°С дейін төмендеуі мүмкін. Шаңның көптігі ауадағы будың суға айналуының себепкері болып, жауын-шашын да тудырады. Сонымен бірге шаң өсімдікке кері әсер етіп, жеңіл иондар санын азайтады, тұман мен бұлт пайда болуына мүмкіндік жасайды. Мұндайда, шаң майда аэрозоль күйінде болып, бөлшектерінің көлемі 10 мкм-ден 0,1 мкм-ге дейінгі аралықта ауытқиды. Аэрозольдың шаңнан айырмашылығы тұрақты динамикалық коллоидты жүйеде бола тұрып, өте жай шөгуінде. Сондай-ақ, олардың тағы бір ерекшелігі-беткейі кең көлемге салмағына қарай орналаса алатын қасиетінде жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.6. Мал қора ауасындағы зиянды газдарды азайту

 

Шаруашылықтардағы мал өсіретін қора-жай ауасын зерттеген кездегі көптеген мәлімет анықтамалар бойынша егер малды күтіп-бағу жұмысы жақсы ұйымдастырылып, күнделікті өте сапалы төсеніштерді (қамыс, сабан, ағаш ұнтағы) пайдаланып ондағы канализация және желдетілу жүйесі жақсы жұмыс істесе, онда қора-жай ауасында әртүрлі улы газдар: аммиак,күкіртті сутегі, көмірқышқыл газы болмайды. Мал қора-жайының ауасында үлкен көлемде көмірқышқыл газы, аммиак және күкіртті сутегі қосындылары болуы осы мал қора-жайының тазалығының өте төмен екендігінің көрсеткіші.

Мал қора-жай ауасының құрамын жақсарту үшін ондағы үлкен көлемдегі көмірқышқыл газын төмендету, онда аммиак пен күкіртті сутегінің жиналуын жою мен алдын алу шараларын жүргізеді. Зиянды газдарды азайту үшін малдардың төсеніштерін күнделікті ауыстырып тұру керек немесе қалың қамыс (сабан) немесе ағаш ұнтағы сияқты төсеніштерді пайдалану, мал жататын орынның тазалығын сақтау, жөнделген жақсы жұмыс істейтін канализация мен желдету жүйесін пайдалану (малды қора-жайда дұрыс, қысылыспайтындай орналастыру). Әсіресе, еденнің ешқандай саңылаусыз және еден астында кеңістік қалмауына ерекше көңіл аударады, себебі еден асты саңылауынан кіретін аммиак қосындысы қора-жай ауасынан 80 есе немесе одан да жоғары дәрежеде ластауы мүмкін (В.М. Печугин). Ал малды байлап өсіретін қора-дайдағы ауада аммиак жиналуының алдын алу  үшін төсенішке (1 кг суперфосфат-2,5 кг төсеніш материалға) суперфосфат қосу ұсынылған, осының нәтижесінде ол ауадағы аммиакты қосып алып, байланыстырып қиды азотпен байытып, оның сапасын жақсартады.

Мал қораларына жақын  орналасқан көң жинайтын (қабылдайтын) орыннан аммиак, күкіртті сутегі және ішектік газдар түспеуі үшін канализация  жүйесіне гидравликалық қақпалар орнатады.

Ал жылытылатын мал  қора-жайы (құсхана) ауасында көміртегі тотығы кездесуі ол пеш және жылыту құралдарының жөндеу керектігін көрсетеді.

Мал қора-жайы ауасының газ  құрамын жақсарту немесе жеке улы  газдардың қалыптан тыс көбеюінің  алдын алу үшін мал өсіретін фермадағы  еңбекті дұрыс ұйымдастырып, еден және жататын орнын жақсы күтіп қора-жайды канализация және желдету жүйесімен қамтамасыз ету керек.

Мал қора-жайының ауасында үлкен көлемде көмірқышқыл газы, аммиак және күкіртті сутегі қосындылары  болуы осы мал қора-жайының  тазалығының өте төмен екендігінің  көрсеткіші.

Мал қораларының ауасын улы газдардан тазарту үшін сыртқы ауаның тазалығын қамтамасыз ету, желдету  жүйесінің жұмысын жақсарту (қажет  болса улы газдарды олардың жиналған жерінен сорып шығару), сондай-ақ шаруашылықтардың гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық мәдениетін түзету, соның ішінде канализация жүйесінің жұмысын ретке келтіріп, қиды дер кезінде шығарып отыру керек. Сондай-ақ ылғал сіңіргіш төсеніш пайдалану, әсіресе зиянды газдар мен буда жақсы сіңіретін материалдарды қолдану тиімді.

Мал қорадағы аммиактың жиналу көзін азайту үшін ауаға формальдегид (аммиакқа қатынасы бойынша 50%) аэрозолін шашу керек. Формалиннің ауадағы аммиактың иісін азайтумен қатар дезинфекциялайтын да қасиеті де бар.

Аммиакты тағы басқа  улы газдарды қора-жай ауасын озондау  және иондау нәтижесінде азайтуға болады.

Ауа гигиенасын қаматамасыз  ететін шараларды жүргізу кезінде, күкіртті сутегінің пайда болатын  көздерін жоя отырып, барлық ауа  ластайтын (төсеніш, желдеткіш жабдықтарын  жаңарту, т.б.) орындар жаппай зоогигиеналық  талаптарға сай қалыпқа келтірілуі қажет.

Ауаның әруақытта ластануына байланысты оны үнемі қорғау және санитариялық жағдайын бақылау аса  қажет. Қазіргі уақытта атмосфераға  теңдесі жоқ көлемде лас заттар түсуде. Техногендік факторлардан туатын атмосфера ауасын ластаушылардың ең бастылары-көміртегі тотығы, күкірттің қос тотығы, көмірсутектер, азот тотықтары, шаң және т.б. болып табылады. Бұлардан басқа химиялық агрессивті газдар мен әртүрлі дисперстік қоспалар да кездеседі: күкіррті газдар, қышқыл тұмандар, фтор, күкірт қышқылы, хлор және басқалары.

Атмосфераға түсетін  зиянды заттар агрегаттық жағдайына  қарай газ тәрізді (күкірттің  қос тотығы, азот тотығы, көміртегі  тотығы, көмірсутектер және т.б.) және қатты (концерогендік заттар, қорғасын және оның қосылыстары, шаң, күйе және т.б.) болып топталынады.

Мал қора-жай ауасындағы белгілі аммиак, күкіртті сутегі, көмірқышқыл  газы және метан газдарымен қатар 30-ға жуық газ тәріздес химиялық қосылыстар анықталған (амин, амид, спирт, дисульфид, сульфид, меркаптан тобына жататындар). Негізгі иістер күкіртті сутегі, аммиак, индол, меркаптанның болуы нәтижесінде туындайды. Сонымен қатар көп газдар жағымсыз иістер көзі болып табылады. Иістердің пайда болуы көбінесе, анаэробтық жағдайда өтетін микробиологиялық процестермен түсіндіріледі. Әсіресе, шошқа қораларында ерекше жағымсыз иісті қосылыстар көп түзіледі (этанол, пропанол, бутанол, гексанал, ацетон және т.б.). Осы жағымсыз иістер малмен қоса адамдарға да зиянды әсер етеді.

Атмосфералық ауаның ластануымен күресу шаралары мал шаруашылығы мекемелерін жобалу кезеңінде есептелінуі тиіс. Мал шаруашылығы мекемелері ауданындағы ауа бассейінің жағдайы, көбінесе объектінің рационалды орналасуына, малды ұстаудың оптимальды әдістерін таңдау, қиды утильдеу, мал қора-жайын желдетілуіне байланысты. Әртүрлі жел бағытына орналасуына қарай мал шаруашылығы мекемелерінің орналасуы мен санитариялық-қорғаныстық аймағын белгілеу қажет және бұл орналасқан мекемелердің бірін-бірі ластаудың алдын алу бірден-бір шарт болып табылады. Қоршаған төңірікті және құс қораларының ауа бассейін қорғау үшін көп жағдайда оны ластанудан сақтайтын қарапайым күрес шаралары жеткілікті (ауа-алмасу жүйелерінде сүзгіштер қолдану, тазалық сақтау және т.б.). Ауаны ластанудан қорғау шараларына: шаруашылықта жоғарғы санитариялық мәдениетті сақтау, микроклиматты қамтамасыз ететін жүйелердің толассыз жұмысы, мал қораларын үнемі тазалау және дезинфекциялау, санитариялық-сақтық  зонанықатаң ұйымдастыру және т.б. Мал нысандарынан тарайтын иістерді және атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында жүргізілетін негізгі шаралар-сыртқа шығарылатын ауаны тазалау (әртүрлі сүзгіштер қолдану, бактериоцидтік лампалармен-БУВ-60, ДБ-60 ауаны дезинфекциялау) және қиды өңдеу (биологиялық, тазалау, химиялық заттармен өңдеу, физикалық факторлар мен механикалық құралдарды қолдану) болып табылады. Мысалы, қоршаған ауадағы аммиактың азаюы қиды аммоний-персульфаты (2-3 есе), хлорлы және сутегінің қаныққан тотығымен (2 есе) өңдегенде байқалады.

Атмосфералық ауаның негізгі ластану көзі мал қиы  болып табылады (оны өңдегенде, пайдаланғанда және т.б.).

Қиды және қи үймелерін  дезодарациялау үшін хлорлы әк, формалин, сөндірілген әк (0,5-1% доза қи мөлшеріне  қарай) қолданылады.

Көптеген дезодарациялауға пайдаланылып жүрген химиялық әдістердің негізі мынадай: реагент қидағы затпен реакцияға түсіп оларды байланыстырып немесе жойып, бұдан қоршаған ортаға зиянды жағымсыз иіс шығу немесе лас заттардың бөлінуін тежейді. Сонымен қатар кейбір реагенттер әртүрлі анаэробты шіру процестері әсерінен әртүрлі зиянды газдар-аммиак, күкіртті сутегі, меркаптан және т.б. бөлетін баетерияларды жояды.

Өндірістік мекемелерде ауаны зарасыздандыруда әртүрлі химиялық заттар, иондау және ультракүлгін сәулелерін қолданады. Атмосфералық ауаның микробпен және шаң-тозаңмен ластануын төмендету мақсатында ауа тартқыш желдеткіштерге әртүрлі сүзгіш құрылғылар қояды. Құсханадан шығарылатын ауаны тазалау үшін жуып тазалайтын сүзгісі бар, дезинфекциялайтын ерітіндісі және жұқа тазалағыш сүзгіс бар құрылғы қолданады.

Мал шаруашылығы мекемелерінің қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алу үшін жасыл ағаш отырғызудың маңызы зор.

Ауаны тазалауда көгалдандыру әдістерінің әртүрлі шаң-тозаң, микроорганизм және зиянды газдарды жоюы бірнеше себептерге байланысты: тұқымдас құрамы, жолақтың ені, түрі, ағаш және бұтаның биіктігіне байланысты. Ауаны әртүрлі газдардан тазалаудың ең тиімді әдісі-жапырақты көгалдандыру, ал микроорганизм үшін шырша тұқымдастары.

Көгалдандыру үшін пайдаланылатын ағаштардың санитариялық-гигиеналық қасиетін бағалауда олардың фитонцидтік қасиеттерінің, сонымен қатар олардың ерекше ұшқыш органикалық қосылыстар бөлуінің маңызы өте зор. Осы органикалық ерекше қосылыстар әсерінен ауру тудырушы бактериялар жойылып немесе олардың дамуы тежелінеді.

Антибактериальды қаситі бар ағаш, бұта тектес тұқымдастарға: ақ акация (барбарис), сақалды қайың, емен, шырша, жасмин, тал, шәңкіш, үйеңкі, сағызқарағай, жөке, арша, майқарағай, жұпаргүл, бәйтерек, ақтерек, мойыл және т.б. жатады.

Көгалдандырудың санитариялық-гигиеналық қызметі-олардың көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуда және сонымен қатар оны оттегімен байыту қасиетіне байланысты.

Жасыл ағаштардың ауа  температурасының өзгеруіне де тигізетін  әсері зор. Ал көгалдандырылған аймақ  ауасының қалыпты ылғалдылығы 7-40% жоғары болып келеді.

Көгалдандыру, жасыл ағаш отырғызу әсерінен жел жылдамдығы 2-3 есеге төмендейді. Мал шаруашылығы мекемелерінің ауласын көгалдандырғанда лас ауаның бір ғимараттан екіншісіне ауысу мүмкіндігі, жағымсыз иістің шығуы, шаң-тозаң мөлшері, микроорганизмдер азайып, жалпы метеорологиялық факторлардың кері әсері төмендейді.  

Информация о работе Ауадағы механикалық қоспалар