Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 00:08, курсовая работа
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастыру – реттеуші ықпалын тигізетін әулетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай – ақ олар бір бірінсіз көрініс таба алмайды
Кіріспе...................................................................................................2
Негізгі бөлім:
А) Қаржылық құқық.......................................................................................3
Б) Қаржылық құрылым.................................................................................5
С) Қаржылық бақылау...................................................................................7
Д) Қаржылық жоспарлау...............................................................................11
Е) Қаржылық құқық бұзушылық..................................................................12
Қорытынды................................................................................................13
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................14
Жоспар
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім:
А) Қаржылық құқық.........................
Б) Қаржылық құрылым.......................
С) Қаржылық бақылау.......................
Д) Қаржылық жоспарлау.....................
Е) Қаржылық құқық
бұзушылық.....................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастыру – реттеуші ықпалын тигізетін әулетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай – ақ олар бір бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде
мемлекеттік қаржылардың қоғам
мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне
тән әралуан қызметтерін
Бүгінде, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге себін тигізеді, ал қаржылық құқық әлеуметтік – экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар бөлу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын экономикалық қатынастардың жиынтығынан тұрады.
Мемлекеттік қаржылардың материалдық негізін ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.
Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан қарастырылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.
Ал материалдық мағынасында, мемлекеттік қаржылар қоғамның және мемлекеттің тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Қаржылық құқық
Құқық саласы ретінде – қаржылық құқық мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды, яғни мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы боп табылады.
Осы мемлекеттік қаржылық қатынастар мынадай өздеріне тән белгілермен ерекшеленеді: бұл қатынастар ақшалай қатынастарға жатады; бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады; бұл қатынастар тауар нысанындағы құнның қарсы қозғалысына жолықпайтын ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіреді; бұл қатынастар мемлекеттің болмысына, оның өсіп – өркендеуіне байланысты пайда болады, сондай-ақ оның қаржылық қызметінің нәтижесі ретінде көрініс табады; бұл қатынастар әрқашанда баламасыз қатынастар қатарына жатады; бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтындықтан әрқашанда құқықтық нысанда болады.
Қаржылық құқықтың реттеуші әуелеті көбінесе мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына және қаржылық қатынастардың нақты қатысушыларына әмірлі өктем ықпал ету арқылы көрініс табады.
Қаржылық құқықта
Императивтік құқықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері болады: мемлекеттің әмірлі талабы нормативтік сипаттағы біржақты құқықтық акті нысанында көрініс тапқан; осы әмірлі талап екі жақтың жүріс – тұрыстарын мұқият айқындайды; екі жақтың өзара құқықтары мен міндеттері мемлекет тұрғысынан туындайды және олар осы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актіде белгіленген; өздері үшін міндетті боп табылатын мемлекеттің әмірлі талабын атқарудан екі жақтың да бас тартуға хақылары жоқ; мемлекеттің әмірлі талабын бұлжыртпай орындау мемлекеттік уәкілетті органдар біржақты түрде не болмаса сот арқылы жүзеге асыратын мәжбүрлеу механизмімен қамтамасыз етіледі; екі жақтың да жүріп – тұру қағидаларын таңдауға, оның ішінде өзара келісім негізінде таңдауға мүмкіндіктері мүлдем болмайды, ал болған жағдайда елеусіз, болымсыз мән – жайларды қамтиды; қаржылық құқықтық қатынасқа мемлекеттің уәкілетті органы ретінде қатысатын субъект, мемлекеттің әмірлі талабын мәжбүрлеп орындатқызуға мүмкіндік беретін өктем өкілеттілікпен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында негізінен императивтік – әмірлі құқықтық реттеу әдісі жиі қолданылады. Сонымен бірге, қажетті кездерде диспозитивтік – шартты құқықтық реттеу әдісінің де жеткілікті көлемде қолданылатынын білу қажет. Осы диспозитивтік құқықтық реттеу әдістері мынадай өздеріне тән айрықша белгілерімен көзге түседі: екі жақтың құқықтары мен міндеттерін туындатуымен қатар, ол мемлекетке немесе оның уәкілетті органына қажетті құқықты көбірек береді; диспозитивтік әдістің көмегімен реттеу кезінде қаржылық – құқықтық шарт қаржылық қатынастың заңи нысаны ретінде көрініс табады.
Қаржылық құқықтың нормалары мен институттары іштей белгілі бір қыйсындылықты ескере отырып жүйелендірілгендіктен, осыған орай қалыптасқан қаржылық құқықтың құрылымы оның жүйесін білдіреді.
Демек, қаржылық құқықтың жүйесі мемлекеттік қаржылық қатынастар жүйесімен объективті негізделген қаржылық құқықтың ішкі құрылысын, сондай-ақ оны құрайтын қаржылық-құқықтық нормалардың өзара бірігуін және өздері реттейтін, негіздейтін тиісті қаржылық қатынастарға байланысты белгілі бір тәртіппен орналасуын көрсетеді.
Қаржылық құқықтың жүйесі көбінесе жалпы және ерекше бөлімдері арқылы көрініс табады.
Қаржылық құқықтың жалпы бөлімі:
Ал қаржылық құқықтың ерекше бөлімі:
Қаржылық құрылым
Мемлекеттің қаржылық құрылысының
құқықтық негіздері мемлекеттің
қаржы жүйесінің құрамын және
оның ұйымдастырылу құрылымын
Мемлекеттің қаржылық құрылысы өзара байланысқан:
Мемлекеттің қаржы жүйесін құрайтын қаржылық – экономикалық институттар:
Мемлекеттің қаржылық құрылымын арнайы мамандандырылған және өздеріне тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік органдар:
Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің ойдағыдай қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым – қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.
Қаржылық реттеудің әдістеріне: мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын қалыптастыру; қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақшалай қорлардың түрлері мен бағдар-бағыттарын айқындау.
Қазақстанда мемлекеттік қаржы жүйесі тұтасымен алғанда бірлік принципіне негізделген және қаржылық орталықтандыру қиынға түсуде, бірақ та белгілі жекеленген қаржылық – экономикалық институттардың элементтері (мысалы, жергілікті бюджеттердің) іс жүзінде бар екенін айтқан жөн.
Орталықтандырылған
Орталықтандырылмаған қаржылар жеке шаруашылық субъектілердің (мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің ақшалай қорлары) қарамағында болады.
Жалпы мемлекеттік қаржылар
жалпы мемлекеттік маңызы бар
шараларды қаржыландыру үшін тағайындалған
(мемлекеттік билік
Жергілікті қаржылар жергілікті маңызы бар шараларды қаржыландыру және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-аймақтың бірліктердің ақшалай қорларымен көрінеді.
Қаржы қызметінің тәсілдері:
Қаржылық бақылау
Қаржылық бақылау – қаржы
жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды
құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге
бағытталған ерекше қызметі.
Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің
қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы
ресурстарын құру мен тиімді бөлу үрдісін
қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық
бақылаудың құн категориясын пайдаланумен
байланысты бақылаудың ерекше саласы
ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану
аясы бар.
Қаржылық бақылаудың объектісі болып
қаржы ресурстарын, оның оның ішінде ұлттық
шаруашылықтың барлық звенолары мен деңгейлерінің
ақша қаражаттары қоры нысанында, құру
және пайдалану барысындағы ақшалай, бөлу
үдерістері танылады.
Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді
қамтиды: экономикалық заңдардың талаптарын
сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық
табысты бөлу және қайта бөлудің оңтайлы
пропорциясы; бюджетті құру және орындау
(бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, бюджеттік мекемелердің,
қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа
да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы
мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын
тиімді пайдалану; салықтық бақылау.