Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 11:47, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................................6
1 Халықты жұмыспен қамту қызметіне жалпы сипаттама........................8
1.1 Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері .....................................8
1.2 Жұмыспен қамтудың негізгі қағидалары...............................................11
2 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.........................................................................................................16
2.1Халықты жұмыспен қамту органының негізгі қызметі........................16
2.2 «Жол картасы» – жұмыссыздықты төмендетудің басты жолы...........47
2.3 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы және оны іске асырудағы мәселелер...........................................................................................................
Қорытынды.....................................................................................................54
Қолданылған әдебиеттердің тізімі..........................................................

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 133.82 Кб (Скачать файл)

Іске асыру тетігі:        

1. Бағдарламаның үшінші  бағытына қатысуға үміткерлер  халықты жұмыспен қамту орталықтарына  Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің  белсенді шараларына қатысатын  адамдардың ұтқырлығын арттыруға  жәрдемдесу және оларға мемлекеттік  қолдау шараларын көрсету қағидасында  көзделген құжаттарды қоса бере  отырып, көшуге өтініш береді.        

2. Халықты жұмыспен қамту  орталығы құжаттардың Бағдарламаның  үшiншi бағытына қатысуға iрiктеу  өлшемдерiне сәйкестiгi тұрғысынан  қарайды, өтiнiш берушiлермен көшудiң  ықтимал жолдарын келiседi және көшетiн жерiне қарай құжаттарды өңiрлiк немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды.         

3. Бағдарламаға қатысуға  өтiнiш берген адамдардың құжаттарын  қарау қорытындысы бойынша:

1)өңiрлiк комиссиялар:

бiр ауданнан басқа ауданға, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегiнде  көшетiн азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан  бас тарту) туралы ұсынымдар;

басқа облысқа көшетiн  азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан  бас тарту) туралы өтiнiмдер немесе ұсыныстар  дайындайды;

2) аудандық/қалалық комиссиялар  бiр ауданның шегiнде көшетiн  азаматтарға қатысты Бағдарламаға  қатысушылар құрамына қосу (қосудан  бас тарту) туралы ұсынымдар  дайындайды.

4. Бағдарлама операторының, өңiрлiк не аудандық/қалалық комиссия  шешiмiнiң негiзiнде халықты жұмыспен  қамту орталығы өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылардың құрамына  қосу (қосудан бас тарту) туралы  шешiм қабылдайды.

5. Бағдарламаның үшiншi бағытына  қатысушылар тiзiмiне енгiзiлген  адамдар мен халықты жұмыспен  қамту орталығы арасында (келген  жерiнiң) әлеуметтiк келiсiмшартқа  қол қойылады. Әлеуметтiк келiсiмшарт  көшу бойынша әлеуметтiк қолдаумен  қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру  бойынша iс-шараларды қамтиды.

6. Құрылыс және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган сейсмологиялық аймақтарды  және оның сипатын ескере отырып, тұрғын үйдiң (жеке немесе көппәтерлi) үлгiлiк жобасын әзiрлейдi.

7. Бағдарламаға қатысушылар  тиiстi бiлiктiлiгi болған жағдайда, қызметтiк тұрғын үйдi салу  және тиiстi инженерлiк-коммуникациялық  инфрақұрылымды дамыту барысында  құрылатын жұмыс орындарына орналасуға  басым құқыққа ие болады.

8. Әлеуметтiк келiсiмшарт  талаптарының орындалуын халықты  жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

Үшінші бағытты  пилоттық режимде іске асырудың қосымша  шарттары 

2013 жылдан бастап Шығыс  Қазақстан, Солтүстік Қазақстан,  Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен айқындалған  өңірлерде қызметтік тұрғын үйлер  салу, сатып алу, салып бітіру  және қоныстандыру жұмыс берушілердің  қатысуымен жүзеге асырылады.

Жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда құрылыс  орнын, салу, сатып алу және салып  бітіру үшін тұрғын үйдің ықтимал  нұсқаларын таңдау оның қатысуымен жүзеге асырылады.

Бұл ретте жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландыру салынатын, сатып алынатын және салынып бітірілетін  тұрғын үйдің кемінде 10 %-ын құрауы және кемінде бір пәтер не жеке тұрғын үй салуды пайдалануға беруді не сатып алуды қамтамасыз етуге тиіс.

Салынған және пайдалануға  тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен  жұмыс беруші арасында осы тұрғын үйді салуға көзделген қаражатқа  сәйкес бөлінеді.

Бағдарламаға қатысушылар  құрамына қосу қызметтік тұрғын үйлер  салуға, сатып алуға, салып бітіруге және қоныстандыруға қатысатын жұмыс  берушілердің  жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

Егер жұмыс беруші қызметкерлер үшін тұрғын үй салуды өз бетінше қамтамасыз еткен жағдайда, жергілікті атқарушы органдар  заңнамаға сәйкес тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін бөлуге, аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына немесе құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ  жүргізуге және қосылуға техникалық жағдай жасалуына жәрдем көрсетеді.

Бағдарлама шеңберінде 2011 – 2012 жылдары енгізілген тұрғын үй әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне  қарамастан, елді мекендерден көшетін  Бағдарламаға қатысушыларға жұмыс  берушілер тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға қатысуы  шартымен беріледі.

Төртiншi бағыт:ауылдық  елдi мекендердi дамыту

Бұл бағыт әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi орташа немесе жоғары ауылдық  елдi мекендерде және шағын қалаларда  инфрақұрылымдық жобаларды iске  асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды  қамтамасыз етуге бағытталған.

Өз бетiнше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз, халықтың нысаналы топтары  қатарындағы Қазақстан Республикасының  азаматтары мен оралмандар осы бағыттың қатысушылары болып табылады.

Қажеттi кәсiптiк бiлiктiлiгi бар Бағдарламаға қатысушыларға  инфрақұрылымдық жобаларды iске  асыру кезiнде құрылатын жұмыс  орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiледi.

Iске асыру тетiгi:

1.Облыстардың әкiмдерi бөлiнген  жалпы қаржыландыру лимиттерiн  негізге алып Бағдарлама шеңберiнде  iске асыру үшiн инфрақұрылымдық  жобаларды:

облыстар бойынша бөлiнген жалпы қаржыландыру лимиттерiн;

жергілікті бюджеттердің және әлеуметтік жауапты кәсіпкерлердің қоса қаржыландыруын;

ауылдық елдi мекендердiң  әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетiн (жоғары немесе орташа);

мемлекеттiк сараптамадан өткен объектiлердi салуға, реконструкциялауға, күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуын;      

инфрақұрылымдық жобалар  шеңберiнде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеудi жүзеге асыру жоспарланып  отырған орындалатын жұмыс көлемiнiң  ақаулар ведомосының, сметалық құжаттамасының, шығыстар сметасының болуын;

құрылатын жұмыс орындарының  санын, оларға Бағдарламаға қатысушылардың басым тәртiппен жұмысқа орналасуын және орташа айлық жалақысының мөлшерiн;

мемлекеттiк сатып алуды  жүргiзу мерзiмiн және тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi отандық өндiрушiлерден сатып алу мүмкiндiгiн;            оларды iске асыруды бастау және аяқтау мерзiмiн;

ауылдық елдi мекеннiң әлеуметтiк  және коммуналдық-тұрмыстық инфрақұрылыммен  қамтамасыз етiлу дәрежесiн (тапшылық және/немесе әбден тозуы);

өңiрдiң табиғи-климаттық  жағдайын және оларды iске асыруға  әсер ететiн басқа да ерекшелiктерiн  ескере отырып, iрiктеудi жүзеге асырады.

әлеуметтік жауапты кәсіпкер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және Бағдарламаның іс-шараларын  қоса қаржыландыруға өз еркімен ниет білдірген жеке немесе  мемлекеттік емес заңды тұлға.

  1. Инфрақұрылымдық жобалар:

коммуналдық-инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн (су құбыры, кәрiз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерi) реконструкциялауды, күрделi және ағымдағы жөндеудi;

инженерлiк-көлiк инфрақұрылымын (кентiшiлiк және ауылiшiлiк жолдар, кiреберiс жолдар, аудандық маңызы бар  жолдар, платиналар, бөгеттер мен көпiрлер) реконструкциялауды, күрделi, орташа және ағымдағы жөндеудi;

әлеуметтiк инфрақұрылымды (бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк  қамсыздандыру, мәдениет, спорт, демалыс  және ойын-сауық объектiлерi) реконструкциялауды, күрделi және ағымдағы жөндеудi;

ауылдық елдi мекендерде орналасқан дәрiгерлiк амбулаториялар мен фельдшерлiк-акушерлiк пункттердi салуды;

абаттандыруды (көшелердi жарықтандыру және көгалдандыру, иесi жоқ объектiлердi бұзу, қатты тұрмыс қалдықтары полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын алаңшаларын көрiктендiру) қамтиды.

  1. Облыс әкiмдерi iске асыру ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес талап етілетін техникалық құжаттаманы және инфрақұрылымдық жобаларды таңдау негiздемесiн қоса отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне қарау үшiн ұсынады;

2014 жылдан бастап инфрақұрылымдық  жобаларды іске асыру жергілікті  атқарушы органдар (кемінде 10 %) және  әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер (кемінде 10 %) тарапынан қоса қаржыландыру шартымен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер  қоса қаржыландырған жағдайда Инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі олардың қатысуымен айқындалады.

Әлеуметтік жауапты кәсіпкерлердің қатысуы ақшалай қоса қаржыландыру нысанында да және бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тауарлық-материалдық құндылық ұсыну нысанында да болуы мүмкін.

  1. Жобаларды қарау барысында республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жобалардың техникалық құжаттамада ұсынылған жұмыс түрлерiне сәйкестiгiн тексередi және жобаларды қарау нәтижесi бойынша тиiстi қорытындылар дайындайды.
  2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң iске асырылуы көзделген инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруы бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру шеңберiнде инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқан елді мекенде тұратын (халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша) Бағдарламаға қатысушыларға құрылатын жұмыс орындарының елу пайызына дейiн ұсынуды қамтамасыз етеді. Еңбек нарығындағы ұсыныстарды пайдалана отырып, еңбек ресурстарын қосымша тартуға халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жазбаша келiсім болған жағдайда жол беріледі.
  4. Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысуды қалайтын және оған мүмкiндiгi бар Бағдарламаның әлеуеттi қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен жүгінеді және қажеттi құжаттарды ұсынады.
  5. 8.Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларының кәсiптiк бiлiктiлiгiн және инфрақұрылым жобаларын iске асыратын жұмыс берушiлердiң кадрларға қажеттiлiгiн ескере отырып, өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.     

9.Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.     

10.Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыларды iске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшiн жiбередi.

11.Әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

Бағдарламаға қатысушылар  мен Бағдарлама шеңберiнде инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысатын жұмыс берушiлер туралы мәлiметтер әлеуметтiк-еңбек саласының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады.

12.Республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде iске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргiзедi.

Осы бағыт шеңберiнде нысаналы даму трансферттерiн аудару тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу

Бағдарлама операторы  облыстар, Астана және Алматы қалалары деңгейінде Бағдарламаның көрсеткіштері  мен іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары  аудандар (қалалар) деңгейінде Бағдарламаның  көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары  мен аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті  органдары ауылдар мен селолар  деңгейінде Бағдарламаның көрсеткіштері  мен іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады.

Бағдарламаға  қатысушылардың әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерінің орындалу мониторингі аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары мен халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.

2013 жылдан бері  Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, және Павлодар облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен айқындалған өңірлерде:

- жұмыс берушінің әлеуметтік  келісімшартта айқындалған міндеттерінің  орындалу мониторингін халықты  жұмыспен қамту орталығы мен  білім беру ұйымы жүзеге асырады;

- білім беру ұйымдарының  әлеуметтік келісімшартта айқындалған  міндеттерінің орындалу мониторингін  халықты жұмыспен қамту орталығы  мен жұмыс беруші жүзеге асырады.

Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін Бағдарлама операторы бекітеді. 

Информация о работе Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары