Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:57, реферат
Фашизм - ( латынша -шоғыр, байлам, бірлестік) -барлық демократиялық бостандықтармен прогресшіл қоғамдық қозғалыстарды басып жаншуға бағытталған ашықтан- ашық терорлық диктатура .Фашизмге адамгершілікті теріске шығару, нәсілшілдікті, шовинизмді, зорлық-зомбылықты қолдаумен қолдану, көсемнің жеке басына табыну мемлекеттің жаппай билігі жеке адамның өміріне толық бақылау орнату, адам баласына деген жек көрушілік милитарландыру, басқыншылық тән.
Фашизм
- ( латынша -шоғыр, байлам, бірлестік) -барлық
демократиялық бостандықтармен
прогресшіл қоғамдық қозғалыстарды
басып жаншуға бағытталған
Фашизм-саяси
әлеуметтік қозғалыс, тотаритарлық үлгідегі
идеологиялар мен мемлекеттік режимдер.
Фашизм әлем тарихындағы қаралы беттердің бірі болып табылады. Бұл ең алғаш Италияда пайда болған. Фашизм Италия халқына өте ауыр өшпес қайғы алып келген. Бұл жылдары Италияда «қаралы жылдар» деп атаған. Фашистер адамдарды еш аяусыз басып-жаншып, өлтіруге де дайын болған. Фашизм тек Италия халқына ғана емес дүние жүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді.Фашизм қазіргі таңдада үлкен проблемалардың бірі. Қазіргі таңда фашизмнің жаңа ағымы Ресей Федерациясында көрініс беруде.
Италия бірінші дүниежүзілік соғыстан ауыр қиыншылықтармен шықты. Алғашқыда үштік одаққа кіріп, 1915 жылы Антанта жағына шығып соғысқан Италия жеңіске жеткендер қатарында болды. Италияның премьер-министірі В.Э.Орландо Париж бітім конференциясынның Төртік кеңесіне кірді. Италия өзіне берілуге тиісті аймақтың тек аз ғана бөлігін алды. Соғыс жылдарында қатты шығынданған (алтынмен 65 млрд лир) Италияның шетелдерге қарызы тым көбейіп кетті.
Соғыс шырғалаңы құнсыздануды өсірді, жұмыссыздық етек жайып, соғыстан қайтқан солдаттар жұмысқа орналаса алмады. Мемлекетте революциялық бүлікшілер шыға бастады, әлеуметтік-саяси дағдарыс туындады. Мемлекеттік жүйе елдің алдында тұрған қиын мәселелерді жөнге келтіре алмады.
Соғысқа дейінгі Италияның саяси өмірінің ерекшелігі – белгілі бағдарламалы бұқаралық саяси партиялары мен дамыған нақты ұйымдық құрлымы болмады. Италия парламентіндегі буржуазиялық саяси ағымдар әртүрлі топтардан яғни, либералдар, республикашылар, радикалдар т.б. тұрды. Олар өздері сайланған аудандармеғн байланысы нашарланған соң басшылық маңына топтасты. Осы топтардың ішінде Италияның Социалистік партиясы нағыз саяси партия болды. 1919 жылы Ватиканның қолдауымен католик топтарды жақтаушы тұңғыш буржуазиялық Халықтық партия құрылды.
Түрлі қозғалыстар мен ұйымдардың ішінде фашистік топ алғашында онша көзге түспеді. Кедейленген ұсақ және орта буржуазия есебінен, ұсақ буржуазия арасынан шыққан байырғы майдангерлер есебінен саны толыққан фашистік қозғалыс бірте-бірте ұлғая берді.
Италия либералдық мемлекетінің әлсіздігі, демократиялық оппозиция күшінің бөлшектенуі Италия фашизмінің үкімет басына келуін жеңілдетті.
1920-1921 жылдары Италиядағы экономикалық дағдарысқа байланысты Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін іле-шала өрістеген фашистік қозғалыс кең көлемде лаңкестік әрекетке ұласып, тез арада күшейіп алды. 1919 жылы наурызда Миланда өткен жалпыұлттық жиналыста фашистік әскери қосындардың одағы құрылды. Фашистік топтарды құрушы, кейінірек партияны ұйымдастырушы Бенито Муссолини (1883-1945 жж) болды.
Жұмысшы отбасынан шыққан Муссолини мектеп мұғалімі болатын. Социалистік партияға мүшелікке өтіп, оның алдыңғы қатарында болды. Сол қанаттың өкілі ретінде ол соғысқұмарлық пен соғыс атаулыға қарсы шықты, Италия социалистік партиясының (ИСП) басшы органдарына сайланды және партияның орталық органы саналатын «Аванти» газетінің редакторы болды. Алайда 1914 жылы ол партия қатарына қуылып, «Пополо д' Италия» газетін шығарды және соғыстан кейін фашистік топтарды құруға атсалысты.
Фашистердің екпінді күші болып, таптық белгілерінен айырылған элементтерден, кез келген қылмысты жасауға дайын қылмыскерлерден құралған жауынгер топ құрылды. Бұл топтарды ағайынды Перроне, Пирелли, Палоно, Оливетти және т.б. монополистер, ірі латифундия өкілдері, генералдар қаржыландырып отырды. Фашистік қозғалыстар қатары кедейленген ұсақ және орта буржуазия есебінен бірте-бірте кеңейе түсті. Ал 1921 жылдан бастап, бұлар лаңкестік жолға көшті. 1921 жылы қарашада фашистер, Ұлттық фашистік партия құрды, оның басында Муссолини тұрды, оны «дуче» («көсем») деп атайтын.
1919-1920 жылдардағы саяси дағдарыс, сыртқы саясаттағы сәтіздіктер италяндықтардың
шовинистік ойларын күшпен орындауға шақырды. Италия армиясында
бүлікке
шақырушылар
көбейе
бастады.Олар Адриат теңізінің жағасына, Германияға әскер жіберуді талап етті.1920
жылдан бастап Италияда саяси күштердің
ара салмағы ұлтшыл шовинистік топтарға қарай
ауысты. Елдегі буржуазия дәрменсіздік білдірді. Экономикалық
дағдарыстар,
революциялық толқулар Италия буржуазиясының
террорлық саясатқа көшуіне жағдай жасады. Фашизмнің
халық
арасында беделі өсті. Фашизм Италияда ірі әлеуметтік
күшке
айналып, жаңадан әскери ұйымдар мен құрылымдар құрып, Италияны дағдарыстан алып шығатын бірден-бір күш
деп жарияланды.
Либералдық үкімет
революциялық толқулардан соң террорлық қимылға көшті. Буржуазия дағдарыстан
шығудың
жолын таба алмады, фашистік қозғалыс кең етек алып, халық арасында жаңа беделге ие бола бастады.
Фашистік топтар күштерін біріктіріп, 1919 жылы
“әскери
одақ”
(fasudi combatmento) құрды. “Әскери одақ” фашистік ұйым ретінде құрылып, оның жетекшісі Муссолини болды.
Фашистер елде өздерінің шовинистік, ұлтшылдық, үгіт-насихатын кең түрде жүргізді. Италия үкіметінің дәрменсіздігін сынға
алды. “Ұлттық мүдде”, “ұлы ұлт” идеясын таратты.
Жұмысшы
табының арасында таза экономикалық
саясатты, ереуілдік қозғалысты қолдап, жұмысшы табының мүддесін қорғады. Шаруалар арасында “жерді
кім өңдесе, жер соныкі” ұранын
тастады. Италияда фашизмді негізгі әлеуметтік
топтар, халықтың кедейленген саласы қолдады.
Фашизмнің
негізгі тірегі қалалық ұсақ буржуазия болды. Олар өз
меншіктерін қорғау үшін үкімет қолдап отырған ірі буржуазияны қатты
сыңға
алып, фашизмнің ұрандарын насихаттады. Фашизмнің
шабуылы күшейген кезде халық
арасында ықпалы бар дәстүрлі Италия Социалистік
партиясы оқшауланып, тек қана социалистік идеяны
уағыздау
меншіктеліп қалды. Жұмысшы тобы реакциялық
буржуазия жағына шықты.
1920 жылдың
аяғында
Солтүстік
және
Орталық Италияда фашистер ашық
террорға шығып, коммунистер ықпалындағы
жергілікті ұйымдарды талқандап, большевиктерден
елді құтқаруға шақырды.
Жұмысшы
тобын әлсіретіп, ұсақ буржуазия ықпалын күшейту бағытын ұстанды. Италия үкіметі де біртіндеп фашизмді
саяси жағынан қолдап, 1921 жылы соғыс министрі И.Бономи әскерлерді
фашистік ұйымдарға көмекке жіберіп,
фашизмнің қарулануына жол берді. Италия
премьер-министрі либерал Дж. Джолити
парламенттегі 35 фашистік депутаттармен
бір блокқа кіріп,
ИСП мен ИКП депутаттық тобына қарсы күресіп отырды. Италияның
ірі буржуазиясы елдегі либерал-парламенттік
саяси күшті сақтай отырып, фашизмді ашық
қолдады. 1921-1922 жылдарда антифашистік
күштер
өте әлсіз болды. Италияның ұлылығын қалпына келтіретін
бірден-бір саяси күш фашизм деп түсінді. Фашизмнің үкіметті өз қолына алуына
жол ашылды.
1922 жылдан
бастап фашистер парламентті таратып,
диктатуралық билікті орнатуға шақырды.