Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 20:15, курсовая работа
Қазақстан Республикасының нарық экономикасына мал шаруашылығының тигізетін әсері елеулі. Экономиканың даму барысында басты мақсат малды бағып-күтудегі табыстарға қол жеткізу. Бұл ретте мал шаруашылығын дамытудың, оның өнімділігін арттырудың және малдың денсаулығын сақтаудың бірден-бір кепілі –шаруашылық жағдайында зоогигиеналық талаптарды, ветеринарлық-санитариялық нормалар мен ережелерді қатаң сақтау.
Жануарлар гигиенасы – мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу малдың өнімділігін көтеру мәселелерін дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді. Әсіресе, сыртқы ортаны зерттеп, оны малға зиянсыз және қолайлы ету – зоогигиена үшін басты мәселе.
Кіріспе.............................................................................................................
3
І. Әдебиетке шолу.........................................................................................
4
ІІ. Негізгі бөлім..............................................................................................
8
2.1 Ауа туралы жалпы түсінік.....................................................................
8
2.2 Атмосфералық қысым............................................................................
9
2.3 Ауа ылғалдылығы және қозғалысы......................................................
10
2.4 Аэроиондау және ауаның газдық құрамы............................................
13
2.5 Ауадағы механикалық қоспалар............................................................
15
2.6 Мал қора ауасындағы зиянды газдарды азайту...................................
17
2.7 Мал қора ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау............................
21
III. Қорытынды..............................................................................................
24
IV. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................
25
Мал қораларына жақын орналасқан көң жинайтын (қабылдайтын) орыннан аммиак, күкіртті сутегі және ішектік газдар түспеуі үшін канализация жүйесіне гидравликалық қақпалар орнатады.
Ал жылытылатын мал қора-жайы (құсхана) ауасында көміртегі тотығы кездесуі ол пеш және жылыту құралдарының жөндеу керектігін көрсетеді.
Мал қора-жайы ауасының газ құрамын жақсарту немесе жеке улы газдардың қалыптан тыс көбеюінің алдын алу үшін мал өсіретін фермадағы еңбекті дұрыс ұйымдастырып, еден және жататын орнын жақсы күтіп қора-жайды канализация және желдету жүйесімен қамтамасыз ету керек.
2.7. Мал қора ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау
Мал қора-жайының ауа ортасы өзінің физикалық қасиеті мен құрамы жағынан әрқашанда бірдей емес. Ол оның құрылысы, орналасқан сапасы, оның санитариялық-техникалық жабдықталуы, кубатурасы және ауданы, сонымен қатар онда малды ұстау тәсіліне байланысты ауаның физикалық қасиеті және оның газдық құрамы көп немесе аз болса да өзгеріп тұрады. Мал қора-жайының ауа ортасының физикалық және химиялық көрсеткіштері мүмкіндігінше шекті оптимальды көлемде ауытқып отыруы қажет.
Қора-жай ауа ортасын
белгілі бір оптимальды деңгейде
ұстау және сақтау үшін оны объективтік
көрсеткіштері бойынша бағалайд
Мал қора-жайының ауа ортасын гигиеналық тұрғыдан бағалағанда негізгі және шешуші мәні: температурасын анықтау, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын тексеруге байланысты.
Температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының организмге жекелей емес үшеуі бірлескен түрде әсер етуіне байланысты мал жағдайын дұрыс бағалау осы үш фактордың суммарлық әсеріне байланысты шешіледі. Осы факторлардың біреуі өзгергенде бұрынғы әсері сақталуы үшін қалған екі фактор да өзгеруі керек немесе осы негізгі фактор қалған екі фактордың есебінен алынады.
Адам өзін жақсы сезінуі үшін бір уақыт бірлігінде қанша жылу жоғалтса, сонша жылу өндіруі керек. Температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығының дұрыс деңгейлері бірдей жылу сезінуі әсерін көрсетеді және адам гигиенасында өңделген және тиімді температура деп саналады.
Қора-жай ауасының физикалық қасиетін бағалау үшін тікелей температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығын анықтаумен қатар катотермометрия әдісін қолданғанның да маңызы зор.
Қорадағы ауа көрсеткіштерін ұдайы тексеріп отыру қажет. Ол үшін арнаулы құралдар қолданылады. Ал ең тиімдісі жылжымалы микроклимат зертханасын пайдалану. Алып жүруге, қолдануға ыңғайлы зертханада керекті зоологиялық құралдар жинақталған (электротермометр, психрометр, анемометр және т.б.).
Ауаның әр уақытта ластануына байланысты оны үнемі қорғау және санитариялық жағдайын бақылау аса қажет. Қазіргі уақытта атмосфераға теңдесі жоқ көлемде лас заттар түсуде. Техногендік факторлардан туатын атмосфера ауасын ластаушылардың ең бастылары-көміртегі тотығы, күкірттің қос тотығы, көмірсутектер, азот тотықтары, шаң және т.б. болып табылады. Бұлардан басқа химиялық агрессивті газдар мен әр түрлі дисперстік қоспалар де кездеседі: күкіртті газдар, қышқыл тұмандар, фтор, күкірт қышқылы, хлор және басқалары.
Атмосфераға түсетін зиянды заттар агрегаттық жағдайына қарай газ тәрізді (күкірттің қос тотығы, азот тотығы, көміртегі тотығы, көмірсутектер және т.б.) және қатты (концерогендік заттар, қорғасын және оның қосылыстары, шаң, күйе және т.б.) болып топтаынады.
Қазақстан бойынша алдағы
жылдары ауаға тұрақты
Қазіргі дүние жүзінде кездесетін жылулық эффектің пайда болуна себеп болатын заттарға негізінде су, көмірқышқыл газ, метан, азот пен күкірт тотықтары, мфреон және т.б. жатады. Осылардың ішінде бұл эффектке ең мол үлес қосатын СО .
Қышқылды жауындардың пайда болуының негізгі себептері атмосфераға өнеркәсіптен түсетін күкірттің қос тотығы және азот тотықтары ауадағы ылғалмен қосылып күкірт жене азот қышқылдарына айналуында. Қорытындысында жаңбыр мен қар қышқылданады (рН<5,6).
Мал шаруашылығы мекемелері атмосфералық ауаға әртүрлі шаң мен микроорганизмдердің түсуінің негізгі көзі болып табылады. Мысалы, 1 сағат ішінде желдеткіштер арқылы 83,4 млрд. Микроб денешіктері, 14,4 кг аммиак, 0,6 кг/м шаң түседі екен. Ал атмосфералық ауаға үлкен ірі қара шаруашылығынан түсетін (тек ауа алмасу жүйелерінен) барлық ластардың ішінде тек органикалық заттар 2148 кг/тәулік құрайды. Осы ауаға түскен микроорганизмдер адамдар мен малдар үшін әртүрлі аэрогенді инфекциялардың туындау қауіпін тудырады.
Атмосфера ластануы ірі
қара мал шаруашылығынан (2,5-5км) алыс
қашықтықта байқалады. Бұл зонада жағымсыз
иістер, қалыпты мөлшермен
Жыл мезгіліне байланысты, әсіресе шошқа және құс нысандарына тән жағымсыз ереше иістер едәуір қашықтыққа тарайды: қыста 0,5, ал жазда-3,5-5 км дейін.
Құс фабрикаларының территорияларын тығыз орналастырғанда ондағы сыртқа шығарылатын ластанған ауа (микробтармен, шаңмен және т.б.) міндетті түрде бір қорадан екінші қораға ауысып шаруашылық төңірігімен атмосфералық ауаны едәуір қашықтыққа ластайды (200 м дейін). Ал 500 м қашықтықта микробтар мен шаң қалыпты мөлшерден көп аспайды (кәдімгі ауадағыдай).
Ауаның әртүрлі зиянды газдармен ластануы микроклиматқа теріс әсерімен бірге жануарларға да зиян келтіреді.
Ластанған ауада көздің тітіркенуі, өкпе ауарулары, мұрыннан қан кету байқалады.
Көптеген заттар өздерінің химиялық беріктілігінің арқасында қоршаған ортада жиналып, көп жағдайда малды, құсты, балықты, адамды уландырады. Осы тұрғыдан қоршаған ортаға өте зиян деп хлорланған көміртектер екені анықталып отыр (ДДТ және т.б.).
Мал қораларына жақын орналасқан көң жинайтын (қабылдайтын) орыннан аммиак, күкіртті сутегі және ішектік газдар түспеуі үшін канализация жүйесіне гидравликалық қақпалар орнатады.
Ал жылытылатын мал қора-жайы (құсхана) ауасында көміртегі тотығы кездесуі ол пеш және жылыту құралдарының жөндеу керектігін көрсетеді.
Мал қора-жайы ауасының газ құрамын жақсарту немесе жеке улы газдардың қалыптан тыс көбеюінің алдын алу үшін мал өсіретін фермадағы еңбекті дұрыс ұйымдастырып, еден және жататын орнын жақсы күтіп қора-жайды канализация және желдету жүйесімен қамтамасыз ету керек.
III. Қорытынды
Атмосфера-табиғи жағдайда шамамен 20 шақты заттардан тұратын жерді қоршап тұрған қабық. Атмосфера табиғи жағдайда климатты реттеуші, жылуды сақтап ылғалды тасымалдаушы әрі ауада байқалатын құбылыстардың (бұлт, жаңбыр, қар, тұман және т.б.) басты себепші болып табылады. Атмосферада ауа массасы үнемі араласып тұрады. Осының арқасында ауадағы ылғал мен әртүрлі газдар қалыптылығы сақталалы.
Мал шаруашылығында микроклимат деп мал қораның климатын айтады. Мал қораның микроклиматы ауаның физикалық жағдайына оның газбен, микробпен, тозаңмен ластануына тікелей байланысты болады. Микроклиматтың пайда болуына және оның көрсеткіштеріне сыртқы ортаның барлық факторлары әсер етеді: ауаның физикалық жағдайы, газдық құрамы, күн сәулесі, өсімдіктер мен су көздерінің болуы, жер рельефі және т.б.
Малдың денсаулығы мен оның өнімділігін жоғары деңгейде сақтау үшін ауа көрсеткіштері қалыпты әрі ыңғайлы болуы міндетті. Ауаның қолайсыз әсеріне, әсіресе жаңа туған төлдер сезімтал. Сондықтан қора ауасының көрсеткіштері немесе микроклимат мал организміне қолайлы болған жағдайда онда ол малдың денсаулығы мен өнімділігінің жоғары болуының кепілі.
Мал шаруашылығы мекемелерінің қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алу үшін жасыл ағаш отырғызудың маңызы зор.
Ауаны тазалауда көгалдандыру әдістерінің әртүрлі шаң-тозаң, микроорганизм және зиянды газдарды жоюы бірнеше себептерге байланысты: тұқымдас құрамы, жолақтың ені, түрі, ағаш және бұтаның биіктігіне байланысты. Ауаны әртүрлі газдардан тазалаудың ең тиімді әдісі-жапырақты көгалдандыру, ал микроорганизм үшін шырша тұқымдастары.
Қора-жайларда қолайлы ауа температурасын ұстаса, оған қосымша дұрыс азықтандыра білсе, бүгінгі талапқа сай, дені сау, мол өнімді мал өсіруге болады.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер