Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 11:47, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................................6
1 Халықты жұмыспен қамту қызметіне жалпы сипаттама........................8
1.1 Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері .....................................8
1.2 Жұмыспен қамтудың негізгі қағидалары...............................................11
2 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.........................................................................................................16
2.1Халықты жұмыспен қамту органының негізгі қызметі........................16
2.2 «Жол картасы» – жұмыссыздықты төмендетудің басты жолы...........47
2.3 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы және оны іске асырудағы мәселелер...........................................................................................................
Қорытынды.....................................................................................................54
Қолданылған әдебиеттердің тізімі..........................................................

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 133.82 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтiк көмек  көрсету жүйесiн жетiлдiру 

Әлеуметтiк көмек көрсету  жүйесiн жетiлдiру 2012 жылдан бастап жұмыспен қамту мен атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi - АӘК) көрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған.

Осы мақсатта әлеуметтiк  көмек көрсетудiң мынадай тәртiбi мен шарттары ұсынылады.

АӘК күнкөрісі төмен отбасылар  арасындағы еңбекке жарамды жастағы  адамдарға олар осы Бағдарламада көзделген iс-шараларға қатысқан жағдайда ғана тағайындалатын болады. Олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысудан бас тартқан немесе келiсiмшарт бойынша мiндеттемелерiн  орындамаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар оларға АӘК төлеудi тоқтата  тұрады, бұл ретте отбасы АӘК алу  құқығын сақтайды.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары  азаматтардың әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарын орындауына бақылау жүргiзедi және ұсынылған көмектiң тиiмдiлiгiн  бағалайтын болады.

Құрамында еңбекке қабiлеттi мүшелерi жоқ (жалғызбасты, қарт адамдар) не отбасында мүмкiндiгi шектеулi мүшелерi (мүгедектер, әлеуметтiк мәнi бар  аурулармен ауыратын адамдар) бар күнкөрісі  төмен отбасыларға АӘК Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңнамасына  сәйкес берiлетiн болады. 

Бағдарламаны  институционалдық ұйымдастыру

Бағдарламаның iске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен  басқарылады, оның құрамына ВАК, Бағдарламаның  операторы, Бағдарламаны жергiлiктi деңгейде iске асыру жөнiндегi өңiрлiк және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық  және облыстық, аудандық және ауылдық  маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдар кiредi.     

ВАК мынадай негiзгi функцияларды жүзеге асырады:

Бағдарламаны бағыттары  бойынша өңiрлер бөлiнiсiнде қаржыландыру лимиттерiне келiсiм бередi;

Бағдарламаның орындалуының негiзгi өлшемдерiн қарауды жүзеге асырады және орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Бағдарламаны iске асыру бойынша есептерiн  тыңдайды;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  қарауына Бағдарламаны iске асыруға  байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар  енгiзедi.

Бағдарламаның операторы:

Бағдарламаны нормативтiк  құқықтық, әдiстемелiк және ақпараттық қолдауды;

Бағдарлама бағыттары  бойынша қаржыландыру лимиттерiн  белгiлеу жөнiнде ұсыныстар дайындауды;

жергiлiктi атқарушы органдар қол қойған Келiсiмдердiң негiзiнде  Бағдарламаның iске асырылуына мониторингті;

ағымдағы бос жұмыс  орындары мен болжанатын жұмыс орындарының  дерекқорын қалыптастыру тәртібін және жергілікті мемлекеттік органдар мен  ұйымдар беретін кадрларға қажеттілік туралы ақпарат беру нысандарын  әзірлеу және бекітуді;

орталық мемлекеттік органдардың  кадрларға қажеттілік туралы ақпарат  беру тәртібі мен нысандарын әзірлеу  және бекітуді;

өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялардың үлгілік ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың, жұмыс берушілер  мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылуы туралы өтініштерінің (хабарламаларының нысандарын) әзірлеу  және бекітуді;

Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін әзірлеуді  және бекітуді;

жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарының негізінде білім  беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын кәсіптік білім  беретін оқу орындарының тізбесін қалыптастыруды қамтамасыз етедi.

Өңiрлiк комиссиялар:

Бағдарламаға қатысушылардың тiзiмiне келiсiм бередi;

жеке кәсiпкерлiктi дамытудың  басым бағыттарына келiсiм бередi;

Бағдарламаны бағыттары  бойынша өңiрлер мен қалалар бөлiнiсiнде  қаржыландыру лимиттерiне келiсiм бередi;

уәкiлеттi өңiрлiк ұйым микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарға және кредиттік  серіктестіктерге беретін кредиттер  бойынша жылдық сыйақы ставкасының  мөлшерiне келiсiм бередi;

соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi пайыздық ставканың мөлшерiне келiсiм бередi;

жұмыс берушілердің өтінімдері мен басқа өңірлердегі өңірлік  комиссиялардың ұсыныстарының негізінде  Бағдарлама операторына Бағдарлама қатысушыларының басқа облысқа  көшуі бойынша ұсыныс енгізеді;

облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдардың  Бағдарламаның орындалуы туралы есептерiн тыңдайды.

Аудандық (қалалық) комиссиялар:

халықты жұмыспен қамту орталықтары  ұсынатын ақпараттар мен құжаттар негiзiнде  Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларына iрiктеу жүргiзедi және тиiстi ұсыныстарды  қарау үшiн өңiрлiк комиссияларға  жiбередi;

жеке кәсiпкерлiктi дамытудың  басым бағыттарына келiсiм бередi;               Бағдарламаның үшінші бағытының шеңберінде көшетін азаматтар мен көшіп келушілерге қатысты Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу туралы (одан бас тарту туралы) ұсынымдарды әзірлейді. 

Облыстық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдар:

аудандар мен қалалардың әкiмдерi ұсынған жобаларға және 
Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын iс-шаралар жоспарларына келiсiм бередi;

Бағдарламаның өңiрлiк құрамдас бөлiктерiн қаржыландыру  лимиттерi жөнiндегi ұсыныстарды өңiрлiк комиссияның және Бағдарлама  операторының қарауына енгiзедi;

экономикалық даму және сауда  мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орталық  органмен келiсiм бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң тiзбесiн айқындайды, Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын әзiрлейдi.

Өнiмдi еңбекке ынталылықты  және экономикалық белсендiлiктi күшейту  жөнiнде халықпен жұмыс жүргiзу тиiмдiлiгiн  арттыру үшiн аудандық (қалалық) маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдардың  жұмыспен қамту қызметi жаңғыртылатын  болады.

Барлық аудандарда (қалаларда) мемлекеттiк мекеме нысанында Халықты  жұмыспен қамту орталықтары құрылды, олардың қызметкерлерi (азаматтық  қызметшiлер) Бағдарламаны iске асыруды  қамтамасыз етеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негiзгi мiндеттерi:

1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi  бойынша азаматтарды хабардар  ету және консультация беру  қызметiн ұсыну, құжаттарды дайындауда  көмек көрсету, үмiткерлердiң қажеттiлiктерiн  зерттеу мақсатында олармен консультация  жүргiзу және үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң құжаттарын қабылдау; 

2) Бағдарламаның әлеуеттi  қатысушыларын, олардың мәртебесiне, еңбек нарығындағы әлеуеттi мүмкiндiгiне  және әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығын  бағалауға байланысты санаттар  бойынша iрiктеу және бөлу;

3) Бағдарламаға қатысушылармен  әлеуметтiк келiсiмшартқа жасасу, олардың орындауына мониторинг  жүргiзу және оның талаптарын  орындамаған жағдайда заңнамаға  сәйкес санкция қолдану.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны iске  асыру мәселелерiмен, жұмыс берушiлермен, бiлiм беру ұйымдарымен және жеке меншiк жұмыспен қамту агенттiктерiмен  өзара iс-қимылды үйлестiрумен айналысатын  өкiлдiктерi, бөлiмшелерi (немесе мамандары) болуы мүмкiн.

Халықты жұмыспен қамту орталығының  үлгi жарғысын Бағдарлама операторы  әзiрлейдi және бекiтедi. 

Бағдарламаны  ақпараттық қамтамасыз ету 

Жұмыспен қамту бағдарламасын iске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету енгiзiлетiн Әлеуметтiк-еңбек  саласының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң (бұдан әрi – ӘЕСБАЖ) базасында  жүзеге асырылады.

«Еңбек нарығы (Дерекқор), «Шетелдiк жұмыс күшi», «Еңбектi қорғау мен еңбек қауiпсiздiгi», «Әлеуметтiк  көмек (АӘК, МБЖ)», «Е-собес», «Байланыс  орталығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiн қамтитын ӘЕСБАЖ:     нақты уақыт режимiнде Дерекқорды пайдалануға;

Бағдарлама шеңберiнде орындалатын бизнес-процестердi автоматтандыруға;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтiк қолдау үшiн өтiнiш  берген адамдарды, оның iшiнде Бағдарламаға қатысушыларды автоматты түрде есепке алуды жүргiзуге;

АӘК тағайындау кезiнде Бағдарламаға қатысушылардың табысын анықтау үшiн «ЗТМО» РМҚК тиiстi дерекқорларын пайдалану, бұл бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын болғызбайды.

Бұған қоса, кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасы қалыптастырылады және «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай веб-порталы құрылады.

Бағдарлама шеңберінде сервистік  қызметтер көрсету жөніндегі  ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік  қолдау шаралары, қызметтер және оқу  орындарының тізбесі туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады. 

Бағдарламаны  iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

Бағдарламаны iске асыру  нәтижесiнде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң  белсендi шараларымен бiр жарым  миллион адамға дейiн, оның iшiнде  шамамен 800 мың ауыл тұрғынын қамту  жоспарланып отыр.

Жұмыспен тиiмсiз қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық  азаяды, еңбек өнiмдiлiгi, сондай-ақ халықтың табысы артады.

2020 жылға дейiнгi сандық  индикаторлар Бағдарламаның екiншi кезеңiнің аяқталуына қарай тиiстi өзгерiстер енгiзу мүмкiндiгiмен  айқындалатын болады. 

 Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

Бағдарламаны iске асыру  екi кезеңде жүзеге асырылады: бiрiншi кезең – 2011 жыл пилоттық жыл болады, екiншi кезең – 2012 – 2015 жылдар –Бағдарламаны  енгiзу кезеңi, 2016 – 2020 жылдар Бағдарламаны толық ауқымда iске асыру кезеңi.

Бiрiншi кезеңде (2011 жылдың 2-жартыжылдығы) Бағдарламаның бiрiншi және екiншi бағыттары  барлық өңiрлерде пилоттық режимде  енгiзiлетiн болады. Үшiншi бағыт (экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) жергiлiктi атқарушы органдардан келген ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Тиiстi нормативтiк құқықтық база жасалады, Бағдарламаға қатысушыларды  экономикалық өсу орталықтарына  және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшiру тетiгi пысықталады, Бағдарламаға қатысушыларды ҮИИДМБ жобаларын iске асыруға тарту  бойынша шаралар қабылданатын болады.

Сонымен қатар Бағдарламаны iске асырудың екiншi кезеңiне дайындалу  үшiн облыстық және аудандық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдар:

Бағдарлама шеңберiнде iске  асырылатын жобалардың тiзбесiн, қатысушылардың санаттарын, олардың белсендiлiгiн  арттыру шаралары мен тәсiлдерiн (Бағдарлама операторымен келiсiм бойынша) айқындайды;

қызметтiк тұрғын үй құрылысына және (немесе) оны сатып алуға  жергiлiктi бюджет қаражатынан қоса қаржыландыру үлесiн ескере отырып, Бағдарламаны iске асыруға бюджеттiк  өтiнiм ұсынады.

Жергiлiктi атқарушы органдардың  бюджеттiк өтiнiмдерi Республикалық  бюджет комиссиясында қаралатын  болады, онда мемлекеттiң қаржы мүмкiндiктерi ескерiле отырып, Бағдарламаны қаржыландырудың 2012 – 2015 жылдарға арналған лимитi айқындалатын болады.

Екiншi кезеңде: 2012 – 2015 жылдары  – Бағдарламаның өңiрлiк құрамдас бөлiктерi әзiрленiп, келiсiлетiн болады және орындала бастайды, әлеуметтiк  қолдау көрсету шарттары мен тәртiбiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн  болады.

Үшiншi кезеңде (2016 – 2020 жылдары) еңбек нарығында туындайтын қатерлердi басқару және жұмыспен нәтижелi қамтуға  жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған  тетіктер мен құралдар негiзiнде  жүзеге асырылатын болады. 

Қажеттi ресурстар  және оларды қаржыландыру көздерi

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыруға республикалық бюджетте:

2011 жылға – 37,4 млрд. теңге,  оның iшiнде:

бiрiншi бағыт бойынша: оқытуға  және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге – 14,3 млрд. теңге;

екiншi бағыт бойынша: кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесуге – 4,8 млрд. теңге;

үшiншi бағыт бойынша: еңбек  ресурстарының ұтқырлығын арттыруға  – 16,2 млрд. теңге;

халықты жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз етуге және ақпараттық сүйемелдеуге – 2,1 млрд. теңге;

2012 жылға – 57,6 млрд. теңге,  оның iшiнде:

бiрiншi бағыт бойынша: өз бетiнше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз және табысы аз халықты оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына  жәрдемдесуге –22,1 млрд. теңге;

екiншi бағыт бойынша: ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесуге –   13,4 млрд. теңге;

үшiншi бағыт бойынша: еңбек  ресурстарының ұтқырлығын арттыруға  – 9,4 млрд. теңге;

төртiншi бағыт бойынша: ауылдық  елдi мекендердi дамытуға – 9,9 млрд. теңге;

халықты жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз етуге – 2,9 млрд. теңге;

2013 жылға – 94,7 млрд. теңге  (оның ішінде 20 млрд. теңге – шартты  қаржыландыру шығыстары);

Информация о работе Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары