Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 11:47, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................................6
1 Халықты жұмыспен қамту қызметіне жалпы сипаттама........................8
1.1 Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері .....................................8
1.2 Жұмыспен қамтудың негізгі қағидалары...............................................11
2 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.........................................................................................................16
2.1Халықты жұмыспен қамту органының негізгі қызметі........................16
2.2 «Жол картасы» – жұмыссыздықты төмендетудің басты жолы...........47
2.3 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы және оны іске асырудағы мәселелер...........................................................................................................
Қорытынды.....................................................................................................54
Қолданылған әдебиеттердің тізімі..........................................................

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 133.82 Кб (Скачать файл)

Шетелдіктер мен  азаматтығы жоқ адамдар, бұларға қоса шетелдіктің ықтиярхатын жəне азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгі соғылған куəлігін табыс етеді. Алайда, мойындайтын бір жайт, аталған тіркеу жұмыссыздардың нақты санын көрсетпейді. Себебі, мəжбүрлі көшіп-қонушылар, тұрғылықты жері жоқ тұлғалар, өз бетімен жұмыс іздеп жүргендер жəне бір жылдан астам уақыт жұмыс іздеп жүрген тұлғалар мұндай тіркеуден тыс қалып қояды. Азаматтар барлық құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмыссыз деп танылады. Уəкілетті органда тіркелген жұмыссыз адамдар – күнтізбелік күн ішінде кемінде бір рет уəкілетті органда, ал селолық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар – айына кемінде бір рет поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкімінде белгіленуі тиіс.

Жұмыссыздар ретінде  мына азаматтар танылмайды:

- 16 жасқа дейінгі  жасөпірімдер;

- зейнеткерлік  жасына жеткен жəне еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққан зейнеткерлер.

Мүгедектер медициналық-əлеуметтік комиссия берген қорытындының негізінде жұмыссыз деп танылады.

Уəкілетті орган мына жағдайларда жұмыссызды есептен шығарады:

- лайықты жұмыстың  ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас тартқанда, ал бірінші рет жұмыс іздеушілер – екі рет ұсынылған кəсіби дайындықтан өтуден немесе ақылы жұмыстан, соның ішінде, уақытша жұмыстан бас тартса. Алайда, бір жұмыс орнын екі рет ұсынуға болмайды;

- қайта тіркеу  мерзімін себепсіз жағдайлармен өткізіп алған, сонымен қатар, шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде дəлелсіз себептермен уəкілетті органға келмесе. Жекелеген жағдайларда жұмыссыз ретінде танылмаған тұлғалар оларды тіркеуден бас тартқан күннен соң, бір ай мерзім өткенде халықты жұмыспен қамту туралы органға өздерінің жұмыссыз ретінде тану туралы қайтадан жолдана алады.

Көрнеу жалған мəліметтері бар құжаттарды ұсынған, сонымен қатар, бостандығынан айырылған, бостандығынан айырусыз түзету жұмыстарына жіберілген сотталған тұлғалар жұмыссыздар ретінде тіркеуге алынбайды.

Жұмыссыздың құқықтық мəртебесі. Жұмыссыз тұлғаның құқықтық мəртебесі немесе құқықтық жағдайы 4 элементтен тұрады:

- еңбекке құқықсубъектілік, яғни, жұмыссыздың құқықтар мен  міндеттерді иеленуге қатысты заңмен танылған қабілеті, еңбек құқығының қатысушысы (субъектісі) болу мүмкіндігі. Жұмыссыз тұлға халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органда тіркелген сəтінен бастап еңбекке құқықсубъектілігін иеленеді (ҚР «Халықты жұмыспен қамту» туралы заңының 15-бабы).

- жұмыссыздың  негізгі құқықтары мен міндеттері, бұларды жұмыссыздың еңбекке құқықсубъектілігіне ие, яғни, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген тұлға иеленеді

 

 

 

       2 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары

      2.1 Халықты жұмыспен қамту органының негізгі қызметі


 

Қазақстан Республикасында  еңбек нарығын және жұмыспен қамту  саласын реттеу 1991 жылдан бастап негiзiнен  халықты жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламалары форматында жүзеге асырылды: Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000 –                2002 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң               2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003 – 2005 жылдарға арналған бағдарлама және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы                             27 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы.       2008 – 2010 жылдарға жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алуға, жұмыспен нәтижелi қамтудың өсуіне жәрдемдесуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға және ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 қарашадағы 
№ 1114 қаулысымен бекiтiлген болатын.

Алайда әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiмен 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында  өндiрiс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуi байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуi және тиiсiнше халық  табысының азаюы белең алды. 264 кәсiпорын өндiрiсiн толық немесе iшiнара тоқтатты. Қырық мыңнан астам  қызметкер iшiнара жұмыспен қамту режимiне ауыстырылды не ақысы төленбейтiн  демалыстарға жiберiлдi. Жұмыссыз халық саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсендi халықтың 6,6%).        

 Жұмыссыздықтың өсуi, қызметкерлердiң одан әрi босатылуы,  әсiресе өндiрiстiң экспортқа бағытталған салаларында болжанды. Құрылыс, сауда, көлiк және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупi күтілді.

Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан  Республикасының Үкiметi жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуiне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңаларын құруға бағытталған арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол картасын) әзiрледi.         

 Жол картасы шеңберiнде  жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарын (әлеуметтiк жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру) кеңiнен қолдану халықтың нысаналы топтары құрамындағы азаматтардың белсендiлiгiне ықпал еттi, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi (4,7 %) алғаш рет елдегi жұмыссыздықтың жалпы деңгейiнен төмен көрсеткiште белгiлендi.        

 Жол картасының негiзгi нәтижелерi: шамамен 9 мың жоба iске  асырылды; 392 мың жұмыс орны құрылды;  шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта даярлауға жiберiлдi, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды; 192 мыңнан астам адам әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберiндегi жұмыс орындарына орналастырылды.        

 Дағдарыс жағдайында iске асырылған халықты жұмыспен  қамтудың қысқа мерзiмдi стратегиясы – Жол картасы жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiне жол бермеумен катар, оның деңгейiнiң 2009 жылғы екiншi тоқсандағы 6,9 %-дан 2010 жылғы желтоқсанда 5,5 %-ға дейін төмендеуiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.        

          Жұмыспен қамтудың өсуi халық табысының артуы мен кедейлiк деңгейiнiң төмендеуiне негiз болды. Табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз халық үлесi 2001 жылғы 46,7 %-дан 2006 жылғы 18,2 %-ға және 2010 жылғы  6,9 %-ға дейін азайды.        

          Алайда оң өзгерiстерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығы теңгерiмді емес. Жұмыссыздар бар болғанына қарамастан бос жұмыс орындарының толықтырылмауы сақталып отыр, экономика салаларының мамандарға деген қажеттiлiгiнiң объективтi болжамы жоқ. Еңбек ресурстары сапасының төмендiгiне және өндiрiс пен оқудың арасында нақты байланыстың болмауына байланысты жұмыс күшiнiң, бiрiншi кезекте бiлiктi кадрлардың, техникалық және қызмет көрсету еңбегi қызметкерлерiнiң тапшылығы байқалып отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бiрiнiң кәсiптiк бiлiмi жоқ.        

          Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өз бетiнше жұмыспен айналысатындардың үлесi – 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың негiзгi бөлiгi ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығын жүргiзумен айналысады, одан түсетiн табыс тiршiлiк етуге жеткiлiктi деңгейде ғана болады. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың басым бөлiгi әлеуметтiк қорғау және қолдау жүйесiмен қамтылмаған.         

 Ауыл жастарының жағдайы  ерекше алаңдаушылық тудырып  отыр, кәсiптiк бiлiм алуға қолжетiмдiлiгi шектеулi болғандықтан, олар ресми еңбек нарығында iс жүзiнде бәсекеге қабiлетсiз болып табылады.        

          Еңбек нарығында қалыптасқан мұндай ахуалдың тiкелей салдары кедейлiктiң сақталуы болып табылады, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам адамның табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз.        

 Аз қамтылған халықты  әлеуметтiк қолдауда жұмыспен  қамтуға және еңбектен табыс табуға жәрдемдесудiң белсендi шаралары жеткiлiктi қолданылмайды. 
         Өткен ғасырдың 90 жылдарының соңында жұмыспен қамту қызметтерiне жүргiзiлген институционалдық қайта құрулар еңбек нарығын реттеу тиiмдiлiгiн төмендеттi. 
                  Осылайша қалыптасқан жағдай кедейлiктi төмендету қарқынын баяулатып қана қоймайды, сонымен қатар экономикалық өсудің жаңа кезеңiне өту жағдайында жұмыс күшiне деген сұраныстың артқанына қарамастан, елде бар еңбек ресурстарының толық пайдаланылмайтынын білдіреді.        

 Әлемдiк практикада осы тектес проблемаларды шешу үшiн еңбек нарығындағы белсендi бағдарламалар (бұдан әрi – ЕНББ) қолданылады. ЕНББ еңбек ресурстарын дамыту (кәсiптiк даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшiне деген сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), еңбек нарығын реттеудi жетiлдiру (жұмыспен қамту қызметтерiн құру, ақпараттық қолдау), еңбек күш-жiгерiн жандандыруды мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтiк қолдау жүйесiмен үйлестiру («құқықтар мен мiндеттер» немесе «өзара мiндеттемелер» стратегиялары, бұл жағдайда мемлекет жұмыспен қамту және оқыту бойынша жоғары сапалы қызметтер көрсетуге мiндеттенедi, ал ЕНББ-ға қатысушы жұмысты қарқынды iздеудi жүзеге асыруға мiндеттенедi) арқылы жүзеге асырылады.        

          ЕНББ экономикалық тұрғыдан – жұмыспен нәтижелi қамту ықтималдығының артуын, еңбек өнiмдiлiгi мен жалақының өсуiн, әлеуметтiк тұрғыдан - жұмыссыздықтың төмендеуiн, еңбек белсендiлiгiнiң артуы мен адам әлеуетiнiң дамуын болжайды.        

          Бастапқыда мұндай бағдарламалар экономикалық күйзелiс кезінде және жұмыссыздық деңгейi жоғары кезде қолданылған, ал қазiргi уақытта –экономикасы өтпелі елдердегi өнеркәсiптiк қайта құрылымдаудың керi әсерiн жұмсарту және еңбек нарығынан барынша шалғай халықтың осал топтарын кiрiктiру үшiн қолданылады.        

 Осының негiзiнде қол жеткiзiлетiн оң нәтижелер ЕНББ әзiрлеудiң және қазақстандық еңбек нарығында да қолданудың өзектiлiгiн арттырып отыр.   Жол картасын iске асыру барысында жинақталған еңбек нарығында туындайтын тәуекелдерді басқару тәжiрибесi бiздiң бұл тұрғыдағы мүмкiндiктерiмiздi арттыра түседi.

Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi және нысаналы индикаторлары.

Бағдарламаның мақсаты:Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу.

Бағдарламаның нысаналы индикаторлары2020 жылға қарай: Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен (бұдан әрi – Бағдарлама) 1,5 млн. дейiн адам қамтылатын болады.

2016 жылға қарай: Жұмыссыздық деңгейi 5,5 %-дан аспайтын болады, оның iшiнде:

2012 жылы – 5,8 %, 2013 жылы  – 5,7 % және 2014 жылы – 5,6 % және 2015 жылы – 5,5 %. Кедейлiк деңгейi 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейдi, оның iшiнде:2012 жылы – 6,3 %, 2013 жылы – 6,2 % және 2014 жылы – 6,1 % және 2015 жылы 6,0 % құрайды.

Өз бетiнше жұмыспен айналысатын  халықтың жалпы санындағы  нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2015 жылға қарай 56 %-ға, 2020 жылға қарай – 75 %-ға дейін ұлғаяды.

(Ескертпе: 2011 жылдың қорытындысы  бойынша 50,6 % немесе 1,38 млн. адам, 2015 жылы – 56 % немесе 1,52 млн. адам, 146 мың адамға көбейеді, 2020 жылы – 75 % немесе 2,1 млн. адам, 2011 жылмен салыстырғанда 700 мың адамға ұлғаяды).

Бағдарламаны iске асыру  шеңберiнде қамтылғандардың үлес салмағы:

өз бетiнше жұмыспен айналысушылар (өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың жалпы санында) 2012 жылы – 0,9 %, 2013 жылы – 1,2 %, 2014 жылы – 1,5 % және 2015 жылы – 1,8 % болады;

жұмыссыздар (жұмыссыздардың жалпы санында) 2012 жылы – 15,1 %, 2013 жылы – 20,0 %, 2014 жылы – 22,0 % және 2015 жылы – 25,0 % болады;

күнкөрісі төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерi (тартылған)   2012 жылы – 17,0 %, 2013 жылы – 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және 2015 жылы – 20,0 % болады. 

 

Бағдарламаның мiндеттерi          

1. Өз бетiнше жұмыспен  айналысушыларды, жұмыссыздарды  және халықтың нысаналы топтарына  кіретін адамдарды жұмыспен қамтудың  белсендi бағдарламаларына тарту.         

2. Қазақстан Республикасын  үдемелi индустриялық-инновациялық  дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға  арналған мемлекеттiк бағдарламаны (бұдан әрi – ҮИИДМБ) iске асыру  үшiн кадр әлеуетiн дамыту.        

3. Атаулы әлеуметтiк көмек  көрсету жүйесiн жетiлдiру.        

 Бағдарламаны iске асыру  бiрiншi кезекте, оқытуға, жұмысқа  орналастыруға, өзiнiң жеке iсiн  ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкiндiктер болмаған  жағдайда, жұмыспен нәтижелi қамтудың  қолжетiмдiлiгiн кеңейту мақсатында  өз еркiмен көшуiне жәрдемдесуге  бағытталған.        

 Осыған орай, Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар  бойынша жүзеге асырылады:        

1. Оқыту және жұмысқа орналасуда жәрдемдесу.        

2. Кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу.         

3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.        

4. Ауылдық елдi мекендердi дамыту.         

 Бағдарламаны iске асыру  үшiн:        

1) нормативтiк құқықтық  базаны жетiлдiру жөнiндегi шаралар  қабылданатын болады;        

2) жекелеген мамандықтар  бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс  орындары және болжамды жұмыс  орындарының жалпыұлттық дерекқоры  (бұдан әрi - Дерекқор), кәсіптік білім беретін оқу орындарының дерекқоры қалыптастырылады және «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай веб-порталы құрылатын болады.        

Информация о работе Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары